
№ 9 Емтихан билетi
1. Ағылшын тілі негізінде екінші шет тілін оқыту ерекшеліктері
2. Әр түрлі топтағы тәрбиелеу ерекшеліктері. (нак осындай материал жок сосын жас ерекшелык деген алдым. Ар адам темперамент баска анау мынау деп косуга болад)
3. Адам мен жануар психикасын салыстыру. Адамдардың бірлескен іс-әрекеті мен сананың пайда болуы.
2.Әр түрлі жастағы балалар тобымен оқу-тәрбие үрдісінде жұмыс жүргізупедогогтар мен әдіскерлерге қатысты болады.Мұндай топтағы оқыту мен тәрбиенің өзіндік қиындықтары бар,себебі ұстаздардың білім,біліктілері әр түрлі жастағы балалармен жұмыс жүргізе алу шеберлігін талап етеді.
Баланың психологиялық жас ерекшелігімен қатар,олардың жыныстық ерекшелігін ескерген жөн.Әр түрлі жыныстағы жас нәрестенің де даму үрдісі әр түрлі болады.Қыз балаларға қарағанда ер балалардың ми дамуы жедел болады.Ер балалардың математикалық және визуалдық ойлау қабілеттері жоғары болады,ал қыз балаларда вертуалды қабілеттері жетік дамыған.Сондықтан да қыз бала мен ер баланы оқытуды 4 жастан бастап қолға алған дұрыс.
Сол себепті педогог күнделікті сабаққа дайындалғанда балалардың интелектуалды-психологиялық қабілеттерін ескере отырып дайындалуы керек.Мектепке дейінгі шағын орталықтарда ғылыми әдістемелік негіздегі үрдіс әртүрлі жастағы әр топтағы тәрбиенің нақты шарттарының дұрыс болуын талап етеді.Кез келген жағдайда тәрбиеші топтың құрамын нақты анықтап соның ішінен 2-3 топқа бөліп,соған сәйкес оқу-тәрбие шараларын ұйымдастыруы керек.
Мақсатқа жетудің тиімді тәсілі жас ерекшеліктері сәйкестеу келетін балаларды топтастыру болып табылады.Мұндай жағдайда баланың максималды қабілеттерін ескерген дұрыс.Әр топтағы балалардың мүмкіндіктері мен қажеттіліктеріне жауап беретін ортақ тәртіп орнатылады,жеке жұмыстармен сабақтар өткізуге қолайлы жағдай жасалады.Әртүрлі жастағы топтарда оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудың тиімді жақтары;әртүрлі жас балалар жұмыс жүргізу педогогқа қиын қатынас жасауға үлкен мүмкіндік береді.Біздің байқауымызша әртүрлі топтағы жасы кіші балалар өздерінен үлкен балалардың айтқан кеңестері мен ескертулерін тыңдап,бірлесе жұмыс жасағанда олардың жетекшілігін қабылдап,олардың авторитарлық қарым-қатынасына кері әсер етеді.
Жасы кішілердің ересектермен үздіксіз қатынаста болуы,олардың достық қатынасы мен өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастырады.Кіші жастағы балаларға ересектер ерекше үлгі бола алады.Балалардың тек бақылаушы болуын қамтамасыз ету тәрбиешіге жүктеледі.Әртүрлі жастағы топтармен жұмыс жүргізудің екі түрлі формасы бар;оқу және ойын,олардың негізгі мақсаты көп жақты тәрбие мен әр оқушының жеке дамуы.
