
- •Фонетика. Дыбыстар классификациясы.Дауысты дыбыстар.
- •3.Міндет, мекен сөздерін тәуелде.
- •Түбір және қосымша.
- •1.Қазақ халқының салт-дәстүрлері.
- •3.Өсімдік,орман сөздерін септе.
- •15 Билет
- •1.Белгілі күйшілер.
- •16 Билет
- •1.Қазақстанның мемлекеттік қорықтары (государственные заповедники)
- •1.Шешендік өнер
- •2.Жай сөйлемнің түрлері (айтылу мақсатына қарай )
- •Жай сөйлемнің түрлері (сөйлем мүшелерінің қатысына қарай)
- •2.Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері
- •1.Әміре Қашаубаев
- •1.Тұңғыш қазақ ғалымы-Шоқан Уәлиханов
- •1.Ел Ордасы -Астана
Түбір және қосымша.
Түбір: Сөзге мағына беретін, бөлшектенбейтін сөздің ең түпкі бөлшегі түбір деп аталады.
Түбірдің ерекшеліктері:
Сөздің мағына беретін бөлшегі 2. Қосымшасыз да дербес қызмет атқарады 3.Түбірге бір немесе бірнеше қосымша жалғанса да тұлғасын сақтайды: апа+лар+ымыз+ға
Қосымша: Қазақ тілінде қосымшаның 2 түрі бар.Олар: жұрнақ және жалғау.Жұранақ өзі жалғанған сөзге жаңа мағына беріп,туынды сөз жасайды.Ал жалғау сөздерді байланыстырады.
Жұрнақ |
Сөз тудырушы:түбірдің негізгі мағынысын өзгертіп оған жаңа мағына береді.Қой+шы-қойшы;өнер+паз-өнерпаз;ой+ла-ойла |
Сөз түрлендіруші: Өзі жалғанған сөздің бастапқы мағынасын өзгертпей,сәл түрлендіреді Үй+шік-үйшік,сандық+ша-сандықша,қала+шық-қалашық |
Жалғау |
Көптік:Өзі жалғанған сөзге көптік мағына береді |
Тәуелдік:Өзі жалғанған сөзге меншік мағына береді |
|
Септік:Өзі жалғанған сөзге септік мағына береді |
|
Жіктік: өзі жалғанған сөзге жақтық мағына береді |
3. Асты сызылған сөздерге морфологиялық талдау жаса: Астана – іскерлі және мәдени орталыққа айналды. ІСКЕРЛІК-қандай?сын есім?қатыстық,туынды,жай шырай,дара.АЙНАЛДЫ-не істейді?етістік,дара,болымды,туынды,өткен шақ,ашық рай.
Орталық – фонетикалық талдау жаса
Ор-та-лық, ор-т.б, та-а.б, лық-б.б
О-дауысты, жуан, ашық, еріндік
Р-дауыссыз,үнді
Т-дауыссыз,қатаң
А-дауысты, ашық, жуан, езулік
Л-дауыссыз,үнді
Ы-дауысты, жуан, қысаң, езулік
Қ-дауыссыз,қатаң
8-билет
1.Менің қалам. . “Отан” деген сөзді күн сайын естиміз. Отан дегеніміз адамның туып-өскен жері. Қазақ елінде тұратын адамдардың Отаны – Қазақстан Республикасы. Адамның жақсы, бақытты өмір сүруі көп жағдайда Отанға деген сүйіспеншілігіне байланысты. Отаңды сүйе білсең – атақ та, жұмыс та, құрмет те болады. Біздің Отанамыз – Қазақстан. Қазақстанның астанасы – Астана қаласы. Астана - әдемі, жас қала. 1997 жылы егемен Қ-ның Президеннті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен елорданы Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы шешім қабылдады. 6 мамыр 1998 жылы жаңа елорданың атауы Астана болып өзгертілді. Астанада 600000 адам турады. Астана- Ақмола облысында, Есіл өзінің алабындағы өзен маңы жазықтығында орналасқан. Астанада 3 театр, 23 кітапхана, 2 кинотеатр, 5 мұражай, мемлекеттік филармония, 2 сарай бар. Астананың аса көрнекті мекендері : Бәйтерек, Думан, АҚ Орда.
2. Зат есім. (сущ.)
Заттың, ұғымның, құбылыстың атын білдіреді. Кім? Не? деген сұрақтарға жауап береді.
М: кім? - ата, апа, ана, әке, кісі, бала, қыз, ұл. Қазақ тілінде кім? деген сұрақ адамға ғана қойылады. Не? деген сұрақ жануарларга, құстарға, затқа койылады. М: ешкі, сиыр, кітап, мектеп.
