
- •1)Дәрі-дәрмекті жарнамалау.
- •2)Дауысты дауыссыз дыбыстардың жіктелуі.Қазақ тілінде 42 әріп бар.25дауыссыз 12 дауысты дыбыстар.
- •2)Септік жалғаулары
- •Сүт тағамдары
- •Ұн және дақылдардан жасалатын тағамдары
- •I Мен(-мін)дәрігермін I Біз(-міз)дәрігерміз
- •IiСен(сің)дәрігерсің iiСендер(-сіңдер)дәрігерсіңдер
- •IiiОл()дәрігер iiiОлар(-лер)дәрігерлер
Билет N1
1) Фармакология (грек. pharmacon — дәрі және logos — ілім) — адам организміне әр түрлі дәрілік және биологиялық белсенді заттардың тигізетін әсерін зерттейтін, сондай-ақ дәрі-дәрмектің жаңа түрлерін іздеп табуды қарастыратын ғылым. Фармакологияда организмге дәрілік заттардың әсерін жануарларға әр түрлі әдістермен (мысалы, физиол., биохим., гистол., т.б.) жасалынған тәжірибелер негізінде анықтайды. Жалпы және жеке, медицина және ветеринар. Фармакология болып бөлінеді. Фармакология дәрілік заттардың денеге сіңуі, таралуы, органдар мен тіндерде жинақталуы, өзгеруі (фармокол. кинетика), олардың әсер етуіндегі биохим. механизмдер (фармокол. динамика), дәрілік препараттарды клиника жағдайында зерттеу (клиник. Фармакология), дәрілік заттардың сау және ауру организмге әсерін, биол. тасымалдануын, органдардан шығарылуын салыстырмалы түрде зерттеу (клиник.-кинетик. Фармокология) бағыттарында дамып келеді. Дәрілік заттар, олардың адам тәніне тигізетін ықпалы туралы деректерді жинақтау, топтастыру, бір жүйеге келтіру өте ерте заманнан қолға алынған. Мысалы, мысырлық папирус Эберстің (б.з.б. 17 ғ-да) еңбектерінде, Гиппократ шығармаларында 300-ге жуық дәрілік өсімдіктердің атаулары, олардан дәрі жасау тәсілдері, пайдалану туралы мәліметтер жазылған. Сондай-ақ Гален, Әбу Әли ибн Сина, Парацельс еңбектерінде де айтылған. Арабия, Қытай, Үндістан елдерінде ежелгі заманның өзінде-ақ дәрілік өсімдіктерді көп пайдаланғаны белгілі.
2)Сын есім-заттың сынын білдіреді (түрі,түсі,салмағы,сапасы көлемі,күйі,дәмі).Сұрақтары(отвечает на вопросы) қандай? қай?Например: Аселдің көйлегі қызыл.Сын есімнің 4 шырайы бар:Жай(қызыл),салыстырмалы(қызғылт),күшейтпелі(қып-қызыл),асырмалы(тым қызыл).
3. Туберкулез (лат. tuberculum – төмпешік), ескіше: құрт ауру, көксау – адам мен жануарларда болатын созылмалы жұқпалы ауру. Тубекулезге қарсы қолданылатын дәрілер-туберкулез қоздырғыштарына ерекше әсер ететін шипалы заттар.Бұл дәрілердің шипалы жағы туберкулез қоздырғышының адам ағзасында өсіп-өнуінің тоқтауына байланысты.Туберкулезге қарсы қолданылатын дәрілер 2 топқа негізгі және көмекші болып бөліінеді.Бірінші топқа изониазид,гидразид,тубазид,фтивазид,метазид,салюзид,ларусан,антибиотиктер-стрептомицинсульфат,дигидро стрептомицин сульфат,пасолицин,паск,бепаск т.б. жатады. Екінші топтағы дәрілерге каналицин,фаоримицин,циклосерин,этнамид,протионамид,пиразинамид,этоксид,тибон препараттары жатады.Туберкулез микробактерияларына бірінші қатардағы дәрілер әсер етпегенде, екінші қатардағы дәрілерді қолданады. 1960 жылы жаңа рифампицин және этамбутол дәрілері шығарылды.Бұл дәрілер туберкулездің созылмалы түрінде,бірінші және екінші топтағы дәрілер әсер етпегенде, не жоғарыда аталған дәрілерді науқастың ағзасы қабылдамаған жағдайда қолданылады.Туберкуледі анықтау мен емдеу жұмыстарында оны ерте байқау, алдын алу процестері маңызды роль атқарады.Туберкулез ауруы қоғам,мемлекет,ұлт алдында аса үлкен міндет жүктеп отыр.