3. Салыстырмалы психология - адам психикасының шығу тегі мен дамуының, адам санасының қалыптасуының психологиялық алғышарттары мен заңдылықтарын, адам мен жануарлардың психологиялық қарекетіндегі жалпылық мен айырмашылықты, (адамның мінез-құлқындағы әлеуметтік пен биологиялық мәселесі) зерттейтін психология саласы. Бұл мәселелерді зерттеу адам психологиясы мен зоопсихологияның (жануарлардың психикасы, шығу тегі, эволюция барысында дамуы және психикалық процестердің онтогенездеқалыптасуы туралы ғылым) мәліметтерін салыстыру арқылы жүзеге асырылады. Казіргі уақыттағы маймылдардың амалдау, құралдармен әрекет жасау, табындық іс-әрекеті және т.б. психикалық функцияларын зерделеу негізінде адамның еңбек қарекетінің, адамзат қоғамының, сөйлеуінің шығуының биопсихологиялық алғышарттарын анықтауға ерекше назар аударылады
Сана — қоғамдық құбылыс. Адамның санасы адамзат коғамының ұзаққа созылған дамуының нәтижесінде пайда болды. Психикалық және саналы қызметтің элементтері ақпарат алмасу үшін дыбыс сигналдарын және ишараны қолданатын жоғары дамыған, топтасып өмір сүретін жануарларда көрініс береді. Бір катар жануарлардың — мысық, ит тектестер,приматтар, дельфиндер әрекеттерінің көбі күрделі және сананың қызметін талап етеді. Одан кейін жануарлардың өзіндік "моралі", өзін ұстау әдеттері, жетекшілік үшін күрес жүргізуі бар. Жалпы, жануарлардың өмірі өзінен-өзі жүріп жатқан жоқ, оларда санаға бағыныштылық, яғни бір мән бар. Алайда адамның санасы бүл жануарлардың күрделендірілген психикалық қызметінің жалғасы емес, терең ұстанымды өзгерістердің нәтижесі. Бүл өзгерістердің негізі — еңбек. Еңбек арқылы еңбек құралдары жасалды және материалдық заттарды кайта жаңғырту үшін адамдардың алдымен қарапайым, кейінірек күрделі қажеттіліктерін өтеу үшін пайдаланылды. Адамның эволюциясы 3 миллион жылға жуық мерзімді құрайды, соның 95%-ы адамның нышаны айқын көрінетін алғашқы ұжымдарды калыптастыру үшін жұмсалды. Алғашқы адам қалдықтары табылған жер француз деревнясы Неандерталь болғандықтан, оларды неандертальдықтар деп атайды. Неандертальдықтар тастан қанжар жасай білген, найзаның ұшын, сүйектен қарулар жасады, жасанды жолмен отты алды. Оларда алғашқы қауымдық құрылыс қатынастары орнады. Еңбек құралдары өлі жетілмеген дамудың алғашқы кезеңінде өмір үшін күрес ширығып, еңбек қызметі сол мақсаттарға ғана арналып, тек қана ұжымның күшімен жүзеге асырылатын жағдайда болды. Бүл мақсаттарды іске асу, еңбек үдерісін басқару үшін жақсы сигнал жүйесі, жылдам ақпарат алмасу қажет болды. Осындай жағдайлар ойдың дамуы мен жетілуінде шешуші рөл атқарған тілдің пайда болуына алып келді. Қалыптасқан бірқатар жағдайларға байланысты біздің ежелгі ата-бабаларымыз өмірінде өте маңызды өзгерістер болып жатты. Кездейсоқ, жағдайда ғана қару ретінде қолына белгілі бір затты — тасты немесе бұтақты алып әрекет еткен кездің орнына қаруды тастан және сүйектен дайындап, үнемі пайдаланатын кез келді. Тас және басқа да қарапайым қарулары бар адамдар тобыры енді жануарлармен салыстыруға болмайтын, әлдеқайда күрделі жүйеге — қоғамға айналды. Онда атқарылатын қызмет түрі өте көп еді. Тобырға қарағанда адамдардың бір-бірімен қатынасы, пікір алмасуы күрделеніп, түрлене бастады. Тас қаруды жасау және оны пайдалану, шұңқырды бірігіп қазып, оны жасыру, аңды оған қуып әкеліп құлату үшін аңшылар көптеген жұмыстарды бірігіп атқаруы керек болды. Өмір оларды соған үйретті, бірігіп еңбек етудің ұтымдылығы жалпының күшімен жеке адамның қолынан келмейтін мақсаттарды іске асыруға болатынын көрсетті және сонымен қоса ақпаратты да ұжым болып пайдалануға алып келді. Демек, біреу бірдемені көрсе, естісе, ұжымдық қозғалыстың барлық катысушылары оны естиді және көреді.
