Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
bilety_otvety_9_13_maya_2014.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
248 Кб
Скачать
☆

3.Міндет, мекен сөздерін тәуелде.

Тәуелдік жалғау

Жекеше :1ж менің міндетім,2ж сенің міндетің,2ж сіздің міндетіңіз,3ж оның міндеті.

Көпше:1жБіздің міндетіміз ,2ж Сендердің міндеттерің 2. Сіздердің міндеттеріңіз, 3ж.Олардың міндеттері.

Менің мекенім Біздің мекеніміз

Сенің мекенің Сендердің мекендерің

Сіздің мекеніңіз Сіздердің мекендеріңіз

Оның мекені Олардың мекендері

4-билет

1.Қазақ тілі білімінің негізін салушылар:Ахмет Байтұрсынұлы,Шоқан Уәлиханов, Қаныш Сәтбаев, Ыбырай Алтынсарин.

Ахмет Байтұрсынұлы (1873-1937).Қөрнекті тілші ғалым, әдебиет зерттеуші,дарынды аудармашы,ағартушы және оқу құралдарының авторы Ахмет Байтұрсынұлы қазіргі Торғай облысындағы Сартүбек деген жерде туған.Ол Торғайда оррыс-қазақ мектебінде оқиды 1891 жылы мектепті бітірген соң,Орынборға келеді.Мұнда мұғалімдер даярлайтын мектепке оқуға түседі.Оқуды бітірген соң Ақтобе,Қостанай және Қарқаралыда балаларға сабақ береді.Әдебиетпен айналысып өлең-жырлар жазады.Ол тұнғыш рет қазақ тілінде әліппе, басқа да оқу құралдарын жазады. «Тіл құрал» деп аталатын оқулығы 1914-1928 жылдар аралығында 6-7 рет басылып шықты.Ахмет Байтұрсынұлы 1913 жылы Орынборда «Қазақ» газетін шығарды.

2. Синонимдер-мағыналары бір-біріне жақын сөздер.Мысалы: 1)мұғалім,ұстаз,оқытушы 2)оқушы,шәкірт 3)ұлан-байтақ,кен-байтақ 4)Әдемі,көркем, сұлу 5)уақыт,мезгіл,мерзім,кез. 6)сыйлау,құрметтеу,қадірлеу 7)көп,мол,қыруар 8)мықты,берік,күшті 9) Кәрі,қарт 10)Қас,жау,дұшпан

3. Сөйлемді дұрыс құрастыр: Елі, қазақ, бейбітшілік, ұстанады, саясатын. Бұйымдар, алтыннан, күміс, пен, зергерлер, соқты, әшекей.

( Қазақ елі бейбітшілік саясатын ұстанады. Зергерлер күміс пен алтыннан әшекей бұйымдар соқты)

5-билет

1.Қазақ тілі туралы.

Қазақ тілі-қазақ халқының ана тілі.Қазақ тілі 1989 жылы мемлекеттік мәртебе (гос.статус)алды.Қазақ тілі түркі тектес тілдеріне, сонын ішінде қыпшақ тобындағы тілге жатады.Түркі тілінде сөйлейтін халықтар: қазақ, қырғыз, өзбек, ұйғыр, қарақалпақ, татар және тағы басқалар.

Қазақстан Республикасының Ата Заңында «Қазақ тілі-Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі» деп жазылған.Қазақстан Республикасының Тіл туралы алғашқы Заңы 1989 жылы 22-қыркүйекте қабылданды.Тіл туралы екінші заң 1997 жылы 11 шілдеде қабылданды. Қазақ тілін білу-әрбір Қазақстан азаматының парызы.

Менің ана тілім-қазақ тілі. Ана тілім менің қазақ екенімді білдіреді.Ана тілін адамдар кішкентай кезінен әке-шешесінен, әжесі мен атасынан үйренеді. Ана тілім-менің құралым, өйткені ол арқылы мен білім аламын.

