
Кафедра: Ішкі аурулар пропедевтикасы
Кафедра меңгерушісі: Абдраимова Э.Т.
Сырқатнама
Науқас: Курманов Ахмет Базарбаевич
Топ: 305 «А»
Факультет: Жалпы медицина
Студент: Станбекова А.Н.
Төлқұжат бөлімі
Аты –жөні: Курманов Ахмет Базарбаевич
Туылған күні: 19.04.1962 ж.
Мекен-жайы: Ауэзов ауданы, Жандосова 100
Жұмыс орны мен кәсібі: ХҚКО
Жынысы: Ер
Жасы: 52
Ауруханаға түскен күні: 10.05.2014 ж.
Диагноз: Оң жақ өкпенің төменгі бөлігінің пневмониясы. Жедел бронхит.
Науқастың ауру шағымдары
Құрғақ жөтел
Физикалық жүктеме кезіндегі ентігу
Әлсіздік
Бастың ауыруы
Бастың айналуы
Құлақта шу
АҚ түскенде н/е көтерілгенде құлақтың бітіп қалуы
Төс артында ауыру сезімі
Anamnesis morbi
Науқас өзін 6.05.2014 ж. бастап ауырғанын айтады. Ол кезд науқастың айтуы бойынша құрғақ жөтел, физикалық жүктеме кезінде ентігу, бас ауыруы мен айналуы болған. Дәрігерге көрінбеген. Өздігінен емделмеген. 10.05.2014 ж. басының ауыруы сезімі күшейе түскендіктен жедел жәрдем шақырып №7 қалалық ауруханаға, диагнозы гипертониялық криз (ауруханаға түскенде АҚ 180/100, жұмыс АҚ 130/80, температура 36,6) деп жеткізілген.
Anamnesis vitae
19.04.1962 ж. көп балалы отбасында, ауылда дүниеге келген. Бала кезінде ата-анасымен қалаға көшіп келген. Үйінің кенжеі, 5 ағасы мен 2 әпкесі бар. Физикалық және ой өрісі жағынан қалыпты дамыған, қатарластарынан қалыспаған. 7 жасынан мектепке барған. 1982-1983 ж. аралығында Армияда болған. Армиядан оралғасын жоғарғы оқу орнына түсіп, оқуын аяқтаған. 1988 ж. бастап оқыған оқуына байланысты жұмыс табылмағанннан кейін АТС-те электромонтер болып жұмыс жасаған, науқастың айтуы бойынша ол жерде қышқыл текті заттармен жұмыс істеген. Ол жерде 1993 ж. дейін жұмыс жасаған. 1994 ж. бастап ХҚКО жұмысқа орналасып қазіргі уақытқа дейін жұмыс істеуде.
Status praesens objectives
Жағдайы қанағаттанарлық. Есі анық. Қозғалысы белсенді. Дене бітімі нормостениялық, тамақтануы жақсы. Сырт келбеті жасына сәйкес. Терісі қызғылт, құрғақ,таза, бөртпелерсіз. Терісінің эластикалық қабілеті төмен. Ісінусіз. Тері асты шелмайы жақсы дамыған. Түктері бірқалыпты, симметриялы, жасы мен жынысына сәйкес. Тырнақтары қалыпты.
Көздің шырышты қабаты ал қызғылт, сулы, таза. Склерасы өзгеріссіз. Миндалиналар қалыпты. Қызыл иегі өзгеріссіз. Тістері ішінара жоқ. Тілі қалыпты, ылғалды, жұту қиындамаған.
Перифериялық лимфа түйіндері үлкеймеген, ауырмайды, пальпацияланбайды.
Сүйектері қалыпты конфигурацияда, симметриялы, қозғалысы қалыпты және ауыру сезімінсіз. Бұлшықеттер қанағаттанарлық дамыған, симметриялы, тонусы сақталған. Бойы 170 см, салмағы 75 кг.
Тыныс жүйесі
Мұрнымен дем алысы еркін. Мұрында қанау байқалмайды.
Кеуде қуысы нормостениялық, қабырғааралық анықталады. Тыныс алуда қосымша бұлшықеттердің қатысуы байқалады. Инспираторлы ентігу. Омыртқа бағанасының қисаюы байқалмайды.
Кеуде қуысы 70 см, максималды тыныс шығарғанда 64см. Кеуде қуысының экскурсиясы 6 см.
Тыныс алуы аралас типті. Тыныс алу жиілігі – минутына 27 рет. Тыныс алуы ритмикалық, орташа тереңдікті. Тыныс алуы қиын.
Пальпация
Кеуде қуысы эластикалық.
Пальпация кезінде ауыру сезімі анықталмайды. Дауыс дірілінің 9 жұп нүктесі:
1 жұп – l.medioclavicularis бойынша ІІ қабырғааралық
2 жұп – бұғана үсті
3 жұп – бұғана асты
4 жұп – l.axillaria media бойынша ІІІ қабырғааралық
5 жұп – l.axillaris media бойынша V қабырғааралық
6 жұп – жауырын асты
7 жұп – жауырын аралығының жоғарғы бұрышы
8 жұп – жауырын аралығының төменгі бұрышы
9 жұп – жауырынның төменгі бұрышы.
Дауыс дірілі өкпенің оң жақ төменгі бөлігінде күшейген.