Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
AJDANA_TGP_1-90_TEORIYa_-_kopia.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
274.79 Кб
Скачать

76. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдары жүйесінде Конституцияның алатын орны. Қазақстан Республикасы Конституциясының тікелей қолданылуы.

Конституция бұл тиісті елдің көпшілік азаматтарының мүдделерінде мемлекеттік және қоғамдық өмірдің басты ұстанымдарын бекітетін және мемлекеттің бүкіл құқықтық жүйесінің өзегі болып табылатын нормативтік

акт. Конституция мемлекет өмірінің негізгі бастауларын

мемлекеттің құрылысын, саяси және әлеуметтік

экономикалық жүйесінің негіздерін бекітетін, адамның қоғамдағы алатын орнын байқататын мемлекеттің негізгі заңы болып табылады.Конституция –мемлкеттің негізгі заңы болып табылады.Ол нормативтік актілер жүйесінде басты орын алады,барлық заңдардың заңдық тұғыры болып табылады. Яғни – барлық басқа заңдарға қатысты жоғары заңи күшке ие заң немесе заңдар тобы болып есептеледі.Конституция ең жоғарғы заң күші; Конституцияның тікелей қолданылуы, Конституция барлық заңдар мен заң актілерінің қайнар көзі; Конституцияның ерекше тәртіппен қабылдануы мен өзгертілуі; Конституцияның қоғамдағы әртүрлі саяси күштер мен таптар, топтар үшін компромистік құжат екендігін айтуға болады.Конституцияның ең жогары зандық күші болады және Қазақстан Республикасының барлық аумағына тікелей ықпал етеді. Бұл құқықтың басқа барлық кайнар көздері Конституция негізінде жасалатындығын және оған кайшы келмеуі қажет дегенді білдіреді. Конституцияның нормалары кез келген басқа актіні кабылдауынсыз қолданылады. Кез келген азамат өзінің құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін Конституцияны, оның нормаларын мемлекеттік органдар мен сотқа шағымдану арқылы колдана алады. Конституцияның нормалары мемлекет пен қоғам өмірінің барлық: саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени аяларына ықпал етеді. Олар қоғамдық қатынастардың басты жақтарын реттейді. Конституция тек конституциялық құқықтың ғана қайнар көзі емес, сонымен қатар басқа құқық салаларының да кайнар көзі болып табылады. Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізудің ерекше тәртібі бекітілген

77. Қоғамның құқықтық жүйесі: түсінігі мен құрылымы. Құқық жүйесі - қолданыстағы құқықтық нормалардың тұтастығы мен үйлестігі түрінде және олардың салашалар, салалар мен институттарға логикаға сәйкес орналасқандығынан көрінетін құқықтың ішкі құрылымы.Құқық жүйесі:

а) құқықтық нормалардан;б) құқық салаларынан;в) құқық салашаларынан г) құқықтық институттардан тұрады.Құқық жүйесі - құқықтың өзінің құрылысы, өзінің құқық салашаларына, салаларына және институттарға жіктелуінің реті. Құқықтың жүйелік құрылысы белгілі бір анықталынған иерархиялық (сатылық) байланыстары бар, өзара қисынды орналасқан көптеген элементтерден тұратын біртұтас құрылым. Құқықтық норма - мемлекеттің өзі бекітіп кепілдендірген, нормативтік актілер нормасында көрсетілген, коғамдық қатынастарды реттейтін жеке түрде жалпыға бірдей міндетті болатын мінез-құлық (жүріс-тұрыс) ережесі.Құқық институты — белгілі қоғамдық қатынастар топтамасын реттейтін заң нормаларының, тәртіпке салынған жиынтығы. Құқық институты — құқықтық нормалардың салыстырмалы түрде алғанда көп емес орнықты жиынтығы. Құқықтық институттар қоғамдық болмыстың жекелеген тұстарын, фрагменттерін (үзіктері мен үзінділер), жақтарын ретке келтіріп тәртіптеуге бағытталған. Институт — саланың құрамдас бөлігі, топтамасы, звеносы (үзбесі). Құқық саласының әрқайсысында көптеген институттар болады. Мысалы, қылмыстық құқықта тағайын, жаза беру, қылмыстық жауапкершіліктен босату институттары болады; отбасы құқығында - неке институты, бала асырап алу институты, некені бұзу институты болады; азаматтық құқықта – сатып алу – сату шарты институты, заңды тұлға институты, талаптың ескіруі институты және т.с.с.Барлық институттар бір-бірімен тығыз байланысты түрде бір саланың аясында немесе одан тысқары да қызметтерін атқара береді

78. Роман-Германдық құқықтық жүйе. көптеген мемлекеттердің құқықтық жүйелерін біріктіреді. Бұл мемлекеттерге Франция, ГФР, Италия, Испания, Швеция, Дания, Латын Америкасының барлық мемлекеттері, Таяу Шығыс елдері жатады. Бұл құқықтық жүйенің ықпалы Жапония, Индонезия т.б. мемлекеттердің құқықтық жүйелерінде өз көрінісін тапты.Роман-германдық құқықтық жүйе рим құқығын рецепциялаудың нәтижесі болып табылады, яғни мұнда құқықтың негізінде рим құқығының жетістіктері алынған. Роман-германдық құқық жүйесінің негізгі сипаттарына мыналарды жатқызуға болады.1. Роман-германдық жүйесі бар барлық елдерде жазбаша конституциялар бар, бұлардың нормаларында ең жоғары заң күші бар деп танылады.2. Әдеттегі заңдардың үш түрі бар: кодекстер, арнайы заңдар, ағымдағы заңдар, және нормалар мәтіндерінің жинағы.3. Құқық негіздерінің арасында заңға негізделген нормативтік актілердің (регламенттердің, әкімшілік бұйрық-жарлықтардың, министрлік декреттерінің және т.б.) рөлі едәуір.Роман-германдық құқықтық жүйеге кіретін елдердегі қызмет істейтін судья заңдық істі шешуде көбінесе тек істі бағалау процесін жүзеге асырады.

79. Ағылшын-американдық жүйе. Бұл құқықтық жүйе Англияға жөне Британия империясының бұрынғы отарларына тән. Англиядан басқа бұл құқықтық жүйе АҚШ, Канада, Австралия, Жаңа Зеландия, сондай-ақ Британия достастығына кіретін. 36 мемлекеттерге таралған.Заңтану әдебиеттерінде ағылшын-американдық құқықтық жүйе кейде негізгі құқықтық жүйесі деп аталады. Жалпы құқық (Coman Law) тарихи түрде Англияда қалыптасқан және оның бұлай деп – аталуы оның бүкіл Англия аумағында тарауымен байланысты болған (оның қалыптасу кезеңі Х-ХІІІ ғасырлар) және бұл құқықтық жүйе сот әдет-ғүрыптары түрінде заңдардың қатысуынсыз пайда болып азаматтық сот істерін жүргізуде ел королінің қол астындағы азат азаматтардың бәріне таралған болатын."Жалпы құқық" жүйесі өз негізінде соттар жасаған үлгі іс құқығы (құқықтық үлгі іс) болатын.

Ағылшын-американдық (саксондық) құқықтық жүйенің негізгі ерекшелік белгілері төмендегідей болып келеді:1. Сот құқық жасаушы (шығарушы) болады.2. Кодификацияланған заң болмайды. Мысалы, Англияда жазбаша Конституция жоқ.3. Сот шешімдері (прецеденттері, яғни үлгі істері) заңдармен қатарлас қолданылып құқықтың қайнар көздері болып табылатын. Ұқсас істерді қарағанда оларды шешім қабылдау үшін басқа соттар үлгі ретінде қолданатын болған.4. Сот билігі қандай да болмасын басқа биліктерден автономиялы (дербес) болады, прокуратура, әкімшілік, әділет (мекеме, қызмет) болмайды.

80. Дәстүрлі –діни құқықтық жүйе. Осының алдында сипатталған жүйелерге қарағанда Азия мен Африканың көптеген елдері құқықтық жүйелерінің тұтастығы аталған жүйелерге тән дәрежесі болмайды.

