
- •Фонетика. Дыбыстар классификациясы.Дауысты дыбыстар.
- •3.Міндет, мекен сөздерін тәуелде.
- •Түбір және қосымша.
- •1.Қазақ халқының салт-дәстүрлері.
- •3.Өсімдік,орман сөздерін септе.
- •15 Билет
- •1.Белгілі күйшілер.
- •16 Билет
- •1.Қазақстанның мемлекеттік қорықтары (государственные заповедники)
- •1.Шешендік өнер
- •2.Жай сөйлемнің түрлері (айтылу мақсатына қарай )
- •Жай сөйлемнің түрлері (сөйлем мүшелерінің қатысына қарай)
- •2.Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері
- •1.Әміре Қашаубаев
- •1.Тұңғыш қазақ ғалымы-Шоқан Уәлиханов
- •1.Ел Ордасы -Астана
1-билет
Абай Құнанбаев (1845-1904) – ақын–ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер. Семей облысының Шыңғыс тауларында дүниеге келген.Әкесі -Өскенбайұлы Құнанбай,шешесі-Ұлжан,әжесі-Зере. Абайдың шығармалары: «Көзімнің қарасы», «Ғылым таппай мақтанба», «Қыс», «Күз», «Жаз», «Жазғытұры» , «Ескендір» дастаны, «Қара сөздер». Абай Гете, Пушкин, Крылов, Лермонтов тағы басқа ақындардың көптеген өлендерін қазақшаға аударған. Абай аудармашы. «Шегіртке мен құмырсқа» (Крыловтан), «Бородино» (Лермонтовтан), «Қанжар», «Онегиннің сипаты», «Татьяна сипаты» (Пушкиннен). Абайдың ақын – шәкірттері: Ақылбай, Мағауия, Шәкәрім,Әріп, Көкбай. Абай ұлы ойшыл, гуманист екенін «Өлсем орным қара жер сыз болмай ма?», «Адасқанның алды жөн, арты соқпақ» атты өлеңдерінен көруге болады. Абай композитор. «Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай», «Сегізаяқ» өлеңдері бар.
Өлеңі:
Фонетика. Дыбыстар классификациясы.Дауысты дыбыстар.
Фонетика-Тіл дыбыстарын зерттейтін тіл білімінің саласы. Дыбыс – сөздің ең кішкене бөлігі. Дыбысты айтады және естиді.
Әріп – дыбыстың жазбаша таңбасы. Әріпті жазады және көреді. Әріптердің рет-ретімен тізілген жиынын алфавит (әліпби) дейді.
Қазақ тіліндегі дыбыстар – 37
Қазақ әліпбиіндегі әріптер – 42
Қазақ тіліне тән дыбыстар: ә,ө,і,ұ,ү,ғ,қ,ғ,ң,һ.
Дауысты дыбыстар.
Сөйлегенде ауаның дауыс шымылдығынан кедергісіз, еркін шығуынан пайда болған дыбыстар дауысты дыбыстар деп аталады.
Қазақ тіліне тән дауыстылар: ә,ө,ү,ұ,і.
-
Тілдің қатысына қарай
Жақтың қатысына қарай
Еріннің қатысына қарай
1.Жуан: а,о,ұ,ы,у.
2.Жіңішке: ә,ө,ү,і,е,и,у,э.
1.Ашық:а,ә,о,ө,е,э
2.Қысың:ы,і,и,у,ү,ұ
1.Еріндік:о,ө,у,ү,ұ
2.Езулік:а,ә,е,ы,і,и,э
3.Азамат, Қайраткер сөздерін жікте.
Жекеше түрі Көпше түрі
І. Мен азаматпын Біз азаматпыз
ІІ Сен азаматсың Сендер азаматсыңдар
ІІ Сіз азаматсыз Сіздер азаматсыздар
ІІІ Ол азамат Олар азаматтар
І. Мен қайраткермін Біз қайраткерміз
ІІ Сен қайраткерсің Сендер қайраткерлерсіңдер
ІІ Сіз қайраткерсіз Сіздер қайраткерлерсіздер
ІІІ Ол қайраткер Олар қайраткерлер
2-билет
1. .Араб жазуымен жазылған тұңғыш кітаптардың бірі - "Құтадғу білік". Бұл кітапты 1069 жылы ірі ғұлама Жісіп Баласағұн жазып, сол кезде Қашқария мен Жетісуды билеген Сутук Бограханға сыйлаған. Кітаптың араб алфавитімен жазылған екі ңұсқасы Каир мен Ташкентте сақталған. Ал Бограханға бірілген үшінші ңұсқасы ұйғыр алфавитімен жазылған. Бұдан кейінге кітап - "Диуани лугат-ат-түрік" 1072-1074 жылдары араб алфавитімен жазылған. Оның авторы - ұлы ғалым Махмұд Қашқари. Осыдан бастап Орта Азияның ұлы ғалымдары мен ақындары, тарихшылары араб жазуын орта ғасырға дейін пайдаланған. Ал араб алфавиті Қазақстанда XX ғасырдың басына дейін (1929 жылға дейін), яғни 900 жыл бойы қолданылады. 2. Фонетика. Дыбыстар классификациясы. Дауыссыз дыбыстар.
