Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2list.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
84.02 Кб
Скачать

55. Азаматтықты алу тәртібін талдаңыз.

Қазақстан Республикасының аза­мат­тығын алу тәртiбi еліміздің «Қазақ­стан Республикасының азаматтығы ту­ра­лы» Заңымен реттеледі. Мемлекет ау­мағында заңды негiздер бойынша бес жыл бойы тұрақты тұрып жатқан не­месе Қазақстан Республикасының аза­маттарымен кемiнде үш жыл бойы не­кеде тұратын тұлғалар республика аза­маттығына қабылдануы мүмкiн. Аза­маттық алу үшiн мүдделi тұлға ке­лесi құжаттарды тапсыруы керек: жеке тұл­ғаның өтiнiшi; көшi-қон полиция­сы­ның бөлiмшесiнде берiлетiн бланкпен рәсiм­делетiн өтiнiш; көшi-қон полиция­сы­ның бөлiмшесiнде берiлетiн бланк­пен рәсiмделетiн, республика азамат­ты­ғы туралы заңмен көзделген шар­ттарды орындау туралы мiндеттеме; Әдiлет министрлiгiнiң немесе Халыққа қызмет көрсету орталықтарының аумақтық бөлiмшелерi берген осы әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiкте тiркел­гендiгi туралы белгi қойылған аза­маттарды есепке алу кiтабы; 35х45 мм. мөлшерiндегi төрт фотосурет; мем­лекеттiк бажды төлегендiгi туралы түбiртек; Қазақстан Респуб­ликасының аумағында бес жыл бойы тұрып жатқан шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалар үшiн рес­публика аумағында бес жыл бойы тұ­рып жатқандығын растайтын құ­жат­тар; бұрынғы азаматтығы бойынша мемлекеттiң уәкiлеттi органы берген, бұрынғы азамат­тығының жойылғандығы туралы анық­тама.

Көшіп келген азамат ҚР-ның азаматтығын алу үшін өзі көшіп келген мемлекеттің азаматтығынан шығуға міндетті.ҚР-да азаматтардың құқықтық мәртебесін анықтайтын нормативтік құқықтық акт — «Азаматтық туралы заң» болып табылады. Бұл заң алғаш рет 1991жылы қабылданған, заң бойынша келген азамат Қазақстанда кем дегенде 10 жыл тұруы тиіс болатын. 1997жылы қабылданған заңда бұл мерзім 5жылға қысқартылды.Бұл талаптардан өзгеде талаптар қойылады, солардың бірі азаматтық алушы адам өзі көшіп келген мемлекеттің салық органдарында ешқандай қарызы болмауы керек және жазалау органдарында отырмауы міндетті түрде ескеріледі.

Қазақстан Республикасының азаматтығы:

1) тууы бойынша;

2) Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау нәтижесінде;

3) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген негіздер мен тәртіп бойынша;

4) осы Заңда көзделген өзге де негіздер бойынша алынады.

56. Азаматтықтан айрылу тәртібін талдаңыз?

Азаматтықтан айырылу

Қазақстан Республикасы азаматтығынан:

1) Қазақстан Республикасының мемлекетаралық шарттарында көзделген реттерді қоспағанда, адамның басқа мемлекетте әскери қызметке қауіпсіздік қызметіне, полицияға, юстиция органдарына немесе өзге де мемлекеттік өкімет және басқару органдарына орналасуы салдарынан;

2) егер Қазақстан Республикасының азаматтығы көрінеу жалған мәліметтер немесе жалған құжаттар табыс ету нәтижесінде алынса;

3) Қазақстан Республикасының мемлекетаралық шарттарында көзделген негіздер бойынша;

4) алынып тасталды - ҚР 2011.07.22 № 478-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

5) егер адам басқа мемлекеттің азаматтығын алған болса;

6) егер адамның Қазақстан Республикасының азаматтығын алуына негіз болған Қазақстан Республикасының азаматымен некесін сот жарамсыз деп таныса, айрылады.

Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын және шет мемлекеттің азаматтығын қабылдаған адам үш жұмыс күні ішінде шетел азаматтығын алу фактісі туралы хабарлауға және паспортын және (немесе) жеке куәлігін Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарына немесе Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің шет елдердегі мекемелеріне тапсыруға міндетті.

63.Мемлекеттердің құқық мирасқорлығы. Бұл бір нақты оқиғалар мен жағдайлардың нәтижесінде бір мемлекеттің құқықтары мен міндеттерінің екінші бір мемлекетке өтуі. Мирасқорлықтың түрлері: мемлекет бөлінгенде, мемлекеттен территорияның бөлігі бөлінгенде, мемлекеттерді бір мемлекетке біріктейді,әлеуметтік революцияның нәтижесінде жаңа мемлекет пайда болғанда, отардан азат ету процессі нәтижесінде жаңа мемлекеттер пайда болғанда. Халықаралық құқықтағы мирасқорлық:әмбебеп мирасқорлық теориясы, жеке бөліктелген мирасқорлық теориясы, контиунитет мирасқорлық теориясы болып бөлінеді. Мирасқорлықтың пайда болу негіздері: мемлекеттік меншікке,мемлекеттік шарттарға,мемлекеттік мұрағатқа, мемлекеттік қарызға.мирасқорлықтың реттейтін екі конвенциялары: 1983 ж.мемлекеттік меншікке,мұрағатқа және қарыздарға байланысты мемлекеттің құқықтық мирасқорлық туралы Вена конвенциясы; 1978 ж. Шарттарға байланысты Вена конвенциясы.

64. Халықаралық шарттар түрлерін ашыңыз?

Халықаралық шарттар құқығы халықаралық жалпы құқықтың саласы болып табылады және мемлекеттер мен халықаралық құқықтың басқа да субъектілері арасында халықаралық шарт жасасу, оның әрекет етуі, сондай-ақ күшін жоюы жөніндегі қатынастарды реттейтін құқықтық нормалар жиынтығы болып табылады. Халықаралық шарттарды топтастыру. Шарттар көптеген негіздер бойынша топтастырылады. Қатысушылар санына байланысты олар екіжақты, көпжақты, мүше болып кіру жағдайына байланысты ашық және жабық, реттеу объектісіне байланысты саяси, экономикалық, ғылыми-техникалық болып бөлінеді. Ашық халықаралық шарт дегеніміз оған мүше болу үшін қатысушыларының арнайы рұқсатын қажет етпейтін шарт, ал жабық халықаралық шарт мүше болу үшін қатысушыларының арнайы рұқсаты қажет. Жарлықтың 3 бабына сәйкес, халықаралық шарттар мемлекетаралық, үкіметаралық, ведомствоаралық болып бөлінеді. Мемлекетаралық республиканың атынан, үкіметаралық үкімет атынан, ведомствоаралық министрліктер, мемлекеттік комитеттер және басқа да орталық атқару органдарының, сондай-ақ Президентке тікелейбағынышты органдардың атынан жасалады. Халықаралық шарттарды біздің мемлекет халықаралық ұйымдармен де жасай алады.

