Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Археологиялық және этнологиялық зерттеу әдістер...docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
115.51 Кб
Скачать

Шаруашылығы[өңдеу]

Шаруашылық-мәдени типінің негізі - көшпелі мал шаруашылығы. Мал өсіру, әсіресе жылқы өсіру басты рөл атқарды. Сондай-ақ қой өсіру, аң аулау, егіншілік дамыды.

Ғұндардың қол өнер кәсібі күшті дамыған (металдан, сүйек пен мүйізден, тас пен сазданағаштанкерамикадан жасалды).Сауда дамығандығын жібек маталар, айналарнефриттен істелген бұйымдар көрсетеді.Олар малдың барлық түрлерін өсірген. Ғұндардың негізгі баспанасы киіз үйлер болған. Ғұндарда бұйымының бетіне түрлі түсті заттарды жапсыру стилі пайда болды, тарихта ол полихромдық стиль деп аталған. Осы стиль Орталық Қазақстанда дамыған. Зерлеу әдісімен пайдаланды. Бұйымдарды безендіру үшін негізгі бейне жабайы аңдар болған.

Қоғамы[өңдеу]

Патриархалды-рулық қарым-қатынастардың белгілері өте күшті болған. Ғұндар 24 руға бөлінген. Олардың басында ағамандар тұрған. Ағамандар кеңесі мен халық жиналысы жұмыс істеген. Әскери тұтқындардан құралған құлдар да болған.

Жазба деректер ғұндар қоғамындағы өкімет белгісі туралы мәлімет те қалдырған. Елді шаньюй басқарған. Одан кейін түменбасылар болды. Ғұндар қоғамында мал мен жерге жеке меншіктің пайда болуы, тұрпайы бюрократтық аппараттың құрылуы, алым-салық, жазу-сызудың болуы таптық қоғам мен мемлекеттің пайда болуын туғызды.[3][4]

Ғұндардың юэчжилермен, Қытаймен, үйсіндермен, қаңлылармен қарым-қатынасы[өңдеу]

Ғұндардың юэчжи тайпасымен күресі ғұндардың жеңісімен аяқталды. Юэчжилер тек біздің заманымызға дейін 174—165 жылдары түпкілікті талқандалды. Нәтижесінде, юэчжилер Орталық Азияға шегініп, Әмударияның жоғарғы ағысына жылжиды. Ғұндарға бағынғандардың арасында үйсіндер де бар еді. Қытай жазбаларында 36-ға жуық көрші ұлыстардың бағындырылғандығы айтылған. Мөде біздің заманымызға дейін 174 жылы қайтыс болды.

Мөденің баласы Лаушан тұсында юэчжилер тасталқан болып жеңіліп, олардың бір бөлігі Жетісуды мекен етті. Жетісудағы сақтардың бір бөлігі юэчжилердің қысымынан Ферғананы басып өтіп, ПарфияБактрияға жылжып, келесі бір бөлігі АуғанстанСолтүстік Үндістанға (Кашмирге) өтіп кетеді. Үлкен юэчжилер Жетісуды 30—40 жыл шамасындай ғана иемдене алды. Кейін Жетісуды үйсіндер юэчжилерден тартып алды. Ғұндардың әскери көмегінің арқасында үйсіндер осылайша Жетісуға орналасқан болатын. Батысқа қарай ығысқан юэчжилер Бактрияны өзіне бағындырады. Олардың енді бір бөлігі үйсіндермен араласты.

Ғұндар мен Қытай арасында айырбас сауда жүріп тұрды. Бұл, әсіресе ғұндарға тиімді еді. Біздің заманымызға дейін 158 жылы шекарадағы сауда көздерін кеңейту мақсатында тәңіркұты Қытайға қарсы соғыс ашты. Біздің заманымызға дейін 152 жылы ғұндармен тағы сауда жөніндегі шартқа қол жеткізеді. Шекаралық аймақтарда сауда орындары ашылады. Сонымен қатар Гобиден оңтүстікке қарай жайылымдарды қайтарып алады.

Біздің заманымызға дейін 133 жылы ғұн-қытай соғыстарының жаңа кезеңі басталды. Бұл жолы соғысты қытайлықтар бастады. Әскери кимылдар бұрынғы ғұн аумағына ауысты. Соңғы ұрыста 90 мың ғүн әскері талқандалды. Біздің заманымызға дейін 90-жылдардағы қақтығыстарда 70 мың қытай әскері ғүн әскерін жеңе алмады. Өз күшімен ғұндарды жеңе алмайтындығына көзі жеткен Қытай билеушілері енді 20 жыл үзілістен кейін басқа көшпелі тайпаларды ғұндарға қарсы айдап салуға кірісті. Біздің заманымызға дейін 71 жылы ғұндар бағындырған елдерді өз жағына тарта бастады. Солардың қатарындаүйсін билеушісіне елші жіберіп, некелік байланыстар орнатады. Ғұндар да қарап қалмай, өз кезегінде үйсін күнбиіне (гуньмосына) бір қызын береді. Ал ғұндар мен қытайлықтар арасындағы текетірес одан әрі жалғаса берді. Ғұндар енді қытайлықтардың одақтасы — үйсіндерден кек алуға кіріседі. Үйсіндердегі қытай ханшасы император сарайына хат жолдап, үйсіндерге көмек беруін талап етеді. Қытайдың 100 мың атты әскері ғұндарға қарсы аттанады. Үйсіндердің өзі 50 мың әскер шығарады. Біріккен үйсін-қытай күштеріне қарсы тұра алмаған ғұндардың 39 мың беделді адамдары қолға түсіп, 700 мың малы жаудың қолында қалды. Бұл ғұндар үшін орны толмас ауыр соққы болды. Біздің заманымызға дейін 71 жылы үйсіндергеқарымта шабуылға шыққан ғұндарға шығыстан дунхулар, батыстан үйсіндер шабуыл жасады. Ғұндар әскері ауыр жеңіліске ұшырайды. Бүкіл малдарының тең жартысынан айырылады. Үштен бір бөлігі ұрыс алаңында қаза табады. Адамдарының 3/10 бөлігі аштан өледі. Қытай әскерлері де үш бағытта шабуылдап, мыңдаған әскерді тұтқынға түсіреді. Қытайлықтар ғұндарға қарсы көршілерін айдап салуын жалғастыра берді. Ғұндардан тартып алған жерге әскери еңбек армияларын орналастырады.

Біздің заманымызға дейін 59 жылы Қытай Батыс өңірді басқаратын орган кұрды. Енді ғұндардың өз ішінде де іріткі басталып, билікке талас туған еді. Билікке таласудан, ішкі-сыртқы дағдарыстардан Ғұн мемлекеті ыдырап, біздің заманымызға дейін 55 жылы оңтүстік және солтүстік болып екіге бөлінеді. Хуханье шаньюй бастаған оңтүстік топ — Қытаймен бейбіт қарым-қатынасорнатты. Ал Чжи-Чжи бастаған ғұндардың солтүстік бөлігі Қытайдың қысымымен батысқа ауады.

Біздің заманымыздың Ill ғасырдың бірінші жартысында Шығыс Қазақстан мен Жетісуға келген ғұн тайпалары V ғасырға дейінөмір сүрген Юэбан мемлекетін құрды. Бұрынғы солтүстік ғұндардың ұрпақтары болып саналған аталмыш мемлекет дәстүрлі тәңірқұты атағын алды.

Деректерде юэбандықтардың тілі ежелгі түрік тіліне жақын болғандығы туралы мәлімет бар

47.

48.

49.

50.