Билет N2
1)Қазақстандағы бүгінгі фармация. Қазақстандық фармацевтика өндірісі отандық денсаулық сақтау саласын 30 пайыз дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етеді. 2009 жылғы мәліметтер бойынша тегін медициналық жәрдемнің кепілдендірілген көлемі шеңберінде госпитальдық секторда бұл көрсеткіш 45 пайызды құрады. Сонымен бірге отандық өндірісшілер өнімдерінің негізгі бөлігі рентабельділігі төмен препараттардан тұрады. Олардың рыноктың жалпы көлеміндегі үлесі 85 пайызға жеткен, ал ерекше препараттар рыногы болса 15 пайыздан аспай отыр. Бұл өндірісшілердің жаңа ерекше дәрілік препараттарды зерттеу мен әзірлеуге өз табыстарынан қаржы бөлуге мүмкіндік бермей келеді.Қазақстандық фармацевтикалық өнеркәсіп дамып келе жатқан сала бола отырып, жалпы саны 79 кәсіпорыннан тұрады. Олардың қатарында ірі де, ұсақ та медициналық өнімдерді шығаратын өндірістер бар. Сонымен бірге Қазақстанда шығарылатын дәрілердің 90 пайыздан астамы неғұрлым ірі 6 зауыттың үлесіне тиеді. Олардың қатарында “Химфарм” АҚ, “Глобал Фарм БК”, “Нобел АФФ” АҚ, “Ромат” фармацевтикалық компаниясы, “Нұр-Май Фарм” ЖШС, “Қарағанды фармацевтикалық кешені” тәрізді кәсіпорындар бар. Медициналық жабдықтар шығаратын өндірісі аяқталған циклдағы бірден-бір кәсіпорын – “Ақтөберентген” АҚ-ты да осы тұрғыда атап өтуге болады.2005 жылдан 2008 жылға дейінгі кезеңде ішкі фармацевтикалық рынокта жоғары қарқынды өсу байқалды. Ол ел экономикасының өсуіне, соған сәйкес халықтың әл-ауқатының артуына байланысты орын алды. 2005-2008 жылдары фармацевтикалық препараттарды ішкі рынокта сату көлемінің орташа жылдық өсімі 19 пайызды құрады.2009 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасындағы фармацевтикалық өнімдер өндірісі 84,7 миллион долларға жетті. Бұл өнеркәсіп өндірісі көлемінің 0,13 пайызы және өңдеу өнеркәсібі өндірісі көлемінің 0,14 пайызы болып табылады. 2009 жыл бойына Қазақстанға әкелінген дәрі-дәрмек құралдары импортының көлемі 816,9 миллион АҚШ доллары, ал экспорт 17,8 миллион доллар болды. 2009 жылдың аяғына қарасты Қазақстан Республикасында 6490 медициналық препараттар (шөптер мен баламалы құралдар негізінде алынған 150-200 дәрі-дәрмекті қоса есептегенде) тіркелді.
Қазақстанның фармацевтикалық рыногы үлкендігі жағынан ТМД елдері бойынша Ресей мен Украина рыноктарынан кейін үшінші болып табылады. “ІMS Health” халықаралық консалтингтік компанияның мәліметтері бойынша, ТМД елдерінің фармацевтикалық рыногындағы Қазақстанның үлесі 2008 жылы 5 пайызды құрады. Ал орташа жан басына шаққанда фармацевтикалық өнімдерді тұтыну Қазақстанда орта есеппен 73,33 доллар болып, ТМД бойынша көлемі жағынан екінші орында тұрды. Бірақ кез келген еуропалық елге қарағанда ол әлі де төмен.
2)Құрмалас сөйлем-екі немесе оданда көп сөйлемнен құралады.Например Жаңбыр жауды,жер де көгерді.)Құрмалас сөйлемнің 6 түрі бар:ыңғайлас,түсіндірмелі,қарсылықты,себеп-салдар,талғаулы,кезектес. 3) Абай Құнанбаев ұлы ақын (1845-1904)– қазақ халқының ұлы классик ақыны, ағартушы демократы, ұлтымыздың рухани мақтанышы. Абай өз ауылында арабша хат танығаннан кейін, он жасында Семей қаласындағы Ахмет Ризаның медресесінде 3 жыл оқиды. Оқуға зерек, ұғымтал Абай діни сабақтармен қоса өз бетінше араб, парсы тілдерін үйреніп, шығыс классиктері: Низами, Сағди, Хафиз, Науан, Физули еңбектерімен танысып, тағылым алады. Абай ақыл-ой санасы толысқан шағында ел билеу ісінен аулақтанып, ақындық өнер жолына түседі. Өз бетінше шығыс, батыс, орыс елдері ақындарының, ойшыл оқымыстыларының еңбектерін оқып, білімін толықтырады. 1870 жылдарда Петербургтен айдалып келген революционер Михаэлиспен танысып, дос болады. Михаэлис арқылы Абай айдаудағы орыс демократтары: доктор Долгополовпен, табиғат зерттеушісі, тарихшы Леонтьевпен танысады. Солар арқылы ол орыстың белгілі ақын-жазушылары: Пушкин, Лермонтов, Толстой, Салтыков-Шедрин, Некрасов; сыншыл, ойшыл-демократтары Белинский, Герцен, Чернышевский, Добролюбов; Батыс Еуропа ақындарымен: Гёте, Байрон, философ ойшылдарынан: Спенсор, Спиноза, Дарвин, т.б. еңбектерімен танысып, тәлім-тәрбие алады. Абай өзінің өлең-жырларында ел ішіндегі ұрлық, зорлықты, алтыбақан алауыздықты, күштілікті, жатып ішер жалқаулықты өлтіре сынап, жастарды адал еңбекке, отырықшылыққа, егіншілікке, өнер-білімге шақырады. Шығыс пен Батыс классиктерінің ағартушылық ой-пікірлерінен мол нәр алған ұлы ақын бала тәрбиесі мәселелеріне де кеңінен тоқталып, өзінің өлеңдері мен қара сөздерінде педагогикалық көзқарасын білдіреді. Адам мінезіндегі орынсыз мақтан, ойсыздық, салғырттық, күншілдік, көрсеқызарлық сияқты жаман әдеттердің ақыл мен ойды тоздыратынын айта келіп, естігенді есте сақтау, көргеннен үлгі-өнеге алу, жаман әдет-дағдыдан бойын аулақ ұстау, нәпсіні ақылға жеңдіру, ұстамды болу сияқты адамгершілік қасиеттерді насихаттайды. «Егер есті кісінің қатарында болғың келсе, күнінде бір мәртебе, болмаса жұмысында бір, ең болмаса айында бір, өмірді қалай өткізгенің жайында өзіңнен өзің есеп ал»,-дейді. Яғни, адамның өзін-өзі тәрбиелеу мәселесінің маңызы мен мәніне ерекше тоқталады. Абай сана-сезімді тәрбиелеудегі қоғамдық ортаның ролін материалистік тұрғыдан түсіндіре білді. Адамның жақсы-жаман болуы, ақылды-ақылсыз болуы генетикалық негізге байланысты, ақ сүйек тұқымынан шыққандар ақылды, батыр, алғыр болады деген буржуазиялық нәсілдік, идеалистік көзқарасқа қарама-қарсы. Абай адам мінезінің қалыптасуы тәрбиеге, ортаға байланысты екенін дәлелдеді. Абайдың поэтикалық шығармалары мен қара сөздері пәлсапалық, этикалық, эстетикалық, психологиялық және педагогикалық ой-пікірлерге толы.
