Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Археологиялық және этнологиялық зерттеу әдістер...docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
116 Кб
Скачать
☆
  1. Шоқан Уәлиханов

Аз өмірінде Ш. Уәлиханов Қазақстан мен Орта Азия халықтарының тарихына, географиясы, этнографиясы, фольклорына және қоғамдық-саяси құрылысына арналған көптеген құнды еңбектер қалдырды. Қазақстан географиясында - Балқаш пен Алакөлдің бұрын бір тұтас су айдыны болғандығы және Жоңғар қақпасынан соғатын Ебі желі туралы ғылыми деректерді алғашқы келтіруші де сол. Ол Березиннің "Хан жарлығына" рецензиядан кейін Жалайыридің "Жәми-ат-тауарихын" зерттеп, оның негізгі тарауларын алғаш рет орысшаға аударды, ондағы Шығыс терминдерінің сөздігін жасады. "Шайбани-наме", "Шежре-и түрік" Абулғазы туындылары негізінде теориялық мәні зор "Қазақтың шежіресі" атты еңбек берді. "Жәми-ат-тауарихты" Шоқан сирек кездесетін тарихи шығарма, қазақтың XV-XVI-XVII-ғасырдағы тарихи аңыздарының жиынтығы деп таниды. Кейін "Бабур-наме", "Тарих-и-Рашидиге" терең үңілген ол өз еңбектерінде солардың деректерін орынды пайдаланды. Өле-өлгенше Бас Штаб пен Азия департаментінің қызметкері болып есептеледі. Меңдеген ауруына шипа таба алмай, 1865 жылы сәуірде Шоқан Уәлиханов Алтынемел жотасының етегіндегі Көшентоған деген жерде Тезек ауылында қайтыс болады. 1856 жылы Шоқан М. М. Хоментовский басқарған әскери-ғылыми экспедицияға қосылады. Экспедиция қырғыз елін жете зерттеуге, Ыстықкөл аймағының картасын түсіруге тиіс болады. Бұл Шоқанның ғылыми жұмыс жүргізуіне мүмкіндік ашады. Осы жылы ол "Манасқа" назар аударады. Іленің басындағы Манас жорық жасады деген қаланың орнын барып көреді. Маусымның ортасында Ыстықкөлге жетіп, оның шығыс, солтүстік-шығыс жағалауының, тау асуларының картасын түсіреді. Бірнеше маршрутта Шоқан Семенов-Тянь-Шанскиймен бірге жүреді. Онымен 1856 жылы көктемде Омбыда Гутковскийдің үйінде танысып, содан былай дос боп кеткен. 1856-1857 жылдары екеуі Жетісуда жиі кездесіп, бірге ғылыми жұмыстар жүргізген. Жетісу, Тянь-Шань сапарларында Семенов-Тянь-Шанский Орта Азия мәселесіне келгенде Шоқанды ғана бедел тұтқанын жазған.

Экспедицияда Шоқан ориентологиялық, энтомологиялық коллекция жинап, гербарий құрастырады. Жетісу, Ыстықкөл аймағынын фаунасы мен флорасын зерттейді. Ыстықкөлдің картасын жасауға қатынасады. Сол алаптағы қираған көне қалалардың мәдениетіне - көне заманғы суару жүйелерінің, архитектуралық мұралардың қалдықтарына, этнографикалар мен тас мүсіндерге үңіледі. Ресей қол астындағы Жоңғарияда, әсіресе, Іле бойында отырықшылықтың болғанын анықтайды. Алакөлден Тянь-Шаньға дейінгі жерді түгел шарлаған ол қырғыздың Бұғы, Сарыбағыш, Солту руларында болып, қырғыз халқының шежіресін, өлең, жыр, аңыздарын, "Манас" жырын жазып алады.

