Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
bilety_otvety_9_13_maya_2014.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
248.32 Кб
Скачать

1.Шешендік өнер

Шешендік өнердің тууы,қалыптасуы жалпы тіл өнерінің шығуымен,адам қоғамының пайда болуымен байланысты.Өйткені әрбір қоғамның өзіне лайықты қарым-қатынасы болатыны сияқты оның өзіне лайықты ойлау,сөйлеу мәдениеті,озық ойлы,шебер тілді адамдары да болатыны даусыз.Шешендік өнер туралы ғылымдық халықаралық тілде риторика дейді.Шешендік өнер халықтық-демократиялық қоғамдарда ақыл-ойға,сөзге еркіндік бар жерде дамиды.Ресейдегі шешендік өнердің негізін салған атақты орыс ғалымы М.В.Ломоносов болды.Ол бірінші болып орыс тілінде Краткое руководство к красноречию деген еңбек жазды.Қазақ шешендік өнерінің шығу,қалыптасу,даму тарихы,оның көрнекті өкілдері-шешен билер мен батырлардың шығармашылық өмірбаяндары жазылды.Қазақ шешендік сөздерінің бастауы-мақал мен мәтелдер. Шешендік өнер– қоғам өміріне, табиғат құбылыстарына байланысты терең ой, халық шығармасы, тапқырлық сөздер мен тұжырымдар; дидактикалық жанр. Жанр мазмұнына қарай шешендік арнау, шешендік толғау, шешендік дау болып үш салаға бөлінеді. Шешендік арнауға - бата, тілек, әзіл-сын, көңіл айту, естірту. Шешендік толғауға -тәрбиелік мәні бар тақпақ, термелер, айтыстар жатады. Ал шешендік дауларға - қылмыстық, азаматтық істерді шешуге қатысты шешендік, тапқырлық сөздер, ұйғарымдар бейнеленеді. Шешендік сөздер сонымен қатар түсінік пен түйінді сөздерден құралады. Белгілі халық ойшылдары (Майқы биАяз биЖиренше шешен

2.Жай сөйлемнің түрлері (айтылу мақсатына қарай )

Сөйлем айтылу мақсаты мен интонациясына қарай хабарлы, сұраулы, бұйрықты және лепті сөйлем болып бөлінеді.

Хабарлы сөйлем - айтылу мақсаты хабарлау, суреттеу, баяндауды білдіретін сөйлемнің түрі.

Мысалы: Мен жалақы алдым.

Сұраулы сөйлем - жауап алу мақсатымен қарай айтылған сөйлем.

Сұраулы сөйлемдер мынадай жолдармен жасалады:

а) Сөйлемде сұрау есімдігінің қолданылуы арқылы. Не үшін?

ә) ма, ме, ба, бе, па, пе, ша,ше шылауларының қолдануы арқылы. Жерім жаман ба?

б) ғой, қой, ау, еу шылауларының , ә, сірә сияқты оқшау сөздердің; болар, шығар, қайтеді, білемін деген көмекші сөздердің сұрау мәнінде қолданылуы арқылы:

– Осы ғой алған жоспары? – Иә, осы.

в) Сұрау интонация арқылы. Япырай, ие бермей кетпесе?

Бұйрықты сөйлем - біреуге бұйыру, тілек – өтініш ету мақсатында айтылған сөйлем.

Бұйрықты сөйлемде интонация біркелкі бола бермейді: бірде хабарлы сөйлем интонациясымен айтылса, бірде лепті сөйлем интонациясымен айтылады да, соған сәйкес сөйлем соңында нүкте(.) я леп белгісі(!) қойылады. Бұйрықты сөйлемнің баяндауышы етістіктің бұйрық рай тұлғасынан және бұйрық не шартты рай тұлғасына тілек-өтініш мәнді –шы, -ші жұрнағының үстеуі арқылы жасалады. М: Бар! Шап! Жиып кел тегіс! – деді...

Лепті сөйлем - айтушының көңіл күйін (қуану, ренжу, зеку, алу, өкіну т.б.) білдіретін сөйлем.

Лепті сөйлем ерекше әуенмен айтылып, дауыс ырғағы сөйлем соңында да көтеріңкі қалыпта болады. Соған сәйкес сөйлем соңында леп белгісі (!) қойылады. Құнанбай қатты зекіп қалып:

– Жә тоқтат! – деді. (М.ә)

3. Сызылған сөздерге фонетикалық талдау жаса, сөйлемге синтаксистік талдау жаса: Табиғатқа келтірілген зиян - өзімізге жасаған қастандық

Та-би-ғат-қа. Т-дауыссыз,қатан. А-дауысты,жуан,ашық,езулік. Б-дауыссыз,ұяң И-дауысты,женішке,қысан,езулік Ғ-дауыссыз,ұяң А-дауысты,жуан,ашық,езулік Т-дауыссыз,қатан Қ-дауыссыз,қатан А-дауысты,жуан,ашық,езулік

9 әріп,4 буын.

19-билет

1.Киіз үй

Киіз үй-көптеген көшпелі халықтардың негізгі баспанасы болған. Қазақ халқы да киіз үйді сан мыңдаған жылдар бойы өзінің төл баспанасы етіп келді. Киіз үйдің құрылысы бірнеше бөліктерден тұрады. Киіз үй кереге, уық, шаңырақ, сықырлауық, табалдырық, маңдайша, таяныш секілді негізгі бөліктерден тұрады. Ал керегенің өзінің көптеген атаулары бар: керегенің қанаты (төрт, бес, алты, сегіз, тоғыз, он, он екі қанат), керегенің басы, қасы, көзі, сағанағы, аяғы, иегі, көгі. сол сияқты шағырақтың, уықтың, әр бөліктерінің көптеген атаулары болады. Бұларды киіз үйдің сүйегі дейді Киіз үй керегесі Керегені құрайтын әрбір ағашты «желі» дейді. Желінің ең ұзынын керегенің «ерісі» (3) деп, одан қысқалауын «балашық» (2), ең кішісін «сағанақ» (1) деп атайды УықУық кереге мен шаңырақты жалғастырып тұрады. Киіз үйдің кеңдігі керегесіне, ал биіктігі уықтың ұзындығы мен қысқалығына байланысты болады. Шаңырақ – киіз үйдің ең жоғарғы бөлігі. Оның пішіні күмбез тәріздес, ол уықтардың ұштарын біріктіріп ұстап тұрады. шаңырақ бірнеше бөлшектерден тұрады. Киіз үй есігі Киіз үйдің ағаш есігін сықырлауық дейді. Ол киіз үйдің ішіне қарай ашылады. Есік бірнеше бөліктен тұрады. Олар: маңдайша, екі босаға, табалдырық пен екі жақтау.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]