Билет N 3
1)Отандық табиғи жана дәрілер. Елімізде көптеген табиғи дәрілер фармакологиялық және клиникалық сынақтардан өтіп қолданысқа ие болуда.Олардың әр қайсысының өзіне тән ерекше шипалық қасиеттері бар.Табиғи дәрілердің көпшілігі Қазақстанда өсетін әр түрлі дәрілік өсімдіктерден дайындалып жүр. Олардың қатарына төмендегідей дәрілерді жатқызуға болады.
Глидеринин-мия шөбінен алынған,қабынуға қарсықолданылатын жағылма.Калиор-қырмызгүлден алынып,жағылма түрінде шығарылады.Бактерияға қарсы белсенділігі жоғары антисептик.Пародонтитті,ауыз қуысының шырышты бөлігінің эрозиялық зақымдануын,гайморитті және жедел бұлықты емдеуге ұсынылады.
Карипаин(ұнтақ)-папая қауын ағашының сүтті шырышынан(латекс)алынған.Өсімдіктің ферменті-папаин.Қазақстан теплицаларындамәдени түрде өсіріледі.Жұмсақ тіндердің (ткань) іріңдеп,өлі еттенген жараларын емдеуге арналған.
Қызыл май-бірнеше өсімдік қоспаларынан(фармакопеялық)дайындалған жағылма.Қызыл май түрлері(олес-гель,суппозитерия,капсула,балды фитоқоспалар,шырын).Олар бауыр,тыныс жолдары және гинекологиялық сырқаттарға арналған.
Салсоколлин(таблетка)-қаңбақ,сораң өсімдігінен алынады.Зиянды заттардан пайда болатын гепатит түрлерін,жедел вирусты гепатитті,бауыр циррозының бастапқы кезеңінде,бауыр,өт жолдары ауруларында қолданылады.
Шипалы май-өсімдік қоспаларынан (фармакопеялық) дайындалған.Ішкі және сыртқы қабынуларды,жараларды емдейді.
Пантокрин(спиртті эктракт)-маралдың мүйізінен алынады.Бұл зат алмасу бұзылғанда,ас қорту мүшелері сырқатында,созылмалы холициститте,ой және дене жұмысынан шаршағанда және жыныс мүшелерінің жұмысын жақсарту үшін қолданылады.
2) Шартты бағыныңқылы құрмалас сөйлем –екі немесе одан да көп сөйлемнен құралып бірінші сөлем 2ші сөйлемге шарт қояды.( -са,-се,-ынша,-інше) например Бүгін Сабина келмесе мен матеметика сабағына бармаймын.
3)Қазақстан рәміздері. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк рәмiздердiң бiрi. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев 1992 жылдың 4 маусымында «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы туралы», «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы туралы» және «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұранының музыкалық редакциясы туралы» заңдарға қол қойды.Рәмiздiк тұрғыдан Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбаның негiзi — шаңырақ. Ол — елтаңбаның жүрегi. Шаңырақ — мемлекеттiң түп-негiзi — отбасының бейнесi. Шаңырақ — Күн шеңберi. Айналған Күн шеңберiнiң қозғалыстағы суретi iспеттi, Шаңырақ — киiз үйдiң күмбезi көшпелi түркiлер үшiн үйдiң, ошақтың, отбасының бейнесi.Түндік — таза көк аспанын бейнелейді. Үш-санды айқыш-ұйқыш келген күлдреуіштер қазақтың үш жүздін бірлігі бекемдігін көрсетеді.Шаңырақтан шыққан уықтар күн арайларын еске салады.Бес бұрышты жұлдыз елтаңбаның тәжi iспеттi. Әрбiр адамның жол нұсқайтын жарық жұлдызы бар.Тұлпар — дала дүлдiлi, ер-азаматтың сәйгүлiгi, желдей ескен жүйрiк аты, жеңiске деген жасымас жiгердiң, қажымас қайраттың, мұқалмас қажырдың, тәуелсiздiкке, бостандыққа ұмтылған құлшыныстың бейнесi. Қанатты тұлпар — қазақ поэзиясындағы кең тараған бейне. Ол ұшқыр арманның, самғаған таңғажайып жасампаздық қиялдың, талмас талаптың, асыл мұраттың, жақсылыққа құштарлықтың кейпi. Қанатты тұлпар Уақыт пен Кеңiстiктi бiрiктiредi. Ол өлмес өмiрдiң бейнесi. Бiр шаңырақтың астында тату-тәттi өмiр сүретiн Қазақстан халқының өсiп-өркендеуiн, рухани байлығын, сан сырлы, алуан қырлы бет-бейнесiн паш етедi.Төменде таспа белдігінде ірі әріппен «ҚАЗАҚСТАН» деген жазуы бар.Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасының көшiрме бейнесi, көлемiне қарамастан, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Резиденциясында сақтаулы тұрған Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы эталонының түрлi-түстi немесе ақ-қара бейнесiне дәлме-дәл сәйкес келуге тиiс.Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбаның авторлары — Жандарбек Мәлiбеков пен Шота Уәлиханов.Әнұран.2006 жылы 7 қаңтарда халық санасына сіңіп, жүрегіне жылы ұялаған Шәмші Қалдаяқовтың әніне, Жұмекен Нәжімеденовтің сөзіне жазылған "Менің Қазақстаным" әні әнұран болып бекітілді. Ол алғаш рет Елбасын ұлықтау рәсімі кезінде орындалды.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны (2006) |