51. Бағзы халқымыз көшіп-қонып, жаз жайлау, қыс қыстауда күнелтіп жүріп, өзінің кір-қоңын, киім-кешегін, көрпе-жастығын мұнтаздай таза ұстаған. Даласы қалай таза болса, үй-іші де сондай ретті, оюлы сырмағы қағулы, түскиіз, шымылдығы жуулы тұратын. Әсіресе, халық өзі қолдан жасайтын қара сабыны кірді кетіруімен, емдік қасиетімен, үнемділігімен ерекше. Бүгіндері ұмыт болып бара жатқан бұл сабынды жасаудың өзі оңай шаруа емес. САҚАР – КҮЛДЕН ШЫҒАДЫ Бізде мұны «қара сабын» деп атайды. Қара сабынды жасаудың бірнеше кезеңі бар. Әуелі, сары күзде буыны пісіп, сабағы қатайған алаботаны бір жерге жинап өртейді. Кейініректе күнбағысты соғып алған соң, оның қапағын кептіріп, соның да күлін пайдаланатын болды. Алаботаның күлін суытып, кендір қалтаға салады. Әсіресе, кесек-кесек боп ұйыған күл қорытпасынан сақар көп шығады. Күлің қанша көп болса, сонша жақсы, себебі, төрт-бес қалта (дағар) күлден, жарты қалта сақар алынады. Қалтадағы күлді шиден жасалған шыптаның үстіне жұқа бұл жайып, айналасын кенеулеп, ойыққа төгіп, астына үлкен тегене қояды, күлдің үстінен сақылдап қайнаған суды құяды. Сол кезде күлдің сөлі, нәрі сумен бірге ағып, тегенеге жиналады. Сол суды тұнытып, астындағы тұнбасына қоспастан майланған қазанға құйып қайнату керек. Нілі сорғыған күлді ауыстырып, жаңалап, астындағы жиналған суды тұндырып, майланған қазанға дер уақытында құйып алу керек. Қарағай, қайың, тораңғы секілді бір қалыпты маздап жанатын ағаштармен қайнаған күлдің суы құрғақ сақарға айналады. Төрт-бес қазан күлдің сөлді суынан жарты қазан сақар жинауға болатынын ескерсеңіз, қыруар еңбектің жемісі арқылы келетінін бағамдай беріңіз. Мұнда ескеретін бір жайт, күнба­ғыстың яки алабо­таның күлі болса да, оның үстінен құйған сумен ағатын ащы нілі көбірек болғаны өте маңызды. Әдетте, тегенедегі күл суының түсі қызылкүрең бояуға жуық. Оны қайнату барысында, асытып-тасытпай, отты бір деңгейде жаққанда, алған сақарыңыз майда, уытты болады. Бұл өзара қоспалар арқылы ажырату әдісі. Бұрынғы апаларымыз күз келсе болды, алаботаны өртеп, неғұрлым көбірек сақар жинауға ұмтылатын. Себебі, алған сақары бір жыл бойы сабын жасауға жетуі керек. Сақар – сабын құрамының негізгі қоспасы. Сақар алу барысы бір күннің шаруасы емес. Бір қазанмен қайнатар болсаңыз, үш-төрт күн қатарынан нілді суды қайнатқанда, үлкен бір әулеттің бір жылдық сабынына қажетті қоспаны даярлай аласыз. Мұны үш-төрт түтін бірігіп, бірге алабота өртеп, күлдің нілін ағызып, одан сақар жасап та жатады. Есесіне, үш-төрт жерошаққа қара қазан асып, сақарды да көбірек алуға тырысады. Сақардың сабын жасаудан бөлек, өзіндік емдік істерге қолдануға тұрарлық қасиеттері де жетерлік. Соның бірі – әртүрлі ауруға шалдыққан малдарды емдеуге жарамдылығы. Әсіресе, бақана, аусылмен ауырған малдардың тілін, аша тұяғын осы сақармен емдеп, тұяқтарын сақарлы суға малып, жазып алатын бұрындары.

ҚАРА ҚАЗАН ҚАЙНАҒАН Біз сабынға қажетті ең негізгі қоспаны алуды үйрендік делік, енді сабынды қалай жа­сауға болатынын айталық. Ауыл-аймақта сабын жасау үрдісі үш-төрт ақ жаулықтыға ғана бұйыратыны бар. Өйткені, сабынды көрінген адам қайната алмайды. Мұнда халқымыздың түсінігінше, сабыны дұрыс қайнамаса, тасып-төгіліп кетсе, дұрыс жасалынбаса, сабын қай­натқан адамның жолы ауыр болады деп пайым­­даған. Жақсылыққа жорымаған. Мұн­дай кезде сабын жасайтын адам қазан маңына бөгде кісіні жолатпаған. Көбінесе, оңаша, қалтарыс жерде қасындағы от жағып, ошақ­тың күлін төгіп, қолғабыс ететін адамнан басқаларға қазанға қарауға рұқсат бермейді. Бұл – ырым. Оны бұлжытпай орындау өте маңызды. Алдымен, ішіңізден «бісімілләны» айтып, Алладан игілікке істетуін сұрайсыз жасар жұмысыңызды. Әбден тазалап жуыл­ған, майланған қазанға бір кесе сақар сал­саңыз, оның үстіне дәл сол кесемен қойдың немесе басқа малдың екі кесе майын қосасыз. Бұл жерде қандай малдың немесе ненің ма­йын қосуыңызға байланысты өзара теңшемелі бұл өлшем өзгеруі де мүмкін. Қазаныңыз үлкен болса, үш-төрт кесе сақар салып, соған сай май құясыз да, еппен қайната бастайсыз. Қазаныңыз қайнаған сайын оны арнайы ағаштан жасалған қалақшаңызбен үзбей араластырып отырыңыз. Бұл күймей, барлығы бір қалыпта қайнау үшін қажет шара. Қазан үш рет қайнайды. Әр рет қайнаған сайын, бетіне суық су бүркіп, ожаумен аздап құйып отырасыз. Үшінші рет қазаныңыз тасыған соң барып, қазандағы араласпаңыз сабын болды деуіңізге болады. Бір қазан сабынды ыстық күйінде сабынға бөлудің де өз жөні бар. Егер жасаған сабыныңыз көп болса, үлкен сабыннан екі-үшеуін домалақтап, арнайы матаға әдемілеп орау ләзім. Мұндай сабындар көбінесе кір-қоң жууға арналады. Жалпы, сабынды көптігіне қарай, үшке, беске, жетіге бөледі. Тақ санға бөлудің де өзіндік мән-ма­ңызы бар екендігі анық. Кейде сабын әбден даяр болғанда оның ішіне жуылған, майдалап түтілген жүнді қосып жатады. Бұл жыл бойы істету үшін домалақтап жасаған сабыныңыз бөлініп кетпес үшін қолданатын амал.

БҰЗАУШЫҚ Сабын жасаған күн отбасы үшін үлкен мереке сынды. Бұл өзі михнаты көп жұмыс бол­ғандықтан әрі кім көрінген жасай бер­мейтіндіктен, ауыл жұртшылығы кім сабын жасаса соған сәлем айта келіп, сабын қалап-сұрайтыны бар. Қазандағы сабынды үлкен шүберектерге әртүрлі деңгейде ораған соң, қазанның түбінде қалған азырақ бөлігін кішкентай ғып, әдемілеп домалақтап, бала­ларға сақтайды. Мұны бұзаушық деп атайды. Бұзаушық баланы шомылдырғанда істетіледі. Мынау сенің бұзаушығың деп, қыз балаларға меншіктеп беретін де дәстүр болған. Кейде көрші-қолаңның келіндері қасына жас баласын ертіп келетіндіктен, баласына арнайы бұзаушық жасап та беретін болған. Ауыл-аймақ сабын сұрап келсе, өзінен артылғанын беру дағдылы іс. Бірақ үлкен сабынды ортасынан бөліп, жартысын беру дәстүрі жоқ. Ондай кезде сабыннан берекет, үйден құт кетеді деп ырымдайды.