Қазақ жазуы 1929 жылға дейін араб графикасының, ал 1929жылдан 1940 жылға дейін латын графикасын қолданған.1940 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін орыс графикасын қолдануда.

2.Омонимдер-айтылуы бірдей, мағынасы басқа.Мысалы:Ара-1)пчела,2)пила; Ат-1)имя,2)лошадь,3)стреляй; Түс-1)сон,2)цвет,3)обед,4)спустись

3. Түбірлес сөздерді теріп жаз, құрамына қарай талда: Ұлт, өміршең, ұлтжанды, көмек, ұлтшыл, ұлдар, бірлік, көмекші, көмектесіп. ( ұлт-ұлтжанды-ұлтшыл, көмек-көмекші-көмектесіп)

6-билет

1.Ы.Алтынсарин (1841-1889) -ағартушы, педагог,жазушы,этнограф,фольклорист,қоғам қайраткері.

1850 жылы Орынбор қаласындағы жетіжылдық мектепке оқуға кірген.1857-1859 жылдары атасы Балқожа бидің хатшысы болған. 1864 жылы қазақ мектебін және қазақ қыздары үшін мектеп ашқан.1883 жылы мұғалімдер мектебін ашты.1879 жылы «Қазақ хрестоматиясы» атты еңбегі шыққан.Мұнда еңбек, кәсіпшілік, өнер-білім, тіршілік, тапқырлық, шешендік,сарандық,байлық, қайырымдылық,адамдық,әділеттік мәселелері сөз болады.

2. Антонимдер-мағыналары бір-біріне карама-қарсы сөздер.Мысалы: 1)Үлкен-кіші 2)биік-аласа 3)ақ-қара 4)бар-жоқ 5)ыстық-суық 6)күн-түн 7)кең-тар 8)қас-дос 9)алыс-жақын 10)аз-көп

3. «Кіші Отан» тақырыбына диалог құрастыр.Менің кіші Отаным – Семей қаласы. Өйткені бұл қалада мен туып-өстім. Алғаш рет мектеп табалдырығын аттап, қолыма әліппе ұстадым және бұл қалада менің сүйікті достарым, сыныптастырым, туыстарым тұрады. Ол Қазақстанның шығысында Ертіс өзенінің бойында орналасқан.Семей – ежелгі қала, ол 1718 жылы қаланған. Семейдің тарихы өте бай. Семейде ұлы ақын Абай, Мұхтар Әуезов, Шәкірім, Шоқан Уәлиханов, Ф.М.Достоевский, Әміре Қашаубаев, Қаныш Сатпаев, Бибігүл Төлегенова, Роза Рымбаева, Дәулет Тұрлыханов сияқты атақты адамдар тұрған. Семейде Абайдын, Достоевскийдің мұражайлары; Абайдың, Әуезовтің, Шәкәрімнің, Достоевский мен Шоқан Уәлихановтың ескерткіштері, Абай мен Достоевский атындағы театрлар бар.

.

7-билет

1.

Ұлы жүз

Орта жүз

Кіші жүз

Төле би (1663)

Қазбек би (1667-1764)

Әйтеке би (1644-1700)

1663 ж туған.Ұлы жүздің биі.Жамбыл олбысында Шу өзені Жайсаң жайлауында дүниеге келген;

Әкесі: Әлібек;

Еңбектері: «Жеті жарғы» ;

Орта жүздің биі,парасатты елші,дипломат,шешен,ақын, әділқазы, қоғам қайраткері 1667ж-туған 1761ж-Қытай елшілігі; 1762ж-орыс әкімшілігіне келіп қайтты; 1764 ж-Түркістандағы Қожа Ахмет Йасауы кесенесінде жерленді;

Қазақ халқының басын біріктірген,туысқан қаракалпақ қырғыз халықтармен одақ құрып,жоңғар қалмақтарына қарсы соғыс ашты.Әйтеке би-кіші жүздің биі,шешен,заң жобасын құрастырды, «Жеті жарғы» феодалдық қазақ мемлекетін құрды,қоғам қайраткері.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]