Бұл мемлекеттердің құқықтық жүйелерінің ерекшеліктері – құқықты олардың басқаша түсінетіндіктеріне байланысты, мұнда қоғамдық қатынастар құқықтық жолмен емес басқаша – діни-дәстүрлік тәсілмен реттелуі тиіс деген сенім, пікір Қиыр Шығыс, Африка, Мадагаскар елдеріне таралған.Осылардың арасынан қазіргі күнге ен кең таралғаны мұсылман құқығы болады.Мұсылман құқығы – бұл діни нысанда баяндалған және мұсылман діні исламға негізделген нормалар жүйесі. Ислам діні бойынша барлық әдет-ғұрып Алланың әмірімен жаратылған. Оны құран аяттары, сүрелері түрінде өзінің пайғамбары Мұхаммед арқылы тарихтың белгіленген мерзімінде, адамдарға мағынасын ашып тарат деп Алланың өзі берген көрінеді. Мұсылман құқығы адам болмысының әлеуметтік салаларының барлық аяларын түгел қамтиды. Алланың адамға берген құқықтары оған біржолата мүлдем берілген. Дегенмен құдайдың жіберген жаңалықтары (құқықтары) түсіндірулер беру мен талқылауларды қажет етеді.

Мұсылман құқығының негізгі төрт қайнар көзі бар:а) құран — исламның (мұсылман дінінің) қасиетті кітабы;б) сунна немесе Алланың пайғамбары, Мұхаммедтің өмірі мен істеріне байланысты дәстүрлер;в) Иджма немесе мұсылман коғамының бірыңғай келісімі;г) Кийас немесе ұқсастығы бойынша пікір түю (пайымдап ой жүгірту).Мұсылман құқығының негізгі белгілері:

1) бірнеше құқықтық институттардың жалпы догмаға айналуы;2) нормалардың казуистикалығы (жалпы догмаға айналуы);3) нормаларда жүйеліліктің болмауы;4) әдет-ғұрыптардың мұсылман құқығында орын алмауы (оған кірмеуі).Тұтастай алғанда мұсылман құқығы адамдардың дінге және наным-сеніміне негізделген құқық.Ислам (мұсылман діні) әлемдік үш діннің ішіндегі ең жасы, дегенмен сонда да болса ең кең таралғаны. Бұл діннің құрамында теология да бар, ол догмаларды (соқыр сенім қағидаларын) орнықтырады және не нәрсеге сенуі керек екендігін анықтайды. Исламның құрамында сондай-ақ шариғат та бар. Шариғат дегеніміз мұнда дінді ұстанушыларға берілген нұсқау, ұйғарым, онда қандай істерді істеуге болатындығы, қандай істерді істеуге болмайтындығы көрсетілген. Шариғат дегеніміз адамның "жүретін жолы", ал мұның өзі дұрысын айтқанда мұсылман құқығы.Шариғат адамдарға жүктелген міндеттер идеясына негізделген. Міндеттерді орындамаудың салдары оны орындамай бұзғанның күнәсі болады. Сондықтан да мұсылман құқығы осы норманың өзі белгілеген санкцияларға көңілді молынан бөледі.Мемлекет дегеніміз діннің қызметшісі. Осындай қызметші мемлекеттердегі бар Конституциялар, заңдар мен басқалай да актілер исламның (мұсылман дінінің) талаптарына сай болуы тиіс.Индуизм діні құқығы — діни-дәстүрлік жүйенің екіншісі және ол әлемдегі жүйелердің ең ежелгісіне жатады. Бұған Үндістан, Пәкістан, Бирма, Сингапур, Малайзия елдері жатады, Африканың Шығыс жағалауындағы Танзания, Уганда, Кения және тағы басқа да елдер жатады. Исламшыларды белгілі бір діни догмаларды қабылдауды міндеттейді.Индуизм діні құқығына тән белгілер:1. Адамдар өздерінің туған сәтінен бастап әлеуметтік касталарға бөлінген және әрбір кастаның өзіне тән құқықтар мен міндеттері және тіпті өнегелілік те жүйесі бар.2. Жүріс-тұрыстарды (мінез-құлықтарды) реттеуші ретінде әдет-ғұрыптарды пайдалана беруге ризашылық (рұқсат) беріледі. Ал әдет-ғұрыптар тым көп, және түрлі-түрлі болып келеді.3. Қауымдар құқығымен қатар заңдар, сот прецеденттері де бар.Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесіҚазақстан Республикасының құқықтық жүйесі өзінің даму кезеңін бастан өткізуде.Қазақстан өз тәуелсіздігін алғаннан соң әртүрлі факторларды ескере отырып өзінің құқықтық жүйесін қалыптастыру ісіне белсенді түрде кірісті.Толығымен алғанда Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесі роман-германдық құқықтық жүйеге бәрінен де жақын. Мұндағы құқықтық жүйеде құқықтың негізгі қайнар көздері нормативтік құқықтық актілер болып табылады. Мысалы, Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-ші бабына сәйкес Қазақстан Республикасында Конституция нормалары күші бар құқық болып табылады, және де Конституция нормаларына сай заңдардағы, басқа да нормативтік құқықтық актілердегі, Республиканың халықаралық шарттарындағы және басқа да міндеттемелеріндегі нормалар, Конституциялық Кеңестің және

81.ҚР Конституциясы бойынша адам және азамат құқықтары мен бостандықтары. Конституция жеке адам, коғам және мемлекет үшін өмірлік маңызы жөне ең жоғары әлеуметтік мәні бар құқықтар мен бостандықтарды баянды етеді.Олар әрбір еркін жеке тұлғаның ар-намысын қамтамасыз етудің алғышарты болып табылады. Ал бұлар болса азаматқа, қоғам мүшесі ретінде сол коғамды басқаруға, жаңғыртуға қатысу үшін қажет. Сонымен бұлар адамның материалдық және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін экономикалық және әлеуметтік жағдайлар туғызады.Мемлекет, қоғам үшін Конституцияда бекітілген құқықтардың маңызы сонда – олар мемлекеттің демократиялық, құқықтық мәнін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.Конституциялық құқықтар мен бостандықтардың өздеріне тән құқықтық қасиеттері бар.1. Конституциялық құқықтар мен бостандықтар жеке тұлғаның құқықтық мәртебесінің, жағдайының ұйтқысы болып саналады және де құқық салаларында баянды етілген құқықтардың негізін құрайды. Мысалы, отбасы құқығындағы көрсетілген құқықтар Конституциядағы отбасына арналған құқықтардан келіп шығады.2. Конституциялық құқықтар мен бостандықтар әрбір жеке адамға және азаматқа беріледі. Ал басқа, негізгі емес құқықтар мен бостандықтар адамның өмірдегі түрлі жағдайына, мәртебесіне байланысты — жұмысшы, қызметші, мүлік иесі, сатушы, сатып алушы, талапкер, жауапкер, т.с.с.3. Негізгі құқықтар, бостандықтар және міндеттерге тән қасиет — олардың жалпылығы. Олар барлық адамдарға, азаматтарға түгелінен беріледі.4. Қазақстан Республикасы азаматтарының негізгі құқықтары мен бостандықтары басқа құқықтар және міндеттерден өзінің шығу негізімен айрықшаланады. Оның бірден-бір негізі — Қазақстан Республикасының азаматтығына жату. Демек, негізгі құқықтар мен міндеттер тұлға мен мемлекеттің саяси және құқықтық байланыстарын, оның азаматтық мәртебесін білдіреді.5. Қазақстан Республикасы азаматтарының негізгі құқықтары мен бостандықтары олардың еркімен қабылданбайды және жоғалмайды. Бұл аталған құқықтар мен бостандықтар азаматтығына байланысты болғандықтан олар азаматтықтан шыққанда ғана сонымен бірге жойылады.Адам мен азаматтың негізгі құқықтары, бостандықтары және міндеттері бірнеше топқа бөлінеді:а) өзіндік құқықтар. Бұл әр адамға туғаннан бастап тән, одан ешкім айыра алмайтын, табиғи құқықтар. Әркімнің өмір сүруге құқығы бар, бұл адамның табиғи құқығы, оны қамтамасыз ету үшін сан алуан әрекеттер жасауға міндетті. Адамның қадір-қасиетіне қол сұғуға болмайды. Ешкімді азаптауға, оған зорлық-зомбылық жасауға, басқадай қатыгездік немесе адамдық қадір-қасиетін қорлайтындай жәбір-жапа көрсетуге немесе жазалауға тыйым салынады, Мемлекет органдары, лауазым иелері өздеріне өтініш айтқан адамдарға құрметпен қарап, заңға сәйкес көмектесулері керек. Өзіндік құқықтарға тұрғын үйге қол сұғылмаушылық та жатады. Соттың шешімінсіз тұрғын үйден айыруға жол берілмейді. Азаматтардың өзіндік құқықтарына басқалай да жеке басының игілігіне қажет құқықтар жатады;ә) саяси құқықтар — тек Қазақстан мемлекетінің азаматтығы бар адамдарға ғана беріледі. Оларға жататындар: тікелей және өз өкілдері арқылы мемлекет ісін басқаруға қатысуға, мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарына тікелей өзі жүгінуге, өтініштер жолдауға құқылы; жоғары және жергілікті мемлекет органдарын сайлауға және оларға сайлануға, республикалық референдумға қатысуға құқылы; мемлекеттік кызметке кіруге құқылы; бейбіт әрі қарусыз жиналыстар өткізуге құқылы;б) әлеуметтік-экономикалық құқықтар: еңбек бостандығына құқықтылық; ереуіл жасау құқығы; тынығу құқығы; кәсіпкерлік еркіндігі; отбасын құру құқығы; әлеуметтік қамсыздандырылу құқығы; денсаулықты сақтау құқығы; білім алу құқығы. в) азаматтардың негізгі міндеттері: Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтау; басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен ар-намысын құрметтеу; Республиканың мемлекеттік рәміздерін құрметтеу; заңда белгіленген салықтарды, алымдарды, өзге де міндетті төлемдерді төлеу; Қазақстан Республикасын қорғау, әскери қызмет атқару; табиғат байлықтарына ұқыпты қарау, т.с.с.