36.Аңшылық – түз жануарларын аулау кәсібі.[1] ҚазіргіҚазақстан жерінде адамдар аңшылықпен ежелгі палеолит дәуірінен айналысқан. Мысалы, Үшбұлақ қойнауында (Қаратау қаласының солтүстік-батыс жағында 36 км жерде) мустье дәуірінде өмір сүрген аңшылардың шағын топтарының қысқа мерзімді тұрақтарының ізі сақталған. Ондай тұрақтар суатқа келетін аңдарды (бизон, бұғы, киік,жылқы) аңдуға қолайлы бұлақ түбіне салынған. Соңғыпалеолит дәуірінде ірі жануарларды аулау, адам қорегінің басты негізі болды. Мысалы, адамдар Жайық өзенініңбойынан мамонттар мен жүндес мүйізтұмсықтарды аулап, олардың сүйектерінен әр түрлі кескіштер, қырғыштар,найзалар мен сүңгілердің ұштары, шанышқылар, лақтырылатын найзалар, сүйек инелер, біздер жасаған. Сонымен қатар адамдар аң терісінен киім тігуді де үйренген. Аң аулау дәстүрлері мен тәжірибелері ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, аң аулау шаруашылығы дамыған. Соған байланысты қазақтар арасында аңшылықты жақсы меңгерген мамандар – аңшы (аңды аулаушы), аңкөс (аң аулаудың сырларын жетік меңгерген аңшы), құсбегі (қырандарды түрге, топқа жақсы ажырататын), бүркітші (бүркітті баптай алатын) және қағушы (бүркітшілерге қолғанат болатын) пайда болды. Олар аң аулаудың айла-шарғыларын (ор қазып, ұшпалардан ұшырып, қарға омбылатып аулау, тасқақпанмен, тормен, құмқақпанмен, тұзақпен ұстау, құспен, итпен қуу, түтін,жемтік салу, мұзға отырғызу, т.б.) жетік меңгерген. Аңшылық мақсатына қарай кәсіптік, спорттық-әуесқойлық және ғылыми болып бөлінеді. Кәсіптік аңшылықтың мақсаты – аңдар мен құстардан ет, тері, мамық, қауырсын, мүйіз, т.б. өнімдерін алу. Өнімнің сапасы аңның түлеуіне, балалау мерзіміне байланысты белгіленеді. Спорттық-әуесқойлық аңшылық аңдар мен құстарды белгілі тәртіппен аулап, табиғат саясында дем алу. Әуесқой аңшыға мемлекет тарапынан шек қойылады. Ғылыми аңшылықтың құрамына: аң шаруашылығының экономикасы, кәсіптік аңдар мен құстардың биологиялық ерекшеліктерін зерттеу, олардың сан мөлшерін көбейту, алынатын өнімді арттыру және сапасын жақсарту, аң аулау әдістерін, құралдарын жетілдіру мәселелері жатады

37. Сақ мәдениеті — ерте темір дәуірінде Қазақстан мен оған жапсарлас өлкелерді мекендеген тайпалар қалдырғанархеологиялық ескерткіштер жиынтығы. Бұл тайпалардың тарихы бізге сақ атауы негізінде көне парсы және грек жазба деректерінен жеткен. Археологиялық зерттеулер Қазақстандағы Сақ мәдениеті жөнінде (б.з.б. 7 — 3 ғ-лар) неғұрлым толығырақ деректер береді. 1930 жылдардың соңында басталған зерттеу жұмыстары іс жүзінде 1946 жылдан кейін ғана кеңінен өрістеді.Жетісу, Төменгі Сырдария, Орталық, Солтүстік, Шығыс Қазақстанда Сақ мәдениеті ескерткіштері ашылды, көптеген қорымдар, ғұрыптық орындар, т.б. жәдігерлер қазылып, зерттелді. Жетісудағы Есік (Алтын адам) Бесшатыр обалары мен көптеген көмбелер, Сырдың төменгі ағысындағы Үйғарақ қорымы, Орталық және Солтүстік Қазақстандағы Тасмола мәдениетінің обалары, Шығыс Қазақстандағы Берел, Шілікті қорымдары, т.б. көптеген нысандар көне сақтардың тамаша ескерткіштері ретінде танымал. Кең байтақ аумақтарға тарағандықтан, әр өлкенің мәдениетін зерттеудің өзіндік жүйелері қалыптасқан.

