Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
экспер псих лекция.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
418.3 Кб
Скачать

Тақырып № 18. Нәтижелерді өңдеудің негізгі әдістері

Психологиялық зерттеулердің мақсаты бойынша, әрбір психикалық құбылыс өзара байланысты және олар үнемі дамуда болады. Ал психологияның зерттеу әдістері тарихи даму тұрғысынан қарастырады.

Психологияны зерттеу әдістерінің объективтік сипаты. Ұзақ жылдар бойы шетелдік психологияда адам жанының сырын өзін-өзі бақылау әдісі арқылы білуге болады деп санап келеді. Бұл әдіс адам «жаны» ерекше, ол өзінше өмір сүреді деген көзқарасқа негізделеді. АҚШ психологі Э.Титченер адам өзін хайуанаттар орнына қойып, сондай орта болса, солардың қылығын жасар еді, содан кейін ол адамға тән саналы әрекет арқылы адамдық қасиеттерді туғыза алар еді дейді. Ал психиканы зерттеудің объективті әдісі адам санасы мен әрекетін бірлікте іздестіре отырып, адамның өзін-өзібасқарудың ісі мен қылығына есеп беруін жоққа шығара алмайды.

Генетикалық принцип-қазіргі ғылымим психологиядағы талап. Бұл принцип бойынша психикалық дамуы тарихи негізде, яғни басынан аяғына дейін үнемі дамып жетілдуі тұрғысынан қарастырады. Даму сатыларының бір-бірін қалай алмастыратындығы, адамның өсуі мен дамуы кезеңдері белгілі сатылар бойынша зерттеліп, әр кезеңдегі баланың дамуы жас ерекшеліктерімен өзара салыстыра отырып қарастырылады.

Зерттеу әдістерінің түрлері. Бақылау және тәжірибелік әдістердің қолдану тәсілдері әр қилы. Бақылау арқылы байқалған фактілер мен құбылыстар дың себеп-салдар принципі бойынша әрбір нәрсенің сырын ашып көрсетіледі. Ғылыми бақылау мынадай сатылардан тұрады; а) сырттай бақыланған мінез көріністері мен әрекеттерді түсіндіру; ә) оның ішкі психологиялық мәнін ашып көрсету; б) жорамал жасап, оның анықтығын танып білу.

Сынау (тест) әдісі-адамның бойындағы түрлі сапалармен олардың механизімдерін ашып көрсетуді негізгі мақсат етіп қояды. Психологиялық әдістер тек ғылыми зертту жұмысы үшін ғана емес, сонымен бірге сынау мақсаттары үшін де қолданылады. Мысалы, психолг санау әдісі арқылы адамның бойындағы ерекше қасиеттерді ажыратып, оның ұшқыш не астроном, не өзге де мамандықтарды игеру деген бейімдік қабілетінің қиыншылықты екендігін анықтайды. Жеке тексерілмеген сынау әдісімен жасалған кебір қортындылардақателіктерде кетуі мүмкін. Мұндай қателіктер көбнесе кейбір балалардың бойындағы психологиялық процестер мен ерекшеліктердің кешігіп барып оянатынына жетемән бермей, асығыс қорытынды жасауға болмайды.

Психологиялық зерттеу әдістерін нақты психикалық принциптер мен психологиялық қасиеттерді анықтауға қолдану сипаттарына орай, негізгі әдістер және көмекші не қосалқы әдістер деп екі топқа бөліп қарастырамыз. Мысалы, оқушылардың мамандықты игеру бейімділігін анықтау үшін сынау үшін (тест) негізгі әдіс деп саналса, ал сол оқушының өз қолымен жасап шығарған затын оқу құралдарын көмекші әдіс деп атаймыз. Кейбір жағдайда көмекші әдістер негізгі әдіске айналып отыруы да мүмкін. Мәселен оқушының орындаған жазба ( бақылау) жұмысы оның белгілі пәнді меңгеруін анықтаудың негізгі әдісі болып саналады.

Психологиялық зерттеудегі нақты әдістер мен тәсілдер. Мұндай зерттеу әдістерін нақты мәселені шешуде арнайы әдіс ретінде қолданылады. Психологияда зерттеу әдістерінің мүмкіншіліктері зор. Сондай-ақ нақты зерттеу әдістерінің біріне ортақ жалпы сипаттама бар. Мәселен қалыпты дамыған балалар мен ақыл-ойы кем түрлі жастағы балалар зейінін зерттеу мақсатымен жүргізген тәжірибе бірінші сатыда тұрды; 1-саты- даяр сатысында бақылау жүргізілді; 2-сатыда қалыпты дамыған балалар мен кеміс балалар екіге бөлініп берілген тапсырма зерттелді. Мысалы, «с», «в» әріптерін текстен сынап оқыту сияқты тапсырманы орындау ұсынылды 3-сатыда тәжірибе нәтижелері математикалық құрал арқылы зерттелді. Алынған нәтиже тиісті жорамал бойынша тексерілді. Психологиядағы мұндай зерттеу әдістері анықталуға тиіс мәселенің шындығын көрсетіп, айқындап, түрлі психологиялық зерттеулерде кейіннен қолданылды.

Қазақ жұртының сана-сезімі мен салт-дәстүрі тіршілігінде талас-тартысты, дау-дамайды істердің анықтығынын айқындап отыру үшін ел-жұртына беделді адамдар –билер мен сыншылар, шешендер менкөрегендер кісілер әр алуан тәжірибелер жасаған.Қазақ экономикасының өмірінде мұндай тәжірибелік әдістер даулы істердің түйінін шешуге қолданылып отырғандығы жайында нақты деректераңыз-әңгімелер өте көп. Атақты Төле бидің бала кезінде екі әйелдің бір балаға қатысты дауын шешуі, қазақ билерінің жоғалған мал-мұліктердің ізін анықтап, иесіне қайтару жөніндегі шешімдерді халқымыздың ақыл-ойы мен өмір тәжірибесінен жинақтаған білім қорын, сана –сезімнің даму денгейін көрсететін психологиялық қасиеттер еркін дәйектейді.

10 - апта