52. Еліміздің тарихы қоғамдық - экономикалық формация - алғашқы қауымдық құрылыстан басталады. Белгілі бір әлеуметтік-экономикалық формацияның дамуына байланысты бірнеше жүйелі кезеңнен өтті. Олардың негізгі еңбегі еңбек құралдарын жетілдіру мен оған байланысты еңбек өнімділігінің, материалдық және рухани мәдениеттің өсуі болып табылады. Көне тас ғасырының дәуірі - адам мен оның шаруашылығының қалыптасу мезгілі өнідіргіш күштің төменгі деңгейімен сипаталады. Бұл дәуірдің ерекшелігі адамдар дайын тұрған табиғаттың сыйын пайдаланды: барлық жабайы аңдарды, балықтарды аулады, жеміс жидектер жинады. Бүның бәрі еңбекке жатады бірақ, ежелгі адамдар өздері ұдайы өндіре алмады. Сондықтан адамдар ұжымының өмірі сыртқы табиғи және ауа-райы жағдайларына, тапқан ол жанның молшылығына немесе жеткіліксіздігіне, ашаршылық пен өлім-жетім кезеңімен алмасып тұратын кездейсоқ сәттілікке тәуелді болды. Ежелгі адамдардың өмір сүру үшін қолайлы аудандардың бірі Қаратау жотасы болған. Ол кезеңдері Қазақстанның кең байтақ жерлерінде адамдар саны өте аз болды және баяу өсті. Жаңа тас ғасыры (неолит) тас өңдеу техникасының әбден кеміген кезі және жабайы аңдарды аулау ісін барынша жеңілдеткен садақ пен жебені ойлап табудан басталады. Дайын өнімдерді жинап теру мен аң, балық аулаудың орнына өндіруші шаруашылықтың, мал шаруашылығы мен егін шаруашылығының пайда болуы. Бұл егін шаруашылығы мен мал шаруашылығы сол дәуірдің аса маңызды белгісі болып табылады. Шаруашылықтың жаңа түрлерінің пайда болуы адамзат қоғамының дамуы үшін үлкен маңызға ие болды. Адамның еңбек іс-әрекетінің ауқымын кеңейтті және сондай-ақ оның сипатын сапа жағынан өзгертті. Адамдардың экономикалық қызметінің барлық көп жылдық тарихы, осы екі шаруашылықты дамытуда. Неолит дәуірінде адамдар тас құралдарын пайдалана отырып азық қорын жинады. және аңшылық тұрмыс қалпынан жануарларды қолға үйретті. Малды қолға үйрету мен өсіру азық-түлік ет, май, сүт түрінде тұрақты көзін жасау, сондай-ақ киім-кешек пен аяқ-киім үшін тері мен жүн алуға мүмкіндік берді. Кейінірек адамдар егіншілікпен айналысты, егін шаруашылығы адамдарды өсімдік тағамдарының қорымен қамтамасыз етті. Осылайша, көне тас ғасыры дәуірі қарпайым шаруашылық қызметімен сипатталған болса, яғни табиғаттың дайын өнімдерін тұтынумен шектелген болса, неолит кезеңінде шаруашылықтың екі жаңа түрі дамыды. Мал шаруашылығы мен егін шаруашылығы, яғни өндіруші шаруашылық пайда болды. Алғашқы қауым халқының өндіргіш күштерді дамытудағы неолит дәуірі тұсында қол жеткен деңгейі басқа да мәдениет - тұрмыстың жаңалықтардың ашылуына ықпалын тигізді. Сол кезеңнен бастап тау-кен ісі мен тоқымашылықпен айналысты, олар керамикалық ыдыстар шығарудың да сырын білген. Ұжымдық еңбек пен өндіріс құралдарына қоғамдық меншіктің үстемдік жасап тұрған кезеңі болды. Сонымен бірге ол қоғамды ұйымдастырудың бұрынғыдан да жоғары түрлері: тайпалар мен тайпалық бірлестігі құрылған. “Қазақ даласының негізгі халқы қола дәуірінде “андроновтың мәдениетін” таратушылар еді. Бұл мәдениет шамамен 8-9 ғасыр бойына созылды. Андроновтықтар отырықшы елді мекендерде өмір сүрді, бидай, тары және басқа да дәнді дақылдар екті оны тас кетпенмен өндірді. Егін шаруашылығы тағамның азықтар өндірудің аса маңызды көзі болды, бірақ өзінің сипатына қарай қарапайым болып қала берді және мал шаруашылығымен салыстырғанда қосымша рольді атқарды. Андроновтықтар кезеңінде отырықшылықтың өзінің ерекшеліктері мен кемшіліктері болды. Малды күнде кешкісін сауу үшін және басқа адамдар ұрлап кетпес үшін ауылға қайта айдап келіп отырған, мұндай жағдайда жайылымды жерді шектеді, ол жайылым жерлер тез арада тапталып осының арқасында тұрғындар елді мекендерін тастап, әр мезгіл сайын жаңа жерлерге көшіп отыруға мәжбүр болды. Уақыт өте келе мал шаруашылығының жаңа түрі табынды мал шаруашылығы пайда болды. Табынды мал шаруашылығы даланы игерудің барынша тиімді тәсіліне - көшпелі шаруашылыққа өтудің кезекті санына айналды. Алдымен көшу мезгіл сайын, маусымды болды, кейіннен мал шаруашылығын жүргізудің негізгі түріне айналды. Көшіп қону жыл бойы маусымды жайлымдарды пайдаланды. Адамдар үй тіршілігіне қажетті іс-әрекеттің бәрін де жасай берген жіп иіру, тоқу, теріні өңдеу, киім-кешек пен аяқ киімді, бәрін де игерген. Матаға қажетті жіпті мал жүнінен иірген. Ол кезде тоқыма станогі де, ұршық та белгілі болған. Осылайша, көшпелі мал шаруашылығы - қоғамның өндіргіш күштерінің дамуында ілгері қадам басу болды

53. Қазақстандағы поляк ұлтының саны жүзжылдықтармен есептеледi, және олар тамырын тереңге жайып, ˜өзiндiк қолтаңбасын қазақ ˜лкесiне айшыћтап кеттi.  1246 жылы поляк жиһангезі әрі монах Бенедикттің ителиан Джованний Карпинимен монғол империясына сапары кезінде Орталық  Азияны басып, қазіргі орталық, шығыс Қазақстан жеріне саяхат жасағанын мұрағат деректері дәлелдейді. Тарихшылардың айтуына қарағанда, атақты Марко Поло Ұлы далаға одан 25 жыл кейін келген. Сол себептен де Бенеддикт пен Джовванний қазақ өлкесіне табаны тұңғыш тиген Еуропалық жиһангездер деп есептелінеді. Бенеддикт пен Карпини қазіргі заманғы қазақтардың арғы ата-бабаларының — орталық  Азияның көшпенді халықтарының сара сүрлеулі салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын айғақтайтын көптеген тарихи құнды жазбалар қалдырған.

ХIХ ғасырдың 30 жылдары Қазақстан аумағына Патшалық Ресейден азаттық жолында билік диктатурасына қарсы болған саяси күрескерлер жер аударылды.

Солардың бірі — туған өлкемізге өшпейтін ізін қалдырып кеткен поляк перзенті Адольф Янушкевич. «Саяси қылмыскер» ретінде Сібірге жер ауып келген ауыр тағдыр иесі А.Янушкевич 1846 жылы қазақ даласын аралауға шығады. Бұл жерде оның өмірбаянына толық тоқталуға орын тар және де оқырман бұл жөнінде белгілі әдебиетші ғалым Ф.И.Стеклованың «А.Янушкевич және оның кітабы» деген алғысөз есебінде жазылған көлемді зерттеу мақаласы арқылы таныс болар.

Біз сөз еткелі отырған қазақ тарихы, мәдениеті мен әдебиеті үшін қымбат жәдігер А.Янушкевичтің «Күнделіктер мен хаттар» (Қазақ даласына жасалған саяхат туралы жазбалар) атты кітабы 1861 жылы Парижде поляк тілінде басылған. Арада ғасырдан астам уақыт өткенде 1966 жылы Алматыдағы «Қазақстан» баспасы орыс тіліндегі аудармасын (аудармашы филология ғылымының кандидаты, доцент Ф.И.Стеклова) жариялайды. Ал, 1979 жылы Алматының «Жалын» баспасы жазушы Мұқаш Сәрсекеевтің аудармасымен қазақ тілінде жарыққа шығарды. Елу үш жыл өмірінің ширек ғасырын айдауда өткізген қайсар жанның (Адольф 1856 жылдың шілдесінде туған үйіне оралып, меңдеген өкпе ауруынан көп ұзамай қайтыс болады) ғажайып қажыр-қайратына еріксіз қайран қаласың.

А.Янушкевич 1841 жылдың күзінен «қырғыз(қазақ­­ ­­­­— О.Ә ­­­­) правосы жобасын түзу жөніндегі» комитеттің хатшысы бола жүріп, біршама қазақ тілін де үйренеді.

А.Янушкевичтің қазақ даласына саяхаты 1846 жылдың мамыр айының басынан осы жылдың қазан айының ортасына дейін созылған. Омбыдан Семейге аттанарда 8 мамыр күні анасына жолдаған хатында «…әлі күнге дейін бірде-бір поляктың табаны тимеген таулардың шыңына көтерілмекпін», — деп жазады ол. Саяхат кезінде көрген-білгендерін, естігендерінің керектісін хатқа түсіре берген. Хаттар мен күнделіктер жөнінде сыр шертпестен бұрын, саяхат маршруты жөнінде айта кетейік.

А.Янушкевич және оның жақын досы В.Ивашкевич құрамына енген генерал Вишневский басқарған экспедиция Омбыдан шығып Семейге мамырдың 14-інде келеді. Экспедицияның жол сызбасын қысқаша былай сипаттауға болады. Семейден шыққан топ оңтүстік — шығыс бағытты бетке ұстап, Арқат, Әлжан, Ақадыр тауларын басып өтіп 28 мамырда Аякөзге жетеді. Бұл арада олар Көкпектіден шыққан генерал Вишневскийді тосады. Аягөзде оншақты күн аялдайды да, 13 маусым күні жолға шығып Шыңғожаға барып қонады. Одан әрі Лепсі арқылы Жетісу жерін аралап, Алатау баурайына дейін сапар шегіп, қайтар жолда Тарбағатайға қарай ойысады. Одан соң қайтадан Балқашқа қарай құлдилайды. Арғысы Шыңғыстау, Ақбастау, Тұлпар, Көкшетау таулары арқылы Тоқырау, Түндік өзендерін бойлай, Қызыларай, Берікқара тауларын бөктерлей Қарқаралыға жетеді. «Қонғаны ауылымның Талды-ау деймін»,— деп Мәди ақын әнге қосқан Талдының суына шомылады. Қайтар жол — Омбы.