Олардың жерлеу ғұрпы, мүліктік мәдениеттегі жергілікті ерекшеліктері мен өзара жақындығы да анықтала бастады. Беріге дейін сақтар тек қана бақташы, көшпелі тайпалар болған деген ескі көзқарастың әсерімен көп уақыт бойы бұлардың отырықшы орындары, яғни қоныстық мекендері зерттеулер аясынан тыс қалған. Ондаған жылдар бойы зерттелген жерлеу ескерткіштерімен (обалар) қатар, қазір жер-жерлерде сақ дәуірінің көптеген қоныстары да ашылды.

Талғар өңірінде ашылған 50-ге жуық қоныстың деректері мұнда сақ тайпалары егіншілікті де кеңінен өрістеткенін көрсетті.Қарқаралы өңіріндегі Қарақуыс, Едірей тауларымаңынан табылған 20-дан астам сақ қоныстары осы пікірді дәлелдей түседі. Мұндағы беткейлерде тау ықтасындарында орналасқан қоныстар кейінгі қазақ қыстауларына топографиялық тұрғыдан өте жақын орналасқан.

Қазбалар барысында көптеп табылған тас кетпендер мен дәнүккіштер Орталық Қазақстан сақтары егіншіліктің қыстақ маңында орналасқан түрін ұстанған деген пікірді негіздеді. Сақ ескерткіштерін зерттеуде әлемдік ғылымның бүгінгі қол жеткен әдіс-тәсілдерін қолданудың маңызы зор. Қазақ Алтайынан ашылып отырған Берел обаларындағы жасанды тоң қабатында сақталған жылқы денелері, шірімей жеткен ағаш бұйымдар, сондай-ақ бальзамдалған адам мәйітін зерттеу маңызды мәліметтер береді. Сақ мәдениеті ескерткіштерін тек зерттеу ғана емес, оларды сақтап қалу, қалпына келтіру мен консервациялау, музейлендіру шаралары қолға алынды. Б.з.б. 7 — 6 ғ-ларда қалыптасқан сақ өнерінің хайуанаттық нақышы дүниежүзілік адамзат өркениетінің тамаша жетістіктеріне жатады. Осындай атаумен белгілі болып отырған сақ қолданбалы өнерінің бұйымдары Қазақстанда, Сібір,Орталық Азия өлкелерінде, Еуропаның оңтүстігінде кеңінен тараған. Нақыштың негізгі құрамын жыртқыш аңдар мен басқадай жануарлар, сондай-ақ мифол. зооморфтық құбыжықтар түрінде жасалған бейнелер түзеді. Бұлар жекелеген бұйымдар немесе бұйымдар мен беттердегі бейнелер, аралас тұрған күрделі композициялар арқылы беріледі. Мазмұны бойынша мифологиялық, пішімі бойынша реалистік деп атауға болатын хайуанаттық нақышты қолдану бағыты бойынша декоративтік өнер болып табылады. Хайуанаттық нақыш дәстүрімен берілген қолдану тәсілдері көбіне металл қазандар мен құрбандық ыдыстарды,қанжарлар мен семсерлерді, қорамсақтар мен айбалталарды, ат әбзелдері мен айналарды, сондай-ақ тулар мен түрлі киімдерді әшекейлеуде пайдаланылған. Табиғат аясын ерекше құрметтеп, оны астарлы мағынада қабылдай білген сақтар арқар, таутеке,жолбарыс, қабан, бұғы, марал, түйе, жылқы, бұлан, бүркіт, сайғақ, қасқыр, қоян сияқты жануарлардың өздеріне етене таныс тұлғаларын тамаша шеберлікпен бейнелеген. Бізге жеткен бұйымдар, ең алдымен, қола, алтын сияқты металдардан, ішінара сүйек, мүйіз, темірден жасалған. Ағаш, тері, киізден жасалған аң бейнелері де бар.

