Тәрбиенің әдістері, құралдары
3. Ойлау және сөйлеу. Ойлаудың теориялары, деңгейі, құрылымы.
Сөйлеу орыс. речь, говорение — адамның тілдік амалдар арқылы пікір, ой білдіру әрекеті. Сөйлеу анатомиялық мүшелердің қатысуымен іске асқанымен, негізінен, адамныңпсихикалық қабілетіне, қоғамдағы пікір алмасу тәжірибесіне сүйенеді. Сөйлеу процесі айтылатын пікірдің мазмұнына, пікір айтудың жағдайына (пікірді ауызша не жазбаша айту, диалогтүрінде айту, көпшілік алдында айту, тындаушының білім дәрежесін, жас мөлшерін ескеру т. б.) сай түрліше құрылады. Сондықтан Сөйлеудің коммуникативтік жағдайға сай стилі қалыптасады. Сөйлеу мен тіл бір емес. Егер тіл қарым-қатынас құралы болып табылса, Сөйлеу сол құралдын нақты қолданыста көрінетін түрі болып табылады. Сөйлеуге тән қасиеттер: дауысталу, тембрлік сипат, артикуляциялық анықтық, темп, акцент т. б.
Ойлау– объективті шындықты белсенді бейнелеудің жоғарғы формасы, дүниені тану мен игерудің жоғарғы сатысы, тұлғаның танымдық әрекеті. Ойлау формалары мен құрылымдарында адамзаттың бүкіл танымдық және тарихи-әлеуметтік тәжірибесі, материалдық және рухани мәдениеті дамуының басты нәтижелері қорытылып, бекемделген. Сыртқы дүниені толык тануға түйсік, қабылдау, елестер жеткіліксіз болады. Біз тікелей біле алмайтын заттар мен құбылыстарды тек ойлау аркылы ғана білеміз. Түйсік, қабылдау процестерінде сыртқы дүниенің заттары мен құбылыстары жайлы қарапайым қорытындылар жасалады. Бірақ қарапайым қорытындылар сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының ішкі құрылысын, оның қажетті қатынастары мен байланыстарын толықтай ашып бере алмайды. Ойлау формасы болып табылатын ұғымдар, категориялар, идеялар мен теориялар танымның субъектісі мен объектісінің арасын байланыстырып тұрған қоғамдық тәжірибенің негізінде, қоғамдық-тарихи процесте қалыптасып дамиды және заттар мен нәрселердің сезімдік таным формаларында (түйсік, қабылдау, елес) берілмейтін мәнді байланыстары мен қатынастарын өрнектейді. Осының арқасында адам дүниенің заңдары мен заңдылықтарын танып білуге мүмкіндік алады, алды-артын болжап, болашағын айқындап, алдына саналы мақсаттар қойып, соларға жету жолдарын саралайды, табиғатты өзгертеді және өзі де өзгереді. Адам өмірінде, тәжірибелік және танымдық қызметінде шешуді қажет ететін мәселелер туындап, соларды қою және шешу барысында oйлау қабілеті де түрленіп, шығармашылықпен дамып отырады.
№ 13 Емтихан билетi
1. Ойын элементтерін пайдалану тиімділігі,ойын түрлерін қолдану тәсілдері
2. Іс-әрекеттің түрлері (таным, қарым-қатынас, ойын, еңбек) тәрбиелік ықпал ету.
Іс-әрекет құрылымы және оның түрлері
Іс-әрекет – бұл саналы түзілген мақсаттың орындалуына бағытталып, қоғамдық мәнді құндылықтар немесе әлеуметтік тәжірибені игеруге байланысты субъекттің болмысқа деген белсенді қатынасының формасы.
Іс-әрекет барысында адам болмысы және оның психикасы көрініс береді, қалыптасады және дамиды.
Іс-әрекет – екі негізгі белгіге ие өте ерекшеленген қатынас формасы:
1. Іс-әрекет – бұл қандай да нәтижені қолға түсіруге көзделген өнімді қатынас түрі. Бірақ мұндай іс-әрекеттің өнімі тек заттасқан күйде ғана (тұрмыс қажеттері, құнды жәдігерлер және т.б.) болып қалмай, адамның әлеуметтік тәжірибе формалары да (білім, ептілік, дағды және т.б.) болуы мүмкін. Осыдан іс-әрекет үш негізгі түрде көрінеді, іске асып барады. Олар – еңбек, ойын және оқу.
2. Іс-әрекет – болашақ нәтиженің идеалды бейнесі ретінде саналы танылған мақсатпен реттелуші қатынас түрі. Іс-әрекеттің мазмұнын, құрылымын және қозғалысын айқындаушы басты өлшем – бұл мақсат. Осынысымен де іс-әрекет адамның басқа белсенділік формаларынан ажыралады.