82. ҚР азаматтарының конституциялық міндеттері. Міндеттер мен құқықтардың өзара байланысы. Адам мен азаматтың негізгі құқықтары, бостандықтары және міндеттері бірнеше топқа бөлінеді:а) өзіндік құқықтар. Бұл әр адамға туғаннан бастап тән, одан ешкім айыра алмайтын, табиғи құқықтар. Әркімнің өмір сүруге құқығы бар, бұл адамның табиғи құқығы, оны қамтамасыз ету үшін сан алуан әрекеттер жасауға міндетті. Адамның қадір-қасиетіне қол сұғуға болмайды. Ешкімді азаптауға, оған зорлық-зомбылық жасауға, басқадай қатыгездік немесе адамдық қадір-қасиетін қорлайтындай жәбір-жапа көрсетуге немесе жазалауға тыйым салынады, Мемлекет органдары, лауазым иелері өздеріне өтініш айтқан адамдарға құрметпен қарап, заңға сәйкес көмектесулері керек. Өзіндік құқықтарға тұрғын үйге қол сұғылмаушылық та жатады. Соттың шешімінсіз тұрғын үйден айыруға жол берілмейді. Азаматтардың өзіндік құқықтарына басқалай да жеке басының игілігіне қажет құқықтар жатады;ә) саяси құқықтар — тек Қазақстан мемлекетінің азаматтығы бар адамдарға ғана беріледі. Оларға жататындар: тікелей және өз өкілдері арқылы мемлекет ісін басқаруға қатысуға, мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарына тікелей өзі жүгінуге, өтініштер жолдауға құқылы; жоғары және жергілікті мемлекет органдарын сайлауға және оларға сайлануға, республикалық референдумға қатысуға құқылы; мемлекеттік кызметке кіруге құқылы; бейбіт әрі қарусыз жиналыстар өткізуге құқылы;б) әлеуметтік-экономикалық құқықтар: еңбек бостандығына құқықтылық; ереуіл жасау құқығы; тынығу құқығы; кәсіпкерлік еркіндігі; отбасын құру құқығы; әлеуметтік қамсыздандырылу құқығы; денсаулықты сақтау құқығы; білім алу құқығы.

в) азаматтардың негізгі міндеттері: Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтау; басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен ар-намысын құрметтеу; Республиканың мемлекеттік рәміздерін құрметтеу; заңда белгіленген салықтарды, алымдарды, өзге де міндетті төлемдерді төлеу; Қазақстан Республикасын қорғау, әскери қызмет атқару; табиғат байлықтарына ұқыпты қарау, т.с.с. Конституциялық құқықтар мен бостандықтардың өздеріне тән құқықтық қасиеттері бар.1. Конституциялық құқықтар мен бостандықтар жеке тұлғаның құқықтық мәртебесінің, жағдайының ұйтқысы болып саналады және де құқық салаларында баянды етілген құқықтардың негізін құрайды. Мысалы, отбасы құқығындағы көрсетілген құқықтар Конституциядағы отбасына арналған құқықтардан келіп шығады.2. Конституциялық құқықтар мен бостандықтар әрбір жеке адамға және азаматқа беріледі. Ал басқа, негізгі емес құқықтар мен бостандықтар адамның өмірдегі түрлі жағдайына, мәртебесіне байланысты — жұмысшы, қызметші, мүлік иесі, сатушы, сатып алушы, талапкер, жауапкер, т.с.с.3. Негізгі құқықтар, бостандықтар және міндеттерге тән қасиет — олардың жалпылығы. Олар барлық адамдарға, азаматтарға түгелінен беріледі.4. Қазақстан Республикасы азаматтарының негізгі құқықтары мен бостандықтары басқа құқықтар және міндеттерден өзінің шығу негізімен айрықшаланады. Оның бірден-бір негізі — Қазақстан Республикасының азаматтығына жату. Демек, негізгі құқықтар мен міндеттер тұлға мен мемлекеттің саяси және құқықтық байланыстарын, оның азаматтық мәртебесін білдіреді.5. Қазақстан Республикасы азаматтарының негізгі құқықтары мен бостандықтары олардың еркімен қабылданбайды және жоғалмайды. Бұл аталған құқықтар мен бостандықтар азаматтығына байланысты болғандықтан олар азаматтықтан шыққанда ғана сонымен бірге жойылады.

83. Мемлекет, саясат, құқық және экономика. Олардың өзара байланыстары мен әрекеттесулері. Экономика дегеніміз қоғамдық қатынастардың жиынтығы, нақты қоғамның өндіріс тәсілі.Саясат дегеніміз қоғамды басқару өнері. Мұның өзі билік жайында, таптар мен партиялар, ұлттар мен мемлекет араларында болатын қатынастарды (бір жағынан) және халықпен болатын қатынастарды (екінші жағынан) сипаттайды.Құқық дегеніміз мемлекеттің өзі белгілеген, әрі қамтамасыз ететін және де қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған, қоғамдық, таптық ерік-ықтиярды (қоғамның таптық нақты мүдделерін) білдіретін жалпыға бірдей міндетті, формалды түрде анықталған құқық нормаларының жүйесі.Мемлекет дегеніміз бұқара көпшіліктің саяси билігі немесе биліктің саяси ұйымы. Осы ұйым арқылы қоғамның өмір болмысы ұйымдастырылады, қоғамды басқару (яғни саясат) жүзеге асырылады, жалпыға бірдей міндетті құқықтық нормалар шығарылады. Мемлекет өзінің билігін тәсілдер мен амалдар арқылы жүргізеді. Экономика аясын мемлекеттің бақылауы тікелей және жанама түрде жүргізіледі.Тікелей мемлекеттік бақылауға жататындар:

- қаржылық бақылау - экологиялық бақылау;- санитарлық бақылау;

- өрт болғызбауды бақылау;- салмақ өлшемі мен ақша бірлігін бақылау;