1960 жылы т.ғ.д. С.С. Черниковтың басшылығымен біздің ғалымдарымыз,студенттеріміз ленинградтық студенттермен бірігіп ШҚО облысы жеріндегі Шілікті қорғандарына қазба жұмыстарын жүргізген кезде зор тарихи - көркемөнерлік маңызы бар алтыннан жасалған көне өнер туындылары табылды. Қорғаннан барлығы салмағы 100,5 г. болатын 524 алтын зат табылды.  Барлық алтын заттардың жоғары көркемөнерлік шеберлікпен орындалғаны таңдандырады.  Әшекейлердегі барыс, қабан, қыран, қозғалыс кезінде бейнеленген бұғы - марал бейнесі айқын және шынайы бейнелеріне өте жақын етіп салынған. «Ұшқан бұғы» бейнесі халықаралық археологиялық көрмелердің символына айналып отыр.  1960 жылғы археологиялық қазбалар кезінде табылған заттардың түпнұсқалары Санкт – Петербург қаласындағы Мемлекеттік Эрмитажда сақтаулы. 1998 жылы Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданында көне көшпенділердің Берел қорғандарында қазба жұмыстары басталып, сонда жерленген ақсүйектердің моласы мен мәңгілік тоң қабатында сақталған заттардың жоғары көркемөнерлік скиф – сібір аң стилінде орындалуына сай әлемге танымал болды. Қазба жұмыстарына Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім министрлігі мен Зерттеу институтының бастамасымен Ә.Х. Марғұлан атындағы археологиялық институт, Орталық Азиядағы Франция археологтары мен Лигабуе (Италия) ғылыми – зерттеу институты қатысты. Экспедицияға тарих ғылымының кандидаты, танымал археолог, ӨПИ-ның  тарих факультетінің түлегі З. Самашев басшылық жасады. Оның басшылығымен реставратор К. Алтынбеков С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-не  № 11 Берел қорғанынан табылған жылқының шерулік заттарымен әшекейленген  макетін жасады. 2009 жылы т.ғ.к. профессор Ә. Марғұлан атындағы археологиялық институттың Қазақстанның көне тарихы бөлімінің меңгерушісі З. Самашев біздің мұражайға келесі заттарды: Батыс Қазақстан жерінде орналасқан ХІІІ ғасырға жататын Сарайшық қаласынантабылған керамика сынықтарын, кремний және темірден жасалған жебе ұштарын, сарайшық және қытай тиындарын, тұрмыстық заттарды, табақшаны, сонымен қатар б.д.д. ІV- ІІІ ғ. жататын көне түрік кезеңінің сармат көзесін сыйға тартты.

38.

39. БАЛЫҚШЫЛЫҚ - озен-судың бойын мекендейтін елдің айналысатын кэсібі. Б. ертеде қазақтар арасында кең тарамаған, тек балығы мол су бойына жүт не болмаса басқа себептермен көшіп, тіршілік қамымен түрақтап калган жүрттың гана айналысатын тіршілігі болган. Балык аулау ерте кезеңце карапайым түрде болды. Әуелі балықты түйық жерге қуып қамап, колмен және шанышқы түйреп үстаса, соңынан қайык пайдаланып, кармақпен аулады. Балықшылар балық аулауға қажет жабдық, аспаптарды жасап алуды үйренді, балық аулаудың тиімді мезгілдерін, орындарын, әдіс-тәсілдерін меңгерді. Қазақ жерінде орыс қоныстанушылары санының өсуіне және Ресеймен сауда-экономикалық байланыстардың кеңінен өрістеуіне байланысты балық және балық өнімдеріне сүраныс осе бастады, сол себепті балықшылық XIX г.-дың аягы XX г.-дың бас кезінде коптеген адамдардың күнкөріс кәсібіне айналды. Каспий теңізі жагалауында, Шалқар, Имантау, Щучье, Чебачье, Зайсан, Алакөл, Балқаш көлі, Арал теңізі, Жайық, Сырдария, Қара Ертіс, Іле, Шу озендері жагалауында Б.-ты кәсіп еткен қазақ қауымдары пайда болды. Б.-пен негізінен ер адамдар айналысты. Б.-пен қазақтар қосалқы кәсіп ретінде айналысты десек те, Сырдың төменгі ағысы бойында XIX г.-дың екінші жартысы XX ғ.-дың бас кезінде кәсіптің бір түрі ретінде дамып, Сырдың Арал теңізіне қүяр түсында балықшы ауылдары қалыптасып, өңірде Б. кэсібі қазақтардың тіршілігінде айтарлықтар мэнге ие бола бастады

