Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2list.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
84.02 Кб
Скачать

75. Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетігін анықтаңыз?

Адам құқықтары жөніндегі комиссия - Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия - консультативті кеңесші орган. ҚР Президентінің 1997 ж. 22 сәуірдегі Жарлығымен құрылған. Комиссия Президенттің адам және азамат құқықтары мен бостандықтарына кепілдік беру жөніндегі конституциялық міндеттемелерін жүзеге асыруына, сондай-ақ осы мақсаттағы тетіктерді жетілдіруге жәрдемдесуі тиіс. Комиссия адам құқықтары мен бостандығын қамтамасыз ету, қорғау жөнінде ҚР Президентінің атына және тікелей өзіне жолданған хат- хабарларды қарап, осыған орай жыл сайын арнаулы баяндамалар дайындайды, адам құқығын қорғаудың тетіктерін жетілдіруге қатысты ұсыныстар жасайды. Қазақстан мүддесіне қатысты адам құқықтар жөнінде сараптамалық материалдар, арнайы халықаралық-құқықтық құжаттар, сараптамалық қорытындылар әзірлейді. Осы сала бойын¬ша маманданған халықаралық ұйымдардың жұмысына қатысады. Адам құқықтары жөніндегі комиссия туралы ереженің 7-пунктінде "Комиссия Мемлекеттік хатшының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін төрағадан, комиссияның хатшысы мен мүшелерінен тұрады" делінген.

76. Халықаралық гуманитарлық құқық ұғымын саралаңыз?

Халықаралық гуманитарлық құқық–бұл бейбіт уақытта және қарулы жанжалдар кезіндегі адам құқығы мен бостандығын қамтамасыз ету және қорғау мәселелерін реттейтін, гуманитарлық сферадағы мемлекеттердің ынтымақтастығын, жеке тұлғалардың барлық категорияларының құқықтық жағдайын белгілейтін, адамның құқықтары мен бостандықтарын бұзғаны үшін жауапкершілік белгілейтін халықаралық қағидалар мен нормалардың жиынтығы. Өз кезегінде, халықаралық гуманитарлық құқық-күрделі нормативтік кешен болып табылады, себебі оны біріншіден, гуманитарлық құқықтың өз нормалары, институттары, қағидалары құрайды (адам құқығы, азаматтық институты), екіншіден, жеке тұлғаның құқықтық мәртебесіне қатысты өзге салалардың нормалары мен институттары құрайды (шет елде азаматтарды консулдық қорғау институты, әуе және теңіз кемелерінің экипаж мүшелерінің құқықтық мәртебесі).  Сонымен қатар, гуманитарлық құқықтың нормалары халықаралық конференциялар мен кеңестерде белгіленген, мысалы, СБСЕ құжаттарында (1975ж. Қорытынды акт, 1989ж. Венадағы кездесудің Қорытынды құжаты, 1990ж. СБСЕ адам өлшемі бойынша конференцияның Копенгагендік Құжаты, 1990ж. жаңа Европа үшін Париж Хартиясы).  Халықаралық гуманитарлық құқықта келісімшарттық нормалар басымдылық танытады. Бірақта халықаралық-құқықтық әдет ғұрыптар нақты бір рөл атқарады, қарулы жанжалдар кезіндегі гуманитарлық құқықта әдет-ғұрыптар маңызды орын алады және олар көп жағдайларда “соғыс заңдары немесе әдет ғұрыптары” деп аталады.

77. Әскери қақтығыстарды жүргізу құралдары мен әдістерін талдаңыз?

Әскери іс-әрекеттің басталуы мен оның құқықтық нәтижелері. 1907жылғы Ашық әскери іс-әрекеттер туралы конвенцияның 1 бабына сәйкес мемлекеттер арасында алдын ала келісімсіз, ескертпесіз басталмауы тиіс. Сонымен бір уақытта бейтарап мемлекеттер жариялануы тиіс. Әскери іс-әрекеттердің жариялануы мен басталуының арасындағы қандай да бір мерзімді халықаралық құқық бекітпейді.Соғысушы мемлекеттедің арасында соғыс жағдайын жариялағаннан бастап оларға мынадай құқықтық салдар пайд болады:

1)Дипломатиялық ж/е консулдық қатынастар тоқтайды.

2)Дұшпан мемлекеттің меншігі конфискеленеді.

3)Соғысушы мемлекеттің азаматтары үшін арнайы режим енгізіледі.

4)Бейбіт кездегі халықаралық шарттар әрекет етуін тоқтатады.