Алтын күн аспаны, Алтын дән даласы, Ерліктің дастаны, Еліме қарашы! Ежелден ер деген, Даңқымыз шықты ғой. Намысын бермеген, Қазағым мықты ғой! Менің елім, менің елім, Гүлің болып егілемін, Жырың болып төгілемін, елім! Туған жерім менің — Қазақстаным! Ұрпаққа жол ашқан, Кең байтақ жерім бар. Бірлігі жарасқан, Тәуелсіз елім бар. Қарсы алған уақытты, Мәңгілік досыңдай. Біздің ел бақытты, Біздің ел осындай! Менің елім, менің елім, Гүлің болып егілемін, Жырың болып төгілемін, елім! Туған жерім менің — Қазақстаным! |
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туы –Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 24 қаңтар күнгі “Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерi туралы” конституциялық заң күшi бар Жарлығымен белгiленген. Мемлекеттік ту ортасында 32 сәуле тараған күн бейнеленген, күннің астында қалықтаған дала қыраны бар көгілдір түсті тікбұрышты кездеме. Ағаш сабына бекiтiлген тұста ұлттық оюлармен кестеленген тiк жолақ өрнектелген. Күн, арай, қыран және ою-өрнек — алтын түстi. Тудың енi ұзындығының жартысына тең: 1:2.Қазақстан Республикасы мемлекеттік туының авторы — суретшi Шәкен Ниязбеков. Бiрыңғай көк-көгiлдiр түс төбедегi бұлтсыз ашық аспанның биiк күмбезiн елестетедi және Қазақстан халқының бiрлiк, ынтымақ жолына адалдығын аңғартады. Бұлтсыз көк аспан барлық халықтарда әрқашан да бейбiтшiлiктiң, тыныштық пен жақсылықтың нышаны болған. Геральдика (гербтану) тiлiнде — көк түс және оның түрлi реңкi адалдық, сенiмдiлiк, үмiт сияқты адамгершiлiк қасиеттерге сай келедi [1].Ежелгi түркi тiлiнде “көк” сөзi аспан деген ұғымды бiлдiредi.Мемлекеттік тудағы көгiлдiр түс Қазақстан халқының жаңа мемлекеттiлiкке ұмтылған ниет-тiлегiнiң тазалығын, асқақтығын көрсетедi деп қорытуға болады. Нұрға малынған алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелейдi. Күн — қозғалыс, даму, өсiп-өркендеудiң және өмiрдiң белгiсi. Қанатын жайған қыран құс — бар нәрсенiң бастауындай, билiк, айбындылық бейнесi. Ұлан-байтақ кеңiстiкте қалықтаған қыран ҚР-ның еркiндiк сүйгiш асқақ рухын, қазақ халқының жан-дүниесiнiң кеңдiгiн паш етедi. қыран бейнесі мемлекеттік билікті, кеңдікті және қырағылықты білдіреді. Дала адамдары үшін бұл бостандықтың, тәуелсіздіктің, мақсатқа, биікке, болашаққа ұмтылушылықтың белгісі. Бұған қоса, қыранның күш-қуаты көп, ол оның болашаққа жетуіне кедергі келтірген кез келген дұшпанына қарсы тұра алады. Қыран бейнесі жас зайырлы Қазақстанның әлемдік өркениеттің шыңына шығуға талпынысы идеясынан туындаған. Біздің туымызға жаңаша және қайталанбас әр беретін тағы бір элемент оның сап ағашына параллель орналасқан ұлттық оюдан тұратын жолақтар болып табылады. Мұнда қазақтың «қошқар мүйіз» оюы бейнеленген.
Билет N4
1)Таңқурай оның емдік қасиеті. Таңқурай құрамында адам ағзасы үшін пайдалы заттар өте көп, атап айтқанда: аскорбин қышқылы, глюкоза, органикалық қышқылдар, спирттер, кетондар, ақуыздар, пектиндер, азот қоспалары, илік заттар,С, А, В топ дәрумендері. Таңқурайдан жасалған қайнатпаны дене қызуын түсіруге, несеп жүргізуге, бүйрек тасын шығаруға, іш ауруына, қант диабетіне, өт айдауға пайдаланады. Гемоглобин мөлшерін арттыру, қан тоқтату, суық тигенде дене қызуын басуға, іш тоқтатуға, қан аздыққа, жүйке ауруларына, бронхитке, жөтелге қарсы қолданады. Таңқурай жемісін табиғи қалпында немесе кептірілген күйінде қайнатып, сусын жасап, қыста тұмау кезінде пайдаланады. Әсіресе, тибет медицинасында таңқурайдың жапырағы, жемісі және сабағы қолданылады. Жапырақтарын бұқтырып шайдың орнына ішеді. Сонымен қатар таңқурайдан тосап, сусын, шырын, джем жасайды. Кондитерлік тағамдарға қосады.
2)Анықтауыш- заттың түрін түсін сапасын білдіретін сөйлемнің тұрлаусыз мүшесі Сұрақтары:қандай?қай?кімнің?ненің?Например: Асел қызықты кітап оқығанды ұнатады.