40. Есік обасы (б.з.б. 5 — 4 ғ-лар) — сақ дәуірінен сақталған ескерткіш. Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданының орт. Есік қаласының маңында, Есік өз-нің жағалауында орналасқан. 1969 — 70 ж. Жетісу археол. экспедициясы (жетекшісі К.Ақышев, мүшелері Б.Нұрмұханбетов, А.Г. Максимовалар) зерттеген. Бұл маңдағы сақ дәуірінен сақталған обалар бірнеше топқа бөлінеді. Мұның ішінде ең көрнектісі — үлкен Есік қорымы. Қорым құрамында солт-тен оңт-ке созыла ауданы 3 км² жерді алып жатқан 45 топырақ (диам. 30 — 90 м, биікт 4 — 15 м) оба бар. Арасынан алты үлкен оба қазылды, бұлардың қатты тоналған үшеуінен заттай дерек кездеспеген. Төртіншісінен үлкен төртбұрышты қабір ішіне басын батысқа қарата бірге жерленген екі адамның мүрдесі, темір түйреуіш, көптеген алтын жапсырмалар табылды. Ал алтыншы оба — әлемдік маңызы бар “Алтын адамның” табылуы себепті ғылым мен мәдениетке “Есік обасы” деген атпен енді. Сақ ханзадасы диам. 60 м, биікт. 6 м обаның астындағы шырша бөренелерден жасалған ағаш қабірге қойылған. Мұның өзі бүйірдегі қосымша қабір, ал негізгі қабір толығынан тоналып кеткені анықталды. Ханзада 4 мың алтын әшекей тағылған киімімен, қару-жарақ, ыдыс-аяғымен жерленген (қ. Алтын адам). Күміс тостағанға түсірілген 26 таңбалы жазу қазір “Есік жазба ескерткіші” деген атпен белгілі және мұның әліпбилік жазу екендігіне күмән келтірілмейді. Бұдан солт.-батысқа таман орналасқан тағы бір обаның диам. 58 м, биікт. 4,5 м. Қазу барысында обаның бірнеше рет кезектесіп қаланған тас және топырақ қабаттарынан тұратыны, сондай-ақ, тоналғандығы да анықталды. Үлкен қабірдің аумағы 5,1х2,3 м, тереңд. 1,8 м. Тонау кезінде біршама бүлінген қабір ішінен кішірек жұқа алтын жапсырмалар, күміс сырға, қыш ыдыстар және қоладан құйылған ғұрыптық ыдыс табылды. Сирек кездесетін мұндай ыдыс Жетісуда тұңғыш рет кездесті, ол конус пішіндес аласа тұғыр мен жайпақ тостағаннан тұрады. Ғұрыптық жораларды өткізу кезінде сақтар осындай ыдысқа хош иіс шығаратын заттарды жағып түтіндетіп қоятын болған. Е. о. сақ кезеңінің әлеум.-экон. деңгейін көрсететін ерекше ескерткіштерге жатады

41. Қазақтар арасында арнайы алғаш рет антропологиялық зерттеу жүргізген Ресей зоологы А.Н.Харузин. Автор сол кездегі зерттеу бағдарламасына сүйеніп, қазақты кавказдықтар мен моңғолтектестердің араласуынан пайда болған халық деп пайымдаған. Автордың пікірі бойынша бұл антропологиялық араласу Қазақстан жерінен тыс өңірде болған. 

42. Ұсталық кәсіп – ертеден келе жатқан кәсіп түрі болып табылады, ол көшпенділер өмірінде халықты шаруашылық және тұрмыстық маңызы бар бұйымдармен қамтамасыз еткен.

