Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
bilety_otvety_9_13_maya_2014.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
248 Кб
Скачать
☆

1.Қазақ халқының салт-дәстүрлері.

Шілдехана-жаңа туған нәрестенің құрметіне жасалатын той.Дастарқан жайылып,жастар домбыра тартып,ән салып,ұлттық ойындар ойналады.Шілдехана думанды болса,сәби сергек,қызықты өмір сүреді деген сенім бар.

Қырқынан шығару-нәрестенің туған күніне қырық күн толған соң,ыдысқа қырық бір қасық су құйып,соған шомылдырады. Сәбидің қарын шашын,тырнағын алады.Мерекелік дастарқан жайылады.

Бесікке салу-бесікті отпен аластап,баланы бөлейді.Бұл-қазақ халқының елеулі үлкен дәстүрі.

Тұсау кесу-сәби қаз тұра бастағанда,тез жүріп кетсін деп,ала жіп есіп,екі аяғына тұсап,сүрінбей жүретін адамға тұсауын кестіріп,баланы қолынан ұстап,тез-тез жүгіртеді.Оған қуанысып,шашу шашылып,дастарқан жасалып, «тұсаукесер»кәдесі беріледі.

Үйлену тойы-бұл бірін-бірі сүйіп, ұнатқан қыз бен жігіттің ата-ана,ағайын-туыстарының танысып-білісуінен басталады.Алдымен күйеу жігіттің әке-шешесі болашақ келіннің үйіне келіп,қыз ата-анасының ризалығын алып,құда болысып,тойдың барысы жайлы келіседі.

2.Есімдік-Зат есім,сын есім және сан есімнің орнына жүретін сөз табы.Сондықтан ол орынбасар сөз табы деп те аталады.

Жіктеу

Сілтеу

Сұрау

Өздік

Жалпылау

Белгісіздік

Болымсыздық

Мен,сен,ол,біз,

сендер,сіздер,

олар

Сол,мынау,

аналар,

міне т.б.

Кім,не,неше, қайда,

неге т.б.

Өз,өзім,

өзіміздің

өз-өзіне

Барлық,бәрі,

күлі,барша,

тегіс, т.б.

Кейбіреу,қайсыбір

әлдеқайда,

әлдеқандай т.б.

Еш+(кім,қайда,бір,қашан),

ештене,дәнеме.

  1. Асты сызылған сөздерге фонетикалық талдау жаса: Дәстүрлі қазақ отбасында ата-ананы ерекше сыйлаған.

Дәс-түр-лі 3 буын, дәс-б.б, түр-б.б, лі-а.б. 8 дыбыс,8 әріп

Д-дауыссыз,ұяң

Ә-дауысты, жіңішке, ашық, езулік

С- дауыссыз,қатаң

Т-дауыссыз,қатаң

Ү- дауысты, жіңішке, қысаң, еріндік

Р-дауыссыз, үнді

Л-дауыссыз,үнді

І-дауысты, жіңішке, қысаң, езулік

12-билет

1. Қазақ тілі туралы.

Қазақ тілі-қазақ халқының ана тілі.Қазақ тілі 1989 жылы мемлекеттік мәртебе (гос.статус) алды.

Қазақ тілі түркі тектес тілдеріне, соның ішінде қыпшақ тобындағы тілге жатады.Түркі тілінде сөйлейтін халықтар: қазақ, қырғыз, өзбек, ұйғыр, қарақалпақ, татар және тағы басқалар.

Қазақстан Республикасының Ата Заңында «Қазақ тілі-Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі» деп жазылған.Қазақстан Республикасының Тіл туралы алғашқы Заңы 1989 жылы 22-қыркүйекте қабылданды.Тіл туралы екінші заң 1997 жылы 11 шілдеде қабылданды. Қазақ тілін білу-әрбір Қазақстан азаматының парызы.

Менің ана тілім-қазақ тілі. Ана тілім менің қазақ екенімді білдіреді.Ана тілін адамдар кішкентай кезінен әке-шешесінен, әжесі мен атасынан үйренеді. Ана тілім-менің құралым, өйткені ол арқылы мен білім аламын.

Қазақ жазуы 1929 жылға дейін араб графикасының, ал 1929жылдан 1940 жылға дейін латын графикасын қолданған.1940 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін орыс графикасын қолдануда.

2. Тұйық етістік — етістіктің ерекше түрі. Мағынасы жағынан ол қимылдың, іс-әрекеттің атын білдіреді де, шақпен де, жақпен де байланысты болмайды. Сөйтіп, тұйық етістік қимылдың, іс-әрекеттің атауы ретінде қолданылады да, етістік тұлғаларына тән шақтык, мағынаны да, жақтық мағынаны да білдірмейді.

Тұйық етістік етістіктің негізгі және туынды түбіріне, етіс және болымсыз етістік тұлғаларына -у жұрнағы жалғану арқылы жасалады. Мысалы: сұра-у, жүр-у, бар-у, шегеле-у, айт-қыз-у, сөйле-с-у, кел-ме-у, бөге-ме-у. Бұл сөздер сұрау, жүру, бару, шегелеу, айтқызу, сөйлесу, келмеу, бөгемеу, қимыл, іс-әрекеттерінің атын білдіріп, солардың атауы болып тұр. Сондықтан да түйық етістік заттық мағынада, зат есім мәнінде жиі қолданылады. Тіпті тұйық етістіктердің кейбірі белгілі заттың, көбіне құралдың атын білдіріп, зат есім болып кеткен. Тұйық етістік тікелей септеле де, тәуелдене де алады, бірақ жіктелмейді. А.с. бару I.с. барудың Б.с. баруға Т.с. баруды Ж.с.баруда Ш.с.барудан К.с. барумен. Тәуелдену үлгісі. Жақ I. келуім, келуіміз, келулеріміз II. келуің, келулерің келуіңіз, келулеріңіз III. келуі, келулері

Етістіктердің шақтары:

Осы шақ

Келер шақ

Өткен шақ

Нақ осы шақ

Ауыспалы осы шақ

Болжалды

Келер шақ

Мақсатты

Келер шақ

Ауыспалы

Келер шақ

Жедел

Өткен шақ

Бұрынғы

Өткен шақ

Ауыспалы

Өткен шақ

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]