Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
DES_srs_gista2.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
86.68 Кб
Скачать

«Астана медицина университеті» АҚ

Гистология, цитология және эмбриология кафедрасы

СӨЖ

Тақырыбы: «Диффузды эндокринді жүйе».

Орындаған: Құрманбаева А. Д.

Қабылдаған: Утеуова И. А.

Топ: 305 ЖМ.

Астана 2014 ж.

Жоспары:

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

  1. ДЭЖ жасушаларының шығу тегі

  2. ДЭЖ-ң негізгі белгілері мен құрамы

  3. Гастроэнтеропанкреатикалық эндокриндік жүйе, жүрек жүрекшесі, бүйректер, бауыр, жүйке жүйесі, айырша бездің эндокринді қызметтері

  4. Апудоциттердің құрылысы, құрамы, қызметтері

ІІІ. Қорытынды

ІV. Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Диффузды эндокринді жүйе (ДЭЖ) – әртүрлі органдарда шашырап орналасқан эндокринді жасушалармен (апудоцит) сипатталатын эндокринді жүйенің (нейроэндокринді жүйе) бөлімі. Апудоциттер агландулярлы гормондарды (кальцитриолдан басқа пептидтер)синтездейді. ДЭЖ – жануар мен адамның эндокринді жүйесінің эволюциялық ежелгі және ірі бөлімі. ДЭЖ жасушалары ақпаратты организмнің ішкі және сыртқы ортасынан қабылдап, олар бұл ақпаратқа биогенді аминдер мен пептидті гормондарды бөлу арқылы жауап береді.

Негізгі бөлім

Дэж жасушаларының шығу тегі

ДЭЖ синонимдері: APUD- жүйе, паракринді жүйе, диффузды нейроэндокринді жүйе, ПОДАП- жүйе, ақшыл жасушалар жүйесі, хромафинді жүйе, гастроэнтеропанкреатикалық жүйе және т.б. APUD- жүйе концепциясы пайда болған кезде зерттеушілердің басты назары бұл жүйе жасушаларының (апудоциттер) пептидергиялық нейрондарға ұқсас екендігіне аударылды. Сөйтіп, APUD- жүйенің барлық жасушалары нейроэндокринді жасушалар, яғни нейроэктодерманың туындылары деп санала бастады. Мұндай түсінік не себепті нейропептидтердің (соматостатин, ВИП, бомбезин, нейротензин,  Р субстанциясы, эндорфиндер және т.б.) тек нейрондарда ғана емес, сонымен қатар мес жасушаларында, секреторлы кардиомиоциттерде және ДЭЖ жасушаларында болатындығын жақсы түсіндірді. Бірақ апудоциттерді нейроэктодерманың туындылары деп мойындау ұйқы безінің экзокринді және эндокринді бөлімдері паренхимасының шығу тегі -энтеродермальды, мес жасушаларының – мезенхимальді, ал секреторлы кардиомиоциттердің шығу тегі – мезодермальді деген элементарлы көзқарасқа қайшы болды.

ДЭЖ жасушалары шығу тегінің нейроэктодермальді концепциясы ғылыми негіздегі қолдау таппады. ДЭЖ жасушалары эпителиальді тіндердің гистогенетикалық жағынан әртүрлі типті бағана жасушаларынан дамитындығы белгілі болды. Мысалы, ДЭЖ-ның ең ірі бөлімі болып саналатын гастроэнтеропанкреатикалық жүйенің жасушалары бағаналы энтеродермальды жасушалардан дамиды.

ДЭЖ-нің негізгі белгілері:

1) жасушаларының диффузды (шашыранды) түрде орналасуы, осылайша ол бездің бір бөлігінде жиналып орналасатын эндокриндік бездердің секрециялық жасушаларынан ерекшеленеді; 2) биогенді амин және/ немесе пептидті гормондар түріндегі реттеуші заттарды өндіруі.

ДЭЖ жасушаларында түзілетін биологиялық белсенді қосылыстар эндокринді, нейрокринді, нейроэндокринді және паракринді функцияларды атқарады. ДЭЖ-ге тән қосылыстар (вазоактивті интестинальді пептид, нейротензин және т.б басқалары) тек ДЭЖ жасушаларынан ғана емес, сонымен бірге нерв ұштарынан да бөлініп шығады.

ДЭЖ –ң құрамы.

ДЭЖ апудоциттерден (APUD-жасушалардан) құралған, ол – амииноқышқыл-ізашарларын жұтып, олардан декарбоксилдену реакциясы (аминоқышқыл-ізашарларынан карбоксильді топты жою) көмегімен белсенді аминдер және/ немесе төмен молекулярлы пептидтерді өндіретін секрециялық жасушалар. ДЭЖ жасушаларының соңғы жіктемесі мынадай жасуша түрлерінен тұрады: А, В, D, D1, Ес,Еcl, G, I, K, L,Mo, N, P, PP, S, X, YY.

Құрылымдық-функциональдық қатынас бойынша ДЭЖ жасушаларын ашық және жабық түрлерге бөледі. Ашық типті жасушалар апикальді ұштарымен асқазан, ішек немесе бронх қуыстарына жетеді. Апикальді ұштарында рецепторлы ақуыздары бар микробүрлер болады, яғни ашық типті жасушалар қуыс мүшелер құрамының хеморецепторлары болып саналады. Хеморецепторлар сыртқы ортамен қатынаста болады. Ал жабық типті жасушалар мүше қуыстарына жетпейді және ағзаның ішкі жағдайы туралы ақпаратты қабылдайды.

Гастроэнтеропанкреатикалық эндокриндік жүйе

Денедегі гормонды ең көп мөлшерде өндіруші ретінде асқорыту жүйесін санауға болады. Оның негізгі органдарында: асқазан, жіңішке және жуан ішектер, ұйқы безі және т.б.-нда ДЭЖ-нің бір бөлімі болып табылатын гастроэнтеропанкреатикалық эндокриндік жүйеге бірігетін диффузды орналасқан эндокринді жасушалар бар. ГЭЖ-да өндірілетін сигналдық заттарға жатады:

  • Гастрин

  • Холецистокинин

  • Секретин

  • Глюкозотәуелді инсулинотропты полипептид(ГИП)

  • Вазоактивті интестинальді пептид (ВИП)

  • Мотилин

  • Соматостатин

  • Энкефалин

  • Тахикинин

  • Грелин

Сонымен қатар он екі елі ішек аренторинді (тәбетті реттегіш зат) өндіреді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]