Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
экспер псих лекция.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
418.3 Кб
Скачать

Тақырып №28. Ғылыми нәтижелердің ұсынылу формасы

Бақылауды ғылыми зерттеу әдісі ретінде пайдаланғанда ол күнделікті бақылаудан келесі ерекшеліктермен сипатталады:

мақсаттылығы, бақылау жүргізуші нені және не үшін бақылайтынын және қандай көрсеткіштерін есепке алып отыратынын алдын ала анықтап алады;

жүйелілігі, жүйелі жүргізген бақылау арқылы кездейсоқ мәселерді сол құбылысқа тән тұрақты қасиеттерден ажыратады;

жоспарлылығы, зерттеуші зерттелінетін мәселерді алдын-ала анықтап, зерттеуді қай бақытта жүргізетінін жоспарлап алады;

талдап қабылданатыны, зерттеуші байқаған ерекшеліктерді тадап, барлық фактілерді бір-бірімен салыстырып отырады;

нәтижелерін тіркеу, бақылау барысында орын алған ерекшеліктердің барлығы қағазға түсіріліп, тіркеледі;

барлық ұғымдар анықталып, бақылау барысында бір жүйедегі анықтамалар пайдаланылады.

Осы ерекшеліктерді ескере отырып жүргізілген зерттеулердің көрсеткіштері қайталанып отырады. Зерттеушінің бақылау барысында алған мәліметтері басқа зерттеушілер ұқсас жағдайда жүргізген бақылауында қайталанып отырады. Өйткені зерттеу ұстанымдарға сай жүргізілсе нәтижелері зерттеушінің жеке ерекшеліктеріне онша тәуелді болмайды, ол объективтік болмыстың ерекшеліктерін сипаттайды.

15 - апта

Тақырып №29. Ғылыми баяндамаларға қойылатын талаптар және оның түрлері

Педагогтық ұжымда мұғалімдердің өзара қарым-қатынасы оларлың іс-әрекеттерінің мақсаты және мазмұнымен анықталады. Бірге қызмет істеу және араласу процесінде ұжымда қарым-қатынастың бірнеше жүйелері қалыптасады. Бұған ұжымда мүшелерінің оқушылары тарапынан тәрбие мақсаттарына, оқушыларға ықпал ету әдістеріне, оқушылар мен өзара қарым-қатынас стилдеріне т.б бағдарлар кіреді. Бұл жерде педагогтық ұжымтің психологиялық климаты үлкен рөл атқарады. Мұндай климат – құнды бағалау бірлігі мен жеке адамдар арасындағы қатынастардың неғұрлым мәнді көріністерінің бірі. Мұғалімнің мектептегі көңіл-күйі, оның педагогикалық іс-әрекеттке түгелдей берілуге ұмтылуы көбіне осыған байланысты. Ұжым климаты едәуір дәрежеде әрбір мұғалімнің творчестволық шегін де айқындайды. А.С Макаренко мәнін «мажор» деген сөзбен анықтаған жағымды климат ұжымтегі еңбек қуанышын, оптимизмді қатынастар қуанышын, сенімділікті, қамқоршылықты, қорғауды, сергектікті сезінуді және оның мүшелерінің осындай эмоциялық күйін көздейді.

Педагогикалық ұжымдағы психологиялық климатты зерттеу үшін социометриялық әдістемені, анкета, бақылау т.б сол сияқты психодиагностикалық әдістемелерді жүргізуге болады.

Тұлғаның даралық психологиялық қасиеттерін диагностикалау.

Проективтік әдістемелер. Проективтік немесе жобалау әдістерін (проекция – латынша алға түсіру деген мағнаны білдіреді) психологияға Л.Франк (1939) ендірді. Бұл әдіс адамның ішкі психологиялық ерекшеліктерін сыртқы заттар немесе іс-әрекеттерінің нәтижесіне бейнелеп түсіруін зерттеуге арналған көптеген тәсілдердің басын қосады.

Шынында, адамның көптеген әрекеттерінде, шығармаларында оның ішкі проблемалары, қажеттіліктері, мотивациясы, оларды шешу үшін бейсаналы түрде басшылыққа алауға болады деген жолдары бейнеленеді. Зерттеушінің міндеті – жеке тұлғаның осы бейсаналы мінез-құлыққа негіз болатын жүйесінің мағнасын және стратегиялырын айқындау болып табылады.

Проективтік әдістерді пайдаланғанда келесі мәселерді ескеру қажет:

Зерттелінушіге ұсынылған ынталандыру материалдардың құрылымдық жағынан онша түсініксіз болуына байланысты зерттелінуші оны көптеген жолдармен өзінше талдауына мүмкіндіктер мол болады. Бірінші орында ұсынылған материалдардың мазмұны емес, зерттелінушінің оған түсінгендігі емес, оның неше түрлі оперециялар жасау барысында әсерленуі және түрлі ассоциацияларының орын алуымен байланысты нәрселер талданады;

зерттелінушінің өз ерекшеліктерін және қиялын еркін көрсетуіне жағдай жасау үшін барлық нұсқаулар мен орындау ережесі өте қысқа және жалпылама түрде беріледі;

зерттелінушінің әрекеттері оның барлық орындаған жұмыстарында қте болмайтындығы мен «дұрыс емес» деп бағаланбайтындығы, әр адам берілген тапсырманы орындауда өзінің көзқарасын еркін көрсетуіне мүмкіндігі, зерттеушінің барлық уақытта тілектестік білдіретіндігі;

зерттелінушінің тапсырманы орындау нәтижесінің диагностикалық мағнасын түсінбеушілігі оның өз әрекеттерінің нәтижесін «өңдеп», «дұрыс» жақтарын көрсетуге әрекет жасамауы.