66. Шарттың күшін тоқтату және тоқтата тұру. Шарттың күшін тоқтатудың негіздері, оның салдары.Шарттың күшін жоюы оны орындаудың,уақытының өтуі, жаңа jus cogens нормасының шығуы,шартта көзделгеннегізде денонсациялау негізінде болуы мүмкін.кейінгі жасалған шарт осыған дейін жасалған шарттың күшін мына жағдайларда жояды: егер екеуіде бір мәселені реттесе;егер бір бірімен сыйыспайтын болса;егер тараптар соңғысын қолдануға келіссе. Мемлекеттің өзі жасасқан халықаралық шарттан ресми түрде бас тартуы денонсация деп аталады. Егер шартта көрсетілмесе және қатысушылардың оған ниеттері болмаса шартты денонсациялауға болмайды. 1969 және 1986 жылдардағы Вена конвенцияларында келісім шарттардың күшін тоқтата тұру кез келген уақытқа белгіленуі мүмкін. Шарттың әрекетт етуі тоқтатылған кезде тараптар өз міндеттерін орындамай тоқтата тұрады. Егер шартта өзгеше көрсетілмесе,тараптар келісе отырып, шарттың әрекет етуін тоқтата тұруына болады. Бірақ тоқтата тұру шарттың басқа тараптырының құқытарына нұқсан келтірмеуі тиіс және шарттың объектісі мен мақсаттарына қайшы келмеуі тиіс.Халықаралық шарттың әркетін тоқтату негіздері:соғыс болған жағдайда;егер бір тарап өз міндеттемелерін орындамаса,екінші тараптың тоқтатуы;келісімшарттың әрекет ету мерзімі біткенде;келісімшарт орындалғанда;келісімшарттың субъектісі өмір сүруін тоқтатқанда;келісімшартты денонсациялағанда келісімшарттың әрекет етуі тоқтатылады.

67. Халықаралық құқықтағы жауапкершілік –бұл халықаралық құқық бұзушылықты және оны істеген субъектіні әлемдік қауымдастық тұрғысынан бағалау және құқық бұзушыға нақты шараларды қолдану қажеттілігі. Мемлекеттердің халықаралық-құқықтық жауапкершілігі туралы нормалар халықаралық құқықтың салаларында “шашылған”, мысалы, халықаралық құқық субъектілік құқығы, халықаралық ұйымдар құқығы, халықаралық қауіпсіздік құқығы. Қазіргі уақытта БҰҰ халықаралық құқықтың Комиссиясы жауапкершілік институтын кодификациялау бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр.  Халықаралық жауапкершіліктің негізі – бұл халықаралық - құқықтық нормалармен қарастырылыған объективті және субъективті белгілер болып табылады.  Халықаралық –құқықтық жауапкершіліктің негіздерінің 3 түрі бар:  - заңдық;  - фактілі;  - іс жүргізушілік. 

69. Халықаралық құқықтың субъектілері. Халықаралық құқықтың субъектілері – құқықтары мен міндеттері және атқаратын қызметтері халықаралық құқықтық нормалармен белгіленген халықаралық қатынастың қатысушылары болып табылады.халықаралық құқықтың негізгі субъектілер: мемлекеттер, өз тәуелсіздігі үшін күресуші халықтар мен ұлттар. Қосымша субъектілері: мемлекетке ұқсас құрыламдар, еркін қалалар, халықаралық ұйымдар жатады. Мемлекеттің халықаралық құқықтың негңзгң субъектісі болып танылуы үшін: аумағы, сол аумақта тұратын халық, билік, басқа мемлекетпен қатынасқа түсу қабілеті, егемендігі болуы керек. Мемлекет халықаралық құқықтың субъектісі ретінде үшке бөлінеді: біртұтас мемлекет мұнда біртұтас жоғары билік жүйесі болады және де бір конституция, бір азаматтың бір құқықтық жүйесі болады,сонымен қатар, мемлекеттің аумағы әкімшілік аумақтық бөлшектерге бөлінеді., конфедерация бұл мемлекеттің бірлігі бұл жерде мемлекеттер бәріне ортақ мәселелерді шешеу үшін жалпы заң қабылдайды және орган құрады., федерация бұл күрделі және тығыз мемлеттік құрылым,яғни жай бірлігі емес бірлескен мемлекет.Халықаралық ұйымдар бұл халықаралық құқықтың ерекше туынды субъектісі болып табылады. Халықаралық ұйымдар өз өкілеттіктерін жүзеге асыру барысында құқықтар мен міндеттерге ие болмайды. Тек қана халықаралық шарттар негізінде жұмыс жасайды. Ең үлкен әмбебап ұйымы болып БҰҰ болып саналады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]