- өнім сапасын бақылау.Осы және басқалай да бақылау шаралары құқықтық және ұйымдық түрде жүргізіледі. Мұның өзі құқық шығармашылығы ісінде және құқықты жүзеге асырудың барысында атқарылады.Нарықтық экономикада сұраным мен ұсынымды және бағаны алдын-ала әрдайым және бәрін де болжалдауға құқықтық ықпал жасаудың тиімділігі жөнінде сөз ету тіпті де артық. Мұндағы көптеген процесстерді реттеу құқықтың билігінде емес.Сондықтан да нарықтық қатынастарды реттеудің негізгі бағыттарын құқық анықтауы тиіс, оны дәлдеп айтар болсақ:

1. Нарық дамуының мақсаты бағдарламаларды белгілеп алу және анықтау болып табылады. Заңдарда оның тек қана жалпы бағдарларын нұсқап көрсетуі тиіс. Ал азаматтар үшін "заң арқылы тыйым салынбағанның бәріне рұқсат етілген" деген қағидаттың күші басшылыққа алынуы жөн. Ал тыйымдарды белгілеуде және оларды қоғамда орнықтыруда өздерінің табиғатында ізгілікке қайшы келетін, табиғилыққа қарсы болатын жәйттерді ғана тыйымдаудың аса қажет екендігін бірінші орынға қою қажет.2. Заңдар меншіктің барлық түрлерін баянды етуі және кепілдендіруі һәм қорғауы тиіс.

84.Құқық және тұлға. Тұлғаның құқықтық мәртебесі. Адам және азамат құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуде мемлекеттің атқаратын рөлі.Адам және адамзат құқықтарын қарастырар алдында, "тұлға", "азамат", категорияларының өзара қатыстылықтарын белгілеп алу өте маңызды. "Адам" ұғымы оны биологиялық жағынан қарастырып жануарлар әлемінің белгілі бір физиологиялық қасиеттері бар өкілі ретінде сипаттап барып таниды."Тұлға" ұғымы адамды қоғамдағы өзінің орны мен рөлін, оның алдында қаншалықты өзінің жауапты екендігін жете түсінген саналы да дербес адам ретінде бағалап әлеуметтік жағынан сипаттап барып таниды (әр түрлі объективтік-субъективтік себептерге байланысты адамның тұлғалық қасиеттерге (сапаларға) ие бола алмайтын жағдайлары да болуы мүмкін, мысалы, сот адамды психикалық кеселге ұшырауы себепті әрекет қабілеттілігі жоқ деп танығанда солай болады).

"Азамат" ұғымы адамды нақты мемлекетпен орнықты түрде құқықтық байланыс орнатқан дербес "тұлға" ретіңде заңдық жағынан сипаттап барып бағалайды һәм таниды.Адам құқығы - адам мүдделерін қанағаттандыруға бағытталған, өзі заң арқылы қорғалатын болуы мүмкін жүріс-тұрыстың (мінез-құлықтың) өлшем (шамасы). Мұның өзі адамның жаратылыстық табиғатынан туындайтын, қарапайым да ең маңызды игіліктерді, тұлғаның осы қоғамда еркін де қауіпсіз тіршілік ету жағдайында, оп-оңай жүзеге асырып пайдалануының мүмкін екендігін білдіретін әмбебап категория болып табылады. Қазіргі кезеңде адам құқығы жалпы әлеуметтік ұғым ретінде түсініледі. Мұның өзі тұлға бостандығы саласындағы ұлттық мүдделерден де жоғары тұрған жалпы адамзаттық талаптар мен стандарттарды бейнелейді, әрі оларды қамтиды.Адам құқықтарына мынандай белгілер тән болады:1) бұл құқықтар адамның табиғи және әлеуметтік мәнінің қоғам болмысы жағдайларында үнемі өзгеріп отыратындығын ескеру арқылы туындап өрі қарай дамып отырады;2) объективті түрде қалыптасып барып пайда болады және мемлекеттің тануына байланысты болмайды (яғни мемлекет тарабының тануына тәуелді емес);3) жеке адамға тумысынан тән болады;4) ажырамайтын, тартып алынбайтын сипатта болады, табиғи ретінде (ауа, су және т.б. сияқтылар ретінде) танылады;5) тікелей күші бар болып келеді;6) ең жоғары әлеуметтік құндылық деп танылады;7) құқықтың қажетті бөлігі ретінде, оның белгілі бір мәнін білдіретін (яғни бейнелейтін) нысаны түрінде көрінеді;8) жеке адамға өз білігінше әрекет етуге немесе белгілі бір игіліктерді алып пайдалануға мүмкіндік жасайды және оны қамтамасыз етеді сөйтіп барып адамдар мен мемлекет арасында болатын өзара қатынастарды реттейтін қағидаттар мен нормалар болып қалыптасады;9) Бұларды тану, бұлжытпай орындау, сақтау және қорғау – мемлекеттің міндеті болып табылады.Адамның өмір сүруі және оның лайықты тұрмыс жағдайларында тіршілік ету құқығын жүзеге асыру үшін оның дүниеге келуінің өзі-ақ жеткілікті болады. Ал басқа құқықтарын іске асыру үшін ол адамда азамат пен тұлғаға тән қасиеттерінің болуы қажет-ақ.Сонымен, азаматтық құқық - заң жөне мемлекет тарабынан қорғалатын, әрі заң тұрғысынан алғанда осы азаматтың жүріс-тұрысының шама мөлшері. Енді осы құқық кім көрінгеннің мүддесін қанағаттандыруға емес, тек нақты мемлекетпен тиянақты байланыс орнатқан азаматтың ғана мүдделерін қанағаттандыруға бағытталған болады.

Азамат құқықтары адам құқықтарына қарағанда әрдайым заңдық категориялар түрінде көрінеді, бұл олардың айырмашылығы болып табылады. Олардың (азамат құқықтарын) мемлекет танымайынша олар заң жүзінде баянды етілмейінше, адамның нақты жақпен байланысы орнамайынша тәуелсіз түрде бар болуы, іске қосылуы мүмкін емес яғни қолданылуы да мүмкін емес.Тұлға бостандығы - азамат құқығы, мұның өзі қандай да бір кедергінің немесе бір нәрседен қысылудың жоқ екендігін ғана білдіреді. Құқық пен тұлғаның сан-алуан байланыстары ең толық түрде құқықтық мәртебе ұғымы арқылы ғана сипатталуы мүмкін. Осы сипаттауларда жеке адамның заңдық болмысының негізгі жақтары қамтылып көрсетіледі. Осының барысында олардың мүдделері мен мұқтаждықтары, мемлекетпен болатын өзара қатынастары, еңбек және қоғамдық-саяси қызметтік әрекеттесулері айқындалады. Адамның құқықтары мен бостандықтары табиғи және оған тумысынан берілген. Ажырамайтын, ең жоғары құндылық деп танылады. Адамның құқықтарын сақтау және қорғау - мемлекеттің міндеті.

Әркімнің өмір сүруге, денсаулығының болуына, жеке басының қауіпсіздігіне және дербестігіне, ар-намысы және қадір-қасиеті мен ізгі атағының қорғалуына, ой және сөз бостандығына, өзінің пікірі мен сенім-нанымдарын білдіруге, тұрғын мекен-жай таңдауға, меншік алуға, сатып алуға, оған ие болуға, оны пайдалану мен оған иелік етуге, кәсіпкерлік іспен айналысуға, өз елінен басқа елге баруына, одан қайтып келуіне құқылы.

Азаматтардың митингілер, көшеде шерулер мен демонстрациялар өткізу құқығы; мемлекеттік органдарға сайлауға және сайлануға, ақпараттар алуға және оларды таратуға, дербес және ұжымдасып үндеулер (петициялар) беруге, өз еркі бойынша ұлтын анықтау құқықтары бар, және олар заң арқылы баянды етілген. Әлеуметтік және мәдениет салаларында да азаматтарға тиісті құқықтар қаралған (еңбек ету, демалысқа шығу, тынығу, білім алу, әлеуметтік қамсыздандыру, зияткерлік шығармашылықпен айналысу және т.б.). Адам құқықтары мен бостандықтары көпшілік мақұлдаған жіктеуге сәйкес әлеуметтік-экономикалық, азаматтық, мәдени және дербестік деп бөлінеді. Жіктеп бөлудің мұндай түрі әлемнің заңдық іс-тәжірибелерінде, сондай-ақ ұлттық құқықтық жүйелерде де қабылданған.

