Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
DES_srs_gista2.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
86.68 Кб
Скачать

Жүрек жүрекшесі

Жүрекшеде бүйректермен зәрмен бірге натрийдің де сыртқа шығуын қамтамасыз ететін пептид – жүрекшелік натрийуретикалық гормон өндірілетіндіктен жүрек эндокриндік қызмет атқарады.

Бүйректер

Бүйректер де бірнеше гормондар бөледі:

  • Эритропоэтин (қан жасауға қажет)

  • Кальцитриол стероиды (Витамин D метаболиті кальцидиолдан өндіріледі)

  • Ренин (гормондарды белсендіруші жүйеге жатады)

Бауыр

Ангиотензин II гормонының ізашары —ангиотензиногеннің молекуласын және де өсу гормонының қызметі үшін маңызды  соматомединді (өсудің инсулинтәрізді факторлары ӨИФ-1 және ӨИФ-2) өндіре отырып, бауыр гормон түзуге қатысады.

Жүйке жүйесі

Орталық және вегетативті жүйке жүйесінің нейрондары гормондар мен нейропептидтердің маңызды көздері ретінде қызмет атқарады.

Мысалы, гипоталамус нейросекреторлы гормондарды өндіреді.

  • Гипоталамус  рилизинг- және ингибирлеуші гормондарды өндіреді:

    • ГнРГ

    • СТГ-рилизинг-гормон (СТГ-РГ)

    • Кортикотропин-рилизинг-гормон (КРГ)

    • Тиротропин-рилизинг-гормон (ТРГ)

    • Соматостатин

  • Эпифиз сератониннен мелатонин өндіреді.

Айырша без (тимус)

Айырша без лимфоциттердің дифференцировкасында (өсіп-жетілуінде) маңызды рөл ойнайтын тимозин гормонын өндіреді.

Басқа гормон өндіруші тіндер және шашыранды эндокринді жасушалар

Оларға жатады:

  • Қалқанша бездің С-жасушалары .

    • Кальцитонин

  • Өкпе эпителийлері.

    • Барлық дерлік  нейропептидтер

  • Май жасушалары.

    • Лептин

  • Иммунды жүйе.

    • Айырша без гормондары

    • Цитокиндер

  • Тіндік гормондар немесе  медиаторлар.

    • Эйкозаноидтар

    • Гистамин

    • Серотонин

    • Брадикинин

  «APUD» атауы ағылшын сөздерініің алғашқы әріптерінен құралған: - А — amines — аминдер; - P — precursor — ізашар; - U — uptake — сіңіру, жұту; - D — decarboxylation — декарбоксилдену.

Апудоциттерді алғаш рет Н.К. Кульчицкий сипаттаған. Ол бастапқы кезде, XIX ғасырдың соңында ішек эпителийінде, кейін XX ғасырдың 30 жылдарының соңында мұндай жасушалар бронхтар мен альвеолалар эпителийінде табылған.

Апудоциттер ДЭЖ-ні немесе APUD-жүйені құрайды. Апудоциттер – эндокринтәрізді жасушалар. Олардың қазіргі таңда 60-қа жуық әртүрлі түрлері бар.

Апудоциттердің морфологиясы (құрылысы)

Қарапайым бояумен бояғанда өкпе апудоциттерінің көлемі өкпенің өзінің жасушаларына қарағанда біршама үлкен болады, пішіні дөңгелек немесе үшбұрышты, олардың цитоплазмасы эозинофильді, ядросы жасушаның апикальді ұшына қарай жылжыған. Базальді бөлігінде күміспен оң рекакцияға түсетін және диазоний әдісімен боялатын секреторлы гранулалар орналасады. Бұл гранулалар апудоциттердің негізгі ультрақұрылымдық белгісі және биогенді амин мен пептидті гормондардың жиналатын орны болып табылады, ал олардың сәйкес құрылымы өндірілетін гормонның түрін анықтауға мүмкіндік береді.

Электрондық микроскопия кезінде апудоциттерде жақсы жетілген эндоплазмалық ретикулум, пластинкалық Гольджи комплексі, митохондрийлер және рибосомалар табылады.

Апудоциттердің құрамы

  1. Биогенді аминдердің – катехоламиндер (адреналин, норадреналин, дофамин) және серотониннің (5-гидрокситриптамин) жоғары концентрациясы.

  2. Биогенді аминдер ізашарларын - белгілі бір аминқышқылдарды (тирозин, гистидин және т.б.) жұту қабілеті.

  3. Жұтылған аминқышқылдарын декарбоксилдеу (амин қышқылдарынан карбоксильді топты жою және осылайша амин қышқылдарының аминге айналуы).

  4. Біршама арнайы ферменттердің болуы - глицерофосфатдегидрогеназа, арнайы емес эстеразалар, холинэстеразалар.

  5. Аргирофилия (күміс тұздарымен боялады).

  6. Арнайы иммунофлюоресценция (тінтаңдамалы флуоресцентті ақуыз-маркерлермен байланысу).

  7. Ерекше ферменттің болуы – нейронспецификалық гамма-енолаза.

  8. АPUD-жүйенің жасушаларында Кребс циклінің ферменттерінің, гликолиздің, пентозофосфатты шунт және амин алмасуының жоғары белсенділігімен көрінетін жоғары метаболизмдік және функциональдық белсенділік генетикалық детерминирленген.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]