
- •Сөз тіркестерінің ұйытқы сыңарларға байланысты түрлері ( етістікті сөз тіркесі)
- •Ә)Туынды үстеулерге қарай:
- •А) демеуліктер:
- •Матаса байланысқан сөз тіркесінің бірінші сыңары
- •Матаса байланысақан сөз тіркесінің екінші сыңары
- •37. Сабақтас құрмалас сөйлем, грамматикалық табиғаты.
- •Жұрттың бәрі колхозға енген соң, көзге түрткі болмайық деп жортып кеттік (ғ.М).
Матаса байланысақан сөз тіркесінің екінші сыңары
Сөйлеуші бір затты не өзіне, не өзгеге, не басқа затқа меншіктеп айтқысы келгенде, меншіктелген сөзге нікі, дікі, тікі жұрнағын жалғап, Мына ат менікі, Мына сағат сенікі, Мына жер мемлекттікі деген сөйлемдер құрайды. Жұрнақтар жалғанған сөздерге одан бұрын айтылған заттар меншіктеліп тұрады да, ол екеуінің арасынан меншіктілік қатынас туады.
Сондай ақ, зат пен заттың, меншіктілік басқа табиғи қатынасын білдіру үшін, меншіктеуші сөздерге ілік, меншіктелуші сөздерге тәуелдік жалғаулары жалғанады: менің атым, сенің атың, оның аты.
Матаса байланысққан изафеттік тіркестің екінші сыңары зат есім, заттанған сын есім, сан есім, есімдіктер болады: теңіздің толқыны, аттың жүйрігі, оқушылардың бесеуі, менің айтқаным, сенің өзің.
Негізінде зат есімдер матаса байланысқан сөз тіркестерінің екінші тәуелдеулә сыңары болып кездеседі. Соның өзінде олардың анықтайтын сөздерімен мағыналық қатысы әр түрлі:
Зат есім тәуелденіп, ілік жалғаулы сөзбен матаса байланысқанда, меншіктілік және табиғи қатынасты білдіреді: менің жолдасым, үйдің есігі, қазанның қақпағы, ағаштың жапырағы.
Сын есім изафетік тіркестің екінші сыңары болғанда, мынадай мағынада айтылады:
А) субстантивтенген зат есім орнында тәндік (меншіктік) мағынада жұмсалады: менің тентегім (менің балам) деген, колхаоздың шұбарыч ( колхоздың шұбар аты).
Ә) сын есімнің таңдаулы шырай мағынасында: бұл таудың биігі, Ақмоншақ аттың жүйрігі.
Сан есім изафеттік тіркестің екінші сыңары болып ілік жалғаулы зат есіммен, сан есіммен матаса байланысқанда бүтіннің бөлшегі ретінде жұмсалады: балалардың бесеуі, оқушылрадың екеуі, майдың он бесі, төрттің бірі.
Есімшелер жоғарғыдай тіркесте тәндік қатынаста, әрі заттық қатынаста, әрі қимылдыық сапа мағынасында жұмсалады: менің айтқаным, сенің жазғанын, сенің айтарың.
37. Сабақтас құрмалас сөйлем, грамматикалық табиғаты.
Сабақтас құрмалас сөйлем- ондағы синтаксистік компоненттің бағыныңқы және басыңқы сөйлем ретінде жұмсалып, алғашқы тиянақсыз тұлғадағы баяндауышы арқылы басыңқыға тәуелді бағына жұмсалған құрмаластың түрі.
Жұрттың бәрі колхозға енген соң, көзге түрткі болмайық деп жортып кеттік (ғ.М).
Сабақтас құрмаластың салалас құрмалас сөйлмнен басты айырмашылығы: оны құрайтын сөйлемдердің өзара қарым қатынасында. Егер салаласқа енген сөйлемдер шартты түрде тең дәрежеде болса, ал сабақтасқа енген сөйлемдердің бірінші сөйлемі екінші сөйлемге бағынышты келед,. Бұл сабақтастың негізгі белгісі. Сондықтан құрмаластың бұл түрінің аты да соны көрсетсе керек. Осының негізінде сабақтас құрмалас сөйлемнің бірінші сыңары бағыныңқы, екінші сыңары басыңқы деп аталады. Бұл сөйлемде бағыныңқы сыңарының баяндауышы тиянақсыз формада айтылады. Оның өзі көбіне етістік баяндауыштар арқылы, яғни есңмше, көсемше, кейде оларға түрлі шылаулардың қатысы арқылы жүзеге асады. Осы тиянақсыздың нәтижесінде бағыныңқы сөйлем басыңқы сөйлемге бағынышты, сол басыңқы сөйлемге қатысты мезгілді, мекенді, мақсатты, т.б білдіреді, басыңқы сөйлем арқылы олардың негізгі топтары айқындалады. Соның негізінде:
Шартты бағыныңқылы сабақтас. Жасалу жолы:
- Бағыныңқының баяндауышы шартты райдан.
- А, е, й болымсыз тұлғадағы көсемшеден. Бірлік болмай, тірлік болмас.
- Бағ ң баяндауышы жатыс жалғаулы есімшеден. Болымсыз мағынада.
Биыл қыс қатты болмағанда, мал шығынға ұшырамас еді.
Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас. Жасалу жолы:
Себеп бағыныңқылы сабақтас
Мезгіл бағыныңқылы сабақтас
Қимыл сын бағыныңқылы сабақтас
Салыстырмалы бағыныңқылы сабақтас
Мақсат бағыныңқылы сабақтас
Мезгілдес ыңғайлас бағыныңқылы сабақтас