№ 10 Емтихан билетi
1. Техникалық оқу қуралдармен жұмыс жасау
2. Дербес ерекшеліктерді есепке алу. ( ар адам темперамент баска, характер баска деп айтуга болад косып )
3. Түйсік және қабылдау.
Түйсік — материалдық дүниедегі белгілі бір кезде адамның тиісті сезім ағзаларына әсер ететін заттар мен құбылыстардың жеке сапаларын бейнелейтін қарапайым психикалық үрдіс.
Термин 4 түрлі мағынада қолданылады:
1) берілген биологиялық түрге тән алынбаған реакция;
2) белгілі бір түрге тән белгілі тәсілмен жауап қайтара алуға бейімділік. Бұл бейімділік бақыланатын мінез-құлықтың негізі болып табылады;
3) дамудың белгілі бір шартында, әуестену күйінде, стимулды жағдайларда пайда болатын күрделі әрекеттер жинағы. Бұл мағына көбінесе этологияда қолданылады, мысалы, белсенділіктің тіркелген паттерндері;
4) алынбаған, тұқым қуалау арқылы берілетін тенденциялар, мінез-құлықтың күрделі модельдерінің мотивациялық күштерінің функцияларын орындайды. Бұл мағына классикалықпсихоанализде қолданылады.
Түйсік біздің айналамызда, ішкі жан дүниемізде не болып жатқанын хабарлап отыратын қарапайым психикалық үрдіс. Түйсік адамды қоршаған шындықты бейнелеуден пайда болады. Түйсік таным үрдістеріне жатады. Өйткені адам соның арқасында дүниені таныды. Түйсік басқа психикалық үрдістерге — қабылдауға, еске, ойлауға, қиялға материал жеткізеді. Түйсіктің табиғи физиологиялық негізі ағзаның арнаулы жүйкелік механизмі — талдағыштар арқылы жүзеге асады. Мысалы, көз торына түскен жарық сәулесі қозу туғызады, ал ол жүйке талшығы арқылы үлкен ми сыңарларының қыртысына келген кезде адамда көру түйсігі пайда болады. Адамда пайда болатын түйсіктерді үш топқа бөлуге болады. Бірінші топқа біздің денеміздің сыртқы жағында болатын сезім ағзаларының қозуынан туатын түйсіктер (экстроцепторлар — сыртқы қабылдаушы дегенді білдіреді) жатады. Бұл түйсіктер бізден сырт заттардың қасиеттерін бейнелейді. Бұған көру, есту, иіскеу, дәм, тері және сипай сезу түйсіктері жатады. Екінші топқа рецепторлары ішкі ағзалардағы сезім органдарының қозуынан туатын түйсіктер (интероцепторлер) кіреді. Органикалық түйсіктер (ашығу, шөлдеу) дейтіндерді осыған жатқызуға болады. Үшінші топқа қозғалыстар мен дененің кеңістікте орналасуымен байланысты болатын қозғалыс (немесе кинестетикалық) түйсіктері кіреді. Қозғалыс анализаторларының рецепторлары (проприоцепторлар) бұлшық еттерде және сіңірлерде болады.
Қабылдау – бұл заттар мен құбылыстардың өздеріне тән белгілерінің мәнін түсінуден оларды тікелей тұтас күйінде сезімдік бейнеге түсіру.
Мақсат бағытына, ерік қатысына орай қабылдау екі формаға бөлінеді: ырықсыз (ниеттелмеген, ерік күшімен, алдын ала белгіленген мақсатпен байланыспаған) және ырықты (мақсат бағдарлы).
Рецепторлар қызметіне қарай қабылдау көру, есіту және сипай сезу түрлерімен ажыралады.
Біз дүниедегі заттар мен құбылыстарды белгілі бір уақытта және кеңістікте қабылдаймыз. Уақыт пен кеңістіктен тыс жатқан нәрсе болмайды.Кеңістікте қабылдау деп – дүниедегі заттар мен құбылыстардың белгілі бір орнын, мөлшерін, көлемін, алыс-жақындығын санамызда бейнелеуін айтамыз. Кеңістіктегі заттарды қабылдау адам көзінен олардың қаншалықты қашық немесе жақын екендігіне байланысты. Қашықта тұрған затқа адам көз қысып қарайды, бұны көздің конвергенциясы деп атайды. Егер зат жақын болса, онда адам көз қабағын ашып қарайды, бұны көздің дивергенциясы деп атайды. Кеңістіктегі қабылдауда, оның қашықтықты бағалауда иіс және есту түйсіктері үлкен роль атқарады.