3)Қазақстанның табиғаты. Қазақстан Республикасының аумағы батысында Еділ өзен алабынан шығысында Алтай тауы шыңдарына дейін, солтүстігнде Батыс Сібір жазығынан (Солтүстік Қазақстан жазығы) оңтүстігінде Тянь-Шань тауына дейін созылып жатыр. Республика аумағының 10%-ы биік таулы өңірлер үлесіне тиеді, қалған бөлігі – ойпат, жазық, үстірт, қырат жерлер. Оңтүстік-батыс, солтүстік және орталық аймақтарға негізінен теңіз деңгейінен 200 – 300 м ғана биік келген жазық жер бедері тән. Оңтүстік-шығысы биіктігі 5000 – 6000 метрлік таулы өңір болып келген. Яғни, республиканың топографиялық жер бедері оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа және шығыстан батысқа қарай аласарады. Сонымен бірге, Қазақстан жерінде Каспий теңізі, Арал теңізі, Балқаш көлі сынды тұйық сулы алаптар, терең ойыстар мен құрғақ арналар баршылық. Қазақстанның ең биік жері – Хантәңірі шыңы (6995 м). Ол республиканың оңтүстік-шығыс бөлігін қамтитын Тянь-Шань тау жүйесінде. Каспий теңізінің шығыс жағалауында құрлықтық бөлігінің ең ойыс жері, теңіз деңгейінен 132 м төмен жатқан Қарақия (Қаракие) ойысы орналасқан. Қазақстанның көрікті жерлері:Ақсу-Жабағылы.Қазақстан мен Орта Азиядағы алғашқы қорық Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқан. Ақсу-Жабағылы қорығы Батыс Тянь-Шань тауының 850 шаршы метр аумағын алып жатыр. Қорықта өсімдіктердің 1279 түрі кездеседі, оның 57 түрі Қызыл Кітапқа енген. Сүтқоректі жануарлардың 51 түрі мекен етеді. Сайрам-Ұғам (өгем) мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы.Аумағы 149 мың гектарға жететін Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқан саябақ 2006 жылы ұйымдастырылды. Саябақ құрылған кезде басты мақсат Батыс Тянь-Шань тау жоталарындағы табиғат байлықтарын қорғау мен экологиялық туризмді дамыту болды. Табиғатты қорғау жұмыстарының ерекшеліктеріне байланысты саябақ қорық, шектеулі шаруашылық жұмыстарын жүргізу, туристтік болып үш аймаққа бөлінген. Саябақта өсімдіктердің 1500-ден астам түрі, сүтқоректілердің 60-тан астамы түрі, құстардың 300 түрі кездеседі. Көкшетау.Ақмола облысында орналасқан аймақ. Бұл аймақта Зеренді, Шалқар, Саумалыкөл, Имантау көлдері бар. Орманды алқап аймақтың 60%-ын құрайды. Бұл аймақтың орман-көлдері қорғалып, Көкшетау Ұлттық саябағының құрамына кіреді. Қорғалжын.Орталық Қазақстанда орналасқан. Кездесетін өсімдік пен жануар әлемінің барлық дерлік түрі Қызыл Кітапқа енген. Су құстарының 300 түрі кездеседі. Қорғалжын қорығының табиғатымен танысу аймақтақ мұражайдан басталады. Көлсай.Алматы қаласынан 300 шақырым қашықтықта Күнгей-Алатау баурайында Көлсай мекені орналасқан. Бұл аймақта үш көл бар: Көлсай-1, Көлсай-2, Көлсай-3.Көл суы мөлдір, ауасы таза, табиғаты тартымды. Қайыңды көлінің жағалауында киіз үйлер тігілген ауыл бар.
Билет N5
1)Дәрі-дәрмекті жарнамалау.
2)Сын –қимыл,себеп пысықтауыш қимылың амалын ,себін білдіреді. Сұрақтары: не себепті?қалай? Например :Оспан әдейі сол араға тығылып отыр .Атандым сол себепті Жаяу Мұса.
3)Экология және біз.Бүгінгі таңда адамзат алдында ең күрделі мәселе тұр: бірі әлемдегі алапат соғыстан аман алып қалу проблемасы болса, екіншісі өзімізді қоршаған тіршілік ортасы – биосфераны келешек ұрпаққа бүлдірмей, ластамай, көркейтіп, көріктендіріп жеткізу, өйткені: тіршіліктің барлығы сыртқы ортамен байланысты. Елбасы Н. Назарбаевтың 2030 жылға дейінгі стратегиялық даму бағдарламасында қоршаған ортаны ластауға ,экологиялық жағдайды бүлдіруге жол бермеуге зор көңіл бөлінгендіктен, экологиялық білім беріп, табиғатты қорғауга тәрбиелеу бүгінгі күннің кезек күттірмейтін өзекті мәселелерінің бірі болып табылады. Экология – бүкіл адамзат баласының шалыс басқан әрбір іс – әрекетіне келешекте шек қоятын, оның тыныс– тіршілігіне тікелей атсалысатын ғылымның жаңа саласы.Экология туралы, әсіресе, Қазақстанның казіргі жағдайы жайлы сөз қозғағанда бүгінгі жүмыр жерді мекендеген адамзат баласының ортақ қайғысына айналып отырған Арал трагедиясын атап өтпеуге болмайды. Маңайында ормандары құрып, жайлымдары тозып, оларды мекендейтін аң – құстары азайып жатқан Балқаш көлінің жағдайы да алаңдатарлық. Біздің дәулетіміз де, сәулетіміз де, бүгініміз бен болашағымыз- туған өлке табиғаты іспеттес. Шебер табиғаттың ғажайып кестесі-орман– тоғай, өзен – көл, оны мекендейтін аң –құстар, балықтар- бәрі де халық қазынысы.
Билет N6
1) Майлар, триглицеридтер — органикалық қосылыстар; негізінен глицерин мен бір негізді май қышқылдарының (триглицеридтердің) күрделі эфирлері; глицерин мен жоғарғы карбон қышқылдарының күрделі эфирлері. Липидтерге жатады. Табиғи майлар молекуласындағы қаныққан май қышқылдары стеарин, пальмитин, ал қанықпаған май қышқылдары олеин, линол, линолен қышқылдарынан тұрады. Тірі организмдердің клеткалары мен тіндерінің (ткандерінің) негізгі құрамды бөліктерінің бірі; организмдегі энергия көзі; таза майдың калориялылығы 3770 кДж 100 г. Табиғи Майлар жануар және өсімдік Майлары болып бөлінеді. Триглицеридтер құрамына С8-ден С24-ке дейінгі қалыпты құрылысты, негізінен жұп санды көміртек атомдарының қаныққан және қанықпаған қышқыл қалдықтары кіреді. Барлық Майлардың тығыздығы 1-ден аз. Тек жоғары вакуумда қайнайды. Суда ерімейді. Бензинде, керосин мен бензолда ериді. Алкоголиз, ацидализ реакцияларына түседі. Қышқылдардың қос байланысы бойынша сутекті (гидрогендеу), галогенді, галогенсутекті қышқылдарды, т.б. қосып алады. Аса қызған бумен, минералды қышқылдармен және ферменттермен әрекеттескенде глицерин және май қышқылдарын түзіп гидролизденеді. Ауадағы оттекпен тотыққанда пероксидті қосылыстар, оксиқышқылдар, т.б. түзеді. Құрамында биол. активті заттар (қанықпаған май қышқылдары, фосфатидтер, витаминдер, токоферолдар) болады. Майлар техникалық мақсатта қолданылады.