Адам құқықтары мен азамат құқықтарының араларындағы айырмашылықтарға келер болсақ, бүл айырмашылықтардың болуының өз негізі бар.

Біріншіден - адамның құқықтары қайсы бір мемлекеттің таныған-танымағанынан және заңдарда баянды етілген-етілмегеніне қарамастан-ақ сол құқықты иеленушісінен (сақтаушысынан) тысқары қандай да болмасын мемлекетпен байланыссыз-ақ бар бола береді. Ал азаматтың құқығы осы адамның өзі тиісті болып отырған мемлекеттің қорғауында болады.

Екіншіден - жер жүзінде көптеген адамдар азамат мәртебесін тіпті алмағандар (азаматтығы жоқ адамдар), демек олар формалды түрде азамат құқықтарын алмағандар, сондықтан азамат құқықтары оларда жоқ.

Заң ғылымында азаматтардың барлық құқықтары субъективтік құқықтар деп аталады, яғни дербес, ол адамдардың барлығына ғана емес, әркімге де тиісті құқық. Бұл құқық олардың иелерінің (сақтаушыларының) алдынан қаншама түрлі қызметтер атқаруына кең жол, яғни мол мүмкіндіктер ашады. Өздерінің қажеттіліктері мен мүдделерін қанағаттандыруға, қандай да бір әлеуметтік игіліктерді пайдалануына, өздерінің заңда көрсетілген талаптарын басқа адамдардың ұйымдардың орындауына деген кең мүмкіндіктер береді.

Субъективтік құқық (яғни жеке адамның өзіне ғана тән дербес құқығы) - бұл мемлекеттің өзі кепілдендірген тұлға яғни жеке адам жүріс-тұрысының (мінез-құлқының) болу мүмкіндігінің (немесе берілген рұқсатының) өлшемі, мөлшері.Сонымен субъективті — талаптанушы сипатта болатындарға тиесілі азаматтық, мүліктік, әлеуметтік-экономикалық құқықтар ғана емес, сонымен бірге осындай субъективті-талаптанушылық сипатта - саяси және дербес бостандықтарға жататын: сөз, баспасөз, жиналыстар өткізу, митингілерге шығу, көшелерде шеру, демонстрациялар өткізу, пікір, сенім, ар-ождан бостандықтары және басқалай да бостандықтар болады. Субъективтік құқық қашан да болсын мемлекет тарабынан кепілдіктің болуын ғана болжап қоймайды, сонымен бірге басқа адамдардың тиісті міндеттерін де болжалдайды. Егер де осы міндеттер болмаса, онда біздің көз алдымызда субъективтік құқық емес, жай ғана рұқсат болған болар еді. Ал енді осы рұқсаттылыққа әйтеуір бір кедергі болып тұрған бірдеңеге тыйым салынғанда ғана мүмкін болар еді.

85.Мемлекет, құқық және адамзаттың әлемдік проблемалары (экология, халық санының өсуі, халықаралық қауіпсіздік және халықаралық терроризммен күрес және т.б.). XXI ғасырға аяқ басқан осы заманғы әлемнің ерекшелігі оның бүкіл жалпылық ғылыми-техникалық төңкеріс пен ғылыми-техникалық прогрестің аясында болып отырғаны.

Сондықтан да қазіргі таңда қашама түрлі мәселелер мен проблемалар әлемдік сипат алуда, олар әрі күн санап туындау үстінде туындауда.Ғаламдық саналған проблемалар бүкіл жер шарының халқын қамтып отыр. Сөйтіп олар бүкіл жалпылық, яғни әркімге және өрбір мемлекетке қатысты жағдайға жетті. Сондықтан да жекелей алынған бір мемлекеттің күшімен олардың шешілуі мүмкін емес. Оларға тән белгілер мынандай:- біріншіден, бұл проблемалар бүкіл адамзат мүдделерін қозғайды, перспективасы мен келешегіне көз салсақ, онда адам қоғамының да жалпы ғаламшарлық сипаты бар;- екіншіден, бұл проблемалардың өздері коғам дамуының объективтік сипаттамасы ретінде көрінеді (білімнің барлық немесе көпшілік салаларында);- үшіншіден, бұл проблемалардың шешілмеуі, адамзаттың келешегіне (болашағына) қауіп төндіреді, қоғамның әрі қарайғы дамуына кедергі болады;- төртіншіден, бұл проблемалар әлем қауымдастығының, немесе мемлекеттердің көпшілігінің күш біріктіруі негізінде ғана шешілуі мүмкін;- бесіншіден, бұл проблемалардың шешілу жолы халықаралық құқықтың басымдылығын болжалдайды. Яғни барлық мемлекеттердің халықаралық құқықтық институционалдық механизмдері рөлін көтеруге, заңдық сипаттағы халықаралық дауларды шешуде халықаралық соттардың ең соңғы инстанция ретіндегі мәнін, саяси, аумақтық және ұлттық, т.б. дауларды реттеуді ара ағайындық және әріптестік негізде халықаралық келіссөздер жүргізудің маңыздылығын барлық субъектілердің жете түсінуі қажет.Ғаламдық проблемаларға мыналар жатады:- халықаралық ынтымақтастық және бейбітшілікті нығайту;- адам құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету;- ұлттық және халықаралық қауіпсіздік;- экология;- ғылыми-техникалық төңкеріс (революция) және олардың нәтижелерін мешеулікті жеңуге пайдалану;- лаңкестік (терроризм) пен есірткі бизнесі, қылмыстар мен басқа да қоғамға қарсы құбылыстарға күресте халықаралық ынтымақтастықты күшейту;- адамдар аурулары, аштық-жалаңаштық, қайыршылық пен кедейшілік және басқалай да әлеуметтік болмыстағы жат құбылыстармен күресу проблемалары.Аталған проблемалар топтамасы өзара тығыз байланысты, сондықтан олардың шешімінің табылуы да өзара байланысты жөне де ол кешенді түрде болуы тиіс. Олардың мазмұнын мынадай түрде нақтылауға болады:1. Әлемдік ядролық апатты болдырмау, қару-жарақты жаппай шығаруды, атом құруын сынауды тоқтату;

2. Экономикалық, саяси, экологиялық, рухани және мәдени және де басқа салаларда халықаралық ынтымақтастық пен әріптестікті қамтамасыз ету;

