- •Тақырып №1. Эксперименталды психологияның пәні мен міндеттері
- •Тақырып №2. Эксперименталды психологияның даму тарихы
- •Тақырып №3. Эксперименталды психологияның қазіргі жағдайы
- •Тақырып №4. Эксперименталды психологияның дамуының негізгі бағыттары
- •Тақырып №5. Психологиядағы ғылыми зерттеудің әдістері
- •Тақырып №6. Психологиялық теория және оның құрылымы
- •Тақырып №7. Психологиядағы ғылыми зерттеудің әдістерін жіктеу
- •Тақырып №8. Бақылау әдісі
- •1733 Ж Англияда Де - Муавр 1806 ж Германияда Ганнс 1802 ж Францияда Лоплос
- •Тақырып №9. Эмпирикалық зерттеу әдістері
- •Тақырып №10. Эксперименталды зерттеудің әлеуметтік-психологиялық аспектілері
- •Тақырып №11. Зерттеушінің мотивациясы
- •Тақырып № 12. Психологиялық экспериментті жоспарлау
- •Тақырып № 13. Эксперименттің валидтілігі
- •Тақырып № 14. Психологиялық шкалалар
- •Тақырып № 15. Негізгі жиынтық және таңдау
- •Тақырып №16. Экспериментті жүргізу кезеңдері
- •Тақырып №17. Алғашқы мәліметтерді оңдеу
- •Тақырып № 18. Нәтижелерді өңдеудің негізгі әдістері
- •Тақырып №19. Алғашқы мәліметтерді және өлшеудің деңгейін өңдеу әдістері
- •Тақырып №20. Мәліметтерді өңдеудің статистикалық өлшемі мен шкалалардың түрлері
- •Тақырып №21. Корреляциялық байланысты құру
- •Тақырып №22. Факторлық талдау
- •Тақырып №23. Алғашқы мәліметтерді оңдеудің компьютерлік бағдарламасы
- •Тақырып №24. Ғылыми нәтижелерді ұсыну
- •Тақырып №25. Эмпирикалық нәтижелерді интерпретациялау әдістері
- •Тақырып №26. Зерттеудің нәтижелерін ауызша және жазбаша формада ұсыну
- •Тақырып №27. Ғылыми нәтижелерді ұсыну кезеңдеріндегі зерттеушінің этикасы
- •Тақырып №28. Ғылыми нәтижелердің ұсынылу формасы
- •Тақырып №29. Ғылыми баяндамаларға қойылатын талаптар және оның түрлері
- •Тақырып №30. Ғылыми мақаланың жазылу ережесі
- •Пайдалынылатын әдебиеттер Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
Тақырып №22. Факторлық талдау
ХХ-ғ басында қалыптасты дегенмен қазіргідейін олардың саны өте жай көтерілуде. Жеке фақтірлерді талдап, жалпылау және басқа зеріттеу нәтижелерін эксперименталдық жүйеге келтіру кең тараған.жеке адам құрылысын анықтауға қолданылатын әдістер:
1. Жеке адам құжаттарын талдау (биография, автобиографиа) және бақылау нәтижелерімен толықтыру.
2. Сауал-жауап әдісін қолдану. Арнайы жасалған түрі кеңінен қолданылады.
3. Тест пайдалану арқылы жеке қасиеттерді және жеке тұлға кекінін талдау (іріктеу ішінде көрсеткіштердің жинақталуын немесе шашыраңқы болуын анықтау).
4. Көптеген типологиялық зерттеулер жүргізу (психогеометриялық талдау, Лири тестімен талдау, басқару стилі бойынша типологиялау).
Квазиэксперимент дегеніміз нормативтерге сүйене отырып құрған психологиялық гипотезаларды тексеруге және зерттеу логикасы мен қорытындыларды дәлелдеу жолдары. «Квази» «как бы», «солай болуы керек» деген мағнаны білдіреді. Квази эксперименталдық зерттеу барысында кейбір экспериментке қойылатын талаптар толық орындалмайды.
Психологиялық зерттеулерде квазиэксперимент деп зерттеу жұмысын жоспарлау, эмпирикалық материалдар жинау және оларды жүйеге келтіру. Квазиэкспериментальдық зерттеу барысында зерттелу тобы мен бақылау тобы салыстырылмайды.
МЭ (мысленный эксперимент) ойда жүргізілетін эксперимент
Квазиэксперимент (латын тілінде сияқты, ұқсаған). Квазиэксперимент зерттеу барысында пайдаланылатын айнымалы көрсеткіштердің бір-бірімен байланыстылығын анықтауға арналған зерттеу әдістерінің бір түрі. Оның эксперименттен айырмашылығы – барлық жүргізілетін процедураларға (жүргізу ретін бұзуға болатындығы) қойылатын талаптардың төмендігімен сипатталады. Сонымен қатар квазиэкспериментте эксперименталдық және бақылау топтары нақтыланбайды. Квазиэксперименттің негізгі түрлері:
Эксперименталдық және бақылау топтардың көрсеткіштерінің бір біріне сай келмеуі мүмкін болған эксперимент. Зерттеу нәтижелі болғанын жалпы көрсеткіштердің өзгеру бағытымен анықталады. Көрсеткіштері әртүрлі топтарға (пенсионерлер мен жұмыс істейтіндер; оқушылар мен оқытушылар топтары) бір жоспармен жүргізілген эксперименталдық зерттеу. Мұндай жағдайда зерттеу нәтижесі оларға ортақ көрсеткіштер бойынша бағаланады (мысалы: темпераменттің мінез-құлыққа тигізетін әсері).