Фонетика-Тіл дыбыстарын зерттейтін тіл білімінің саласы. Дыбыс – сөздің ең кішкене бөлігі. Дыбысты айтады және естиді.
Әріп – дыбыстың жазбаша таңбасы. Әріпті жазады және көреді. Әріптердің рет-ретімен тізілген жиынын алфавит (әліпби) дейді. Қазақ тіліндегі дыбыстар – 37
Қазақ әліпбиіндегі әріптер – 42
Қазақ тіліне тән дыбыстар: ә,ө,і,ұ,ү,қ,ғ,ң,һ. -9
Дауыссыз дыбыстар.
Сөйлегенде ауа кедергімен шығатын дыбыстар дауыссыз дыбыстар деп аталады. Дауыссыз дыбыстар салдыр мен үннің қатасына қарай ұяң, үнді, қатаң болады. Дауыссыз дыбыстардың жіктелуі
-
Ұяң
Үнді
Қатаң
б,в,г,ғ,д,ж,з,һ
й,л,м,н,ң,р,у
к,қ,п,с,т,ф,х,ч,ц,ш,щ
3. Берілген синонимдік қатардан артық сөзді тап: Мерзім, мезгіл, кезең, жер, уақыт.
Кезең – фонетикалық талдау жаса
Ке-зең ке – ашық буын, зең-бітеу буын. 5 дыбыс, 5 әріп.
К-дауыссыз, қатаң
Е-дауысты, жіңішке, ашық, езулік
З-дауыссыз, ұяң
Е- дауысты, жіңішке, ашық, езулік
Ң-дауыссыз, үнді
3-билет
1.Қазақстан республикасының мемлекеттік рәміздері:ту,елтаңба,әнұран.
Әнұранның сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімединов,Нұрсұлтан Назарбаев
Музыка авторы:Шәмші Қалдаяқов
Елтаңба- 1992 жылы 4 мауысымда қабылданған. Елтаңбаның авторлары -Жандарбек Мәлiбеков пен Шота Уәлиханов.
Тудың авторы: Шәкен Ниязбеков.Тудың ортасында көгілдір түс аясында бейбітшіліктің рәмізі-күн бейнеленген. Күннің төменгі жағында бостандықтың рәмізі-қыран бейнеленген. Сол жағында қазақтың дәстүрлі өрнегі бар. Елтаңба. 1.Көгілдір түс аясында елтаңбаның орта тұсында шаңырақ бейнеленген.Оның ортасындағы айқасқан белдеу әлемнің төрт бұрышының рәмізі.2.Шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап ,уықтар шаншылған.3.Оны киелі пырақтардың қанаты көмкеріп тұр.4.Елтаңбаның жоғарғы жағында жұлдыз орналасқан,ал төменгі жағында –Қазақстан деген жазуы бар.5.Елтаңбаның реңдік бейнесі алтын және көгілдір түсті.
2. Ашық буын:1) бір дауысты дыбыстан болады; 2) Дауыссыздан басталып, дауыстыға аяқталады.Тұйық буын: 1) дауысты дыбыстан басталып, дауыссыз, дыбысқа бетеді. Көбінесе бірікші буында кездеседі. Бітеу буын: ортасындағы дауыстыны екі жағынан дауыссыз дыбыс қоршаған буын. Буын түрлері:
1.Ашық буын: а)Бір дауысты дыбыстан болады,мысалы: а-ға б) дауыссыздан басталып дауыстыға аяқталады мысалыы:ба-ла
2.Тұйық буын ;Дауысты дыбыстан басталып,дауыссыз дыбысқа бітеді,мысалы:ат,өрт,ант,ет
3.Бітеу буын: Ортасындағы дауыстыны екі жақтан дауыссыз дыбыс қоршайды,мысалы:бал,бұлт,қант,жыл-дам