Іс-әрекетті анықтаушы жоғарыда аталған екі ерекше белгі оның негізгі жалпы психологиялық қасиеттерін нықтылауға мүмкіндік береді. Мұндай қасиеттерді атасақ, олар: белсенділік, өнімділік (нәтижелілік), танылу мүмкіндігі, әлеуметтік шарттылығы, іс-әрекеттің заттасқандығы (субъект әрекетінің міндетті түрде өзінен тыс нысанға бағытталуы), іс-әрекеттің икемшілдігі (жағдай өзгерісіне орай ауысуы, қайта құрылуы), жүйелілігі.
Іс-әрекет типтері: еңбек, оқу және ойын.
Еңбектік іс-әрекет – адам қажеттерін қамсыздандыру мен әрқилы құндылықтар жасау мақсатында табиғат, заттасқан және рухани өмір дүниелерін белсенді өзгеріске келтіру үдерісі.
Еңбектік іс-әрекетті психологиялық тұрғыдан зерттеу аймағы – бұл адамның еңбектік белсенділігін және оның тұлғалық қасиеттерін реттеуші психикалық процестер, жағдаяттар, қалыптар. Тұлға қасиеттері еңбек әрекетінің ерекшелігін анықтайды және оның барысында өзгеріп барады.
Ойын – адамдар әрекеті мен өзара қатынастарының тектік әдістері, бекіген іс-әрекеттің ерекшеленген түрі; бала ойын барысында адамзат жинақтаған қоғамдық тәжірибені меңгереді, өзінің ақыл-ес (когнитивті), тұлғалық және адамгершілікті дамуын қамтамасыз етеді. Бала үшін рольдік ойындар өте маңызды. Ойнай жүріп, сәби ересектер роліне еніп, заттарды өз мәніне сәйкестендіре қолданады. Әлеуметтік талаптарды рольдік ойындар арқылы меңгеруден бала тұлғасының әлеуметтенуі жеделдеседі, сеп-түрткілік және қажеттілік аймағы жетіле түседі.
Оқу іс-әрекеті – мақсаты адамның білім, ептілік және дағдыларды игеруге бағытталған ерекше үдеріс түрі. Оқу әрекеттері ұйымдасқан формада арнайы білім мекемелерінде іске асып барады. Сонымен бірге оқу-үйрену әрекеттері ұйымдастырылмаған күйде, басқа әрекет түрлерімен қабаттаса, оның қосымша нәтижесі ретінде атқарылуы мүмкін. Оқу іс-әрекетінің ерекшелігі – ол тікелей тек өкілінің психологиялық дамуының құралы ретінде қызмет етеді.
Қалаған іс-әрекет түрі сияқты оқу іс-әрекеті де құрылымдық деңгейге ие бола тұрып, жекеленген бірліктерден құралады (әрекет, амал (операция), шарт-жағдайлар, қажеттер, сеп-түрткілер, міндеттер). Оқу іс-әрекеті бірліктерінің өзара қатынасқа түсіп, орайласуы оның даралықты сипатын береді.
Аталған іс-әрекет түрлері әлеуметтік-тарихи даму барысында бірін-бірі ауыстырып отырады. Осыдан әр кезеңде тұлғаның жас деңгейі мен даму ерекшеліктеріне байланысты жетекші іс-әрекет түрі алға тартылады.
Іс-әрекет типі – жеке – дара және бірлікті іс-әрекеттер.
Бірлікті іс-әрекет – жеке-дара әрекеттен өзгеше, ұжымдасқан субъект тарапынан орындалады, мұндай субъект ортақ мақсат, міндеттер төңірегінде одақтасқан екі не одан көп адамдардан құралады.
Іс-әрекет түрлері дәстүрлі екіге бөлінді – сыртқа және ішкі.
Сыртқы іс-әрекет – орындалу барысында өзінің қозғалыс, әрекет, көңіл-күй, тілдесу –қатынас бірліктерімен көрінетін іс-әрекеттің барша түрлері, типтері және үдерістері.
Қолданбалық тұрғыдан іс-әрекет тікелей және жанама типтерге бөлінеді. Тікелей іс-әрекетте еңбек субъекті өңдіруге не өңдеуге, т.с.с, түскен затқа тікелей әсер-ықпал жасайды әрі оған байланысты ақпаратты нақты табиғи көзбен қолма-қол алады.
Жанама іс-әрекетте еңбек заты жөніндегі ақиқат адамға белгі, рәміз күйінде жеткізіледі (код, сұлба, формула, буклет, индикаторлық құралдар).
3. Қиял . Қиялдың түрлері