Сонымен бүгінгі әкімшілік бөлініспен сипаттасақ, экспедиция жүріп өткен жол республикамыздың Шығыс, Оңтүстік, Орталық аудандарының біраз жерін қамтиды. Экспедиция почта жолымен де, сүрлеу жолмен де жүрген. Саяхат маршруты толық күйінде Қазақстан картасына әлі түсірілген жоқ. Осы игі іске талпыныс жасаған ғалым Ф.И.Стеклованың алдынан көптеген кедергілер мен қиындықтар кезікті. Ол — заңды да еді. Өйткені, А.Янушкевич кезінде көп деректерді тілмаштар арқылы жазып алған. Қазақ тілін жетік білмейтін адам қайтсе қате жібереді. Бұл жайт оның туған тілінде жазған кітабына да ортақ. Орыс тіліндегі аудармасында да автордан, аудармашыдан, корректурадан кеткен қателіктер мол. Тіпті қазақ тіліндегі Мұқаш Сәрсекеев аудармасы да солай. Бұл неге — олай? Оның басты себебі — бұл жолжазба деректі (көркем шығарма емес) кітапты саяхат өткен өлкенің арғы-бергі тарихын жетік білетін, көкірегі көмбелі адамның аударғаны жөн еді. Кітапта жер, су, ру, болыс, кісі аттарында кездесетін ақаулар аз емес. Оның ұзын-сонар тізбесін бұл араға тықпаламай ақ қояйық. Оған кітапты оқыған жанның өз көзі де жетеді.

Әйтсе де, келешектен үмітсіз емеспіз. «Күнделіктер мен хаттардың» ақаусыз аудармасы да жасалар, саяхат жолы да картаға түсер. Бұл — болашақтың еншісінде. Осы ғасырдың басында Аягөздік этнограф— жазушы Ғабит Зұлқаровтың тәржімалауымен «Күнделіктер мен хаттар» қазақ тілінде шығыпты. Оның аударма дәрежесі және тарихи дәлдігі қаншалықты екенін білмеймін, ол қолыма әлі түскен жоқ.

Бірден айту шарт — А.Янушкевичтің еңбегі қазақ халқы тарихының белесті бір кезеңінен құнды да қызықты деректер береді. Жүз алпыс жылға жуық тарихы бар поляк-қазақ рухани, мәдени-әдеби тарихының байланысының көш бастаушысы, алғашқы қарлығашы — осы кітап.Сонысымен де ол бізге қымбат.

А.Мицкевич, В.Ивашкевич, А.Одоевский, Г.Зелинский, А.Янушкевич бұлар — рухани тағдырлас, бағыттас, замандас поляк ұлтының озық ойлы өкілдері. Бұлардың ішінде В.Ивашкевич — Адольфтің қазақ даласын бірге шарлаған жан досы, Г.Зелинский — «Қазақ» және «Дала» поэмаларының авторы. Зелинский «Дала» поэмасында қазақ дадасын былайша сипаттайды: «Сен даланы көрдің бе? Оны көктеменің таңында күнгейден ескен жанға жайлы ақ самал аймалайды. Ал, топыраққа жасырынған көк өскін мамырдың майда демін қағып алып, бірден жұтып, жер — ананың солғын тартқан ұясын жастықтың жасыл желегімен жабады. Егер де сен осыны көрген болсаң, өзіңді мынау таңғажайып дүниеге әкелгендер үшін өр кеудеңді еңкейтіп, басыңды ій оған».

Жоғарыда айттық, саяхат 1846 жылы өткендігін. Ал, 1979 жылы шыққан қазақша басылымның 19-бетінде «1848 жылдың 8 майы» болып көпе-көрнеу қате басылған.

(Алда келтірілетін дәйектемелерді А.Янушкевичтің 1979 жылғы қазақша басылымынан алғандығымызды ескертеміз.)

Саяхат экспедициясының алдына қойылған негізгі мақсат — кітаптың 65-бетінде «Қазір соңғы елшілік нәтижесінде Үкімет үйсіндердің жаппай тілегіне ілтифат білдіріп, шекаралық бастықтың Ақсу жағасындағы конгреске баруына, бүкіл өлкені Россия қол астына кіргізуге бұйрық берді. Өлкеде орта ордадағыларға ұқсас әкімшілік құруға уәде беріп, Россияға деген игі ниетті көңілі үшін сый құрмет көрсетуге, ең басты ру басыларына бес алтын медальді бөліп беруге, олардың ішінде ықпалы мен салмағы жағынан ең атақтысы Әлиге подполковник атағының дипломын тапсыруға шешім қабылдады», — деп түйінделеді. Біздің бұған қосарымыз, экспедиция Кенесары Қасымовтың қозғалысына байланысты да жіберілген болар.

А.Янушкевич Семейде болған күндерінде қала туралы мол мағлұмат береді. Оның баяндауынша қалада 7000-ға жуық тұрғын бар, көбі татарлар, сарттар. Мешіт алты-жеті, шіркеу біреу. Қазақ тілі барлық жерде дерлік қолданылады. Тіпті қаладағы ресейліктердің тең жартысы бұл тілде еркін сөйлейтіндігін атап жазыпты. Семейдің Сібір мен Орта Азияны байланыстыратын айырбас сауда үшін маңызды керуен жолы торабы екендігіне тоқталған. Округ орталығы Аягөзден алған әсерлерін де тартымды жеткізген.

Әдебиетті қатты сүйетін ақынжанды адам табиғат суретін беруге де төселген, жорға. Мейлі ол Тарбағатай, Алатау, Шыңғыстау, Ақбастау, Тұлпар, Қарқаралы, Қу тауларын, немесе Ертіс, Шар, Аягөз, Іле, Шынжырлы, Құр, Түндік, Талды т.б. өзендерді көргендегі сезім күйін өзінше түйсініп, өзінше бейнелеген.

Сұлтандардың ата-тегі, қазақтың шығуы, Шыңғыс хан, Абылай туралы аңыз-шыны аралас әфсаналарды да автор қаға беріс қалдырмаған.

Қазақтың салт-дәстүрлері құда күту, өлік шығару, саятшылық, баксылық, наным-сенім, ырымдарының өз көзімен көргендері мен естігендерін хатқа түсіруді ұмытпаған.

Аягөздегі аға сұлтан сайлауы мен Ұлы Орданың Ойжайлауындағы (Шұбарағаш) конгресті майын тамыза суреттейді. Иә, бұл — мереке ғана емес, тарихи маңызы болған оқиға 1846 жылы 3-шілде күні болған екен. Ұлы Орданың (Ұлы жүз) Россияға қосылу салтанаты жасалған Ойжайлауға арада тура он жыл өткен соң, Ш. Уәлиханов келген. Бұл сапары жөнінде Шоқан өзінің «Жоңғар барлауы» еңбегінде былай деген: «Менің қырғыз жұртшылығымен таныса бастағаным 1856 жылдан былай қарай».  1855 жылы қырғыздың ұлы манабы Боранбай өзіне бағынатын рулармен орыс патшалығына қарады. Қырғыз халқының сұрауы бойынша 1856 жылы полковник Хоментовский бастаған 1-экспедиция  сапарға шықты. Оның мақсаты — қырғыз халқымен жақынырақ танысып, олардың жерін картаға түсіру еді. Мен осы экспедицияға қатысып, Боранбай ауылында болдым».

Бұғы руынан шыққан осы адам туралы А.Янушкевич Аягөзден 1846 жылғы 7-шілде күні Омбыға П.Цеплинскийге жазған хатында: «Бұл халықтың меншікті аты — қырғыз, Манаптардың бірі Боранбай жуырда Ресейдің өздеріне бақылау жасауын өтініп, хат жолдады»,— депті.

А.Янушкевичтің кітабы — 19 ғасырдың 1 жартысындағы қазақ даласы өмірінің тыныс-тіршілігінен мол хабар беретін құнды жәдігер. Құнанбай Өскенбайұлы туралы алғашқы деректерді осы кітаптан табамыз.

А.Янушкевич кітабынан 249 бетінде «Құсбек Жанай ақын туралы әңгіме қозғады. Ол жыр жырлап, түйе де, қымбат сыйлықтар да жинап алыпты.Садыр-Матайларда онымен айтысатын тағы да бір ірі ақын болған екен…» — дейді. Атақты айтыс ақыны үлкен шежіреші, марқұм Қалихан Алтынбаев 1980 жылдары «Семей таңы» газетінде жарияланған «Жанай ақын кім?» деген мақаласында осы кісіні Найманның Жанай руынан шыққан Кеншімбай ақын (Сыр бойының Кеншімбайы емес) деген түсінік береді. Осы Кеншімбай Тана мырза, Тезек төремен еріп, Жетісудағы конгреске қатысқан. 203-бетте «Тілмаштар маған Жанақ  туралы әңгіме айтып келді. Ол бұл өңірге аты жайылған жыршы-әнші екен, жуырда қайтыс болыпты», — деген жолдар бар. А.Янушкевич бұл деректі 1848 жылғы 19 күні жазып отыр. Демек, Ш.Уәлиханов ерекше бағалаған жырау-ақын Жанақ Сағындықұлы 1848 жылы қайтыс болғаны тарихи шындық. Ал қазіргі 1850 жылы қайтыс болды деген сөз жорамалмен айтылған жаңсақ пікір. Жанақ ақын А.Янушкевич аралаған Қарқаралы уезінің Қарауыл- Қамбар болысының тумасы екенін ұмытпайық. Осы арада еріксіз ойға оралады: поляк перзенті А.Янушкевич пен үлкен жырау Жанақ Сағындықұлына Семей, Қарқаралы қалаларының бір-бір көшесінің атауын берсек, олар бұған әбден лайық.