 

Ұсталар селебе, жекеауыз, найзаның үш қырлы ұштарын, жебелердің екі қырлы және төрт қырлы ұштарын, тіпті білтелі мылтық соғып, құйған. ХІХ ғасырдың ІІ жартысының өзінде  Қазақстанда жез ыдыс (шәйнек, леген) жасаған. Осы кезеңде жер жыртатын құралдарға арналған шойын тіс, темір тіс; астық ору және шөп шабуға арналған орақ, шалғы орақ; жер қопаратын кетпен; ат әбзелдері – үзеңгі, жүген, темір шығыршықтар, ілгектер мен ауыздықтар, қой қырқуға арналған қайшы, сондай-ақ таға сияқты тұрмыстық заттарды қолдан құйып, соққан. Сонымен қатар, ұсталар сәндік-қолданбалы бұйымдар: ілгектері бар сырық түріндегі киімілгіштер, ер-тұрманға арналған өрнекті әшекейлер жасаған, оларды содан кейін қазақ зергерлері күміспен қақтаған.

Ұсталардың шеберханасы және еңбек құралы ретінде – аспаптары болған. Жұмыстарында металды қыздырып соғу, дайын қалыптарға құю, түрлі бөлшектерді шегендеу, сымкәптау (ширатпалау) және қаралау (алалау) әдістерін қолданған.

Қару-жарақ соғатын ұсталар аса сыйлы болған. Тіпті ұстахана киелі орын деп есептеліп, ерекше қастерленген.

Зергерлік өнер – сән өнерінің және қолөнердің ежелгі түрлерінің бірі. Металды асыл немесе жартылай асыл тастармен әшекейлеуге негізделген. Зергерлік өнерге әсемдік бұйымдар мен ыдыс-аяқ жасау, қару-жарақ пен ат әбзелдерін әшекейлеу де жатады. Зергерлік өнерде шыңдау, құйма, тегістеу, біліктеу, көркем шекіме, канфаренье (өтпейтін бізбен шекіме жасау арқылы металдың үстіне бүршіктік және күңгірт әсер беру), бастырма, оймыштау, нақыштау, оброн (сурет айналасын ойып тастау техникасы), сымкәптау (филигрань), бүршік, қарала, тыныке (финифть), инкрустация, қырнау, жылтырату және т.б. тәсілдер қолданылады

43. Бастаулары осы металды қолданумен сәйкес келетін адамзат тарихының маңызды кезеңі осылай аталды. Б. з. б. I-мыңжылдықтың басынан осы заманға дейінгі кезеңді алсақ, темір адамзаттың заттық мәдениетінің негізі болып келді. Өндірістік технология саласындагы барлық мәнді ашылымдар аталмыш металмен байланысты болды.

Темір дәуірі – адамзат тарихында қола дәуірін алмастырған, аса маңызды әлеуметтік-экономикалық, саяси, демографиялық, технологиялық өзгерістерді дүниеге әкелген жаңа кезең. Бастаулары темір металын игерумен және оны кеңінен қолданумен сәйкес келетін бұл кезеңді ғылым тарихында «темір дәуірі» деген тұрақты атаумен белгілеуді алғаш рет 19 ғ-дың ортасында К. Томсен (Дания) ұсынды. Біздің заманымыздан бұрын 1-мыңжылдықтың басынан осы заманға дейінгі кезең арасында темір адамзаттың заттық мәдениетінің негізі болып келді. Өндірістік технология саласындағы барлық мәнді ашылымдар осы металмен байланысты. Дегенмен, темір ұзақ уақыт бойы аз таралған әрі қымбат металл болып қала берді. Тек б.з.б. 1-мыңжылдықта ғана темір металлургиясын қолданысқа кеңінен ендіру қолға алынды. Қазіргі заманда да темір еңбек құралдары жасалатын бірден-бір маңызды металл болып қалуда, сондықтан қазіргі дәуір де темір ғасырына жатады. Осы себептен, тарихи-археологиялық кезеңдемеде «ерте темір дәуірі», одан кейінгі кезеңге қатысты «орта ғасырлар дәуірі» деген атаулар қолданылады.

