
- •Тақырып №1. Эксперименталды психологияның пәні мен міндеттері
- •Тақырып №2. Эксперименталды психологияның даму тарихы
- •Тақырып №3. Эксперименталды психологияның қазіргі жағдайы
- •Тақырып №4. Эксперименталды психологияның дамуының негізгі бағыттары
- •Тақырып №5. Психологиядағы ғылыми зерттеудің әдістері
- •Тақырып №6. Психологиялық теория және оның құрылымы
- •Тақырып №7. Психологиядағы ғылыми зерттеудің әдістерін жіктеу
- •Тақырып №8. Бақылау әдісі
- •1733 Ж Англияда Де - Муавр 1806 ж Германияда Ганнс 1802 ж Францияда Лоплос
- •Тақырып №9. Эмпирикалық зерттеу әдістері
- •Тақырып №10. Эксперименталды зерттеудің әлеуметтік-психологиялық аспектілері
- •Тақырып №11. Зерттеушінің мотивациясы
- •Тақырып № 12. Психологиялық экспериментті жоспарлау
- •Тақырып № 13. Эксперименттің валидтілігі
- •Тақырып № 14. Психологиялық шкалалар
- •Тақырып № 15. Негізгі жиынтық және таңдау
- •Тақырып №16. Экспериментті жүргізу кезеңдері
- •Тақырып №17. Алғашқы мәліметтерді оңдеу
- •Тақырып № 18. Нәтижелерді өңдеудің негізгі әдістері
- •Тақырып №19. Алғашқы мәліметтерді және өлшеудің деңгейін өңдеу әдістері
- •Тақырып №20. Мәліметтерді өңдеудің статистикалық өлшемі мен шкалалардың түрлері
- •Тақырып №21. Корреляциялық байланысты құру
- •Тақырып №22. Факторлық талдау
- •Тақырып №23. Алғашқы мәліметтерді оңдеудің компьютерлік бағдарламасы
- •Тақырып №24. Ғылыми нәтижелерді ұсыну
- •Тақырып №25. Эмпирикалық нәтижелерді интерпретациялау әдістері
- •Тақырып №26. Зерттеудің нәтижелерін ауызша және жазбаша формада ұсыну
- •Тақырып №27. Ғылыми нәтижелерді ұсыну кезеңдеріндегі зерттеушінің этикасы
- •Тақырып №28. Ғылыми нәтижелердің ұсынылу формасы
- •Тақырып №29. Ғылыми баяндамаларға қойылатын талаптар және оның түрлері
- •Тақырып №30. Ғылыми мақаланың жазылу ережесі
- •Пайдалынылатын әдебиеттер Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
«ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ» КАФЕДРАСЫ
ЭКСПЕРИМЕНТАЛДЫ ПСИХОЛОГИЯ
ПӘНІНЕН ЛЕКЦИЯ ЖИНАҒЫ
«050103 - Педагогика және психология» мамандығының күндізгі және сыртқы
бөлім студенттеріне арналған
3 - кредит Семестр: 6
Шымкент-2009
«ЭКСПЕРИМЕНТАЛДЫ ПСИХОЛОГИЯ» пәнінен лекция жинағын дайындаған кафедрасының аға оқытушысы Н.М Шарапова.
«ЭКСПЕРИМЕНТАЛДЫ ПСИХОЛОГИЯ» пәнінен лекция жинағы кафедра мәжілісінде мақұлданған: « ____28___ » _ 08 __2009 ж. Хаттама № ___1____
Кафедра меңгерушісі:_______________________________пс.ғ.к., доцент Хамракулов Т.Х.
1 - апта
Тақырып №1. Эксперименталды психологияның пәні мен міндеттері
Эксперименталды психологияның пәні мен міндеттері. Эксперименталды психология тарихы. Ғылыми зерттеу оның теориялары мен принциптері. Ғылыми зерттеудің құрылымы
Эксперимент - термині латын сөзі экспериментум - тәжірибе, сынау, бақылау, көру деген мағынаны білдіреді. Эксперименталды психология пәні психологияның теориялық және эмпирикалық бөлімі туралы мәселелерді, психологияның эксперименттік өзіне тән ерекшеліктерін, іс-әрекеттердін эксперименттік психологиясын оның түрлерін және адам сапасының психологиясын қарастырады.