Осы Қарауыл-Қамбар болысын аралаған сапарында А.Янушкевич Жапалақ батыр Қошқарұлымен кездескенін жазады. Жапалақ батырдың бейіті қазіргі Қарқаралы ауданының жерінде.

Сондай-ақ, саяхатшы Тарақты руының болысы Бақтыбай Дайырбаевпен Ақбастауда танысады. Тоқырауын бойы Қызыларай жағында Қорсан-Керней болысы Есберген Садырбайұлымен, Әлтеке-Сарым руының болысы би Жанғұтты Ботантайұлымен (Абайға сынақ жасап, бата берген Жанғұтты шешен осы кісі), Айбике-Шаншар болысы Алшынбай Тіленшіұлымен Қарқаралыда, ал Қу тауында осы болыстың правителі, ұлы күйші Тәттімбет Қазанғапұлымен, ең соңында Байбөрі (Қыдыралы, Кедей, Жағалбайлы  руларынан құралған) болысы Алдаберген Еділбайұлымен (Шаһкерім қажының нағашысы) кездеседі.

Бұл сапарда саяхатшы Бөкейхан (Ә.Бөкейхановтың ұлы атасы) ұрпақтары Рүстем, Ғази, Жамантай, Құсбек, Батырмен, Мәмбетей Тобықты руын билеген Шалғынбай төре Біралиндермен де дәмдес болып, әңгімелерін тыңдайды.

Сөзімізді түйіндей келе, Адольф Янушкевичтің бұл кітабы өткен тарихтан көл-көсір мағлұмат беретін, аңыз емес ақиқатқа құрылған, таптырмайтын ғылыми жазба, саяхат жемісі. Бізге Янушкевичтің еңбегі сонысымен де қымбат.

54.Еуропоцентризм

55.

59. Арминий (Vambery) Вамбери (Герман) (13.3.1832 — 15.9.1913) — венгр түркітанушысы, этнограф, саяхатшы. 20-дан астам Еуропа және шығыс тілдерін меңгерген. Вамбери 1863 ж. мұсылман қажы кейпінде Ираннан Орталық Азияға саяхат жасады. Бұл сапары туралы жазған еңбектерінде (“Орталық Азияға саяхат”, 1865; “Ежелгі заманнан бүгінге дейінгі Бұхара немесе Транссаксония тарихы”, 1873, т.б.) Вамбери 19 ғ-дың 60-жылдарындағы Орталық Азия халықтарының тұрмысы, мәдениеті, тарихы, экономикасы, сол өңірдің география жағдайы жөнінде құнды мәліметтер берген. Вамберидің шағатайұйғыр тілдері, түрік-татар және финн-угор лексикографиясы жайында жазған шығармаларының ғылыми құндылығы жоғары бағаланады.  ОРТА АЗИЯҒА САЯХАТ  А. Вамбери.  Мен Венгрияда, Дуна-Сцердахели елді мекенінде, Петербург комитетінде, 1832 жылы тудым. Шет тілдерді үйренуге деген құлшынысымның арқасында, мен сонау балалық шағымда-ақ, бірнеше еуропалық және азиялық тілдерді үйренген едім. Басында, мені Шығыс пен Батыстың тарихы қызықтыратын-ды, осының нәтижесінде, тілдердің арақатынасына да көңіл аудара бастадым, және сондықтан, “nose te ipsum” деген сөзді ұстанып, ана тілімнің басқа тілдермен туыстығы мен шыққан тегін анықтауға кірісуім, аса таңырқаушылық туындамайтын сияқты.

60.Ер киімі Ер адамның сырт киімдері

Аба – киім сыртынан киетін жамылғыш.

Қамзол – жеңсіз жеңіл киім.

Бешпет – тік жағалы, ұзындығы тізерлікке жететін, астарлап тігілген жеңіл киім.

Шалбар (аяққап) – қой терісінен не матадан тігілген, балағы аяқ басына жететін, бұтқа киетін киім. Тігілу үлгілері мен материалдарына байланысты түрі көп. Мысыла: түймелі шалбар, тері шалбар, жарғақ шалбар, елтірі шалбар, қырықпа шалбар, қап шалбар, сырма шалбар, сал шалбар.

Сым – 1. Екі балағына белдіктен төмен, ені екі елідей жіңішке сым тартылып теріден тігілген ертедегі шалбардың бір түрі. 2. Матадан тігілген шалбар.

Сақсыр – тар балақты, жұмсақ материалдан тігілген шалбар.

Кеудеше – жас түйенің иірілген жүнінен не түбіттен тоқылған жағасыз, жеңсіз тоқыма.

Қаттау – қалың кездемеден тігілген кеудеше.

Кебенек – күзем жүнінен сұрыпталып, жаңа басылған киізден бітеу тігілген, боранда, жауын-шашында киетін сырт киім.

Күме – арасына түйе, қой жүнін салып, шүберекпен астарлап, тыстап, сырып тігілген жылы киім.

Жадағай – астарсыз не жұқалап қой жүні салып астарланған жеңіл сырт киім. Далбағай, далбай, жолбай деп те аталады.

Шапан – астарына жүн не мақта салып сырып тігілген не астырсыз сырт киім.

Желең – кең, жеңіл жұқа шапан.

Қара шапан – жібектен өзге матадан тігілген шапан.

Қаптал шапан – жұқа, сырмалы, жағасыз, етек ұзындығы тізеге, кейде одан да төмен түсетін шапан.

Күпсер – қаптал шапанның бір түрі.

Күмпей шапан – арасына түтілген түйе жүні қалың салынып сырылған, сырау аралығы күмпиіп тұратын шапан.

Қималы шапан – қынама шапан.

Шеге шапан – мақұлдасуға келген жаушыға кигізетін шапан.

Шапанша – кішкене жеңіл шапан.

Шекпен – жүннен иіріліп, өрмекпен тоқылған сырт киім.

Бозшекпен – боз түйе жүнінен тоқылып тігілген шекпен.

Биязды шекпен – түйе жүнінен түйін қосып тоқылған шекпен.

Шидем шекпен – түйе жүнінен тоқылып астарланған, сырылып тігілген шекпен.

Има (име) шекпен – биязды жүннен сәндеп тоқылған жеңіл шекпен.

Қаптама шекпен – сырты тысталған қалың киім.

Мая жүн шекпен – мая (түйе) жүнінен тоқылған, жауын-шашында киетін ұзын сырт киім.

Ішік – іш жағына аңның, малдың терісі салынып, сыртқы жағы бағалы матамен тысталған жылы сырт киім. Ішік түрлері: түлкі ішік, қасқыр ішік, күзен ішік, құндыз ішік, бұлғын ішік, жанат ішік, қоян ішік, пұшпақ ішік, зерлі ішік.

Қамқап – қамқа терісінен істелген аса бағалы ішік.

Тайжақы – құлын, тай терісінен иленіп, астарланған, көктемде, күзде киетін ішік.

Тон – иленген қой терісінен, жүнін ішіне қаратып тіккен жылы қалың сырт киім. Тонның түрлері: жабағы тон, бүрмелі тон, қаптал тон, жарғақ тон, былғары тон, тұлып тон, шолақ тон, зерлі тон, қырықпа тон, іштік тон.

Іліктон – құдалыққа барғанда сыйға тартылатын әдемі тон.

Шентон – лауазымдылық киім, мундир.

Оқалы тон – оқа, түйме тағылған, сыйға тартылатын әдемі тон.

Күпі – 1. арасына жүн салып, тысталып тігілген қыстық сырт киім. 2. матамен тысталған тері тон.

Күрте – былғарыдан не арасына мақта салып, матадан тігілген жылы сырт киім.

Сырма – арасына жүн не мақта салып немесе жай сырып тігілген сырт киім.

Мәллә - басқы, диуаналардың ұзын сырт киімі.

Жеңде – бақсылар мен серілердің түрлі түсті кездемені қарап, әшекейлеп тіккен сырт киім.

Шалма – түйе жүнінен не түбіттен тоқылған, мойынға салатын орамал.

Шобыт – ескі-құсқы киімдер.

 

БАТЫРЛАР КИІМІ

Бадана – темір торлы сауыт.