Темір ерекше металл. Оның балқытылу температурасы мысқа қарағанда жоғары. Темір табиғатта таза күйде кездеспейді. Оның балқытылуының баяулығынан шикізаттан темірді айыру оңайлыққа соқпайды.

Қазақстандағы темір дәуірінің басы б.з.д. VIII - б.з. VI ғасырларына жатады. Ал ерте темір дәуірінің хронологиясы: б.з.д. VIII - б.з.д. III ғ. Кейінгі темір дәуірінің хронологиясы: б.з.д. III - б.з VI ғ

44.

45. Киіз басуға қойдың күзде қырқып алынған күзем жүнін пайдаланған. Алдымен, киізге арналған жүнді тазалайды. Ол үшін жүнді тулаққа салып, сабау ағашпен тулақтың жан-жағынан отырып алып сабаған. Сонда жүн шаң-тозаңнан, шөп-шаланнан арылады және ұйысы жазылады. Тулақ дегеніміз — сиырдың иленбеген, керіп кептірген қатты терісі. Ал сабауды бұтақсыз түзу талдан, жыңғылдан, тобылғыдан жасаған. Жүн сабау, әдетте, ойын-сауықпен өтеді. Жүн сабалып болған соң «тулақ шашу» деген ырым жасалады.

Қазақта оюлы киізді текемет, сырмақ деп екіге бөледі. Текеметтің жай киізден айырмашылығы бір түсті (ақ немесе қара) жүнді шиге төсеген соң бетіне бояған жүннен ою салады.

Қазақ киізді үйдің жабулары үшін, жерге салу үшін, тұсқа ілуі үшін жасаған. Тұсқа ілінетін өрнектеліп жұқалау қылып жасалған киізді түскиіз деп атаған. Киізден бұдан басқа да тұрмыстық заттар киіз кебенек, киіз қалпақ, байпақ, кесеқап, шәйнекқап, кірқап, сандыққап, жер жастық, асмалдық (түйенің жабуы), тоқым, жабу, т.б. істеген.

Қазақта ерте заманнан-ақ ши тоқу өнері қалыптасқан. Шиді кереге сыртына тұту үшін, үйдің аяқ-табақ, саба тұратын бөлігін қоршап қою үшін, киіз үйдің есігіне ұстау үшін және төсеніш ретінде киіздің астына да төсеген, киіз басу үшін де, құрт жаю үшін де пайдаланған. Тұтылатын шиге боялған жүн орап, өрнектеп безендірген. Мүұны «шым ши» деп атаған. Қазақтың үй кәсіпшілігінде өрмек тоқу кең таралған. Өрмек арқылы бау-басқұрлар, алаша тоқылады.

Арқан, жіп, баулар, негізінен, түтіп, шүйкелеп, есіп, бұрау арқылы, кейде жіптен өру, тоқу тәсілдерімен жасалады. Бұл заттарға көбіне шетпұшпақ өлі жүндер, жабағы жүн, жылқы қылы, түйе жүні пайдаланылады. Арқан, жіп есілу тәсіліне қарай екі түрге бөлінеді. Есіп жасалатын жіптер — арқан, желі, ноқта, құрықбау, бұйда, шылбыр, тізгін, т.б. Тоқып және өріп жасалатын жіптер — басқұр, таңғыш, туырлық бау, жел бау, тең таңғыш, құр жіп, құлын ноқта, нар ноқта, т.б.

Арқанның түрлері - арқан, қосақ арқан, сүйретпе арқан, жел арқан, тарту арқан, матау арқан, aт арқан, белдеу арқан, шом арқан, қом арқан, тең арқан, желі арқан.

Тері өңдеу[өңдеу]

Мал терісі қазақ тұрмысында өте кең қолданылған шикізат. Әрбір іске әр түрлі терілер пайдаланылған. Шеберлер оның әрқайсысына өзінше атау берғен. Мысалы, қара мал терілерін сиыр терісі, өгіз терісі, тайынша терісі, бұзау терісі деп төртке бөлген. Әр терінің өн бойындағы жекелеген бөліктерінің де атауы болған — жондық, қабырғалық, үйек бас тері, пұшпақ, мойын терілері. Жылқы терісін — бие терісі, жабағы және құлын терісі деп үшке бөлген. Түйе терісін атан терісі, ботатерісі деп екіге бөлген. Атан терісі, өгіз терісі және олардың жондықтары қазақ қолөнерінде өте кең қолданылған.  

