- •28. Халықаралық құқық субьектілерінің халықаралық құқықтық жауапкершілігінің негіздемелерін анықтаңыз?
- •29. Халықаралық жеке құқықтың қайнар көздерінің халықаралық жария құқықтың қайныр көздерінен айырмашылығы қандай?
- •30. Халықаралық жеке құқық пен халықаралық жария құқықтың байланысы қандай?
- •31. Үкіметаралық ұйымдардың құқықсубъектілігінің мемлекеттердің құқықсубъектілігінен айырмашылығын ашыңыз?
- •32. Халықаралық құқықтағы көпжақты халықаралық шарттардың негізгі түрлерін атаңыз?
- •33. Үкіметаралық емес ұйымдар халықаралық құқықтың субъектілері бола алады ма?
- •34. Трансұлттық коорпорациялар халықаралық құқықтың субъектілері бола алады ма?
- •35. Жеке тұлғалар және заңды тұлғалар халықанралық құқықтың субъектілері бола алады ма?
- •36. Халықаралық құқыққа қатысы бар бұұ-ның мамандандырылған мекемелерін топтастырып беріңіз?
- •37. Құқық жүйесінде халықаралық құқық қандай орын алады?
- •38. Халықаралық құқықта әдет-ғұрыптың орнын көрсетіңіз?
- •2) Халықаралық – құқықтық әдет – ғұрыптар;
- •39.Халықаралық құқықтың қағидаларын ашыңыз.
- •40.Феодализм кезінде келісім шарттарды қамтамасыз етудін қандай құралдары қолданылған еді?
- •42. 1969 Ж Вена конвенциясына сәйкес шарттың күшіне енуін күтпестен оның міндеттілігіне келіскен мемлекет қалай аталады?
- •44. Консулдарды тағайындау жән қайтару тәртібі.
- •45. Халықаралық экономикалық құқықтың түсінігін, қалыптасуы, мақсаттарын, қағидаларын және қайнар көздерін анықтаңыз?.
- •50. Реституция мен ресторацияның ұғымын салыстырыңыз?
- •51. Ресторация субституцияның ұғымын салыстырыңыз.
- •52. Реторсия мен репрессалидің ұғымын салыстырыңыз?
- •53. Репрессалий ұғымын және нысандарын талдаңыз
- •55. Азаматтықты алу тәртібін талдаңыз.
- •56. Азаматтықтан айрылу тәртібін талдаңыз?
- •71. Мемлекеттің саяси жауапкершілігі мен санкцияларды анықтаңыз?
- •72. Мемлекеттің материалдық жауапкершілігін (репарация, реституция, субституция) анықтаңыз?
- •73. Азаматтық институты және оның қазіргі халықаралық қатынастардағы маңызын анықтаңыз?
- •74. Шетелдіктердің құқықтық жағдайын анықтаңыз?
- •75. Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетігін анықтаңыз?
- •76. Халықаралық гуманитарлық құқық ұғымын саралаңыз?
- •77. Әскери қақтығыстарды жүргізу құралдары мен әдістерін талдаңыз?
73. Азаматтық институты және оның қазіргі халықаралық қатынастардағы маңызын анықтаңыз?
Азаматтық қоғам – саяси өкіметке тәуелсіз жұмыс істейтін және оған ықпал жасауға қабілетті әлеуметтік қатынастар мен институттар жиынтығы; дербес жеке адамдар мен әлеуметтік субъектілер қоғамдастығы. Қандай да болмасын қоғамдық мәні бар идеяларды қабылдау қашанда сұхбатты, яғни сұхбаттасушы жақтардың түрлі көзқарастарын және маңызды тепе-теңдігін білдіреді. Ешкім ешкімге өз түсінігін мойындатуды да, ешкім ешкімді дәлме-дәл қайталауды да мақсат етпейді. Идеялар белгілі қоғамның, әлеуметтік дамудың талаптарына сәйкес келетіндіктен қабыл алынады. Сондай идеялардың қатарына азаматтық қоғам идеясы жатады.
