
- •Тақырып №1. Эксперименталды психологияның пәні мен міндеттері
- •Тақырып №2. Эксперименталды психологияның даму тарихы
- •Тақырып №3. Эксперименталды психологияның қазіргі жағдайы
- •Тақырып №4. Эксперименталды психологияның дамуының негізгі бағыттары
- •Тақырып №5. Психологиядағы ғылыми зерттеудің әдістері
- •Тақырып №6. Психологиялық теория және оның құрылымы
- •Тақырып №7. Психологиядағы ғылыми зерттеудің әдістерін жіктеу
- •Тақырып №8. Бақылау әдісі
- •1733 Ж Англияда Де - Муавр 1806 ж Германияда Ганнс 1802 ж Францияда Лоплос
- •Тақырып №9. Эмпирикалық зерттеу әдістері
- •Тақырып №10. Эксперименталды зерттеудің әлеуметтік-психологиялық аспектілері
- •Тақырып №11. Зерттеушінің мотивациясы
- •Тақырып № 12. Психологиялық экспериментті жоспарлау
- •Тақырып № 13. Эксперименттің валидтілігі
- •Тақырып № 14. Психологиялық шкалалар
- •Тақырып № 15. Негізгі жиынтық және таңдау
- •Тақырып №16. Экспериментті жүргізу кезеңдері
- •Тақырып №17. Алғашқы мәліметтерді оңдеу
- •Тақырып № 18. Нәтижелерді өңдеудің негізгі әдістері
- •Тақырып №19. Алғашқы мәліметтерді және өлшеудің деңгейін өңдеу әдістері
- •Тақырып №20. Мәліметтерді өңдеудің статистикалық өлшемі мен шкалалардың түрлері
- •Тақырып №21. Корреляциялық байланысты құру
- •Тақырып №22. Факторлық талдау
- •Тақырып №23. Алғашқы мәліметтерді оңдеудің компьютерлік бағдарламасы
- •Тақырып №24. Ғылыми нәтижелерді ұсыну
- •Тақырып №25. Эмпирикалық нәтижелерді интерпретациялау әдістері
- •Тақырып №26. Зерттеудің нәтижелерін ауызша және жазбаша формада ұсыну
- •Тақырып №27. Ғылыми нәтижелерді ұсыну кезеңдеріндегі зерттеушінің этикасы
- •Тақырып №28. Ғылыми нәтижелердің ұсынылу формасы
- •Тақырып №29. Ғылыми баяндамаларға қойылатын талаптар және оның түрлері
- •Тақырып №30. Ғылыми мақаланың жазылу ережесі
- •Пайдалынылатын әдебиеттер Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
Тақырып №19. Алғашқы мәліметтерді және өлшеудің деңгейін өңдеу әдістері
Экспериментті жүргізу. Эксперимент – психологиядағы негізгі зерттеу әдісі. Эксперименттің (зертханалық зерттеудің) қолданыла бастағанына бір ғасырдан астам уақыт өтті. Эксперименттің лабораториялық эксперимент және табиғат эксперимент дейтін екі түрі бар. Табиғи экспериментті психологияғя 1910 жылы орыс оқмыстысы А. Ф. Лазурский енгізді. Бұл әдіс психологиялық және педогогикалық эксперимент деп те аталады. Мұның рөлі ерекше. Табиғи эксперимент бойынша психологиялық зерттеулер адамның өмір-тіршілігіндегі үйренішті жағдайда сәйкес жүргізіледі. Сондай-ақ психологиялық – педогогикалық зерттеу бойынша әр түрлі жас кезеңінде адамның (оқушының)қалыптасуы қарастырылады. Әр түрлі кезеңдерге сәйкес зерттеу арқылы түрлі жастағылардың айырмашылықтары шартты түрде алынған белгілірге негізделген. Лабораториялық эксперимент, мысалы, балалардың сезгіштік қасиеттерін, ақыл-ойдың даму деңгейін, белгілі мамандыққа икемділігін анықтау құрал-жабдықтардықолдана отырып, белгілі орында, арнайы жабдықталған лабороторияларда жүргізіледі.