5)Халықаралық гуманитарлық құқықтың нормалары өз күшіне енеді.

Соғыс театры – соғысушы тараптардың жауынгерлік әрекеттер жүргізетін кеңістік. Бұл құрлықтағы, теңіз, әуедегі аумақ, сонымен қатар бейтараптанған ж/е демилитаризацияланған аумақты есептемегенде халықаралық аумақ. Мысалы: х/қ теңіз каналдарында, Шпицберген архипелагында, Айда, ж/е басқа да аспан денелерінде әскери әрекеттер жүргізуге болмайды.

Қарулы қақтығыс қатысушылары комбатанттарға (соғысушылар) ж/е комбатант еместерге (соғыспайтындарға) бөлінеді. Комбатанттарға бүкіл соғысушы құрам кіреді:1)қарулы күштер; 2)жасақтанған ерікті ж/е партизандық отрядтар, қарсыласушы күштер. Комбатант мәртебесіне жауап беру үшін олар:

1)Бағыныштылар үшін жауап беретін басында бір тұлға керек;

2)Алыстан ерекшелініп көрініп тұратын белгісі болуы керек;

3)Қаруды ашық ұстап жүру керек;

4)Соғыс жүргізу ережелерін сақтау тиіс.

Комбатант еместерге: 1) медициналық персонал; 2) рухани персонал.

Комбатанттар мен комбатант еместердің құқықтық жағдайы әртүрлі. Бірінілерге әскери тұтқын режимі таралады, ал екіншісіне таралмайды. Әскери барлаушы – өзінің армиясының формасында қарсылас туралы мәлімет жинайтын тұлға. Тұтқындалғанда әскери тұтқынның құқығын пайдаланады. Әскери тыңшы – қарсыластың армиясының әрекет ететін аумағында өз армиясына беру мақсатымен құпия түрде мәлімет жинайтын тұлға. Тұтқындалған жағдайда әскери тұтқын мәртебесін ала алмайды, басқаша айтқанда оны соттауға болады.

78 Депозитарийдің анықтамасын ашыңыз? Депозитарий (фр. deposіtaіre – сақтауға зат берілген тұлға, сақтаушы) – халықаралық көп тарапты шарттың түпнұсқа мәтінін сақтаушы мемлекет немесе халықаралаық ұйым деген мағынада қолданылады. Бұл ретте депозитарийді халықаралық шартқа қатысушы мемлекеттер айқындайды. Бекіту грамоталары‚ қосылу туралы мағлұмдамалар‚ бір мемлекеттің екінші мемлекетке өзара жасалған шартының күшін тоқтату туралы хабарламалары және шартқа қатысты басқа да құжаттар депозитарийге өткізіледі.

79 Ішкі мемлекеттік режимі бар су аумағын ашып көрсетіңіз?

- бұл белгілі бір мемлекеттің егемендігі астында болатын және мемлекеттің толық

және ерекше билігі таралатын территория. Мемлекеттік территорияның шекарала

ры халықаралық құқыққа сәйкес анықталады және халықаралық келісімдер

мен бекітіледі.

Мемлекет өз территориясын халықаралық принциптер мен нормаларын еске

ала отырып, өзінің ішкі заңдарына сәйкес пайдаланады.

Ішкі суларға 1982ж. Теңіз құқығы жөніндегі БҰҰ Конвенциясына сәйкес:

1) Мемлекеттің (соның ішінде архипелаг-мемлекеттер де) территориялық теңіздің

енін өлшеу үшін қабылданған бастапқы түзу сызықтардан жаға жаққа қарай жатқан

теңіз сулары;

2) Порт сулары;

3) Жағалары бір мемлекетке тиесілі болған шығанақтың сулары, егер де олардың ені

24 теңіз мильден аспаса; тарихи шығанақтар.

Ішкі сулардың қатарына бір мемлекеттің шекаралары шегінде орналасқан өзен, көл

және басқа да суайдындардың сулары да жатады.

80 Халықаралық режимдегі су аумағын ашып көрсетіңіз?

- бұл мемлекеттік территория мен аралас режимдегі территория құрамына

кірмейтін территориялар:

жағалау мемлекеттерінің ерекше экономикалық аймақтары шектерінен тыс жатқан

су кеңістіктері; теңіз түбінің халықаралық ауданы - жағалау мемлекеттері-

нің континентальдік шельфі мен ерекше экономикалық аймақтары шектерінен

тыс жатқан теңіз түбі мен оның жер қойнауы;

Бұл территория мемлекеттердің ортақ пайдалануында болады және онда

халықаралық принциптер мен нормалар қолданылады.

