Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2list.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
84.02 Кб
Скачать

44. Консулдарды тағайындау жән қайтару тәртібі.

Консулдық мекемелердiң персоналы және консулды тағайындау тәртiбi тоқталсақ: Консулдық қызмет дипломатиялық қызметтiң бөлiгi болып табылады. Консулдық лауазымды тұлғалар дипломатиялық қызметкерлер болып табылады және Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiнде мемлекеттiк қызметте болады. Консулдық қызметкерлер және де қызмет көрсетушi персонал дипломатиялық қызмет қызметкерлерi болып табылмайды әрi мемлекеттiк қызметте тұрмайды. Тек Қазақстан Республикасының азаматы ғана консулдық лауазымды тұлға бола алады. Консулды қызметке Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрi тағайындайды. Консул қызметке тағайындалған кезде оған жазбаша уәкiлеттiк — консулдық патент берiледi. Консул өз мiндеттерiн атқаруға консулдық мекеме орналасқан мемлекеттiң келiсiмiн (экзекватурасын) алғаннан кейiн кiрiседi.

45. Халықаралық экономикалық құқықтың түсінігін, қалыптасуы, мақсаттарын, қағидаларын және қайнар көздерін анықтаңыз?.

Профессор Н.Т. Блатовтың пікірінше халықаралық экономикалық құқық – бұл халықаралық құқықтың субъектілері арасындағы сыртқы экономикалық байланыстар мен сауда, көлік және кеме жүзу, қаржы, несие және шикізат қорлары мен тауарлар бағасын реттеу, ғылыми-техникалық ынтымақтастық және әртүрлі экономикалық көмек көрсету облысындағы туындаған қатынастарды реттейтін қағидалар мен нормалардың жиынтығы.

Оның негізгі субъектісі мемлекет болып табылады, халықаралық ұйымдар (БҰҰ, соның ішінде ЭКОСОС, ЮНИДО (өнеркәсіпті дамыту бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымы), ВОИС (интеллектуалды меншіктің дүниежүзілік ұйымы), Халықаралық валюта фонды, Халықаралық қаржы корпорациясы, Дамытудың Халықаралық ассоциациясы, Қайта құру және дамудың Халықаралық банкі және т.б.), ЮНКТАД (сауда және дамыту бойынша БҰҰ Конференциясы), Трансұлттық корпорациялар.

Халықаралық экономикалық құқықтың мақсаты:

1) бейбітшілік пен халықаралық қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған экономикалық қатынастар мен ынтымақтастықты реттеу; әлемдік экономикалық проблемаларды шешу; экономика облысындағы ғылыми-техникалық прогресті дамыту, сонымен қатар жаһандық тұтынушылық, энергетикалық, шикізаттық, көлік, валюталық- қаржылық, табиғатты қорғау және өзге де проблемаларды шешу;

2) мемлекеттердің егеменді теңдігі, мемлекеттердің ішкі ісіне араласпау, жан-жақты ынтымақтастық үшін қолайлы жағдайлар туғызу үшін халықаралық міндеттемелерді адал ниетпен орындау, барлық мемлекеттердің олардың әлеуметтік – психологиялық құрылыстарына, территориясының көлеміне, географиялық жағдайына, экономикалық даму деңгейі мен әскери қуаттылығына байланыссыз халықтарының тұрмыстық деңгейлерін көтеру және тұрмыс – тіршіліктерін жақсарту қағидаларына негізделген халықаралық экономикалық қатынастардың орнауына халықаралық-құқықтық құралдармен жәрдемдесу;

3) халықаралық экономикалық қатынастардан неоколониализмді, нәсілділікті, апартеидті, дискриминацияны және теңсіздікті жою; гегемониялықты, саяси, экономикалық және әскери диктатураны болдырмау және т.б.

4) халықаралық экономикалық ынтымақтастықты одан әрі жетілдіру.

