Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
экспер псих лекция.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
418.3 Кб
Скачать

Тақырып №9. Эмпирикалық зерттеу әдістері

Эксперименттік зерттеу жұмыстары негізгі зерттеу әдістері бойынша жүргізіледі. Эксперимент психологияда негізгі педагогикалық психологиялық мэселелерді шешу болғандықтан эксперименттік емес әдістерді білу керек.

Эксперименттік емес әдістердің бірі бақылау әдісі. Психологияда эксперимент жүргізу үшін көбнесе бақылау әдісі қолданылады. Сондықтанда бақылау әдісінің сипаты мен мазмүнын, құрылымы мен процесін жан-жақты талдау қажет. Бақылау әдісі әдетте табиғи жағдайда зерттеуші адамдардың эрекетіне араласпай оның жалпы эрекетін байқау арқылы жүргізіледі. Эксперименттік мәліметтерді жинақтау негізінде бақылау әдісі тиімді болып табылады. Ғылыми зерттеу жүмыстарын жүргізуде жүмыстың ерекшеліктеріне байланысты байқау әдістерінің түрі таңдалып алынады. Кейде бақылау әдістерінде аспаптар қолданылады. Байқау әдісі нэтижелі болып шығу үшін мынадай шарттар болуы қажет. І.бакылаудың үзақ уақыт бойына жүргізілуін және бір фактінің өзі бірнеше рет қайталанып зерттелуін қамтамасыз ету керек. 2.3ерттелінетін объектіні айқын анықтап алу қажет және не үшін байқайтын мақсатын түсініп алу қажет, Мысалы: егер бақылау объектісі сабаққа үлгермейтін оқушы болса онда зерттеудің мақсаты мынадай болады: сабақ үлгерімі нашар оқушының сабаққа дайындалу кезіндегі оның ақыл-ой жүмысының кейбір ерекшеліктерін зерттеу. З.бақылау арқылы байқалған фактілерді сол сэтте жазып отыру керек. Яғни зерттелушінің сөздік жауап реакцияларын стенаграммаға жазып отыру керек. Кейін оған мұқият талдау жасап ең негізгі басты басты фактілерді іріктеп алу қажет. 4.бірнеше рет бақылау арқылы алынған нэтижелерді одан кейін балалардың психологиялық ерекшеліктерін дамыту үшін нақты шараларды белгілеу керек.

Мектеп тэжірибесінде бақылау әдісі көбірек қолданылады. Себебі баламен тығыз қарым-қатынастағы мұғалім сол баланың тэртібін, сабақ үлгерімін, психологиялық ерекшелігін біле алады. Әрі бақылаудан алынған нэтиже бойынша тиісті шаралар жүргізеді.

Бақылау әдісінің жетістіктерімен қоса кемшіліктері де бар.

1.Зерттеуші мұнде өзіне керек құбылыстарды әбсәтте зерттей алмайды дакөп уақытын жіберіп алады.

2.Бақылауды әр уақытта тыңғылықты зерттелушінің өзі ойлағандай етіп үйым-дастыруға жағдай болмай қалады. Себебі мұнда кездейсоқ объективті және субъективті себептер туындауы мүмкін.

З.Бақылау әдістерінде ғылыми деректер аз болады.

Тақырып №10. Эксперименталды зерттеудің әлеуметтік-психологиялық аспектілері

Бақылау әдісіне қарағанда эксперименттің әдісінің өзінің артықшылығы бар. Ол туралы орыс физиологы И.П.Павлов былай деп жазды. «бақылау әдісі табиғаттың ұсынғанын жинайды , ал эксперимент табиғаттан өзінің қалағанын тілегенін алады.».

Эксперимент жасауда зерттеуші өзі зерттегісі келетін баланың психологиялық ерекшелігін көлдененнен кез болуын күтіп тұрмай сол процестің тууына жағдай жасайды. Психологияда эксперименттің 2 түрі бар.

Лобараториялық эксперимент ХІХ ғасырдың ортасынан бастап жеке психикалық қасиеттерді зерттеу үшін кеңінен колданыла бастады. Неміс ғалымы В.Вунт (1832-1920) Психологияны эксперименттік жолмен зерттеудің негізін салды.

1879 жылы тұңғыш рет лобаратория ашады, онда психологтар көру, есту, иіс сезу түйсіктерін зерттеу үшін эксперимент пайдаланылды.

Орыс психологы Н.Ланге (1858-1921) эксперимент әдісімен зейін мен қабылдауға зерттеу жүргізді. Француз психологы Бине (1857-1911) алғаш рет ойлау процесіне эксперимент жасады. Бұдан кейінгі жылдарда Вунттың лобараториясында жаттап алудың тездігі мен дэлдігін, ұмытудың жылдамдығын эксперимент арқылы өлшеулер жүргізілді.

Эксперимент жүргізу үшін арнайы лобараториялық мекемелер болады. Ол мекемелерде нақты психикалық процесті анықтауға арналған аспаптар мен приборлар болады. Мысалы психикалық процестің пайда болуы мен шапшандығын өлшеу үшін храноскоп қолданылады. Лабораторияда жүргізілген эксперимент нәтижелі болу үшін мынадай шарттар қойылады.

1.Эксперимент жүргізушінің зерттеу объектісі туралы алдын-ала болжамы болуы тиіс.

2.Тиімді жүмыс жағдайын алдын-ала дайындап алу керек.

З.алдын-ала белгіленген жоспар бойынша арнайы әдістерге сай жүргізу керек.

4.Бір құбылысты бірнеше рет тексеруден өткізіп,олардың эрқайсысына сандық және сапалық жағынан талдау жасау керек.

5.Алынған мәліметтерге байланысты негізгі және қосалқы қорытындылар шығарып, эксперименттен ашылған кейбір ғылыми деректерді оқу тэрбие процесінің сапасын жақсарту үшін пайдалану жобасын, жолдарын көрсету керек.

6- апта