бірлік пен тұтастық — қайшылықты нақтылық және көп бейнелі, эр түрлі, тіпті карама-қарсы мүдделердің түйісуінің бірлігі болып табылады. Олар (осы мүдделер) қажет болғандықтан саясатқа еніп кетеді және саяси шешімдерді талап етеді. Сонымен, халықаралық қатынастар субъектілерінің мүдделерінің түйісуінің өзегі болатын саяси шынайылықтың спепификалық мазмұны халықаралық қатынастар болып табылады. Қазіргі кезде мемлекетпен катар мемлекеттен тыс құрылымдар да халықаралық қатынастардың субъектілері болып табылады, яғни жекелей алғанда БҰҰ және оның органдары: Бас Ассамблея, Кауіпсіздік Кеңесі, Экономикалық және Әлеуметтік Кеңес, Қамқорлық туралы Кеңес, Халықаралық сот, Секретариат. БҰҰ құрылым белсенді және мақсатты қызметінің нәтижесінде халықаралық шиеленістердің түйінін шешу, келісімдік процестерді жолға қою, мемлекеттердің мүдделерін түйістіру, халықаралық құқық нормаларының сақталуын қамтамасыз ету, агрессияны айыптау, халықаралық проблемаларды шешуде консенсустық мәдениет пен бейбітшілік сүйгіштікті қалыптастыруға кең жол ашылады. Бұл жағдайда БҰҰ къізметі халыкаралык-кұқықтық шеңберде болады. 1945 жылдың 26 шілдесі күні Сан-Франциско каласында қабылданған БҰҰ Жарғысында көрсетілгендей, БҰҰ және оның органдарының міндеттері мыналар: халықаралық проблемаларды шешудің тәсілі ретінде соғысты болдырмау адамзат өмірінде адамның негізгі құқықтарына, адамзат тұлғас артықшылықтары мен құнды, әйелдер мен еркектердің, кіші және үлкен ұлттардың теңдігіне сенімді нығайту; елдер мен халықтардың алдында пайда болатын проблемаларды шешу үшін халықаралық жағдайлар жасау. БҰҰ мен оның органдарының негізгі күш-жігері қақтығысқа алып келетін жағдайларды зерттеуге, қақтығысушы тараптардың позицияларын анықтау мен айқындауға, оларды құқықтық және моральдық тұрғыдан бағалауға және қақтығысты шешу бойынша нұсқауларды дайындауға, ал қажет болған жағдайда куш қолдануға бағытталынған.
74. Шетелдіктердің құқықтық жағдайын анықтаңыз?
Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы Қазақстан Республикасының заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және соған сәйкес шетелдіктердің негiзгi құқықтары мен мiндеттерiн, олардың Қазақстан Республикасына келуiнiң, аумағында болуының, жүрiп-тұруының және Қазақстан Республикасынан кетуiнiң тәртiбiн айқындайды.Қазақстан Республикасындағы шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы заңдар осы Заңнан және Қазақстан Республикасының басқа да заң актiлерiнен тұрады.Қазақстан Республикасындағы шетелдіктердің құқықтық жағдайы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен де анықтала алады. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады. Қазақстан Республикасының азаматтары емес және өзiнiң басқа мемлекеттiң азаматтығына қатысты екендiгiнiң дәлелi бар адамдар Қазақстан Республикасындағы шетелдіктер болып танылады. Қазақстан Республикасындағы шетелдіктер барлық құқықтар мен бостандықтарға ие, сондай-ақ оларға Қазақстан Республикасының Конституциясында, заңдары мен халықаралық шарттарында белгiленген мiндеттердiң бәрi жүктеледi, Қазақстан Республикасының заңдары мен халықаралық шарттарында қарастырылған жағдайлар бұған жатпайды.Қазақстан Республикасындағы шетелдіктер тегiне, әлеуметтiк және мүлiктiк жағдайына, қай нәсiлге және ұлтқа жататындығына, жынысына, бiлiмiне, тiлiне, дiнге көзқарасына, шұғылданатын қызметi мен оның сипатына қарамастан заңның алдында бiрдей болады.Шетелдіктердің өздерiнiң құқықтары мен бостандықтарын пайдалануы Қазақстан Республикасының мүдделерiне, оның азаматтары мен басқа адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерiне нұқсан келтiрмеуге тиiс және мұны олардың Қазақстан Республикасының заңдарына белгiленген мiндеттерiн орындауынан бөлiп алуға болмайды. Тұрақты тұруға Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен рұқсат және тұрақты тұру құқығына құжат алған шетелдіктер Қазақстан Республикасында тұрақты тұрушылар деп танылады.Оралмандарды, Қазақстан Республикасында немесе Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасында туған немесе бұрын оның азаматтығында тұрған адамдарды және олардың отбасы мүшелерін қоспағанда, Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат берудің міндетті шарты мұндай рұқсатты алуға үміткер адамның Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен және мөлшерде өзінің төлем қабілеттілігін растауы болып табылады.Қазақстан Республикасында өзгедей заңды негізде жүрген, сондай-ақ оларға қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне сәйкес ауыр немесе аса ауыр қылмыстар деп танылатын әрекеттер жасалуы салдарынан жәбірленуші деп танылған шетелдіктер Қазақстан Республикасында уақытша жүрген деп есептеледі. Олар белгіленген тәртіппен тіркелуге және өздеріне белгіленген болу мерзімі өткен соң Қазақстан Республикасынан кетуге міндетті.