Зат есімдер басқа сөздермен: көптік, септік, жіктік, тәуелдік жалғаулары арқылы байланысады.
Зат есімдер мағынасына қарай (по значению): жалпы (нариц.) және жалқы (обст.) болады. Жалпы есімдер: кел, бала, дәптер, оқушы. Жалқы есімдер: Анар, Алматы, Семей, Астана, Қазақстан, Ертіс, Абай.
Зат есімдер тұлғасына қарай ( по способу образования): негізгі (непроизводный) зат есімдер: ана, жер, қала, мектеп. Туынды (производный) зат есімдер арқылы жасалған: қой-шы, етік-ші, оқу-шы, бала-лық, қала-лық, дос-тық, жұмыс-кер, адал-дық, сауда-гер.
Зат есімдер құрамына қарай (по составу): дара (простые) - Отан, бала, мектеп, кітап, дәптер. Күрделі (сложные) – ата-ана, әке-шеше, аяқ киім, пединститут, Ақсу.
Зат есімнің 4 жалғауы бар. Олар: көптік, тәуелдік, жіктік, септік.
Зат есімнің жалғаулары.
Көптік жалғаулары: лар/лер, дар/дер, тар/тер. М: балалар, кісілер, қыздар, кітаптар.
Тәуелдік жалгауы:
Жекеше (ед.ч.) |
Көпше (мн.ч.) |
І жақ – ым/ім, м ІІ жақ – ын/ін, н ІІ жақ – ыңыз/ініз, ңыз/ңіз ІІІ жақ – ы/і, сы/сі |
І жақ -мыз/міз, ымыз/іміз ІІ жақ қ.ж. + ын/ін ІІ жақ қ.ж. + ыңыз/ініз ІІІ жақ қ.ж. + ы/і |
Жекеше |
Көпше |
І жақ – менің анам ІІ жақ – сенін анаң ІІ жақ – сіздің анаңыз ІІІ жақ – оның анасы |
І жақ – біздің анамыз ІІ жақ – сендердің аналарын ІІ жақ - сендердін аналарыңыз ІІІ жақ – олардың аналары |
3.Жіктік жалгауы: ( личные местоимения)
Жекеше |
Көпше |
І жақ – мын/мін, бын/бін, пын/пін ІІ жақ – сың/сің ІІ жақ –сыз/сіз ІІІ жақ - |
І жақ – мыз/міз, быз/біз, пыз/піз ІІ жақ – сындар/сіңдер ІІ жақ – сыздар/сіздер ІІІ жақ - |
Жекеше |
Көпше |
І жақ – мен оқушымын ІІ жақ – сен оқушысын ІІ жақ – сіз оқушысыз ІІІ жақ – ол оқушы |
І жақ – біз оқушымыз ІІ жақ – сендер оқушысындар ІІ жақ – сіздер оқушысыздар ІІІ жақ – олар оқушылар |
3.Асты сызылған сөздерге морфологиялық талдау жасап, сойлемге синтаксистік талдау жасау: Тарихшылардың айтуы бойынша, астана тұрған орын ғұндардың бір ордасы болған.
/Тарихшылардың-зат есім,дара,туынды,жанды,жалпы,негізгі,деректі.Астана-зат есім,дара,негізгі,жансыз,жалқы,дерексіз./
9-билет
1. Ежелгі қалалар туралы айт. (древние города)
Отырар, Тараз, Түркістан – Қазақстанның ежелгі қалалар.
Отырар – Сырдария өзеннің бойында орналасқан. Отырар саяси (полит-ий), шаруашылық (хоз-ный) және мәдени (культ-ный) орталық болган. Отырар бұрын Фараб деп аталған. Мұнда медресе мешіт, базар, монша болган.
Тараз қаласы ҮІІ ғасырдан белгілі. Ол Ұлы Жібек жолдын бойында орналасқан. Мұнда Айша бибі кесенесі (мавзолей) мен Бабажы қатын кесенесі болған Х-ХІІ ғасырлар – қаланың ең гүлденген кезі. (время процвета)
Түркістан қаласы Қазақстанның оңтустігінде орналасқан. Ежелгі аты Шабғар (ІҮ-Хғ.). Екінші аты – Йасы (ІХ-Хғ.). ХҮ ғасырдан Туркістан деп аталды. Мұнда Ахмет Йассауи кесенесі бар. Түркістан шауашылық мәдени орталығына айналған.
2. Cын есім. (прилагательное)
Cын есім заттың түрін, түсін, сапасын, салмағын, көлемін білдіреді. Қандай? Қай? сұрақтарға жауап береді. Мысалы(например): биік үй, әдемі қыз, жылы күн, қиын сабақ, аязды қыс, тәтті алма.