Халықаралық экономикалық құқықтың қағидалары – бұл халықаралық экономикалық қатынастарды реттейтін арнайы қағидалар мен халықаралық құқықтың жалпыға белгілі қағидалары.

Халықаралық құқықтың жалпыға белгілі қағидадарына мыналарды жатқызуға болады:

1) мемлекеттердің егеменді теңдігі;

2) мемлекеттердің ішкі ісіне араласпау;

3) күшті және күшпен қорқытуды қолданбау;

4) ынтымақтастық;

5) халықаралық міндеттемелерді адал ниетпен орындау. Бұлардың заңды мәні мен мазмұны БҰҰ Жарғысында, 1970ж. Халықаралық құқықтың негізгі қағидалары туралы Декларацияда, 1975ж. ЕЫҚҰ Қорытынды Актісінде баяндалған.

Арнайы қағидаларға мыналарды жатқызуға болады:

1) мемлекеттердің өздерінің табиғи байлықтарына ажырамас егемендігі;

2) сыртқы экономикалық байланыстарды ұйымдастыру нысанын мемлекеттердің таңдау еркіндігі;

3) экономикалық дискриминацияламау;

4) әділетті экономикалық ынтымақтастық және өзара пайда қағидасы.

Осы құқықтың қайнар көздері болып халықаралық шарттар мен халықаралық әдет-ғұрыптар жатады.

46. Халықаралық құқық жауапкершіліктің тәртіптерін талдаңыз? Халықаралық құқықтағы жауапкершілік –бұл халықаралық құқық бұзушылықты және оны істеген субъектіні әлемдік қауымдастық тұрғысынан бағалау және құқық бұзушыға нақты шараларды қолдану қажеттілігі.

Мемлекеттердің халықаралық-құқықтық жауапкершілігі туралы нормалар халықаралық құқықтың салаларында “шашылған”, мысалы, халықаралық құқық субъектілік құқығы, халықаралық ұйымдар құқығы, халықаралық қауіпсіздік құқығы. Қазіргі уақытта БҰҰ халықаралық құқықтың Комиссиясы жауапкершілік институтын кодификациялау бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр.

Халықаралық жауапкершіліктің негізі – бұл халықаралық - құқықтық нормалармен қарастырылыған объективті және субъективті белгілер болып табылады.

Халықаралық –құқықтық жауапкершіліктің негіздерінің 3 түрі бар:

- заңдық;

- фактілі;

- іс жүргізушілік.

47. Сатисфакция- бұзушы субьект тарапынан болатын біржақты акт. онда құқығы бұзылған сбьектінің талабын моральдік қанағаттандыруға ұмтылыс болады. (кешірім, сұрау,бұзушылық болдырмау жайында айту т.б) Сатисфакция бұл - Деликтті құрамайтын достық еместік әрекеттерге байланысты жауапты акциялар. Сатисфакция өзіне байланысты құқықтарды қалпына келтіру мақсатында жекелеген мемлекеттің мәжбүрлеу шараларының кешенін қолдануы.

48. Субституция Жәбірленген тарапқа ақшалай немесе басқа да материалдық шығындар компенсациясын төлету. Келтірілген мүліктік зиянды мүлік заңсыз жойылып не бүлініп кеткендіктен, алмастырып заттай қайтару. Мысалы, егер мумия тасымалдау кезінде, бір себептермен қайтаруға жарамайтындай бүлінсе, мемлекет басқа мемлекетке оның орнына соған ұқсас басқа мумия береді.

49. Репарациялар Жәбірленген тарапқа ақшалай немесе басқа да материалдық шығындар компенсациясын төлету.(өтемақы) залалдың орнын ақшалай толтыру. Грекия Жоғары сотының (агреопат) гректердің бірнеше ауылының тұрғындарына қатысты2 дүниежүзілік соғыс кезінде келген залал үшін Германияның қаржылық жауапкершілігі жөніндегі 2000 жылғы шешімі бір жағынан қызық та, екінші жағынан даулы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]