Қайта құру эксперименті барысында неше түрлі сыртқы факторлардың әсерін толық қадағалауға мүмкіндік болмаған жағдайдағы эксперимент (ауа райының әсерін т.б. құбылыстардың әсерін есепке алуға мүмкіндік болмағанда)
Ex-post-facto типіндегі жүргізілген зерттеулер. Бұл жағдайда экспериментатор өзі тікелей әсер етпейді. Зерттелінуші өмірінде болған бір жағдай бойынша зерттелінушілер бір топқа топтастырылады (табиғи апаттың зардабын шеккендер, террористерден зардап шеккендер) және сол фактордың адамдарға тигізген әсерінің қалдық көрсеткіштері талданады. Олармен жүргізілген айықтыру жұмыстарының нәтижесі талданады.
12 - апта
Тақырып №23. Алғашқы мәліметтерді оңдеудің компьютерлік бағдарламасы
Экспериментке дейін жасалған жоспарлар кейде квазиэксперименке ұқсас деп шатастырылады. Экспериментке дейін жасалған жоспарлар дегеніміз ғылыми жұмыстарды ұйымдастыруға ноқта болған, эмпирикалық зерттеу жүргізуге пайдаланылған әдістемелер.
Ғылым – танымның сыналған әдістері арқылы объектвті ақиқатқа жетудің мақсаттылығын сипаттайтын білім формасы. Танымның сыналған әдістерінің ақиқаттылығы, ғылыми таным нәтижелерінің ақиқаттылығы сияқты, практикада тексеіріліп, дәлелденеді.
Ғылымда адам дүниені идеалдылығы мен жағынан игереді, бірақ бұл игеру діни және эстетикалық игеруден өзгеше болады, өйткені ол абстрактілі ұғымдар жүйесіндегі қандай да бір нақтылықты көз алдына келтіруге байланысты. Сондықтан біріне-бірі қарама-қарсы екі процесс: сезім арқылы қабылданатын нақтылықты ғылыми білім дамуының бастапқы эмпирикалық кезеңін сипаттайтын абстрактілі мезеттерге бөлшектеу мен бұл абстрактілі кезеңдерді нақытлықтың ой нақтылығы ретінде қайта жасалуы үшін жинақтау ғылыми білім дамуының жалпыға бірдей кезеңдері болып табылады.
Ғылымның түпкілікті мақсаты қандай да бір нақтылықтың мәні туралы білу, яғни нақты білімге жету болғандықтан, абстрактіліктен нақтылыққа өрлеу ғылыми танымның негізгі заңы екендігі белгілі. Бұл ретте теориялық ғылымның ішіндегі танып білу жалпы заңдылыққа тәуелді болмақ Ғылымды ұдайы қайталанып отыратын адамзат практикасына сүйенеді, оның белгілеген әдістері мен формалары күнделікті тұрмыстағы эмпирикалық ілімге сондай-ақ ғылым пайда болғанға дейінгі білімге тән әдістер мен формалардан өзгеше. Бұл айырмашылық қандай да бір оқиғаның қалай болатындығын ашып көрсетуде. Ғылымның қорытындылары жалпыға бірдейлігімен және қажеттілігімен ерекшеленеді, ал болжам жасау мүмкіндігі, яғни танылған құбылыстар осыдан келіп туады. Фактілерді сипаттаудан олардың ішкі байланысын байланыстырылған жүйеде білдірілетін ұғымдардың бір реттілігін анықтауға көшу, бұл жүйедегі өзекті принципті белгілеу қандай да бір құбылыстар саласы туралы білімді ғылымға айналдырудың жалпы белгілері болып табылады.
Агностиктер мен идеалистер ғылымның заңдарды, объективті ақиқатты ашуға соқыр сенімдерге орын беру үшін ғылымның мүмкіндіктерін шектеуге тырысады. Ғылыми таным әдістері:
1) зерттейтін объектілеріне қарамастан ғылымдардың бәріне де қатысы бар жалпы әдістер. Сыртқы дүние дамуының аналогы және адамзат білім әрекетінің жалпы барысын ашып көрсететін логикалық ілім болғандықтан.
2) Ерекше әдістер. Бұл әдістер адамзат білім дамуының әр түрлі кезеңдерінде қандай объектінің жеке жақтарын талдауға қолданғанда жалпы әдістерді нақтылай түседі: Эмпирикалық зерттеу сатысында ерекше әдістердің аса маңыздыларының бірі – бақылау. Ал тәжірибе жасау- зерттеудің неғұрлым жоғары формасы, өйткені процесті азды-көпті «таза түрінде қадағалауға мүмкіндік береді. Салыстырмалы әдіс тіл білімінде, биологияда, географияда, химияда және т.б. дамып, құбылыстардың жалпыға бірдей байланыстарын байқап көруге жағдай туғызды. Жалпы қағида индукцияға, яғни эмпирикалық деректерді қорытуға сүйенеді де, реті келгенде дедукция кезіндегі логикалық қорытындыларға негіз болып қызмет етеді. Бүтінді бөлшектеуге және қайта құрауға анализ бен синтездің бірлігі арқылы қол жетеді.
3) Не белгілі бір ғылым шеңберінде ғана мәні бар, не сол ғылыммен байланысты ғылым салаларына қатысы бар жеке әдістер, мәселен, физика әдістері астрономияда, химияда, биологияда қолданылуы мүмкін.
Ғылым – осы заманғы ғылым даму тенденциясының қоғамдық құбылысы. Еңбектің тауарлы дамуы жағдайында ғылымның өркендеуінің қайшылықты болуы өндірістің рухани мүмкіндіктерінің тікелей өндірушілерге еңбекші бұқараға жат болып көрінуіне ғылымның дамуының өзі моральдық, эстетикалық, жалпы адамзаттық байлықтарға нұқсан келтіруге әкеп соғады.
