
- •Дэж жасушаларының шығу тегі
- •Гастроэнтеропанкреатикалық эндокриндік жүйе
- •Жүрек жүрекшесі
- •Бүйректер
- •Айырша без (тимус)
- •Басқа гормон өндіруші тіндер және шашыранды эндокринді жасушалар
- •Апудоциттердің морфологиясы (құрылысы)
- •Апудоциттердің құрамы
- •Апудоциттер қызметтері
- •Асқорыту жүйесінің эндокринді жасушалары
- •I. Жүйке жүйесінің нейроэндокринді жасушалары
- •Қорытынды
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі:
Апудоциттер қызметтері
Апудоциттердің негізгі қызметі – олар амин қышқылдарынан синтездейтін биологиялық белсенді заттарды өндіруі.
Апудоциттер өз өнімдерін экзоцитоз арқылы бөледі:
Паракринді тип бойынша – гормон жасушаны қоршар тұрған ортаға бөлінеді.
Эпикринді тип бойынша – гормон тікелей эндокринді жасушадан жасушааралық қоршаған ортаға соқпай жалғасып жатқан паренхиматозды жасушаға барады.
Апудоциттердің биологиялық белсенді заттарының көмегімен диффузды нейроэндокринді жүйе ағзаның дамуы мен тіршілік жағдайын реттейді: шартты рефлекстердің, ауырсыну және эмоциональді сезімдердің түзілуіне, сонымен қатар есте сақтау және ұйқы процестеріне қатысады. Тыныс алу жүйесіндегі апудоциттер эмбриогенездің әртүрлі стадияларында пайда болып, цито-, гисто- және органогенез процестеріне қатысады, әртүрлі органдар жасушаларының пролиферациясы мен дифференцировкасын реттейді, эмбриональді және постэмбриональді кезеңдерде ауру патогенезінің көптеген бөлімдерін өзгертеді.
Әсіресе, стресске әкелетін төтенше жағдайлардан ағзаның хал-күйі өзгергенде апудоциттер үлкен маңызға ие бола бастайды. Олар осындай жағдайларда гомеостазды қалыпты деңгейде ұстап тұруда маңызды рөл атқарады. Мысалы, гипербариялық оксигенация әсерінен өкпеде апудоциттердің саны жоғарылап, олардың гормонды бөлуі күшейіп, қызметі де өзгереді.
Апудоциттердің барлық дерлік гормондары жасушалардың бөлінуіне әсер ететін пролиферотропты заттар болып табылады. Дегенмен, олардың бір бөлігі жасушалық пролифереацияның активаторлары, ал бір бөлігі ингибиторлары ретінде қызмет атқарады. Белгілі жағдайларға байланысты бірдей гормондар бір мезгілде жасуша бөлінуінің активаторлары және ингибиторлары ретінде қызмет атқара алады. АPUD- жүйенің барлық жасушаларының қалыпты қызметі кезінде ағзадағы гормондардың концентрациясы қалыпты, оптимальді деңгейде болады. Ол әрбір нақты органда оның морфологиялық және функциональді статусына қарай пролиферация және апоптоз процестерін қамтамасыз етеді. ДЭЖ-мен нақты бір гормондардың өндірілуінің бұзылуы ісіктік өсу кезінде адамның гормональді деңгейінің бұзылуына әкелуі мүмкін.
Гормондар |
Әсері |
1. Эритропоэтин |
Эритропоэтин эритропоэздің ерте, тіпті, кеш стадияларында сүйектің қызыл кемігінде белсенеді. |
Қан қысымына әсер ететін гормондар: 2. ренин, 3. простагландиндер (простагландиндер басқа да көптеген органдарда түзіледі). |
2. а) Ренин басқа гормондардан ерекшелігі фермент болып табылады: Бауырда белсенді емес күйде синтезделетін пептид болып саналатын қандағы ангиотензиннің белсенділігін катализдейді (күшейтеді). б) Ангиотензин белсенді күйге көшкен соң: тамырларды тарылтады және бүйрек үсті безінде альдостеронның өндірілуін күшейтеді (ол ағзада тұздың және судың жиналуына және осылайша қан қысымын жоғарылауына әкеледі). 3. Бүйректе синтезделетін простагландиндер: тамырларды кеңейтеді және қан қысымын түсіреді. |
Тимус
Гормондар |
Әсері |
Лимфоциттердің пісіп-жетілуіне әсер ететін гормондар: 1. тимопоэтиндер (Т-лимфопоэтиндер), 2. тимозин, 3. лимфоцитбелсендіруші гормондар (ЛБГ) және т.б. |
1. Тимопоэтиндер сүйектің қызыл кемігінде кейбір лимфопоэз ізашарларының Т-лимфоциттер ізашарларына айналуына ықпал етеді. 2. Тимозин Т-лимфоциттердің келесі пісіп-жетілу кезеңдерін белсендіреді: пре-Т-жасушаларының тимусқа миграциясын, Тимуста Т-лимфобласттардың пролиферациясын және Перифериялық лимфоидті тінде Т-иммунобласттардың пролиферациясын 3. ЛБГ Т-хелперлерді белсендіру арқылы антиденелердің түзілуін күшейтеді. |
Басқа бездер гормондарына ұқсас гормондар: 4. өсу факторы, немесе гомеостатикалық тимусты гормон (ГТГ), 5. инсулин тәрізді фактор, 6. кальцитонин тәрізді фактор. |
4. ГТГ – гипофиздің соматотропты гормонының синергисті, яғни, ол да дененің өсуіне ықпал етеді. 5. Инсулин тәрізді фактор, инсулин сияқты қандағы глюкоза концентрациясының төмендеуіне әкеледі. 6. А кальцитонин тәрізді фактор қандағы Са2+ иондары концентрациясын төмендетеді. |