3. Дамыған және даму кезеңін бастан кешіріп отырған мемлекеттер араларындағы экономикалық алшақтықты жою;4. Энергия-шикізат, азық-түлік, өндірудегі демографиялық дағдарыстарды жою немесе азайту, экология талаптарын бұзбау, сақтау, ғарыш кеңістігін бірлесіп игеру және т.б. Басқаша айтқанда адамдардың тіршілік етуіне, қалыпты өмір сүруіне және қолайсыз табиғи ортада тірі қалуына жағдайлар жасау (мұның өзі адаммен оның тіршілік ету ортасына қатысты өзара қатынастар болып табылады);5. Денсаулық сақтау жөне білім беруде, тұлғаның әлеуметтік және рухани дамуына ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерін пайдалану және т.б.;6. Лаңкестік, есірткі бизнесі, ұшақтарды жару, қылмыскерлердің шет елдерге қашып әділ соттан бой тасалауға жасаған талпыныстары, ұрлықы дүниелерді өткізу немесе шекарадан тысқары аумақтарда қылмыстық жолмен алынған табыстарды "жуып-шаю", яғни "тазарту", есірткілерді заңсыз айналымға салу, мәдени құндылықтарды "тазарту" және қару-жарақ саудасын заңсыз жолмен жүргізу және тағы басқалай да қылмыстармен күресуде халықаралық ынтымақтастықтар жасауға дейін бару;7. Адамдардың аса қатерлі аурулары болып табылатын СПИД, туберкулез, қатерлі ісік, сонымен бірге аш-жалаңаштық пен күресуде халықаралық ынтымақтастыққа сүйену. Қазақстан Республикасы үшін бүгінгі таңда ерекше алаңдаушылық тудырып отырған ел ішінде СПИД пен туберкулез ауруымен ауырғандар санының көбеюі болып отыр. Ғаламдық проблемалардың бірсыпырасын қарастырайық: Халықтың қоныс тебуі, яғни жерге орналасу проблемасы осы заманғы ғаламдық проблемалардың бірі. Бірінші кезекке шыққан осы проблема ең алдымен бейбітшілік, адамзаттың тіршілік етуін қамтамасыз ету, мешеулікті жою проблемаларымен тығыз байланысып, астасып жатыр.Тікелей ме әлде жанама түрде ме бұл проблема мемлекеттік қызметтің төрт саласының әрқайсысының мазмұнына кіреді. Бұл төрт сала адамның, қоғамның тіршілік етуінің экономикалық, саяси, әлеуметтік және рухани-діни жақтарын қамтиды. Бәрінен бұрын аталған халықтың қоныс тебу проблемасы осы төрт саланың ішіндегі әлеуметтік саламен тығыз байланысты. Халықтың қоныс теуіп жерге орналасуы "Демография" деген ғылымның зерттейтін пәні болып табылады. Демография халықтың санын, құрамын және қоныс аударып қозғалып отыруларының әлеуметтік-экономикалық, дін-мәдени және басқалай да факторларының байланыстылығын зерттейді. Біріккен Ұлттар Ұйымына (БҰҰ) мүше елдер үшін халықтардың көшіп-қону мәселесіне орай ұйымдастырылған халықаралық конференцияда қабылдаған шешімде БҰҰ-ы ХХ-шы ғасырдың 60-шы жылдарының соңын ала халықтардың көшіп-қону саласына көмек көрсету мақсатындағы барлық шараларды үйлестіріп отыру міндетін өзіне алған болатын. Осыған байланысты БҰҰ-ның арнайы қоры - ЮНФМА 1969 жылы құрылды. Осы бағытта ЮНЕСКО-да іс-қимылдар жасауда. Сөйтіп бұл ұйымда демографиялық проблемаларды, оның ішінде халықтарды оқу-ағарту ісіне тартып білім беру арқылы шешу жөнінде көмек беру ісімен шұғылдануда.РҒА (Ресей Ғылым Академиясының) әлеуметтік-экономикалық институты демографиялық орталығының мағлұматтары бойынша әзірге жер-анамызда халықтар саны өсу үстінде көрінеді. БҰҰ болжауы бойынша жақын болашақтағы 50 жыл ішінде халықтар саны жер бетінде 9,8 миллиардқа дейін өсетін көрінеді. Ал одан арғы жерде ондай өсу күрт төмендеп баяулайтын сыңайы бар. Сөйтіп үшінші мың жылдықтың соңына қарай жер ғаламшарының тұрғындарының саны 10-11 млрд-қа барады-мыс. Сөйтіп одан арғы жерде халықтар саны тұрақтанады деген болжам бар.

86. Құқық шығармашылық: түсінігі, қағидаттары, түрлері. Құқық шығармашылығы мемлекеттік қызметтің маңызды бағыттарының бірі. Заң ғылымында құқық шығармашылық екі аспекті тұрғысынан түсініледі. Құқық шығармашылығы мағынасы құзырлы органдардың құқықтық нормаларды тікелей жасау процесі Ал кең мағынада құқық шығармашылық дегеніміз процесс деп қаралады. Ол құқық шығармашылық түпкі ойдың туындаған сәтінен басталады да құқықтық норманың нақты жүзеге асырылуына шейін созылады (яғни оны даярлау, қабылдау, жариялау және т.с.с. дейін). Құқық шығармашылығын ұғынудағы тәсілдердің айырмашылығына қарамастан, бұл әрқашанда құқық өкілеттігі бар органдардың белгілі бір нормативтік актілерді даярлау, қайтадан өңдеп даярлау және баспадан шығару бойынша атқарған қызметтік әрекеттері болып табылады.Құқық шығармашылық қызметі негізгі екі бөліктен тұрады.Біріншісі— заңдық мәні бар әрекеттермен байланысты болмайтын құқық шығармашылықтың ұйымдық мәселелері кіреді (нормативтік актінің жобасын даярлау, оны талқылау және т.с.с). Осы қағидаттардың сипаттарын қарастырайық:1) демократизм - азаматтардың құқық шығармашылық ісіне қатысу деңгейін сипаттайды; қоғамдағы рәсімді нормалар мен институттардың даму деңгейін сипаттайды;2) жариялылық - құқық шығармашылық ісінің қалың жұртшылыққа ашықтығын білдіреді;

3) кәсіпкерлік - осындай қызметпен құзыретті адамдар - заңгерлер, басқару ісінің мамандары, экономистер (барлығы да білікті ғалымдар болуы қажет) және т.б. айналысады.4) заңдылық - осы құқық шығармашылық ісімен айналысу қызметі Конституция мен басқа да заңдар аясында атқарылуы тиіс;5) ғылымилық-нормативтік актілерді даярлау барысында әлеуметтік-экономикалық, саяси және басқалай да ахуалдарды зерттеу аса маңызды болады; қоғамның дамуындағы объективтік қажеттіліктерді жете зерттеудің құқық шығармашылық ісіне тигізер ықпалы зор болады.Осы параметрлерді анықтау үшін түрлі-түрлі әлеуметтік-құқықтық эксперименттер, социологиялық (әлеуметнамалық) сұраулар жүргізу, анкеталау және т.с.с. көрсетілген факторларды ескеріп барып қабылданған құқықтық ұйғарымдар дәлелді және тиімді болады,Құқық қолдану іс-тәжірибелерімен болатын байланыс – заң шығарушы орган құқық қолданушылармен байланыс орнатпаса өз еңбектерінің нәтижелерінен бейхабардар болады. Қабылданған құқықтық шешімдердің тиімділігі жөнінде қорытындыларды жасауда, өз жұмыстарындағы олқылықтар мен кемшіліктерді түзетуде тәжірибені пайдалану ісі ақсайды. Құқық қолдану іс-тәжірибесі заң шығарушының тарабынан жіберілген олқылықтар мен кемшіліктерді табуға мүмкіндік береді, құқық шығармашылық ісіндегі қажеттіліктерді көрсетеді.

