Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2list.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
84.02 Кб
Скачать

71. Мемлекеттің саяси жауапкершілігі мен санкцияларды анықтаңыз?

Мемлекеттің міндеттемесі тек нормативтік актілердіен ғана емес сондай ақ құқықты қолдану актілерінен туындауы мүмкін. Мұндай актілерге, мысалы Біріккен ұлттар ұйымының қауіпсіздік кеңесінің бейбітшілікті және қауіпсіздікті қолдау, мәжбірлеу шараларын қолдану туралы қарарлары, халықаралық соттардың шешімдері, трибуналдардың арбитраждарының шешімдері жатады. Кейбір жағдайларда мемлекет жауапкершілігінің заңдық негізі болып оның бір жақ актілері жатуы мүмкін, сол арқылы ол өзіне халықаралық міндеттерді жүктейді және оны басқа мемлекеттер мойындайды (оның аумағы арқылы транзит еркіндігін жариялау, континентальдық шелф ресурстарын пайдалану және т.б.). Мұндай жағдайларда мемлекет басқа мемлекеттер тиісті әрекеттерді жасағанға дейін немесе алдын ала хабарламай міндеттемені бір жақты тоқтатуға құқығы жоқ.

Халықаралық аса ауыр құқықбұзушылыққа мемлекеттердің немесе халықарарлық үкіметаралық ұйымдар тәрізді халықаралық құқықтың басқа субъектілерінің халықаралық қылмыстары жатады. Халықаралық құқықты бұзушы құқықбұзушылықтың түріне және ауырлығына байланыссыз деликвент деп аталады. Егер халықаралық міндет бұзушылығы бүкіл халықаралық қауымдастықтың құқығы мен мүдделерін қамтитын ауыр бұзушылық түріне жатпаса, оны халықаралық деликт деп атайды.

Мемлекеттер халықаралық деликті ақтау үшін өзінің ішкі заңнамасының ережелеріне сілтеме жасауға құқығы жоқ. Олар өз аумағындағы жоқ шарттар үшін халықаралық жауапкершілік көтермейді, бірақ басқа мемлекеттерге, олардың заңды және жеке тұлғаларына зиян келтіргені үшін немесе халықаралық міндетті бұзғаны үшін жауапты болады. Мемлекеттің кез келген әрекеті, мейлі ол құқыққа жататын болсын немесе құқыққа қарсы болсын және қай жерде болмасын көрінетін болса да, оның мемлекеттік органдарының немесе ресми тұлғаларының әрекеті немесе әрекетсіздігі арқылы көрінеді. Бұл органдар мен мемлекеттің ресми тұлғалары халықаралық құқық субъектісі болып табылмайды және өз атынан дербес түрде халықаралық құқық бойынша жауапкершілік көтермейді. Олардың құқыққа қарсы әрекеті үшін мемлекет халықаралық жауапкершілікті көтереді.

72. Мемлекеттің материалдық жауапкершілігін (репарация, реституция, субституция) анықтаңыз?

Мемлекеттердің халықаралық – құқықтық жауапкершіліктерінің 2 түрі бар: 1) материалды; 2) материалды емес (саяси жауапкершілік); Материалды жауапкершілік реституция мен репарация нысанында көрінеді. Мемлекеттердің материалды емес жауапкершіліктері мынадай нысандарда көрінуі мүмкін: - ресторация; - сатисфакция; - егемендікті шектеу; - декларативті шешімдер.

Репарация - халықаралық құқықта материалдық-құқықтық жауапкершілік түрі: мемлекеттің әскери шабуыл жасалған елге келтірген зиянын ақшалай не өзгедей нысандалық немесе ішінара өтеуі. Репарация төлеу әдетте бітім шартында қарастырылады.

Реституция - (лат. restitutio - қалпына келтіру) - заңсыз жолмен басып алынып, соғысушы мемлекеттің ел аумағынан шығарып әкеткен мүліктерін қайтару. Реституция тәртібі бейбіт келісіммен немесе басқа құқықтық актімен анықталады.

Субституция (лат. substіtutіo, substіtuo – орнына қоямын, ауыстырамын) – мұра қалдырушының өсиетте қосымша мұрагерді көрсетуі. Негізгі мұрагер мұрадан бас тартса, заң бойынша мұрадан шеттетілсе немесе мұра ашылғанша қайтыс болған жағдайда мұра қосымша мұрагердің (субституттың) меншігіне өтеді. Субститут ретінде кез келген, тіпті заң бойынша мұрагерлер қатарына жатпайтын адам да тағайындалуы мүмкін

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]