2)Салалас құрмалас сөйлем- екі немесе оданда көп сөйлемнен құралып,баяндауыштары тыянақты болып,бір-бірімен тен дәрежеде байланысады.Например:Жадврап жаз келді де,жайқалып гүл өсті.
3) Астана – елімнің жүрегі. Астана — Қазақстан Республикасының елордасы. Астанада 697 257 адам тұрады (1 қаңтар 2011). Қазір қаланың аумағы 200 км2 алып жатыр. Қала Қазақстанның орталық бөлігінің солтүстігінде Ақмола облысында, Есіл өзенінің алабындағы өзен маңы жазықтығында орналасқан. Қаланың атауы қазақ тілінен алынған. Қазақша ол сөз елдің бас қаласы дегенді білдіреді. Астана сөзі қазақ тіліне парсы тілінен ауысқан. Онда ол "киелі орын", "босаға" деген мағыналарға ие. Астана қаласының Бас жоспары — Астана қаласының тіршілік-тынысының қолайлы ортасын құру және оны орнықты дамыту, экологиялық қауіпсіздікті, табиғат пен мәдени мұраларды сақтау мақсатында жасалған қала құрылысының жоспары. Бұл жоба Қазақстанның президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қолдауымен іске асып жатыр. Көз алдымызда өзгеріп отыратын жас астана – Қазақстан халқы жасампаздығының, шығармашылығының және дамуының белгісі. Қазақстанның қазіргі заманғы астанасы өркендеп, құлпырып, Қазақстан тұрғындар мен шетел қонақтарының қызығушылықтарын оятуда. Еуропалық және шығыс мәдениетінің дәстүрлері кірістірілген қазіргі заманғы сәулет стилі жаңа астананың экономика, саясат және мәдениет орталығы ретіндегі келбетін айқын бейнелейді.Астана жаңа Қазақстанның мақтанышына, ұлттық идея мен ел бірлігі нығаюының белгісіне айналды. Қазақстанның болашағы осы уақытқа дейін «жаңа астана» деп қабылданып келген, қазіргі уақытта XXI ғасырға аяқ басқан Қазақстанның жаңа бейнесінің ажырамас бөлігі болып табылатын Астананың болашағымен тығыз байланысты.Біздің елордамыз Астана енді Еуразия кеңістігінің орталығындағы Сарыарқа жүрегінде орналасқан. Астана біздің баршамызды, әсіресе шетелдіктерді өзінің құрылысының екпінді және қуатты жылылығымен, қайталанбас әдемілігімен, қазіргі заманғы сәулетінің алуан түрлілігімен таң қалдырады.
Билет N7
1) Қазақ халық емшілігінде қалақайды (крапива) атам заманнан бері пайдаланылып келеді. Емге оның сабағы, жапырақтары, жанғаннан кейінгі күлі, қайнатынды суы, шағу жағдайындағы уы — бәрі-бәрі ем. ем болатын жағдайлары: Көктемде қалақай жаңа көктеп бой ала бастаған мезгілде ұсақтап турап беті жабулы эмальды ыдыста баяу жанған отта жарты сағаттай қайнатып, қалыпты мөлшерде бұрыш, тұз қосып суп ретінде жас еттің сорпасымен (50:50 мөлшерінде қосып) ішсе, таптырмайтын ем. Бұл қанды тазартады, жүрек демікпесін басады және қан қысымының қалыпты жағдайға келуіне, жүй-ке жүйесін тыныштандыруға, сонымен қатар есте сақтау қабілетіңізді нығайтуға бірден-бір ем.Қалақайды ыстық суға бұқтырып, қайнатып тұнбасымен басты жуса, шаштың түбін қатайтады, бастағы сары суды алады, қайызғақты кетіреді, түріңізге жастық әр беріп, бет теріңізді жұмсартады, жүзіңізді нұрландырады, шашыңызды жарқыратып ашады. Қазақ емшілері қалақайды емге орнымен пайдаланған адамның жасарып, ақ шашының қарайып кететіндігін нық сеніммен айтады.Моншаға түскенде арқаңызды, қол-аяғыңызды шақтырсаңыз, ыстық температура жағдайында қан қысымыңыздың күрт көтеріліп кетуінен сақтайды. Арам теріңізді шығарып, денеңіздің әртүрлі ауру қоздырушы бактериялардан, шлактардан арылуына көмектеседі. Бұл әсіресе аяқ-қолы қақсайтын, сүйек-буын ауруларымен ауыратын (ревматизм) адамдарға таптырмайтын ем.Бұрынырақта біздің асыл текті әжелеріміз қалақайдың жанғаннан кейінгі күліне мал майын қосып қайнатып сабын алған. Бұл сабынның қасиеті сол — барлық тері ауруларына, теміреткіге, теңге қотырға, сыздауыққа және т.б. түрлі жараларға ем.Қалақайдың емдік қасиеттерінің ерекше болуын ғалым дәрігерлер оның құрамындағы илік заттардың мол болуынан деп түсіндіреді.
Анықтауыш-заттың түрін түсін сапасын білдіретін сөйлемнің тұрлаусыз мүшесі Сұрақтары:қандай?қай?кімнің?ненің?Например: Алина қорқынышты фильм қарағанды ұнатады.