Қабылдаудың жалпы заңдылықтары: мағыналылығы, жалпылығы, заттасқандығы, біртұтастығы, құрылымдылығы, таңдамалы бағыттылығы, апперцепциялылығы (өткен тәжірибеге негізделуі), константтығы (тұрақтылығы).
Қабылдаудың мағыналылығы және жалпылығы. Қабылдау нәтижесі – заттың сөзбен өрнектеліп, белгілі категорияға, түсінікке қосылуы. Заттар мен құбылыстардың аса қарапайымдасқан түсінім формасы – тану.
Қабылдаудың заттасқандығы – заттар жөніндегі ми ақпаратының шынайы заттармен сәйкес келуі. Қабылдаудың заттастығы санада қабылданып, өрнектелген бейнелердің шынайы болмыс заттарына адекваттығын (сәйкестігін) білдіреді.
Қабылдау біртұтастығы – затты тұрақты тұтастық жүйе ретінде бейнелеу (нақты жағдайда заттың кейбір бөлшектері болмай қалса да).
Қабылдау құрылымдылығы. Әрқилы нысандарды оларды құраушы тұрақты бөлшек, не белгілерін ажыратумен танимыз.
Қабылдаудың таңдамалылығы. Төңірегіміздегі мың сан заттар мен құбылыстардан біз нақты мезетте қажетімізге керегін ғана бөліп аламыз.
Қабылдау тұрақтылығы – заттардың шынайы сапаларының (көлемі, түр-түсі, формасы) мида бейнеленуінің оларды қабылдау жағдайларына (жарыққа, қашықтыққа, көз салу қалпына және т.б.) тәуелсіздігін білдіреді.
№ 11 Емтихан билетi
1. Екінші шет тілін оқытуда ойын элементтері мен тілдік ойындарды қолдану
2. Тәрбиенің формалары мен әдістері туралы түсінік
Тәрбие әдісі дегеніміз - оқушылардың тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара байланысты педагогикалық жұмыс тәсілдері. Әдістерді мұғалім тәрбиенің мақсатына, мазмұнына балалардың жас және дербес ерекшеліктеріне, тәрбиелік деңгейіне қарай іріктейді. Әдістер тәрбие мақсатына жетуге, оқушыларды қоғамдағы тәртіп ережелерін үйретуге, адамдармен қарым-қатынас жасауға, олардың жақсы тәжірибесін алуға көмектеседі.
Тəрбие жұмыстары формаларын түрліше топтастыру мүмкіндіктері бар. Бір форманың басқаларынан ерекшеленуі төмендегі шарттарға тəуелді: - уақыт ұзақтығы: қысқа мерзімді (бірнеше сағат, минут); ұзаққа созылған (бірнеше күн, апта); - тəрбиеленушілер қызметтерінің түрі: оқу, еңбек, спорт, көркем өнер; - педагогтың ықпал жасау тəсілі: тікелей, жанама; - нəтиже: ақпарат алмасу, жалпы тұжырымға келу, қоғамдық мəнді өнім; - қатысушылар саны: жеке-дара (тəрбиеші –тəрбиеленуші), топтық (тəрбиеші –оқушылар тобы), жаппай көпшілік (тəрбиеші –бірнеше топ) формалары. Жеке-даралықты тəрбие формалары: əңгімелесу, сыр бөлісу, кеңес беру, пікір алмасу, нақты жұмыс бойынша жеке жəрдем, проблема шешімін бірлікті іздестіру. Тəрбиеші міндеттірі: оқушы мүмкіндіктерімен танысу, оның талантын ашу, бала мінезіндегі барша құндылықты бітістер мен дамуына кедергі қасиеттерді байқау. Ұжымдық шығармашыл жұмыстар формалары: дəстүрлі тапсырмаларды кезегімен ауыстырып бару, сюжетті-ролдік ойындар, ұжымдық жоспарлау, бірлікті талдау.
