
- •Сөз тіркестерінің ұйытқы сыңарларға байланысты түрлері ( етістікті сөз тіркесі)
- •Ә)Туынды үстеулерге қарай:
- •А) демеуліктер:
- •Матаса байланысқан сөз тіркесінің бірінші сыңары
- •Матаса байланысақан сөз тіркесінің екінші сыңары
- •37. Сабақтас құрмалас сөйлем, грамматикалық табиғаты.
- •Жұрттың бәрі колхозға енген соң, көзге түрткі болмайық деп жортып кеттік (ғ.М).
Сөз тіркестерінің ұйытқы сыңарларға байланысты түрлері ( етістікті сөз тіркесі)
Етістікті сөз тіркестері— грамматикалық тірегі етістік болатын сөз тіркесі. Тіркес кұрамындағы басқа сөздер тірек етістіктің маңына топталады. Етістікті сөз тіркестері: а) қабыса байланысқан етістікті сөз тіркестері (Қожа кеш келіп, ерте кетуші еді (С. Көбеев); ә) меңгеріле байланысқан Е. с. т. (Байжан іске кірісті (Г. Мүсірепов) болып екі салаға бөлінеді.
Қабыса байланысқан Етістікті сөз тіркестерінің құрамы әр түрлі болады. етсітіктер мен қабыса байланысатын сөздер: үстеулер, еліктеуіш сөздер, көсемшелер, сын есімдер, сан есімдер, жалғаусыз зат есмідер. Есімдіктердің ішінде тек сұрау есімдіктері ғана етістіктермен қабысу жолымен қалай оқиды? Қанша сұрайды? Қашан келеді? Не алды? Тәрізді сөз тіркестерін құрайды. Қабыса байланысқан етістікті сөз тіркестері бағыныңқы сыңардың ыңғайына байланысты:
А) үстеулі сөз тіркестері:
А)негізгі үстеулерге қатысты:
1) Мезгілдік: кеше қарындасым қаладан келді.
2) Мекендік: ол күлімсіреп төмен қарады.
3) Амал: поезд тез жүріп келеді.
Ә)Туынды үстеулерге қарай:
1) Анықтауыштық, пысықтауыштық қатынаста: биылша барма, әзірше жүрмеймін.
2) Істің тәсілдерін: боташа боздау, қазақша сөйлесу.
3) Сан, мөлшелік немесе салыстарма мезгілдік: көбінше үйде боламын, барныша табыс етті.
4) Салыстырмалы сапа: бұлбұлдай сайрау, шыбықтай бұраңдау, сүліктей сору.
5) Іс әрекеттің амалын, күйін: орынсыз сөйлеу, еріксіз күлу.
Ә) еліктеуіш сөз тіркестері: Самолет гүрс жарылып, от жайылып жүре берді. Ахмет қарқ қарқ күлді.
Б) көсемшелі сөз тіркестері: ашуланып сөйлеу, асыға жүгіру, ұшып тұрды, Лиза Ахметке қадала қарады.
В) сын есімді сөз тіркестері: жақсы сөйледі, жаман жазды,ұйқысық өткізді.
Г) сан есімді сөз тіркестері: үш рет келді, екі есе өсті, он минут сөйледі.
Ғ) зат есімді сөз тіркестері: сөз сөйлеу, төсек салу, жол жүру.
Меңгеріле байланысқан етістікті сөз тіркестері табыс, барыс, жатыс, шығыс, көмектес жалғауларының бірінде айтылады. Бұл жалғаулар есімдерді етістіктермен ұластырушы ғана емес, сөздердің синтаксистік қызметтерін саралайтын да тұлғалар. Сондықтан меңгерудің етістікті сөз тіркесін құрауда мәні ерекше.
А) табыс жалғаулы сөз тіркестері: қолыңды тос, малды бауыздау, өмірді ойлады.
Ә) барыс жалғаулы сөз тіркестері:
А) Обьектілік: жамбылға сөз келді, Абайға қарады.
Ә) Пысықтауыштық: ауданға барамын, қонаққа шақырып келем.
Б) шығыс жалғаулы сөз тіркестері:
А) толықтауыштық:
1) заттың істелу тегі: Тастан жер ошақ жасап, май қайнаттым.
2) мағлұматтың, әрекеттің шығу тегін: кісіден есту, үлкеннен үйрену.
3) шығыс жалғаулы зат есімдер: аурудан айығу, бәледен құтылу
4) сан есім: Әлі бір сомнан беретін болады.
Ә) пысықтауыштық:
1) көлемдік: арбадан түсу, үйден шығу, тоғайдан өту.
2) мезгілдік: былтырдан білемін, жастайымнан т.сінгенмін.
3) себеп салдар: ұялғаннан қызарды, ұйықтап қалғандықтан кешікті.
4) амал: етпетінен құлау, даусынан тану.
В) жатыс жалғаулы сөз тіркестері:
А) обьектілік: өмірде кездесу, күресте озу, ойда сақтау.
Ә) пысықтауыштық:
1) мекендік: ұйықтап жатыр, Жезқазғанда көрдім.
2) мезгілдік: алғашқы кезде ұнамады.
Г) көмектес жалғаулы сөз тіркестері:
А) обьектілік:
1) құралдық: балғамен соғу, қармақпен ұстау, арамен кесу.
2) материалдық: бояумен сырлау, қамыспен қоршау, балшықпен сылау.
3) заттық: іспен жауап беру, сумен жуу, отпен ойнау.
4) бірлестік: Асқармен сөйлесу, Көбеймен қоштасу, баламен ойнаумен, студентпе жұмыс.
Ә) пысықтауыштық: ертемен қайтып кетті, шеберлікпен егіліпті.
Ғ) шылау сөзді тіркестер сияқты.