Сын есімнің шырайлары: (степени сравнения прилаг.)
Жай шырай (положит.) - әдемі, жақсы, улкен.
Салыстырмалы шырай (сравнит.) – рак/рек, ырақ/ірек, лау/леу, дау/деу, тау/теу.
Мысалы: әдемірек, жақсырақ, әдемілеу, жақсылау, үлкендеу, үлкенірек.
Күшейтпелі шырай (превосх.) а) ең, өте, тым, аса – сөздер арқылы жасалады – ең жақсы, өте үлкен, тым қысқа, аса дарынды; ә) күшейткіш буын арқылы - әп-әдемі, үп-үлкен, қып-қысқа.
Түсті (цвет) білдіретін сын есімдер: ақ, қара, сары, қызыл, көк, жасыл.
Көлемді (объем) білдіретін сын есімдер: кең, тар, биік, аласа, ұзын, қысқа, алыс, жақын.
Дәмді (вкус) білдіретін сын есімдер: тәтті, ашы, қышқыл, суық, жылы.
Сапаны (качество) білдіретін сын есімдер: жақсы, жаман, әдепгі, сыпайы, ку, қорқак.
Сын есімдер тұлғасына қарай ( по способу образования): негізгі (непроизв.) және туынды (произв.) болады. Негізгі сын есім түбірден ғана жасалған. М: жақсы, таза, кең. Туынды сын есім жұрнақ арқылы жасалады. М: тұзды, сулы, қысқы, ұятсыз, өнерлі, сысыз, таулы.
Сын есімдер құрамына қарай (по составу): дара (простой) және күрделі (сложный) болады. Дара сын есімдер: аласа, ақ, сарылау, көнілді. Күрделі сын есімдер: сары ала, терең, ең үлкен.
Сын есімдер мағынасына қарай(по значению): сапалық (качест.) - ақ, қара, үлкен, биік; қатыстық (относит.) - тұзды, таулы, сылы, сысыз, ұятсыз – жұрнақ арқылы жасалған.
3 Сөздерді сөз құрамына қарай талда: Оқушылар жазғы демалыста тауға серуенге шықты.
10-билет
1. Ақпарат (лат.information) түсіндіру, баяндау, хабардар ету дегенді білдіреді. Бұқаралық ақпарат - тұлғалардың шектеусiз топтарына арналған баспа, дыбыс-бейне және өзге де хабарлары мен материалдары. Бұқаралық ақпарат құралдары - мерзiмдi баспасөз басылымы, радио және теледидар бағдарламасы, киноқұжаттама, дыбыс-бейне жазбасы және интернет-ресурстары
2.Сан есім (числительное) Сан есім заттың санын,ретін білдіреді.Неше?Қанша?Нешеу? деген сұрақтарға жауап береді.Сан есім мағынасына қарай 6 түрге бөлінеді Олар:
-
түрі
Есептік
Реттік
Жинақтық
Болжалдық
Топтау
Бөлшектік
Ере
жесі
Заттың нақты санын білдіреді
Заттың реттік қатарын білдіреді
Заттың жинақталған санын білдіреді
Заттың санын дәл білдірмей,шамамен болжамдап көрсетеді
Заттың санын топтап көрсетеді
Заттың бөлшектік санын білдіреді
?
Канша?неше?
Нешінші?
Нешеу?
Қанша?неше?
қай шамалы?
Нешеден?
Қанша?неше?
мысал
Бес,он екі,жиырма үш,екі мың төрт
Бірінші,екінші,үшінші,бесінші,алтыншы,жетінші
Біреу,екеу,үшеу,төртеу,бесеу,алтау
Жүздеген,отыздарда,елулерге,қырықтай,тоқсандай,он шақты,екі-үш
Үштен,екеуден,он-оннан,ушеу-ушеуден
2,5-екі жарым,
1/2-екіден бір
7/9-тоғыздан жеті
Құрамына қарай: 1.Дара-бір ғана түбірден (негізгі немесе туынды) тұрады.Бес,жүз,мың,отыз,ондаған,жетеу,сегізінші
2.Күрделі:Кемінде екі сөзде тұрады.Он бес,жүз екі,мың тоғыз,жүз тоқсан екі,отыз жеті,үш-үштен,бес-алты,онға жуық,екіден бір.
3. Тиісті тыныс белгісін қойып, құрмалас сөйлемді аяқта: Демалушылар көлге келіп тынығады өйткені...
Денсаулық туралы 2 мақал айтып бер
Денсаулық зор байлық.
Іздеп алған аурудың емі табылмас.
11-билет