3)Қазақстанның тарихи орындары. Сайрам- Ұлы Жібек Жолының бойында орналасқан бұл көне қаладаа Ибрагим- ата - Ахмед Яссауидің әкесі және анасы Қарашаш ананың – кесенелері орналасқан. Бұл ескерткіштерді араламай, Түркістан саяхаты толық болмайды. Сондай –ақ, Сайрамда Әбділ Әзіз-баб, Мір-Әлі-баб, Қожа –Тәліп кесенелері орналасқан. Олардың барлығы күмбезделіп салынған. Құранды түрік тіліне аударған Кәзия кесенесіде осында орналасқан. Сайрамда 177 мінәраты, 40 күндік ораза ұстайтын жер асты бөлмесі және жер асты будда монастірі орналасқан. Онда парсы тілінде жазылған орта ғасыр әдебиеттері сақталған. Ал әлемнің түкпір-түкпірінен келген саяхатшылар мұнда өзбек палауын, ыстық тандыр нандары мен дәмді самсаларынан дәм тату үшінде келеді. Көне Отырар Шымкенттен Түркістанға баратын жолда елдің тағы бір тарихи орны көне Отырар қаласы бар. Мұнда отра ғасырдың қалдықтары қалған. Көне қалада Орта Азияның мыңдаған жылдар бойындағы ескерткіштерін көруге болады. Мұнда ұлы ойшыл Абу Нәсір Әл-Фараби туылған. Бұл күндері ғалымдар қаланың ең маңызды деген элементтерін мешіт, монша, саз балшық шеберханаларын, бекіністерін зерттеу үстінде.Отырар территориясында тарихи мұражай, саз балшық шеберханасы, балшықтан жасалған жер асты мұражайы бар.Арыстанбаб кесенесі, XII ғасыр Арыстанбаб кесенесі ХІІ ғасырда өмір сүрген белгілі діни мистик Арыстанбаб құрметіне тұрғызылған. Алғашқы жөндеу жұмыстары 14-15 ғасырларда жүргізілген. Содан бері алғашқы салынған ою өрнектер сақталынған. Жер сілкінісінен құлаған мазардың орнына 18-ғасырда екі күмбезді құрылыс салынған. 18-ғасыр ғимараты құлап қирағаннан кейін 1909жылы қайта салынды. Жерасты суының жоғарғы деңгейі салдарынан бүлінген мешіт 1971 жылы қайта салынды. Кешен алғашқы үлгісіне негізделіп қалпына келтірілген, яғни Ислам дінінің ғұламасы Арыстанбаб жерленген жерге тұрғызылды, екінші бөлме мешіттің сол қанаты оның дін жолындағы шәкірті Гурханға арналды. Осы екі нысан біріктіріліп қосылып салынды.Қожа Ахмет Яссауи кесенесі, XIV ғасырТүркістан қаласындағы Ахмет Яссауи ғимараты – орта ғасырлық сәулет өнерінің көрнекті ескерткіші. Ол XII ғасырда өмір сүрген бүкіл Шығысқа аты әйгілі көне түркі ақыны, софизмді уағыздаушы Ахмет Яссауидің (Яссы-дан шыққан деген мағынада) бейітінің басына орнатылған. Оңтүстік Қазақстанда Сайрам деген жерде туған Ахмет Яссауи сол кездегі ғылым мен ағартудың орталығы ретінде белгілі болған Отырар қаласында білім алады да, кейіннен Бұхардағы Юсуп Хамадани басқарған сопылар қауымына кіріп, дәруіштік мектептен өтеді. 1140 жылы Юсуп Хамадани, ке»іннен оның екі мүриті дүние салған соң қауымды Ахмет Яссауи басқарады. Бірақ көп ұзамай-ақ «мәртебелі» қызметін тастап, өзінің туған өлкесіне біржола қайтып оралады. Софизм иддеяларын уағыздап, өзі де оны берік ұстана отырып, жоқшылықта өмір сүреді. Сондықтан да, оны жергілікті халық Әзірет Сұлтан деп атап кетеді.
Билет N8
1) Жалбыздың емдік қасиеті ертеден мәлім. Оны халық жүз бір ауруға ем дейді. «Жалбызды жерде жан қалады, ерменді жерде ер өлмейді» деген мәтел бұл өсімдіктің осындай қасиетіне байланысты айтылған болса керек. Жалбыздың түрлері көп. Қазақстанда оның екі иүрі кездеседі – қара жалбыз, ақ жалбыз. Ол ерінгүлдер тұқымдас, көпжылдық өсімдік. Өзен мен көл жағаларында, тау баурайында, шабындықтар мен бақшаларда кездеседі. Жалбыз өсімдігінің құрамында адам ағзасына пайдалы заттар мол. Соның екі қасығын аралыстырып күніне бір шай қасықтан үш рет екі ай ішсе, жүрек ауруының бәріне ем. Сондай-ақ оны бүйрек пен бүйрек түбекшесі, бауыр мен жолының қабынуына қарсы қолданады. Жалбыз ұнтағының осы мөошерін бал орнына сары майға аралыстырып жоғарыдағыдай ретпен қабылдаса демікпе сырқатын жазып, өкпенің тыныс алу жолдарын тазартады. Булығып жөтелгенді тиып, қарлыққан дауысты ашады. Тершең адам жалбыздың кепкен жапырағын ыстық суға бұқтырып демдеп, жатар алдында жарты стаканын ішіп, ал аяғының шуашы барлар сол суға үш мезгіл аяғын жуып жүрсе, бұл жағымсыз иістен арылады. Полиартритпен ауыратын адам кепкен жалбыз шөбін суға қайнатып, күніне бір реттен жатар алдында ванна жасап булап жүрсе сырқатынан сауығады. Ал, соңғы кезде жалбыз тұнбасын іштің кебуін басатын, бойға күш-қуат беретін, несеп жүргізіп қуықтың қабынуын жазатын, етеккірді шамадан тыс келуін тоқтататын дәрі ретінде қолданып жүр. Сонымен қатар жалбызды басқа дәрілік шөптерге қосып өкпе туберкулезін де емдей бастады. Еті тілініп кеткен жарақатқа, іріңді шиқан сияқты шығулар мен қотырларға жалбыз тұнбасын таңып тастаса, тез жазылады.