Тері илеу[өңдеу]

Қазақ теріні көбіне илеп пайдаланған. Иленбеген ірі қара малдың терісін шылғи тері, шылғи қайыс деп атаған. Иленбеген жүнді терілерден тулақ, тайтері, бөстек, тұлып, қауға, мес, дорба, шарқай, т.б. заттар жасаған. Мал терісін малма әдісімен илеген. Малма дегеніміз — үлкен ыдысқа ашытқы ашытып, теріні соған салып илеу. Боялған терілерден әсем киім, тұрмыста тұтынатын әдемі заттар жасалады.

46. Біздің заманымызға дейін 1 мыңжылдықтың 2-жартысынан бастап Еуразияның этникалық-саяси тарихында Орталық Азияныңкөшпелі тайпалары ролі артты. Біздің заманымызға дейін 4-3 ғасырларда Қытайдың солтүстігі мен Орталық Азияда ғұндар деген тайпалар бірлестігі (сюнну, дунху) пайда болды. Нақты айтқанда, біздің заманымыздың дейін 209 жылы бой көтеріп, біздің заманымызда 216 жылы дейін дәурен сүрді.

Шаңырағын көтерген әйгілі Мөде (Мотэ) батыр. Біздің заманымызға дейін 209 жылы Мөде әкесін өлтіріп, таққа ие болады.

Осы заманнан бастап, ғұн мемлекеті күшейе бастады (атап айтсақ, біздің заманымызға дейін 188 жылы ғұндар өзіне қытайимператоры Гао-Диды бағындырады, хань династиясы ғұндарға салық төлеп тұрғаны белгілі. Юечжи, ловфань, байянь, үйсүн тағы да басқа тайпалардың жерін тартып алады.)

Ғұндар Байкалдан Тибетке, Шығыс Түркістаннан Хуанхэ өзеніне дейінгі жерде мемлекет құрды. Оның әскері 300-400 мың болды.

Мөде қайтыс болғаннан кейін өзара қырқыс басталды. Хулагу кезінде, біздің заманымызға дейін 47 жылы ғұндар оңтүстік және солтүстік болып екіге бөлінді. Оңтүстік ғұндар Қытай бодандығын қабылдады, ал солтүстігіндегілер орталық азиялық тайпалармен одақтасып батысқа кетіп, өз тәуелсіздіктерін сақтады. Алайда, үнемі Қытайдың қысымына түскендіктен Тянь-Шаньды асып өтіп, қаңлыларға келді. Бұл ғұндардың Орта Азия мен Қазақстанға алғашқы қоныс аударуы болды.

Екінші қоныс аудару біздің заманымыздың 1 ғасырында болды. 93 жылы Қытайлар ығыстырған солтүстік ғұндар тағы да батысқа қарай жылжыды. Олар Қазақстан территориясы арқылы батысқа бет алды. Бұл көшпенділердің Қазақстанға енуіне байланысты шығыс иранның қаңлы тайпаларының түріктенуі басталады.

Біздің заманымыздың 1 мыңжылдығы басында Жетісу, оңтүстік қазақстан тайпаларының кескін-келбеті монғолдана бастады. Ғұндар жергілікті тайпаларды бағындырып, Сырдария бойымен Арал өңіріне, орталық және батыс Қазақстан аймақтарына барып енеді. Ғұндардың біздің заманымыздың 4 ғасырда Шығыс және Орталық Еуропа жеріне келуіне үш ғасыр уақыт керек болды.[2]

Ғұндар Рим империясына қауіп төндірді. 5 ғасырдың 30-жылдары ғұндардың басшысы Аттила Еуропа халқының үрейін ұшырды. 375-376 жылдары вестготтардың Қазақстан даласынан келген ғұндармен күресі ежелгі Рим империясының құлауына әкелді.