Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2list.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
84.02 Кб
Скачать

31. Үкіметаралық ұйымдардың құқықсубъектілігінің мемлекеттердің құқықсубъектілігінен айырмашылығын ашыңыз?

Үкіметаралық ұйымдар (ҮАҰ). Әмбебаптық сипаттағы жетекші және жалғыз ұйым. Білім, ғылым және мәдениет мәселелері бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымы болып табылады. БҰҰ-ның балалар корының қызметінде жаппы білім беру мен кәсіптік-техникалық білім беру саласындағы бағдарламалар, мұғалімдер біліктілігін жетілдіру мәселелері басты орын алад.

Аймақаралық және аймақтық деңгейлерде білім беру саласындағы жұмыс арнайы мекемелерде және ҮАҰ саяси және экономика органдарында жүргізіледі. Европалық елдер үшін ҮАҰ ретіндегі ұйым Европалық Кеңес болып табылады (ЕК 1949 ж. құрылған; жұмыс орны Страсбург, Франция). Құрамына 26 мемлекет кірген.

1992 ж. Болгария, Ресей, Румыния, Литва, Латвия, Эстония и Югославия арнайы шақырылған елдер статусын алған. ЕК мақсаты: жалпы-европалық бірлікке жету, адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, демокр. және плюралистік тәртіпті нығайту, халықтың өмірін жақсарту шараларын жасау, жалпы европалық мәдени одақтастықты құру.

Мемлекеттер – халықаралық құқықтың негізгі субъектілері. Мемлекет өз туелсіздігінің күші бойынша құқық субъектілікке ipso-facto-ға ие, яғни өзінің өмір сүру фактісінің нәтижесінде ие болады. Халықаралық құқық субъектілік кез-келген тәуелсіз мемлекетке тән және өзінің шығу тегі мен сипатына қарай алғашқы және негізгі болып табылады. Құқық субъектілік халықаралық құқықтық қатынастарға қатысудың алғышарты болады, ал мемлекеттер құқықтық мәретебені өзара айқындайды, құқықтар мен міндеттерді нақтылайды.

32. Халықаралық құқықтағы көпжақты халықаралық шарттардың негізгі түрлерін атаңыз?

Көпжақты халықаралық келісімшарттар 1 немесе бірнеше тілдерде жасалады. Басқа тілдерге ресми аударылуы мүмкін. Ол келісімшарттың депозитарийімен белгіленеді, және содан кейін халықаралық шарттың қатысушыларына беріледі, мысалы, БҰҰ Жарғысы 5 тілде жасалған: орысша, ағылшын, француз, испан, қытай тілдерінде.  Тек осы тілдердегі мәтіндер Жағының ресми мәтіндері болып табылады, ал қалған мәтіндер куәландырылған аудармасы болып табылады. 

Халықаралық шарттардың түрлері:  1) субъектілерінің сипаты бойынша:  - мемлекет аралық;  - үкімет аралық;  - ведомство аралық.  2) Субъектілердің саны бойынша:  -екі жақты;  -көп жақты;  3) нысаны бойынша:  - ауызша;  - жазбаша.  4) әрекет ету уақыты бойынша:  а) мерзімді;  б) мерзімсіз; 

33. Үкіметаралық емес ұйымдар халықаралық құқықтың субъектілері бола алады ма?

Үкіметтік емес халықаралық ұйымдар қоғамдық құрылымдар мен ғылыми қауымдастықтарды, жеке компанияларды, мекемелерді, мемлекеттің атынан кіретін жеке түлғаларды біріктіреді, үкіметаралық үйымдарға қарағанда, халықаралық қүқық субъектісі болып танылмайды. Олардың ішіндегі ықпалдылары:

-Парламентаралық одақ (1889),

-Халықаралық Олимпиадалық комитет (1894),

-Рим клубы (1968),

-Гринпис (1971) және т.б.[1]

34. Трансұлттық коорпорациялар халықаралық құқықтың субъектілері бола алады ма?

- халықаралық құқықтың нормалардан туындайтын құқықтар мен міндеттердің болуы;

- ұжымдық құрылым түрінде болуы;

- халықаралық құқықтық нормаларды құруда тікелей қатысуы;

Осы аталған үш элементтің болуы қандайда бір құрылымды халықаралық құқықтың субьектісі деп санауға болады. Демек, биз Трансұлттық коорпорацияларды халықаралық құқықтың субъектісі ретінде тани алмаймыз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]