87. Қазақстан Республикасындағы заң шығармашылық ісі: түсінігі, сатылары. Заң техникасы.Әрбір мемлекетте толып жатқан түрлі құқықтық нормалар мен құқықтық нормативтік актілер болады. Пайдалануға ыңғайлы болуы үшін оларды үнемі белгілі бір жүйеге келтіріп отыру қажет. Мұндай қызметті "заңдарды жүйелеу" яғни құқықтық нормативтік актілерді нақты іс-тәжірибелерде пайдалану мақсатында оларды "тәртіпке салу" деген ұғымын білдіреді. Заң ғылымында заңдарды жүйелеудің негізгі екі түрі бар: инкорпорация және кодификация.Инкорпорация - нормативтік материалдарды белгілі бір тәртіппен бірыңғай жинақтарға жиынтықтау және біріктіру. Мұндай жиынтықтаулар мен біріктірулер әдетте әліпбилік тәртіппен орналастыру, хронологиялық ретімен немесе субъектілері бойынша жасалады.Инкорпорациялық жиынтықтауда нормативтік материал әртүрлі жинақтарға толық немесе бірен-сарандап орналастырылады. Мұндайда жинаққа орналастырылған актілердің мазмұндары өзгертілмейді, сол шығарылған қалпында қалады, дегенмен, кейде олардың мәнінің мазмұндалу түрінің өзгертілуі де мүмкін болады.Инкорпорациялауда құқықтық акт мазмұны жағынан өзгертілмейді, оның өзгертулері сырттай болады: актінің бастапқы мәтініне ресми түрде енгізілген өзгерістер кіргізіледі, өздерінің күшін жойған баптар, уақытша ғана маңызды болған тармақтар, сондай-ақ ашық түрде қайшылықтары барлары және тағы соған ұқсастары алынып тасталынады.Инкорпорациялық өңдеуден өткен актілердің заңдық күші олардың қабылданған мерзімінен бастап сақталады. Субъектілері бойынша инкорпорация официоздық (жартылай ресми) инкорпорация және ресми емес инкорпорация деп жіктелінеді.Ресми инкорпорация – мұны инкорпорация жүргізуге (жасауға) өкілеттік алған мемлекеттік органдар атқарады. Сонда ресми инкорпорация дегеніміз құқықтық нормаларды (күші барларын) жариялау және қайтадан баспа арқылы шығарудың тәсілі. Сондықтан ресми инкорпорация - заң шығарудың ресми көзі, қайнары. Бұл инкорпорация — хронологиялық және пәндік түрінде болады.Хронологиялық ресми инкорпорация - нормативтік актілердің белгілі бір тәртібіне келтірілуін олардың ресми жариялануы барысында жасауды көздейді.Пәндік ресми инкорпорация - жүйелеудің күрделілеу түрі. Мұның нәтижесінде мемлекеттік билікті басқарудың ең жоғары органдары шығарған күші бар нормативтік актілерінің томдары, жинақтары жасалынады.Бұл томдар мен жинақтарға нормативтік құқықтық актілер пәндік қағидат бойынша, қатаң түрде тақырыптар бағыттарын сақтай отырып орналастырылады. Мысалы: мемлекеттік құрылысты реттейтін, әкімшілік жауапкершілік, халық шаруашылығы салаларындағы қатынастарды реттейтін нормативтік актілерді біріктіру.

Ресми емес инкорпорация - мұнда жүйелерді арнайы тапсырма алмай-ақ жекелеген ведомство, ғылыми және оқу орындары, жеке тұлғалар жасай береді. Сондықтан да ресми емес инкорпорациялық жинақтарды заңдар негіздері (қайнар көздері) ретінде бағалауға болмайды. Құқық шығармашылығы істерінде, құқық қолдануларда бұларды нормативтік актілер жариялаудың нысаны ретінде қарастырып сілтемелер жасауға болмайды.Кодификация - жүйелеудің ең күрделі және жетілдірілген түрі. Бұл күші бар заңдарды түбегейлі түрде ішкі-сыртқы мән-мағыналарын өңдеу барысында жаңартылған кодификациялық акті даярлау және қабылдау жөніндегі атқарылатын қызмет болып табылады.Осындай кодификациялаудың нәтижесінде күші бар құқықтық нормалар бірлестірілген тұтас актіге жинақталады, оны тиісті мемлекеттік органдар қабылдап алады. Кодификациялаудың барысында арнайы нысанды негіздер, кодекстер, жарғылар, қағидалар және т.б. шығарылады. Мысалы, Конституция - басты кодификациялық акт. Бұлардан басқа қазіргі кезде Қазақстан Республикасында Азаматтық, қылмыстық істерді жүргізу, азаматтық істерді жүргізу жөне т.б. кодекстер (жинақтар) істер атқаруда күші бар актілер ретінде танылғандар. Кодификацияланған актілерге елімізде қазіргі кезде қолданыстағы "Жол жүру ережелері", "Темір жол жарғысы" және т.б. жатады.Кодификациялық актілерде құқықтың белгілі бір салаларындағы әртекті қоғамдық қатынастарды тәртіптейтін түрлі құқықтық нормалар, институттар біріктірілген болып келеді. Бұл актілер өздерінің тұтастығы және орнықтылығымен ерекшеленеді. Ағымдағы барлық заңдар осы кодификациялық актіде тұтастыққа, орнықтылыққа қарай бағдарландырылған, әрі қатарластыра бағындырылған.Кодификацияның айырмашылықтарын көрсететін ерекшеліктері:1. Кодификацияны тек өкілетті мемлекеттік органдар ғана жүзеге асырады және ол ресми сипатта болады.2. Кодификациялаудың нәтижесінде бірнеше актілер әр түрлі нормаларға біріктіріледі, сөйтіп түрі, мазмұны бойынша жаңа құқықтық акт жасалады. Оның мәтіні түп нұсқадағыдай ресми. Құқық қолдану органдары соған сілтеме жасауы тиіс.3. Кодификация оқтын-оқтын жүзеге асырылып отырады, ол нормативтік материалдардың жиналып қордалануына және объективтік қажеттілікке байланысты жасалады.Кодификацияны салалық және арнайы деп айырмалайды:Салалық кодификация - қандай бір белгілі заңдар саласының немесе оның салашасының нормативтік материалдарын біріктіру болып табылады (ҚР Азаматтық Кодексі; ҚР Қылмыстық Кодексі және тағы басқалар).Арнайы кодификация - белгілі құқықтық институттың немесе бірнеше құқықтық институттың нормаларын біріктіреді (ҚР Су Кодексі, ҚР Орман Кодексі және тағы басқалар).

88. Заңдарды жүйелеу, олардың түрлері. Әрбір мемлекетте толып жатқан түрлі құқықтық нормалар мен құқықтық нормативтік актілер болады. Пайдалануға ыңғайлы болуы үшін оларды үнемі белгілі бір жүйеге келтіріп отыру қажет. Мұндай қызметті "заңдарды жүйелеу" яғни құқықтық нормативтік актілерді нақты іс-тәжірибелерде пайдалану мақсатында оларды "тәртіпке салу" деген ұғымын білдіреді. Заң ғылымында заңдарды жүйелеудің негізгі екі түрі бар: инкорпорация және кодификация.

Инкорпорация - нормативтік материалдарды белгілі бір тәртіппен бірыңғай жинақтарға жиынтықтау және біріктіру. Мұндай жиынтықтаулар мен біріктірулер әдетте әліпбилік тәртіппен орналастыру, хронологиялық ретімен немесе субъектілері бойынша жасалады.Инкорпорациялық жиынтықтауда нормативтік материал әртүрлі жинақтарға толық немесе бірен-сарандап орналастырылады. Мұндайда жинаққа орналастырылған актілердің мазмұндары өзгертілмейді, сол шығарылған қалпында қалады, дегенмен, кейде олардың мәнінің мазмұндалу түрінің өзгертілуі де мүмкін болады.

Инкорпорациялауда құқықтық акт мазмұны жағынан өзгертілмейді, оның өзгертулері сырттай болады: актінің бастапқы мәтініне ресми түрде енгізілген өзгерістер кіргізіледі, өздерінің күшін жойған баптар, уақытша ғана маңызды болған тармақтар, сондай-ақ ашық түрде қайшылықтары барлары және тағы соған ұқсастары алынып тасталынады.Инкорпорациялық өңдеуден өткен актілердің заңдық күші олардың қабылданған мерзімінен бастап сақталады. Субъектілері бойынша инкорпорация официоздық (жартылай ресми) инкорпорация және ресми емес инкорпорация деп жіктелінеді.Ресми инкорпорация – мұны инкорпорация жүргізуге (жасауға) өкілеттік алған мемлекеттік органдар атқарады. Сонда ресми инкорпорация дегеніміз құқықтық нормаларды (күші барларын) жариялау және қайтадан баспа арқылы шығарудың тәсілі. Сондықтан ресми инкорпорация - заң шығарудың ресми көзі, қайнары. Бұл инкорпорация — хронологиялық және пәндік түрінде болады.