Топтық тəрбие формалары: іс-шаралар кеңесі, шығармашылық топтар, өзіндік басқару кешендері, шағын үйірмелер. Тəрбиеші міндеттері: əр оқушының өзін танытуға жəрдемдесу, топ мүшелерінің бəріне бірдей мəнді нəтижеге жету жағдайларын жасау.
Ұжымдық тəрбие формалары: конкурстар, сахналық қойылымдар, əн-күй кештері, үгіт бригадалары, саяхат-шерулер, спорт жарыстары.
Тəрбиелік іс-əрекет формаларының əрбіріндегі тəрбиешінің ролі мен орны əрқилы. Олар тəрбиеленушілердің жас ерекшеліктеріне, тəрбие мақсаттарына байланысты. Тəрбие жұмысының формасы ұжымдық шығармашылық түрінде болуы мүмкін. Мұндай ұжымдық шығармашылық қызметтер барысында тəрбиеленушілер ересектермен бірлікте жəне олардың басшылығында жаңа тəжірибелер жасайды, бұрын игерген білім, ептіліктерін қолданады, жаңа ғылыми ақпараттар топтайды. Ұжымдық шығармашылық жұмыстар əдістемесі негізін қызметтестік, ұжым мүшелерінің бірлікті істері, көппен бірге жоспарлау, жұмысты өткізу жəне бағалау, өмірлік маңызды міндеттер шешімін табудың ұтымды жолдарын іздестіру құрайды. Соңғы жылдары тəрбиелік жұмыстардың келесідей формалары кең тарап, мектеп тəжірибесіне енуде: Көпшілік тыңдарман тəрбиеленушілерге арналған дəрісбаяндар : əдемі əрі сəнді жағдайда 15-20 минут аралығында ұсынылатын қызықты да тосын мысал, деректерге бай жарқын ақпарат тəрбиеленушілердің баяндалып жатқан құбылыс не оқиғаға болған көзқарас, қатынасын жаңа қырынан қалыптастыруға мүмкіндік береді. «Сократтық сұхбат» - кезегімен қосымша сұрақтар қоя отырып, оларға жауап тауып, қойылған проблеманың көптеген балама шешімдерін кеңінен қарастырумен біртіндеп шындыққа жету жолы. Ашық микрофон формасы қоғамдық өмір проблемаларын талқылау үшін қолданылады. Фəлсафалық бас қосу – тəрбиеленуші өмірінің мəн-мағынасын тереңдей түсінуге арналған ғұламалық сұхбат-кеңес. Белгілі тақырып бойынша пікір-сайыс – екі топ кезегімен ой толғаныстарын ортаға салып, өз жобаларын қорғайды. Интеллектуалдар саудасы – ақыл-ес əрекеттерін жарыстырудың ойын формасы. Ұсынылған «тауарды» – кітап, сурет, күйтабақ, қолөнер туындысы жəне т.б. «сатып алу» үшін, қатысушы қалаған затына байланысты өз білімдерін жария етуі тиіс. Мамыра жай əңгіме- сезім төрінде жатқан құпия көңіл сырларын бөлісу, тəлімдік мазмұнды өмір құндылықтары жөнінде сұхбат. Даналар күні – арнайы күні, ұлы ғұламалар мерейтойларына орай өткізілетін танымдық, құндылықты бағыт беретіндей қызықты да мазмұнды шара. Кесірлі дөңгелек стол – алдын ала жинақталған пікір таласты материалдар негізінде заманның көкейкесті проблемалары жөніндегі тəрбиеленушілердің пікірін біліп, олар бойынша талдау салуға арналған сөз-жарыс.
3. Ес процесі. Естің жеке типологиялық ерекшеліктері.