Зерттеу алдында тұрған міндеттеріне байланысты және зерттеу кезеңіне байланысты келесі эксперимент кезеңдері анықталған:
Айқындау эксперименталдық зерттеу кезеңі, зерттеуші объектінің қалыптасқан тәжірибедегі мінездемелерін анықтауға, зерттелінетін қасиеттердің көрініс беру деңгейін бағалауға арналған;
Пилотаждық зерттеу (немесе байқап көру) эксперименті; оның алдында тұрған міндеті, эксперименттің қаншалықты жақсы дайындалғанын, тақырыптың дұрыс анықталғанын, зерттеу үшін анықталған әдістерді апробациядан өткізу, жаналған матералдарды талдау үшін пайдаланылатын шкаларды және мтаематикалық-статистикалық өңдеу жолдарын нақтылау. Пилотаждық зерттеу барысында қанша адамдарды қамтып, қай бағыттағы зерттеу жұмыстарын тереңірек жүргізу қажет екендігі дәлірек анықталады. Сонымен қатар зерттелінуші топ, бақылау топ құрамы, немесе көрсеткіштердің өзгергенін немен салыстырып бағалау жолдары нақтыланады. Зерттеу нәтижесін бағалау үшін зерттеумен қамтылған диапазондағы зерттелінушілердің көрсеткіштерін салыстырмалы түрде бағалау (рейтинг) шкаласы анықталып, ол шкалада неше көрсеткіш (фактор, тип, коэффициент немесе басқа бағалау жолдары) нақты анықталады.
Пилотаждық эксперимент оң нәтиже көрсетсе эксперименттің негізгі кезеңі жүргізіледі. Негізгі эксперимент барысында гипотезаның барлық баптарын дәлелдейтін материалдар жинақталады. Жиналған мәліметтер ретке келтіріліп, сыныптастырылып, олар кесте, график, диаграмма, циклограммаға түсіріліп, олардың әрқайсысына түсіндіру мәтіні (текст) беріледі. Егер эксперимент нәтижесі сандық емес сапалық көрсеткіштермен сипатталатын болса, олар жүйеге келтіріліп, сыныптастырылып, логикалық тұжырымдама жасалады.
Ғылым – объективті ақиқатқа жетуге, заңдылықтарды бейнелеуге және алдын ала болжауға арналған, жүйелі түрде құрылған білімнің жоғары формасы. Осы заманғы ғылымның тууы ғылыми зерттеудің, эксперименттің практикаға енгізілуіне байланысты.
Осы заманғы ғылымның тууы ғылыми зерттеудің, эксперименттің практикаға енгізілуіне байланысты. Ғылыми білімді талдап, ретке келтіруге логикалық жүйе пайдаланылады. Логика дегеніміз дұрыс ойлау, ой жүгірту. (Ежелгі логика үш құрамды бөліктен тұрған: (онтологиялық – объективті болмыс заттарының бірізділігін, байланыстылығын көрсететін, гносеологиялық – таным процесінің бірізділігі, логиканың нақты өзі – дәлелдеу немесе жоққа шығару).
Зерттеу барысында логиканың формалдық және диалектикалық түрлері кеңінен пайдаланылады. Диалектикалық логика элементтерін пайдалана отырып психикалық қасиеттердің барлығы бір-біріне тәуелді байланыста екенін ескере отырып зерттеу жүргізіледі.
Формальдық немесе математикалық логиканың элементтерін барлық ғылыми зерттеуде кеңінен пайдаланылады. Формалдық жүйе келесі элементтерден тұрады:
Формалдық тіл: қасиеттерді қандай көрсеткіштермен бағалаймыз және ол көрсеткіштерді қалай атаймыз, бұлардың барлығы эксперименттің формалдық тілі болып табылады.
Зерттеу нәтижесінің дәлелділігін көрсететін формулалар, графиктер және басқа көрсеткіштер.
Шкаларды анықтау (формалды түрде, шартты түрде қандай көрсеткіштерді норма, ал қандай көрсеткіштерді ауытқу деп есептейміз).
Формалдық логика аппаратын қолданудың практикалық пайдасы зор. Қазіргі кезде оны пайдаланбайтын ешбір ғылым саласы жоқ. Мұндай зерттеу адамның кейбір іс-әрекет функциясын машинаға жүктеуді жүзеге асыру үшін де қажет. Бірақ та формальды логиканың ғылыми білімді зерттеудегі ролін асыра бағалап, оны ғылымның бірден-бір логикалық негізі деуге болмайды. Ол ғылымды белгілі бір бағытта ғана қарайды. Білім жүйесі ретінде ғылымға талдау жасағанда формальды логика тұрғысынан шешілмейтін басқа да философиялық мәселелер туындайды. Олар білімнің объективтік шындыққа қатысы, оның генезисі, ақиқаттығы т.б. Мұндай мәселелер танымның логикасы мен теориясы болып табылатын диалектика тұрғысынан қарағанда ғана толық шешімін табады