Торғауыт – сауыттың бір түрі.

Аймауыт – жиі торлы сауыт.

Ақкөбе- сауыттың көп түймелі түрі.

Көбе – қалың темір қаптама.

Берен – болаттан жасалған сауыт.

Ақсауыт – берік сымнан көз-көз етіп тоқылған сауыт.

Пыран – сауыттың сәнді және берік түрі.

Дулыға – темірден, жезден жасалған қылыш кеспес, найза, садақ оғы өтпес бас киім.

Жыға – төбесі үшкір, маңдай алды қабақ-қасқа түскен, желке жағына мойынды айнала 1-1,5 қарыстай шынжырлы бау тағылған, соғыста киетін бас киім.

 

БЕЛБЕУЛЕР

Дембет белбеу – күмістелген, күміс жапқан белдік.

Күдері белбеу – жұмсақ иленген бұлан не бұғы терісінен жасалған белдік.

Кісе белбеу – 1. адамның әлеуметтік дәрежесін танытатын сәндік белбеу. 2. қару-жарақ ілінетін белдіктің ең көне түрі.

Кемер белбеу – бетіне алтын не күмістен өрнекті жапсырма бекітілген, ішік, тон, шапан сыртынан буынатын жалпақ сәнді былғары белбеу.

Көнте – қон теріден жасалған қалың, жалпақ белдік.

 ерлер бас киімі: шыткепеш (құстаңдай, қолкесте, бізкесте түрлері бар), үшкүлдіржекейжапетертақия (зерлі, үкілі, оқалы, сырма, шошақ төбе, тікше, қатипа, т.б.), құлақшын, бөрік, жалбағай, қалпаққұлақты тымақкүлапарақырпу (іштік бөрік); Ер адамның бас киімдері

Тақия – кестелеп, сырып тігілген дөңгелек жеңіл бас киім.

Пәс- шашақты биік тақия.

Топы – жан-жағы тік, төбесі жайпақ тақия.

Тебетей- тамық, бөрік ішінен киетін дөңгелек жұқа тақия.

Телпек – төбеге ғана киетін тақия тәрізді бас киім.

Күләпәрә - мауыттан, шұғадан, шидемнен тігілген, басты шаңнан қорғау үшін жазда не жаңбыр мен қардан сақтану үшін, қыста тамықтың сыртынан киетін жеңіл бас киімнің бір түрі.

Бөрік – елтіріден, аң терісінен істелген жиегіне жұрын жүргізген, матамен тысталған, құлақсыз дөңгелек бас киім. Жаздық, қыстық түрлері бар. Жаздығы жеңіл, қыстығы қалың астарлы. Тігілген материалдарымен тігілу үлгілеріне қарай бөріктің атауы көп. Мысалы: жекей бөрік, қама бөрік, құндық бөрік, үкілі бөрік, тік бөрік, шоқты бөрік, нар өркеш бөрік, қазақы бөрік, ноғай бөрік, шеркеш бөрік.

Жапатай – бас киімнің бір түрі.

Құлақшын – аң терісінен, елтіріден тігілген, құлақты жауып тұрар бөлігі бар жылы бас киім.

Малақай – құлақшынның бір түрі.

Қалпақ – ақ қозының кузем жүнінен түбіт араластырылып басқан, жұқа киізден тігілген жаздық бас киім. Ақ қалпақ, айыр қалпақ түрлері бар.

Тымақ – аң терісінен жасалған, суықта киетін, мойынды, құлақты жауып тұратын бөлігі бар жылы, қалың бас киім. Тымықтың түрлері: барыс тымақ, қарсақ тымақ, қайырма тымақ, далбай тымақ т.с.с.

Делегей – қыста қардан, жауын-шашыннан қорғану үшін құлақшынның, тымақтың сыртынан киетін жамылғыш бас киім.

Жалғабай (далғабай ) – екі жаны мен артқы етегі тұтас, иық пен желкені жауып тұратын тымақ тәріздендіріп қалың матадан, жұқа ақ киізден тігілген бас киім.

Шалма – ендей кездемеден жасалған, басқа орайтын бас киім.

Дастар – қымбат матадан орап жасалған арнайы бас киім.

Сәлде – мұсылман дінбасыларының басқа орайтын салмасы. Үш кез ақ матадан қабаттай орап жасайды, бір ұшын намаз оқыған кезде желке тұсты жауып тұру мақсатында бос қалдырады.

Мұрақ – қайырмасының арт жағы иіліп, қошқар мүйізделген, салтанатта, тойда киетін хан мен уәзірдің сәнді бас киімі.

Тәж – хан мен патшалардың алтындатқан лауазымды бас киімі.

Ер адамның аяқ киімдері

Шәркей – көннен тігілген жеңіл аяқ киім.

Шоқай – көн теріден бүріп тігілген жұмысқа киетін жеңіл аяқ киім.

Шабата – жөкеден, талдан тоқылған жаздық жеңіл аяқ киім.

Боршын – қоғадан тоқылған жазғы аяқ киім.

Башмақ – үй ішіне киетін өкшесіз жеңіл аяқ киім.

Шүбек – үй ішіне киіп жүретін жеңіл аяқ киім.

Шұлық – аяқ киімнің ішінен киетін қонышы қысқа жүн тоқыма.

Шұлғау – етік кигенде аяқты орайтын мата.

Шарық – аяқ киімнің сыртынан киетін, шикі теріден орап не бүріп тіккен аяқ киім.

Бекі (бәкі) – түйе терісінен жасалған жұмысқа киетін кебіс.

Кебіс – мәсінің сыртынан киетін былғарыдан тігілген,ұлтаны қалың өкшелі аяқ киім.

Мәсі – етік тәрізді, жұмсақ былғарыдан, ешкі терісінен тігілген өкшесіз, ұлтаны жұқа, кебіспен киетін қонышты аяқ киім.

Етік – былғары, көн сияқты материалдардан тігілген, қонышы ұзын, ұлтаны қалың, өкшелі аяқ киім. Түрлері: бастама етік, бітеу етік, мықшима етік, көн етік, қисық табан етік т.с.с.

Жұмсақ табан етік – аң аулағанда киетін етік.

Бір тақа етік – атқа мінгенде ыңғайлы, арнайы тігілген етік.

Көн етік – көннен тігілген етік.

Шоңқайма – қонышы тізеден аспайтын, тұмсығы үшкір, өкшесі тайқы былғары етік.

Саптама – ішінен байпақ киетін, кең қонышы жуан қара санға жететін былғары етік.

Бекіс – басы былғарымен қапталған киіз етік.

Пима – жүннен басылған қысқы аяқ киім.

Байпақ – етіктің ішінен киетін, жүннен басылған не киізден істелген қонышты аяқ киім.

Киіз байпақ – киізден жасалған қысқы аяқ киім.

Киіз етік  таза қой жүнінен, киізден етік үлгісінде басылған қысқы жылы аяқ киім.

 

66. Әйел киімі ӘЙЕЛДІҢ СЫРТ КИІМІ

Белдемше – той-думандарда көйлек үстінен киетін сәнді сырт киім үлгідерінің бірі. Той киімі ретінде жаңа түскен келінге да арнап тігіледі.

Келеме – жібектен тігілген, сәнді киер сырт киім.

Кеудеше – кеудеге киетін сырма, жұқа жеңіл киім.

Кәзекей – жеңсіз, жағасы кеңірек ойылған, етегі белден төменірек түсетін, бағалы матадан тігілген жеңіл киім.

Қамзол – көйлек сыртынан киетін жеңсіз не шолақ жең жеңіл сәндік әрі жұмыс киімі.

Кіреуке – алтын тінді зерлі жіппен тігілген, аса қымбатты, сәнді жібек шапан.

Сатипа – жеңіл шолақ сырт киім.

Тізеқап – суықта, аязды күндері екі бұтқа ғана киетін, ауы, ышқары жоқ екі балақ.

Қырмызы тон – қыз-келіншектерге арналып қызыл масатыдан тігілген қаптал шапан.

Қамқа тон – иі қандырылып өңделген жұмсақ қой терісінен, қамқадан, өзге де әдемі аң терісінен жаға салып тігілген, қаусырмамен түймеленетін бағалы киім.

        Қыздар мен әйелдердің өздеріне лайықтап сәндеп тіккен шапандары, шекпендері, тайжақылары, тондары, ішіктері, т.б. сырт киімдері бар. Олардың үлгілері, нақыштары ерлердің сырт киімдернен өзгеше, жатық тігісті, кестелі, зерлі-оқалы, пішімі сыпайы, сәнді келеді.

 әйелдер бас киімі: сәукелебөкебайқарқаракимешеккүндікжелекшәлі (жібек, шілтер, оюлы түрі бар), бүркеніш, бергек, қасаба, тақия, шылауыш, жаулық. Қыста киетін бас киімдер қымбат, қалың матамен тысталады. Әйелдің бас киімдері

 

Орамал - әртүрлі матадан, әр алуан үлгіде жасалған басқа тартар.

