
- •Тақырып №1. Эксперименталды психологияның пәні мен міндеттері
- •Тақырып №2. Эксперименталды психологияның даму тарихы
- •Тақырып №3. Эксперименталды психологияның қазіргі жағдайы
- •Тақырып №4. Эксперименталды психологияның дамуының негізгі бағыттары
- •Тақырып №5. Психологиядағы ғылыми зерттеудің әдістері
- •Тақырып №6. Психологиялық теория және оның құрылымы
- •Тақырып №7. Психологиядағы ғылыми зерттеудің әдістерін жіктеу
- •Тақырып №8. Бақылау әдісі
- •1733 Ж Англияда Де - Муавр 1806 ж Германияда Ганнс 1802 ж Францияда Лоплос
- •Тақырып №9. Эмпирикалық зерттеу әдістері
- •Тақырып №10. Эксперименталды зерттеудің әлеуметтік-психологиялық аспектілері
- •Тақырып №11. Зерттеушінің мотивациясы
- •Тақырып № 12. Психологиялық экспериментті жоспарлау
- •Тақырып № 13. Эксперименттің валидтілігі
- •Тақырып № 14. Психологиялық шкалалар
- •Тақырып № 15. Негізгі жиынтық және таңдау
- •Тақырып №16. Экспериментті жүргізу кезеңдері
- •Тақырып №17. Алғашқы мәліметтерді оңдеу
- •Тақырып № 18. Нәтижелерді өңдеудің негізгі әдістері
- •Тақырып №19. Алғашқы мәліметтерді және өлшеудің деңгейін өңдеу әдістері
- •Тақырып №20. Мәліметтерді өңдеудің статистикалық өлшемі мен шкалалардың түрлері
- •Тақырып №21. Корреляциялық байланысты құру
- •Тақырып №22. Факторлық талдау
- •Тақырып №23. Алғашқы мәліметтерді оңдеудің компьютерлік бағдарламасы
- •Тақырып №24. Ғылыми нәтижелерді ұсыну
- •Тақырып №25. Эмпирикалық нәтижелерді интерпретациялау әдістері
- •Тақырып №26. Зерттеудің нәтижелерін ауызша және жазбаша формада ұсыну
- •Тақырып №27. Ғылыми нәтижелерді ұсыну кезеңдеріндегі зерттеушінің этикасы
- •Тақырып №28. Ғылыми нәтижелердің ұсынылу формасы
- •Тақырып №29. Ғылыми баяндамаларға қойылатын талаптар және оның түрлері
- •Тақырып №30. Ғылыми мақаланың жазылу ережесі
- •Пайдалынылатын әдебиеттер Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
Тақырып №30. Ғылыми мақаланың жазылу ережесі
Проективтік әдістердің көпшілігі тек өзіне тән ерекшеліктермен сипатталады. Бірішіден, ол жеке тұлға аспектілерінің ішінде бүркеме түрдегі, немесе адам онша түсінбеген, кейде, тіпті бейсаналы психикалық феномендерді талдауға бағытталған. Екіншіден, зерттелінушіге тікелей қойған сауалдар оның қорғаныс бейсаналы механизмдерін шақырып, зерттелініп жатқан қасиеттердің кейбір көріністері «жасырынып» қалады. Үшіншіден, зерттелінушіге берілген тапсырмалардың психодиагностикалық мағнасы түсініксіз болғандықтан, зерттеу барысында ешқандай қысым сезінбегендіктен, ол өзін еркін сезініп, көптеген ерекшеліктерін «жүгендемейді». Сондықтан адам өз психикалық қаситтерінің ерекшеліктерін ақиқатқа сай көрсетеді. Сонымен қатар проективтік әдістер аз стандарттатылған, жүргізу тәртібі қатал емес. Сондықтан зерттеуші зерттелінушінің ерекшеліктеріне тәуелді болады. Зерттелінуші ашық-жарқын, әңгімелескіш болса оған берілген нұсқаулар толығырақ болады, ал тұйық, аз сөйлейтіндерге берілген түсініктемелер де сараң болады. Осы ерекшеліктерінің барлығы жиналған материалдарды бір жүйеге келтіріп, ортақ шкала бойынша бағалауға кедергі жасайды.
Зерттеу нәтижесін талдауда да көптеген қиындықтар бар. Талдау арнайы категориялар бойынша жүргізіледі. Олар: «әсерлену типі», аффектілігі және оны қадағалау деңгейі, интеллектуалдық қабілетінің кейбір көрсеткіштері, қорғаныс механизмдерінің басым келетін түрлері.
Зерттелінушіге ұсынылған ынталандыру материалдары ретінде ешқандай кескіндерінің үйлесімі жоқ, орта осіне симметриялы орналасқан он дақтың суреті көрсетіледі. Олардың әрқайсысы 18х24 см қағазға басылған. Олардың бесеуі ақ-қара түсті, ал қалған бесеуі – түрлі-түсті. Қағаз бетіне үлкен тамшы бояуды тамызып, содан соң ол қағазды екі бүктегенде оындай дақтар пайда болады. «Роршах дақтары» көптеген осыған ұксас әдістердің ішінен диагностикалық жағынан тиімді деп табылған. Бұл әдістің көмегімен адам мінезінің және ұстанымдарының бүркеме, елеусіз жақтарын диагностикалауға пайдаланылады.
Зерттеу екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде зерттелінушіге әр парақты қарап шығып, ондағы дақтардан не көргенін, неге ұқсатқанын айтып беру ұсынылады. Зерттелінушінің бір сөзін қалдырмай дәлме-дәл жазып алу керек. Екінші кезеңде сол парақтар қайтадан көрсетіледі де, алдында айтқан сөздері қандай көрсеткіштерге негізделгенін түсіндіріп беру талап етіледі. Әңгімелесу барысында зерттелінушінің не көргеніне, неге ұқсатқанына ерекше көңіл аударылып (адамдар фигураларын, мифологиялық немесе өмірде кездесетін жануарларды, географиялық бейнелерді, табиғат көрінісі, сексуалдық жағдайлар т.с.с.), ол бейнелердің дақтың бетінде орналасуы (түрі, формасы, қимыл үстінде болуы), жауаптарының өзіндік ерекшелігі немесе басқалардың жауабына ұқсайтындығы тиянақты талданады.
Құрылымдық талдау әдістемелері. Зерттелінушіге бір тапсырма беріледі. Тапсырма – сол заттқа мағына беріп талдау ұсынылады. Розенцвейг (1940) ұсынған талдауда аудиокасетаға жазылған, сөздері анық емес, ер адамның даусын мұқият тыңдап ол хабарда не туралы айтылғанын талдап беру тапсырылады. Жазылған текстің, ақиқатта, ешқандай мағнасы жоқ. Ол мәтінде мағнасыз дыбыстардың жиынтығы қайта–қайта айтылады. Зерттелінушінің сол мәліметтің мағнасын талдауы бойынша оның басқаларға ашықтығы, иланушылығы, айтқан сөздерінің субъективтілігі талданады.
Твитчел-Аллен тесті (1947) тесті. Твитчел-Аллен тесті ешқандай формасы анық емес 28 көлемді заттардан тұрады (шар, цилиндр, куб тәрізділерден жануарлар мен адамның пішініне ұқсағанға дейін). Формаларының анық еместігі зерттелінушілердің оларды талдағанда көрсетілген заттарға қатынасының неше түрлі болуына алып келеді.