Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
экспер псих лекция.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
418.3 Кб
Скачать

Тақырып №26. Зерттеудің нәтижелерін ауызша және жазбаша формада ұсыну

Гипотеза туралы түсінік. Гипотеза (гректің hypothesis- негіз, болжам) – теориялық ойлау мен ғылыми білімнің даму формасы, ақиқаттығы дәлелденген ескі теория мен жаңадан туған мәселені шешудегі ойдың, ықтималды білімнің байланысы. Ғылыми жорамал жаңа нәтижелерге жеткізетін білім жүйесін құруға мүмкіндік туғызады. Ғылыми гипотезаның мазмұны объективтік сипатта болады. гипотезаны құру, негіздеу және дәлелдеу, оның танымдық ролін ашу гипотезаны зерттеудегі негізгі мәселелер болып табылады. Гипотезаны дәлелдеу және оны теорияға айналдыру – таным дамуының заңдылығы. Осыдан барып гипотезаның диалектикалық-логикалық концепциясы құралады. Қарапайым логика тұрғысынан қарағанда, гипотеза субъектінің бір пікірден екінші пікірге көшуін білдіреді.

Гипотеза – құбылыстардың себебі немесе солардың байланысының басқадай тереңірек түрлері жайлы әлі дәлелденбеген ғылыми жорамал.

Гипотеза- белгілі бір оқиғаның, құбылыстың ғылыми болжамдануы болып табылады және ол оның алдындағы бар білімдермен түсіндірілмеген жағдайда ерекше болады. гипотеза әлі ақиқат емес, ақиқаттық қасиеті әлі болмайды. Гипотеза -бұл алдын-ала алынған жаңа білім деп қарастырылуы мүмкін. Оның дұрыстығы әлі дәлелдеуді қажет етеді. Бұрынғы бар мәліметттер мен білім-түйгендерге қарағанда белгілі бір жүйелілікті сақтап, принципиалды өзгешеліктермен ерекшеленуі керек. Гипотеза бар мәліметтер мен дәлелдерді айқындап қана қоймай, жаңа дәлелдерге назар аудартады. Мысалы, 1911 жылы ағылшын физигі Резерфорд атомдардың планетарлық құрылымы деген гипотезасын (моделін) ұсынды. Ол бойынша атом ядросын айналып жүретін электрондар электродинамика және механика заңдарына сәйкес ядроға құлауы тиіс еді. Ал негізінде атом – бейтарап, сондықтан олардың жұбы тұрақты болатын.Мұның бәрі нақтылықты талап етіп, дәлелдеуді қажет етеді. 1915 жылы Нильс Бор Резерфорд болжамын толықтырды. Оған сәйкес электрон ядроны кез-келген орбитамен емес, тек қана толық квантқа бөлінетін тасушы энергиямен қозғалады. Осы жағдайда электрон өз энергиясын жоғалтпай, атом тұрақты және бейтарап болады. Уақыт көрсеткендей Резерфорд-Бор теориясының да толықтыруларды қажет екені анықталды. Болжам ғылыми гипотеза болуы үшін келесі талаптарға жауап беруі тиіс.

14 - апта

Тақырып №27. Ғылыми нәтижелерді ұсыну кезеңдеріндегі зерттеушінің этикасы

Психологиялық бақылауды ұйымдастыру және жүргізу ережелері

Психологиялық бақылау дегеніміз – бағытталған жөні жоспарды түрде арнаулы ұйымдастырылатын зерттеу тәсілдері. Бақылау психологиялық процестер мен құбылыстарға жүргізіліп нәтижелері арнаулы құжатқа тіркеліп жинақталған соң алынған мәліметтер психологиялық тұрғыдан тұжырымдалады. Бақылау өткізетін орнына сәйкес үйреншікті жағдайда және жасанды жағдайға байланысты екі топқа бөлінеді. Зерттеушінің байқалып отырған жұмысқа араласуына сәйкес, бақылау қатынассыз және қатынасты болып бөлінеді.

Бақылауды жүргізу үшін байқаған көрсеткіштерді тіркеп, құжатын дайындау.

Ұзақ мерзімге созылған бақылау жүргізу үшін, бақылау күнделігі жасалады. Оған кіретін көрсеткіштер тізімінің жобасы:

Бақылаулардың; мысалы, біреуді алу, нысананың саны, кімдер, немен айналысады, негізгі жұмыстарын жазу. Топтың құрылымы: кімге қалай бағынады. Кіші топтарға бөлінеді. Қарым-қатынастардың сипаттамасы.

Бақылаудың жағдайы; бақыланып отырған іс-әрекет процестер, қосалқы көңіл-күйлер, қай жерде өтіп жатыр. Мұндай жағдайда нені күтуге болады.

Бақыланатын жағдай; мен нені бақылағым келеді, не қалай істкелінуде, іс-әрекеттің мазмұны қандай, іс-әрекетте көрсеткен мінезі. Іс-әрекетке араласу себебі (мотив) болып отырған іс-әрекеттің әсері қандай. Қандай қасиеттерге ерекше назар аудару керек.

Бақылау жағдайының қайталануы және ұзақтығы. Бақыланатын жағдай қалай туды. Оған не әсер етті. Сол жағдайдың ұзақтық мөлшері. Ол жағдай ерекше болды ма әлде қайталанып отыр ма қажетті жағдайды туғызу үшін не қажет? Бұл жағдайда кедергі болып отырған не?

Бақылауды жүргізушілер туралы мәліметтер; өзінің фамилиясын, тәжірибесін бар немесе жоқ. Бұрын бақылау жүргізген бе.

Бақылау режимі және нәтижесі. Бақыланатын әрекет бастамас бұрын әрекет нәтижесіндегі қорытындылар.

Бақылау адамның іс-әрекетінің түрлерін, даму ерекшеліктерін, қоршаған ортаның құбылыстарын және олардың адамға тигізетін әсерін зерттеуге пайдаланылады. Эмпирикалық зерттеудің басым көп бөлігі бақылау арқылы жүргізіледі. Эксперименттің де көптеген элементтірі, контент талдау, тест жүргізу әдістері де бақылау элементтерін пайдалануды талап етеді.