2)Баяндауыш- ой иесінің қимылын,белгісін,қасиетін көрсететін сөйлемнің басты мүшесі.Сұрақтары:не істеді? не қылды? қайтті?Нұрлан үйге келді.
3)Жыл мезгiлдерi. Күз– жылдың 4 мезгілінің бірі. Бұл мезгілде Жер шары өз орбитасының күн мен түннің күзгі теңелу нүктесінен Күннің қысқы тоқырау нүктесіне дейінгі аралығында болады (24 қыркүйек – 22 желтоқсан) созылады. Әдетте, қыркүйек, қазан, қараша К. айлары болып есептеледі. К-де күн суытып, көлдер мен өзендер тартылып, өсімдіктер қурап, ағаштардың жапырағы түседі. Күн қысқара береді. Егін піседі, мал семіреді. Жыл құстары тізбектеліп, жылы өлкелерге ауып кетеді.. Көктем – жылдың төрт мезгілінің бірі. Көктем наурыз, сәуір, мамыр айларын қамтиды. Қыс мезгілінен кейін келетін жазға дейінгі кезең. Қазақ халқының дәстүрлі күнтізбесі бойынша жыл басы Көктемде 22 наурыздан, табиғаттың жандануымен (22.3 – 22.6) созылады. Көктемде күн ұзарып, ауа райының жылуынан қар еріп, тоң жібиді, жауын-шашын мол жауады, соның салдарынан көбінесе су тасиды. Көктемде жалпы тіршілік иелерінің жандануы, тірілуі басталады, жәндіктер мен хайуанаттар қысқы ұйқысынан оянып, тіршілігін бастайды, мал төлдеп, жыл құстары оралады, жер бетіне көк шығады, жеміс ағаштары бүршік атып гүлдейді.Жаз – жылдың төрт мезгілінің бірі. Бұл кезде Жер шары өз орбитасының жазғы күн тоқырау нүктесінен күн мен түннің күзгі теңелу нүктесіне дейінгі аралығында болады. (23. 6. – 23. 9) . Әдетте, Жер шарының солтүстік жартысында маусым, шілде және тамыз жаз айлары болып есептеледі. Жаз — жан-жануарлардың тіршілігіне жайлы, шаруашылыққа қолайлы кез. Жазда табиғат жадырап, күн ұзақ және жылы болады. Мал семіреді, егін бойлап өседі, ауыл шаруашылық, құрылыс, тасымал, т.б. жұмыстары қауырт жүргізіледі. Қазақстан жерінің жазғы сипаты біркелкі емес; ауа райы жаз айларында оңтүстік облыстарда ыстық, солтүстік облыстарда қоңыржай жылы болып келеді. Бұл жайт шаруашылыққа да әсер етеді. Кейде, күнделікті тұрмыста, көктем мен күздің жылы кезеңдерін қосып, жазды 6 ай деп есептейді. Алайда ауа райы бойынша Қазақстанның оңтүстік облыстарының жазы 6 айдан артық, солтүстік облыстарының жазы 6 айдан кем болып отырады.
Қыс — жыл мезгілі, әр аумақтағы ауа температурасы ең төмен болатын климаттық маусым. (Солтүстік жарты шарда 21—22 желтоқсаннан 20—21 наурызға дейін, Оңтүстік жарты шарда 21—22 маусымнан 23 қыркүйекке дейін) уақыт аралығы.Солтүстік жарты шардың қоңыржай ендіктерінде қыс айлары деп шартты түрде желтоқсан, қаңтар, ақпан, ал Оңтүстік жарты шарда — маусым, шілде, тамыз айлары есептеледі. Қоңыржай ендіктерде (оның ішінде, Қазақстан жерінің басым көпшілігінде) қыс тұрақты қар жамылғысымен, өзендер мен көлдерде мұз қатуымен, өсімдіктің өсіп-өнуінің тоқтауымен, жануарлардың көптеген түрлерінің ұйқыға кетуімен немесе анабиозымен сипатталады.
Билет N9
1)Дәрілер-ауруды емдеу және аурудан сақтандыру үшін қолданылатын шипалы заттар.Дәрі адам баласына өте ертеден белгілі.Біздің жыл санауымыздан төрт-бес ғасыр бұрын грек дәрігері Гиппократ,Рим дәрігері Галеннің еңбектерінде дәрілер туралы жазылған.Галеннің пікірінше, табиғатта дайын тұрған дәрі жоқ, бірақ өсімдік пен жануар ағзасында сол дәрі-дәрмектерді жасауға өте қажетті заттар бар.Атақты азиялық ғалым дәрігер-Ибн Синаның ғылыми еңбектерінде де дәрі мәселесіне зор мән берілген.Фармакология ғылымы он тоғызыншы ғасырдыңортасында дамыды.Осыған байланысты кокаин,ұйықтататын,жансызданжыратын тағы басқа дәрілер шығарыла бастады.Дәрілер жасалуына қарай бірнеше топқа бөлінеді:
А.химиялық синтез өнімінен
Ә.тірі ағзадан(антибиотиктер,кейбір витаминдер,гормональдық ферментті препараттар)
Б.дәрілік өсімдіктерден
В.мұнай,минералды тұздар,тас көмір тағы басқалардан жасалатын дәрілер.Дәрілер қолданылуына қарай:антибиотиктер,антисептикалық дәрілер,қызуды төмендететін дәрілер,терлететін дәрілер,ауруды басатын,жөтелді басатын т.б. болып бөлінеді.Дәрілер ұнтақ,таблетка,микстура,тұндырма,ерітінді,паста тәрізді тағы басқа түрде болады.