Территориялық теңіздің сыртқы шектері халықаралық принциптер мен нормаларға сәйкес жағалау мемлекеттің заңдарымен белгіленеді.

1982ж. Теңіз құқығы жөніндегі БҰҰ-ның Конвенциясына сәйкес әрбір мемлекеттің өз территориялық теңіздің енін 12 теңіз мильге дейін орнатуға құқысы бар.

Қарсы жатқан немесе шектес мемлекеттер арасындағы теңізді межелегенде территориялық теңіздің шекаралары келісім арқылы анықталады.

81 Демаркацияның редемаркациядан айырмашылығы қандай?

Демаркация - бұл мемлекеттік шекара сызығын арнайы шекара белгілермен

(пирамида, бағана, буй, шамшырақ) көрсету арқылы жүргізу. Демаркация

жүргізгенде протокол - әрбір шекаралық белгінің ерекше белгілерінің

суреттемелері енгізілген жерлерде шекара сызығы өтуінің схемалар

мен фотографиялармен бірге жан-жақты суреттемесі жасалады.

Редемаркация - бұрын демаркацияланған шекараны тексеру және айқындау,

жойылған немесе бүлінген шекаралық белгілерді жөндеу, қалпына келтіру,

шекаралық белгілердің бір түрін басқа түрмен ауыстыру, қосымша белгілерді

орнату және т.б.

82 Демилитацияның мазмұнын ашыңыз?

Делимитация - мемлекеттік шекара сызығы жалпы бағытының карталарда және

с.с. документтерде өтуін шарттық тәртіпте анықтау. Делимитация кезінде

шекара сызығының өтуі арнайы таңдап алынған және келісіп қойылған табиғи

немесе жасанды нүктелерге не ориентирлерге негізделе отырып, схемалар

мен карталарда, екіұшты талқылануға жол бермей, толық суреттеледі.

83 Мемлекеттік шекараның анықтамасын ашыңыз?

Мемлекеттік шекара - құрлықта, суда, әуеде, жер қойнауында

мемлекеттік территорияның шегін карталарда және жерлерде анықтайтын сызық,

яғни мемлекет егемендігінің әрекет ету кеңістігінің шегі.

Мемлекеттік шекара мемлекет шекарасын басқа мемлекеттердің территория-

сынан, сонымен қатар халықаралық территориялардан (ашық теңіз және оның

үстінде жатқан әуе кеңістігі) бөледі. Өту жерлеріне қарай, шекараларды құрлықтық,

су және әуе шекаралары деп бөлеміз.

84 Континентальдық шельфтің анықтамасын саралаңыз?

Континенталдық шельф (Құрлықтық қайраң) - дегеніміз (ағьлшын тілінен аударғанда сөре, шығыңқы жер, саяз жер), теңіз түбі тігінің кенеттен ұлғаюы белгіленетін, жағалау сызығынан тереңдігіне дейін жайылып жататын материктер айналасындағы су асты жазығы.

Материктің су асты шетінің құрамдас бөлігі ретінде континенттік шельфке: континенттік құрлықтық қайраң және континенттік (құрлықтық) тұғыр жатады.

1982 ж. Конвенция жағалаудағы мемлекеттің континенттік шельф, оның аймақ суынан тыс жайылып жатқан құрлықтық аумағының табиғи жалғасуынан материктің су асты шетінің сыртқы шекарасына дейін немесе бастапқы сызығы 200 теңіз миль ара қашықтықта созылып жатқан теңіз түбі және суасты аудандарының жер қойнауы деп анықтайды.

85 Аумақтық теңіздің мазмұнын саралаңыз?

Аймақтық теңіз – бұл жағалаудағы мемлекеттің ішкі теңіз суларына немесе аймақтық құрлығына жанасатын ені 12 теңіз миліне дейінгі теңіз белдеуі. Өзінің құқықтық мәртебесі бойынша аймақтық теңіз жағалауындағы мемлекет аймағының бөлігі ретінде танылады, ол өзінің егемендігін аймақтық теңіз суларына ғана емес, сонымен бірге оның түбіне, әуе кеңістігіне, аймақтық теңіз түбі мен қойнауына да жүргізе алады. Аймақтық теңізде мемлекеттік шекара оның теңіз сулары шегіндегі сызығымен ғана емес, сонымен бірге осы сызықпен өтетін вертикальды қабатымен, оның түбі мен қойнауы, әуе кеңістігін белгілейтін қабатымен де анықталады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]