Біртартар – үшкіл, кішігірім бас орамал.

Түрме – түре тартатын жеңіл орамал.

Шаршы – кішкене шаршы бас орамал.

Байлама – басқа салатын шағын орамал.

Шылауыш – кимешек үстінен байланатын үлкен ақ шаршы.

Кимешек – ақ матадан тігілген, омырау мен арқаны жауып тұратын, беті ойылып жасалған әртүрлі үлгідегі бас киім.

Жаулық – ақ матадан, ақ жібектен тігілген бас киім. Үлгісі көп.

Бергек – жаңа түскен келіншектің әшекейлі бас киімі, той өткен соң киетін сәукеленің жеңіл түрі.

Сораба – тақия тәріздес, артында шалпыншағы бар, төңірегі шашақты қыздар киетін бас киім.

Делегей – ертеде қыздардың қыста киетін бас киімі.

Жырға – асыл тас, моншақ тізіп тіккен, көп салпыншақты сәнді бас киім.

Тақия – қызыл, жасыл, көгілдір түсті шұға, мауыт, мақпалдан ұлттық өрнек салып тіккен қыздардың үкілі жаздық бас киімі. Айшықты, зерлі түрлері болады.

Қасаба – үшкір төбесіне бір шоқы үкі қадап, маңдай тұсын алтын, күміс, асыл тастармен безендірген, оң жақ самайлығына моншақты 5-6 қатар төгілдіре қадап, ұзын салпыншақты етіп тіккен қыздар тақиясының бір түрі.

Зере – ұзын, іші қуыс, сәукелемен бірге киетін бас киім.

Сәукеле – қыздардың ұзатыларда, келін болып түсерде киетін көп әшекейлі, қымбат бағалы, сәнді бас киімі. Жұқа ақ киізден сырылып тігіліп, сыртық қызыл шұғамен тысталады. Қымбат бағалы аң терісімен әдіптеліп, алтын, күміс, моншақ әшекейлер тағылады. Жоғары жағы жіңішкеріп, төбесіне үкі қадалады. Тірсекке түсетін асыл тасты, оқалы бау тігіліп, бетті көлегейлейтін желекті болады.

Желек – келіншектердің сәукеледен кейін басына жамылатын орамыл.

Күлә - ханшалардың қалпақ сияқты бас киімі.

Күндік – кимешектің үстінен сәлде сияқты, бірақ жалпақ етіп орайтын ақ мата немесе егде әйелдердің ақ жаулығы.

Салы – жібектен, бағалы жіптен шашақсыз тоқылған бөкебай.

Бөртпе – жібектен шашақтап тоқылған орамал, жаулық.

Бөкебай – түбіттен қалың тоқылған қыстық орамал.

Бөрік – қымбат бағалы матамен тысталған, әртүрлі бағалы аң терісімен термеленген, әр үлгіде тігілген қыздардың жаздық және қыстық бас киімі.

Қалы – қымбат бағалы түкті шәлі.

Шарқат - әйелдердің басқа тартатын үлкен жібек орамалы.

Сарапшаң – жұмсақ тоғын, жібекпен жылқының қылынан, шуданың қылшығынан тоқылған, қыздар мен келіншектердің бетін шаң-тозаңнан қорғайтын бет перде, шаң тимес деп те аталады.

Ақбүркеншек – алғаш түскен келінге сәукеле сыртынан жабатын жамылғыш.

Қарқара – төбесі биік шошақтау келген, қауырсын қадаған жас әйелдің, қыздардың сәнді бас киімі.

Әйелдің аяқ киімдері – түрлі үлгі мәсі, кебіс, етік. Ер адамның аттас аяқ киімдеріне қарағанда биік өкшелі, сүйір тұмсықты, ою мен өрнек салынған, сірісі, басы, қонышы жібек жіппен тігіліп зерлеген, көксауырланған, әдемі келеді. Әйелдер киетін өте сапалы былғарыдан сірісіне көксауыр қондырған биік өкшелі кәкима аталатын етік ерекше сәнді. 

 

74.катанаев. Катанаев Георгий Ефремович (28 апреля 1848, станица Атбасарская Сибирского казачьего войска – 18 декабря 1921, Омск) - сибирский казак, историк-краевед. Родился в семье офицера. Образование получил в Сибирском кадетском корпусе, который закончил в 1865 г. В 1866 г. произведен в хорунжие, назначен в 1-й военный округ Сибирского казачьего войска. В 1870 г. направлен в 1-й Сибирский казачий полк на должность адъютанта. В эти первые годы военной службы знакомится с Потаниным и другими областниками, содержащимися в заключении в здании омской гауптвахты. В начале 1870-х гг. уезжает в Москву, поступает в Петровскую земледельческую и лесную академию. Вернувшись в Омск через 3 года, был избран войсковым депутатским собранием на должность советника Войскового хозяйственного правления. Затем назначается преподавателем истории и географии в Сибирскую военную гимназию. По настоянию генерал-губернатора Западной Сибири Казнакова, он поступает в академию Генштаба, но с 3-го курса был вынужден уйти, т. к. к тому времени имел чин войскового старшины, а в академии могли обучаться только обер-офицеры. Вернувшись в Омск, он назначается старшим адъютантом казачьего отдельного штаба Западно-Сибирского военного округа. Пробыл в этой должности несколько лет, Катанаев назначается штаб-офицером для особых поручений при войсковом наказном атамане, а затем – членом комитета при Главном управлении казачьих войск в Санкт-Петербурге. С 1889 г., до выхода в отставку в 1906 г. – он являлся председателем Войскового хозяйственного правления Сибирского казачьего войска. В эти годы при его непосредственном участии в Сибирском казачьем войске были проведены многие прогрессивные преобразования. Военную службу Катанаев успешно совмещал с научной деятельностью. В это время он являлся членом-учредителем и почетным членом Западно-Сибирского Отдела Императорского Российского Географического Общества (ЗСОИРГО), в 1877 – 1893 гг. – председатель его распорядительного комитета, а в 1893 – 1897 гг. – председатель ЗСОИРГО. Особый интерес представляют его работы по истории Сибирского казачьего войска: Киргизский вопрос в Сибирском казачьем войске. Омск, 1904; Краткий исторический обзор службы Сибирского казачьего войска с 1582 по 1908. Санкт-Петербург, 1908; Западно-Сибирское служилое казачество и его роль в обследовании и занятии русской Сибири и Средней Азии (конец XVI– начала XVII веков). Вып. 1, СПб., 1908 и другие. В 1916 г., к 200-летнему юбилею Омска им была издана брошюра "Когда и при каких обстоятельствах основан Омск". Он принимал активное участие в общественной жизни Омска: был членом Городской думы Омска, членом Омского отдела Московского общества сельского хозяйства, председателем общества попечения о нуждах населения Сибирского казачьего войска и других. В 1916 г. Катанаев добился создания еженедельника "Сибирские казачьи ведомости" и стал его редактором. После событий Февраля 1917 г., не согласившись с решениями 1-го Войскового Съезда, сделавшего шаги в сторону ликвидации казачества, он сложил с себя обязанности редактора "Сибирских казачьих ведомостей" и отошел от общественной жизни. В 1918 г., после свержения Советской власти в Сибири, становится редактором газеты Сибирского казачьего войска "Иртыш", членом Военного совещания при Временном Сибирском правительстве. В сентябре 1918 г. – участвует в Государственном Совещании в Уфе, будучи прикомандированным к Серебренникову и Сапожникову "от казачества". После прихода к власти Колчака, он назначается членом Военного Совета и председателем Особой комиссии по расследованию деятельности лиц, причастных к большевизму. В феврале 1919 г. – по просьбе Колчака, становится председателем Чрезвычайной Следственной Комиссии в Чите по делу атамана Семенова. Вынужден прекратить ее деятельность из-за того, что она не была подкреплена вооруженной силой и активного противодействия самого Семенова. По данным Семенова, Катанаев выяснил, что забайкальский атаман непричастен к похищениям и задержкам грузов Омского правительства и даже содействует их скорейшей доставке. Вскрыл, что многие грузы доставались в пути Калашникову и Щетинкину. В ноябре 1919 г. Катанаев эвакуируется в Иркутск. Во время этого периода были безвозвратно утеряны многие материалы, собранные им по поручению Омского правительства для подготовки "Истории Сибирского казачьего войска". В январе 1920 г. был арестован в Иркутске, содержался в одной тюрьме с Колчаком, но, ввиду "дряхлости" и отсутствия серьезных обвинений, освобожден большевиками, после чего отправился в Омск. По приезде в Омск, становится заведующим историко-экономический Сибархива и возглавляет отдел истории и археологии музея ЗСОИРГО. Похоронен на Казачьем Кладбище. Его личный фонд хранится в Государственном архиве Омской области, содержащий уникальные материалы по истории Сибирского казачьего войска, Омского Прииртышья, истории Гражданской войны в Сибири.