Ес — адамның бұрын көрген, естіген, білген нәрселері мен бейнелерін ойында ұзақ уақыт сақтап, қажет кезінде қайта жаңғырту қабілеті, жүйке жүйесінің негізгі қызметтерінің бірі. Адамның есте сақтау қабілеті үнемі дамып, жетіліп отырады. Ертедегі грек философы Аристотель әр түрлі нәрселер мен бейнелердің есте әсерлену (яғни сақталу) сипаттарын үш топқа бөледі:
а) әсерленген нысанның белгілі бір кеңістік пен уақытқа ұштаса қабылдануы;
ә) әсерленген нысанның басқа бір нысанға өзара ұқсастығы;
б) олардың бір-бірінен айырмашылығы мен қарама-қарсылығы.
Естің физиологиялық сипатын орыс физиологы И.П. Павлов зерттеді. Ол ассоциацияларды шартты рефлекс теориясымен түсіндіріп, ми қабығындағы екі қозу процесінің қабаттасып келуінен пайда болып, сан рет қайталау нәтижесінде бекіп отыратын уақытша байланыстар деп атады. Қазақ ғұламасы Абай ес туралы “Отыз бірінші сөзінде”: “Естіген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар: бірінші — көкірегі байлаулы берік болмақ керек; екінші — сол нәрсені естігенде иә көргенде ғибратлану керек, көңілденіп, ынтамен ұғу керек; үшінші — сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт ойланып, көңілге бекіту керек; төртінші — ой кеселді нәрселерден қашық болу керек”, — дейді. Ес адамның әр алуан іс-әрекеттерімен байланысты болып, тіршілікте аса маңызды қызмет атқаратын болғандықтан, оның түрлері мен көріністері де әр қилы.
Ес түрлері
Ес түрлері үш негізгі белгіге байланысты бөлінеді:
1. Психикалық белсенділікке қарай:
1) Қозғалыс есі - еңбек әрекетіне байланысты қимыл-қозғалыстарды есте қалдырып, оны қайта жаңғырту есі;
2) Сезімдік ес - бұл адамның басынан өткізген сезімдерін есте қалдыру;
3) Бейнелі ес - заттар мен құбылыстардың қасиеттерінің нақты бейнесін есте қалдырып және қайта жаңғырту;
4) Сөз логикалық ес - бұл адамның ойыныңтүрлі формаларын есте қалдыруды айтамыз.
2. Мақсатқа қарай:
1) Ырықты ес – түрлі мәліметтерді есте сақтауға саналы мақсаттың қойылуы;
2) Ырықсыз ес – адамның мақсат қоймай материалды есте сақтауы.
3. Материалды есте сақтау ұзақтығына қарай:
1) Қысқа мерзімді есте қалдыру;
2) Ұзақ мерзімді есте қалдыру (ұзақ мерзімді ес);
3) Оперативті ес - өзімізге керекті материалдарды дер кезінде еске түсіру, есте сақтау және қайта жаңғыртуды айтамыз.
Ес процесстері
1. Есте қалдыру. Есте қалдыру - мәліметті белсенді қайта өңдеу, жүйелеу, жалпылау және оны теру процесстері. Есте қалдыру түрлері төменде көрсетілген:
1) Қысқа мерзімді есте қалдыру;
2) Ұзақ мерзімді есте қалдыру;
3) Оперативті есте қалдыру;
4) Ырықты есте қалдыру. Жаттау - ырықты есте қалдырудағы ең негізгі тәсілдердің бірі болып табылады. Жаттаудың белсенді болуы уақытқа байланысты;
5) Ырықсыз есте қалдыру;
6) Логикалық есте қалдыру;
7) Механикалық есте қалдыру - заттар мен құбылыстардың мазмұны есте сақталмай, олардың ерекшеліктері мен формалары есте сақталады.
Логикалық есте қалдыруда қабылдаған нәрселердің мазмұны есте сақталады. Логикалық есте сақтаудың тәсілдері:
1) Есте сақтауға тиісті материалдың жоспарын құрастыру.
2) Салыстыру.
3) Материалды топтастыру және жіктеу.
4) Есте қалдыру мен қайта жаңғыртуды алмастырып отыру.
5) Бейнелі байланыстарға сүйену.
6) Есте қалдыруда өзін-өзі бақылау.
7) Мағыналы байланысты орнату.
