Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
экспер псих лекция.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
418.3 Кб
Скачать

Тақырып № 15. Негізгі жиынтық және таңдау

Эксперименттік жоспарлау-экспериментке дайындық барысындағы жүргізілетін бір қатар іс-шаралар. Мұндағы жүмыс тэуелді және тэуелсіз өзгерістердің деңгейін таңдауға тэжірибе процедурасын жоспарпауға бағытталады. Сондай-ақ экспериментті жоспарлау бірқатар психологиялық проблемаларды шешуге бағытталады. Психологиялық эрекетті жоспарлаудың 2 түрі бар. І.Мазмұнды жоспарлау 2.Ресми жоспарлау

Мазмүнды жоспарлауда: эксперименттік гипотезалардың негізінде мазмүнды қорытындылар жасаладжы. Ресми жоспарлау:зерттеуші мен зерттелінушінің өзара эрекеттерін жоспарлау аркылы схема жасалады. Психологиялық экспериментті жоспарлаудың 1-ші кезеңі мазмұнды жоспарлаудан басталады. Одан соң ресми жоспарлауға көшеді. Психолог психологиялық экспериментті жасау барысында қандай да бір жинақталған материалды жүйелейді, жинақтайды.

Психологиялық экспериментті жоспарлау терминін жан-жақты түсіндіру үшін оған әр түрлі анықтама беру қажет.

1.Гипотезаны тексеру үшін алынған мәліметтерді жоспарлау немесе схема құру

2.Мазмүнды және ресми жоспарлудың зерттеу аспектісіндегі қүрылым мен методикалық құралдарды анықтаудың жалпы мэселелерін көрсету

З.Эксперименттік фактілер туралы статистикалық шешімдерді ары қарай қолдану мақсатында жоспарлау. Жоспар туралы ойлағанда зерттеуші өзінде бар кандай да бір мәліметтерді іріктейді. Олардың мүмкіншілігін салыстырады.

Эксперимент арқылы мэселені шешуге жақын мэселені анықтайды. Р.Ботсданкер эксперименттік схемалардың мынандай белгілеріне талдау жасайды. Бір адамға немесе әр түрлі топтағы адамдарға тэуелсіз өзгеріс жағдайын салыстыру жүйесі. Мұнда схеманың мынадай белгшілеріне талдау жасайды.

1.Эксперименттің интраиндивидуалды схемасы. Мұнда экспериментті өткізу схемасы бір ғана зерттеуші жағдайына бағытталады.

2.Эксперименттің топ аралық схемасы. Мұнда әртүрлі топтардағы адамдардың тэуелсіз өзгеріс жағдайларын салыстыру арқылы экспериментті өткізу схемаланады.

З.Эксперименттің процесс индивидуалды схемасы-мұнда эрбір зерттеуші тэуелсіз өзгерістің барлық жағдайларда 100-ге өсу мақсатында экспериментті өткізу схемаланады.

2.Мазмұндық жоспарлау гипотезалық қүрылымды сендірумен байланысты. Эксперименттік гипотезаны жоспарлауда және олардың интерпретациялық компоненттерін негіздеуді қамтиды, ал ресми жоспарлауда бүған қоса зерттеу жоспары немесе эксперименттік схема таңдалады.

Эксперименттік схеманы құру мынадай принциптерге сүйенеді:

1.Эксперимент тэуелсіз өзгерістің ең болмағанда біреуі болатын жағдайда жүргізілуі мүмкін.

2.Өзгерістерді өлшеу және тізбектеу Стивинс ұсынған шкалалар классификациясымен іске асады.

З.Эксперимент тэуелсіз өзгерістің функционалды жағдайда болуы мүмкін

4.факторлы немесе мультивариантты эксперимен алынған мәліметтің өзара өзгерістерде қүрылады.

5.Кіріспе экспериментке зерттелінуші жағдай арасындағы өзгешелікті қабылдайды.

6.ресми жоспар немесе экспериментті бақылау схемасын таңдау эксперименттің ішкі валидтілігін құрайды.