69. XVIII ғасырда Ресей империясында әкелі-балалы Рычков текті орыстың екі ғалымы болған. Олардың үлкені – Петр Иванович (1712-1777 жж.) – география, экономика, тарих жөніндегі еңбектердің авторы, 1759 жылдан бастап Петербург ғылым академиясының тұңғыш корреспондент-мүшесі. Негізгі еңбегі – «Топография Оренбургская, то есть: обстоятельное описание оренбургской губернии (1762)». Ол оңтүстік Орал, Еділ бойы, Каспий өңіріндегі халықтардың тарихы, этнографиясы жөнінде еңбектер жазған, оның ішінде қазақ халқының тарихы мен этнографиясына қатысты да құнды деректер бар.

    Кіші Рычков – Николай Петрович (1746-1784 жж.) – орыстың саяхатшы – ғалымы. 1768 жылдан Петербург Ғылым академиясының П.С.Паллас басқарған экспедициясында қызмет істеді. 1769-1770 жылдары Қазан, Орынбор, Уфа, Вятка және Пермь губернияларын аралап шығып, осы жерлердің табиғатын, ерте замандағы қалалардың орындарын, халықтардың әдет-ғұрыптарын баяндап жазады. 1771 жылы Батыс пен Солтүстік Қазақстан аймақтарына саяхат жасайды. Оның құнды еңбектері – Журнал или дневные записки путешествия по разным провинциям Российского государства 1769 и 1770 годов. (Санкт-Петербург,1770-72 гг.); Дневные записки путешествия в Киргиз – Кайсацской степи в 1771 году (Санкт-Петербург, 1772 г.). Соңғы еңбек Алматыдағы бұрынғы А.С.Пушкин атындағы кітапхананың қорында сақтаулы. Осы кітаптың «Қырғыздар туралы» деген тарауын «Қазақстан коммунисі» журналының жетекші редакторы Д.Сейсенов қазақшаға тәржімалап, оны аталмыш журналдың 1991 жылғы 3-ші санында бастырып шығарған-ды.

72. Ресейдің зерттеушілері Қазақстандағы жұмыстарын өлкені отарлаудың мүдделерін басшылыққа ала отырып жүргізді. Қырғыз-қайсақ экспедициясын құрған И.К. Кириллов (16891737)«Қырғыз-қайсақ және қарақалпақ ордалары туралы түсіндірулер» атты еңбек жазып қалдырды.

Онда автор қазақ пен қарақалпақ жерлерін егжей-тегжейлі сипаттады: табиғат жағдайларын, пайдалы қазба байлықтарын және сауда жолдарын көрсетіп берді. Ол Ресейдің Орта Азияхалықтары және қазақтармен сауда-экономикалық байланыстар орнатуының мүмкіндіктерін және мұның пайдалы екенін дәлелдеп шықты.

В.Н. Татищев (16861750) Ресейдің тарих ғылымының негізін қалаушы әрі белгілі географ болды. Ол Орынбор өлкесінде өзінен бұрынғы ізашар ғалымдар бастаған ғылыми-зерттеу жұмыстарын одан әрі жалғастырды. Өзінің ғылыми еңбектерінде өлкедегі орыс емес халықтардың, соның ішінде қазақтардың да тарихын, тұрмыс-тіршілігін және мәдениетін сипаттап жазды.

Кіші жүз аумағының табиғи байлықтарын зерттеуде Ресей Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі П.И. Рычков (17121777) кызықты еңбектер жазып қалдырды. Өзінің іргелі еңбектерінің арқасында «Орынбор өлкесінің Колумбы» деген даңққа бөленді. Ол кезде Орынбор өлкесіне Кіші жүздің жерлері де карайтын.

Рычков «Орынбордың тарихы» және «Орынбор губерниясының топографиясы немесе сипаттамасы» деген құнды еңбектерін жазды. Ол еңбектерде қазақтардың Еділ-Жайықөңіріне Хақназар ханның билігі кезінде келгені жөнінде, Кіші жүз қазақтарының Ресейдің құрамына өтуінің барысы туралы егжей-тегжейлі баяндайтын деректер бар.

Автор Орынбор қаласының, Жайық пен Орынбор шекаралық шептерінің салынуын, Ресейдің Орта Азия және қазақ даласымен сауда-саттық байланыстарының қалай орнатылғанын бастан-аяқ баяндайды. Ол Орынбордан Бұхараға бара жаткан көпестерге жергілікті халықтардың тарихы жөнінде, тіпті араб тілінде жазылған болса да, әдебиеттер ала келуге тапсырыс беретін. П.И. Рычков Е. Пугачев көтерілісіне байланысты окиғаларды да жан-жақты суреттеді. Ол қазақ халкының тілі мен мәдениетін терең білді, қазақ фольклорының көптеген үлгілерін жинастырды.

1759 жылы белгілі тарихшы және Сібірді зерттеуші Г.Ф. Миллердің (17051783«Сібір патшалығының тарихы» атты еңбегі жарық көрді. Онда ол Сібір мен Қазақстан халықтарының тарихы мен этнографиясының сипаттамасын береді.

XVIII ғасырдың аяқ кезінде және бір орыс офицері И.Г. Андреевтің «Қыргыз-қайсақтардың Орта жүзінің сипаттамасы» (1795) еңбегі жарық көрді. Автор Сібір шекаралық шептерде ұзақ уақыт қызмет етіп, қазақ халқының өмірі мен тұрмысын жақсы зерттеген еді.

Ол өзінің кітабында Орта жүз қазақтарының тарихы мен шекарасы туралы егжей-тегжейлі мәлімет қалдырды. Онда далалықтардың әдет-ғұрыптары мен салт-жоралары жан-жақты суреттеледі, сондай-ақ қазақтардың Ертістің оң жағалауына қашан өткені туралы айтылады.

Өскемен бекінісінде қызмет еткен орыс офицері генерал-майор А.Д. Скалон алғашқылардың бірі болып бірегей орыс-қазақ сөздігін жасады. Мұның өзі жергілікті халықты орыс мәдениетіне тартудың алғашқы қадамдары және орыстардың қазақ тілін үйренуге деген талпынысының бірі болды.

69, Тарихтағы "Ұлы қоныс аудару" Орталық Азияның саяси картасына, этникалық құрамына өзгерістер әкелді. Қытайдың ығыстыруымен ғұндар Алтай, Сарыарқа арқылы Батыс Қазақстанға жылжыды. Олар жолшыбай көптеген тайпалардың орын ауыстыруына әсер етті.

Жалпы ғұн тайпаларының шығыстан батысқа қарай жылжуы б.з.д. II ғасырдан басталып, б.з. IV ғасырына дейін созылған. Тарихта бұл жылжу тек ғұндарға ғана тән құбылыс емес, басқа да ірі тайпаларға да әсерін тигізді. Тарихта бұл тарихи кұбылысты "Халықтардың ұлы қоныс аударуы" деп атайды. Әсіресе Қазақстанға үлкен әсерін тигізді: жергілікті сақюэчжиүйсін,қаңлы сияқты тайпалардың шығыстан батысқа қарай орын ауыстыруына әкелді.

Ғүндар Еділден өтіп, алдарына сармат-аландарды сала отырып, Еуропаға енді. Енді азияльщ ғұндар Еуропалық жазбаларда "гундер" деп атала бастады. Олар Доннан Дунайға дейінгі ежелгі готтарды Дунайдың арғы жағына ығыстырды. Кейін готтар (герман тайпалары), остготтар (шығыс готтар) да ғұндармен одақтасуға мәжбүр болды. Ғұндар Керчь бұғазыарқылы өтіп, Босфор патшалығын талқандады. Бүкіл Қара теңіз жағалауынан Днестрге дейін аралық ғұндардың қол астына көшті.

376 жылы ғұндар Рим империясы шекарасына тақап келді. V ғасырдың 30-жылдарында ғұн басшысы Румыния және Венгр жерінде мемлекет басына келгеннен бастап мемлекет күшейіп, әлемге әйгілі болды. Ғұндар патшасы Аттила Еуропада Ғұн мемлекетін кұрып, елді кеңейту мақсатында Рим империясына қарсы күресті.

Рим империясы әскерлері мен 250 мың Аттила әскерлері арасында Шалон қаласы түбінде шайқас болды. Ол Рим империясының кейбір аудандарын басып алды. VI ғасырда Еуропада Аттила бейнесі кескінделген алтын, күміс ақшалар шығарылған.

Батыс готтар ғұндармен бірігіп Ежелгі Рим империясына үлкен қауіп төндірді. Сонымен қатар тайпалардың антропологиялық түс-келбетінің өзгеруіне әсер ете отырып, түркі тілінің таралуына ықпал жасады. Түркі тілінің жергілікті диалектісі қалыптасты.[2]