2. Қайта жаңғырту. Қайта жаңғырту – бұрын қабылдаған заттармен құбылыстарды өзімізге керек болған кезде есімізге түсіруді айтамыз. Мұндағы негізгі процесс – елес. Елес – бұл бұрынғы қабылдауларды қайта өңдеу. Қайта жаңғыртудың бір көрінісі – тану. Тану – бұрын қабылдаған нәрсеге, құбылысқа қайта кездескенде ғана болатын процесс. Тану 2-ге бөлінеді: 1) Толық. 2) Толықсыз.
Қайта жаңғыртудың біртүрі – еске түсіру. Еске түсіру – белгілі қиындықтарды жеңумен байланысты ерік күшін жұмсауды талап ететін санасы қайта жаңғыртуды айтады. Қайта жаңғырту 2-ге бөлінеді: 1) Ырықты. 2) Ырықсыз.
3. Есте сақтау. Есте сақтау – бұл алынған нәрселерді есте ұстауға бағытталған есте ұстаудың алғы шарты болатын процесс. Ол 2-ге бөлінеді: 1)Ырықты. 2)Ырықсыз.
4. Ұмыту. Ұмыту – бұрын қабылдаған нәрселерді керек кезінде еске түсіре алмау және қайта жаңғырта алмау процессі. Ұмытудың себептері: 1) Жағымсыз индукцияның әсері. 2) Проактивтік тежелу. 3) Ременисцения – кешіктіріліп еске түсіру. 4) Шектен тыс тежелу.
№ 12 Емтихан билетi
1. Оқыту әдістері, тәсілдері және құралдары туралы ұғым.
2. Тәрбие әдістерінің жіктелуі.
Көптеген зерттеушілер әдістерді жіктеуде мына қағидаларға сүйенеді: - жеке тұлға іс-әрекет нәтижесінде дамып, қалыптасады; - оқушыларды тәрбиелеу процесі – өте күрделі іс-әрекет, оның негізі- өз санасы, сезімдері, дүниеге, адамдарға, өз өзіне деген қатынасы, күрделі ішкі дүниесі (мотивтері, тілек-талаптары, ынтасы), өзінің ұйымдасқан және ұйымдаспаған тәжірибесі бар өсіп келе жатқан адам; - жеке тұлғаның қалыптасып келе жатқан қасиеттері құрылысы жағынан күрделі. Адамгершілік, эстетикалық және басқа қасиеттер сезімдерден, санадан (түсінік), сенімдерден, әдеттерден тұрады. Осы қағидалар бойынша кей әдістер, көп жағдайда, мотивтерге, мақсаттарға, қатынастарға, мағұлматтарға, түсініктерге, пікірлерге әсер етеді, ал енді кейбіреулері мінез-құлықтың қандай да бір түрін қалыптастыратын әдеттерге ықпал етеді, ал басқалары балалардың мінез-құлқын реттейді. Қазіргі уақытта тәрбие әдістері мінез-құлыққа негізделген, мотивтік-мақсатты мазмұнды, процессуалдық жақтарын біріктіретін бағыттылық-интегративтік сипаттамасы негізінде жіктеу объективті және ең ыңғайлысы болып есептеледі (Т.И. Щукина). Осы сипаттамаға сәйкес тәрбие әдістері үш топқа бөлінеді: -жеке тұлғаның санасын қалыптастыру әдістері; -іс-әрекетті ұйымдастыру мен қоғамдық мінез-құлық тәжірибесін қалыптастыру әдістері; -мінез-құлық пен іс-әрекетті ынталандыру әдістері. Жеке тұлғаның санасын қалыптастыру әдістеріне: түсіндіру, баяндау, сендіру, насихат, әңгіме, лекция, этикалық әңгіме нұсқау беру, пікір сайыс, баяндама, дебат, үлгі жатады. Іс-әрекетті ұйымдастыру мен қоғамдық мінез-құлық тәжірибесін қалыптастыру әдістеріне: жаттығу, едеттену, педагогикалық талап, қоғамдық пікір, тапсырма, тәрбиелік ситуация (сюжеттік рольдік, іскерлік) ойындар. Мінез-құлық пен іс-әрекетті ынталандыру әдістеріне:жарыс, мадақтау, жазалау жатады.