89. Құқық жүйесі және заң жүйесінің арақатынасы. Әрбір мемлекетте толып жатқан түрлі құқықтық нормалар мен құқықтық нормативтік актілер болады. Пайдалануға ыңғайлы болуы үшін оларды үнемі белгілі бір жүйеге келтіріп отыру қажет. Мұндай қызметті "заңдарды жүйелеу" яғни құқықтық нормативтік актілерді нақты іс-тәжірибелерде пайдалану мақсатында оларды "тәртіпке салу" деген ұғымын білдіреді. Заң ғылымында заңдарды жүйелеудің негізгі екі түрі бар: инкорпорация және кодификация.Инкорпорация - нормативтік материалдарды белгілі бір тәртіппен бірыңғай жинақтарға жиынтықтау және біріктіру. Мұндай жиынтықтаулар мен біріктірулер әдетте әліпбилік тәртіппен орналастыру, хронологиялық ретімен немесе субъектілері бойынша жасалады.Инкорпорациялық жиынтықтауда нормативтік материал әртүрлі жинақтарға толық немесе бірен-сарандап орналастырылады. Мұндайда жинаққа орналастырылған актілердің мазмұндары өзгертілмейді, сол шығарылған қалпында қалады, дегенмен, кейде олардың мәнінің мазмұндалу түрінің өзгертілуі де мүмкін болады. Құқық жүйесі - қолданыстағы құқықтық нормалардың тұтастығы мен үйлестігі түрінде және олардың салашалар, салалар мен институттарға логикаға сәйкес орналасқандығынан көрінетін құқықтың ішкі құрылымы.

Құқық жүйесі:

а) құқықтық нормалардан б) құқық салаларынан;в) құқық салашаларынан;г) құқықтық институттардан тұрады.

Құқық жүйесі - құқықтың өзінің құрылысы, өзінің құқық салашаларына, салаларына және институттарға жіктелуінің реті. Құқықтың жүйелік құрылысы белгілі бір анықталынған иерархиялық (сатылық) байланыстары бар, өзара қисынды орналасқан көптеген элементтерден тұратын біртұтас құрылым.Құқық жүйесінің негізгі ерекшеліктері:1) жүйенің бастапқы элементі болып құқықтың нормасы алға шығады, олар іріленген құрылымдарға - институттар, салашалар мен салаларға бірігеді;2) жүйенің осы бастапқы элементтері өзара қайшы болмайды, бір-бірімен байланысқан, іштей үйлескен болып келеді, мұның өзі жүйеге тұтастық, жинақылық түр береді.3) жүйенің мұндай болуы әлеуметтік-экономикалық, саяси, ұлттық, діни, мәдени, тарихи факторлармен байланысты болып келеді;4) құқық жүйесі объективтік түрде бар қатынастарға байланысты туындайды, адамдардың субъективтік еркінше жасалуы мүмкін емес. Құқықты реттейтін не – деген сұраққа пән жауап берген болса, онда қалай реттейді деген сұраққа – әдіс жауап береді.

90. Кодификация және инкорпорация: түсінігі, түрлері. ҚР кодификациялау ісінің дамуы. Инкорпорация - нормативтік материалдарды белгілі бір тәртіппен бірыңғай жинақтарға жиынтықтау және біріктіру. Мұндай жиынтықтаулар мен біріктірулер әдетте әліпбилік тәртіппен орналастыру, хронологиялық ретімен немесе субъектілері бойынша жасалады.Инкорпорациялық жиынтықтауда нормативтік материал әртүрлі жинақтарға толық немесе бірен-сарандап орналастырылады. Мұндайда жинаққа орналастырылған актілердің мазмұндары өзгертілмейді, сол шығарылған қалпында қалады, дегенмен, кейде олардың мәнінің мазмұндалу түрінің өзгертілуі де мүмкін болады.Инкорпорациялауда құқықтық акт мазмұны жағынан өзгертілмейді, оның өзгертулері сырттай болады: актінің бастапқы мәтініне ресми түрде енгізілген өзгерістер кіргізіледі, өздерінің күшін жойған баптар, уақытша ғана маңызды болған тармақтар, сондай-ақ ашық түрде қайшылықтары барлары және тағы соған ұқсастары алынып тасталынады.Инкорпорациялық өңдеуден өткен актілердің заңдық күші олардың қабылданған мерзімінен бастап сақталады. Субъектілері бойынша инкорпорация официоздық (жартылай ресми) инкорпорация және ресми емес инкорпорация деп жіктелінеді.Ресми инкорпорация – мұны инкорпорация жүргізуге (жасауға) өкілеттік алған мемлекеттік органдар атқарады. Сонда ресми инкорпорация дегеніміз құқықтық нормаларды (күші барларын) жариялау және қайтадан баспа арқылы шығарудың тәсілі. Сондықтан ресми инкорпорация - заң шығарудың ресми көзі, қайнары. Бұл инкорпорация — хронологиялық және пәндік түрінде болады.Хронологиялық ресми инкорпорация - нормативтік актілердің белгілі бір тәртібіне келтірілуін олардың ресми жариялануы барысында жасауды көздейді.

Пәндік ресми инкорпорация - жүйелеудің күрделілеу түрі. Мұның нәтижесінде мемлекеттік билікті басқарудың ең жоғары органдары шығарған күші бар нормативтік актілерінің томдары, жинақтары жасалынады.

Бұл томдар мен жинақтарға нормативтік құқықтық актілер пәндік қағидат бойынша, қатаң түрде тақырыптар бағыттарын сақтай отырып орналастырылады. Мысалы: мемлекеттік құрылысты реттейтін, әкімшілік жауапкершілік, халық шаруашылығы салаларындағы қатынастарды реттейтін нормативтік актілерді біріктіру. Кодификация - жүйелеудің ең күрделі және жетілдірілген түрі. Бұл күші бар заңдарды түбегейлі түрде ішкі-сыртқы мән-мағыналарын өңдеу барысында жаңартылған кодификациялық акті даярлау және қабылдау жөніндегі атқарылатын қызмет болып табылады.

Осындай кодификациялаудың нәтижесінде күші бар құқықтық нормалар бірлестірілген тұтас актіге жинақталады, оны тиісті мемлекеттік органдар қабылдап алады. Кодификациялаудың барысында арнайы нысанды негіздер, кодекстер, жарғылар, қағидалар және т.б. шығарылады. Мысалы, Конституция - басты кодификациялық акт. Бұлардан басқа қазіргі кезде Қазақстан Республикасында Азаматтық, қылмыстық істерді жүргізу, азаматтық істерді жүргізу жөне т.б. кодекстер (жинақтар) істер атқаруда күші бар актілер ретінде танылғандар. Кодификацияланған актілерге елімізде қазіргі кезде қолданыстағы "Жол жүру ережелері", "Темір жол жарғысы" және т.б. жатады.Кодификациялық актілерде құқықтың белгілі бір салаларындағы әртекті қоғамдық қатынастарды тәртіптейтін түрлі құқықтық нормалар, институттар біріктірілген болып келеді. Бұл актілер өздерінің тұтастығы және орнықтылығымен ерекшеленеді. Ағымдағы барлық заңдар осы кодификациялық актіде тұтастыққа, орнықтылыққа қарай бағдарландырылған, әрі қатарластыра бағындырылған.Кодификацияның айырмашылықтарын көрсететін ерекшеліктері:1. Кодификацияны тек өкілетті мемлекеттік органдар ғана жүзеге асырады және ол ресми сипатта болады.2. Кодификациялаудың нәтижесінде бірнеше актілер әр түрлі нормаларға біріктіріледі, сөйтіп түрі, мазмұны бойынша жаңа құқықтық акт жасалады. Оның мәтіні түп нұсқадағыдай ресми. Құқық қолдану органдары соған сілтеме жасауы тиіс.3. Кодификация оқтын-оқтын жүзеге асырылып отырады, ол нормативтік материалдардың жиналып қордалануына және объективтік қажеттілікке байланысты жасалады.Кодификацияны салалық және арнайы деп айырмалайды:Салалық кодификация - қандай бір белгілі заңдар саласының немесе оның салашасының нормативтік материалдарын біріктіру болып табылады (ҚР Азаматтық Кодексі; ҚР Қылмыстық Кодексі және тағы басқалар).Арнайы кодификация - белгілі құқықтық институттың немесе бірнеше құқықтық институттың нормаларын біріктіреді (ҚР Су Кодексі, ҚР Орман Кодексі және тағы басқалар).

210

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]