Эксперименталды психологияның міндеттері: психологиялық эксперименттің зерттеу теориялары мен құрылымын, ғылыми мэселелердің ерекшеліктерін қарастырады, шешеді. Сондай-ақ-психологиялық эксперименттің психологиялық заңдылықтарын зерттеуші мен экспериментатордың жеке басы мен олардың эксперимент кезіндегі әрекеттері туралы, эксперименттік зерттеуді ұйымдастыру мен оларды өткізудің процедуралары туралы мәселелерді адамға зерттеу жүргізудегі этикалық талаптарды қарастырады. Эксперименталды психологияның эксперименттік және эксперименттік емес жоспарды, эксперементке дейінгі және кейінгі жоспарды корреляциялық зерттейді.
Тақырып №2. Эксперименталды психологияның даму тарихы
Зерттеу туралы негізгі ойлар ежелден-ак келе жатыр. Алғашкы адам заты зерттеу мәселері Қытай империясында туындаған. Ежелгі Грецияда зерттеу адамның дене жетілуі, ойлау және талдау өнерін, бағалау ретінде қарастырылады. Платон ұсынған әскери кабілеттерді зерттеу экспериментінің алғашқы элементтері болып табылады. Біздің эрамызға дейінгі ІV ғасырда өмір сүрген Аристотель философ әрі табиғатты зерттеуші болған.
А.Македонский өзінің бұл ұстазына өзінің жаулап алған; аймағындағы өсімдіктер мен жануарларды зерттеуді бұйырған Осындай түрлі факторларды жинай отырып тірі организмдер тіршілігіне талдау жасалды. 16 ғасырда өмір сүрген француз «Бекон» Англияда империзм ғылымының методологияға жаңа идеялар енгізді.
Габс Локк адам санасының пайда болуының жағдайларына тәжірибе жүргізеді.
Рене Декард теория мен тәжірибені өзара байланыстырушы өкілдердің бірі.
Вебер, Вехнер, Дондер, Гельмголс және т.б. физиолог, философ ілімдерінде сананы зеттей отырып бір қатар тәжірибелік зерттеу жұмыстары жүргізілді.
В.Вунт алғашқы психологиялық эксперименттің түрлі зерттеулер арқылы психология ілімін философия ілімінен бөліп алды. Ол алғаш рет Лейпциг қаласында 1879 жылыпедагогикалық институт ашады. Онда 136-неміс, 16-американ, 10-ағылшын, 6-поляк, 3-орыс, 2-француз оқыды және бұлар экспериментатордың ұрпақтары болып саналады. Бүл институт түлектері (О.Кюльпе 1962-1915) Вюрлубут, Францияда (Брентона 1838-1917 ) өз мектептерін аша бастап эксперимент зерттеулердің тамырын жая бастады.
Вунттың лобараториялық кабинеттерінде ғылымдағы жан құбылыстарын терең тану үшін арнайы приборларды қолданып арнайы эксперимент жүргізді. Мұнда қолданылған алғашқы әдістер интраспекция әдісін қолданды. Алгашқы рет ақыл-ойды эксперименттік негізін зерттеген Кеттел. Ол өзінің докторлық диссертациясын Вунттың эксперименттік лобараториясында жүргізді. Кейінгі уақытта 1888 жылы Кембриджде Ф.Гальтонмен бірлесе жүмыс істей отырып адамдардың индивидуалдык өзгешеліктерін анықтауға көп көңіл бөлді. Кеттелдің басқа зерттеуден өзгешелігі ол өте күрделі психикалық функцияларды зерттеді. Осы бағыттағы Крепелин зерттеуі қарапайым арефметикалық негізінде шешуге, ойлауға арналады.
Француз дәрігер, психолог, педагогтары А.Бине және Анрин зерттеу жұмыстары эмпирикалық зерттеу мәселелеріне бір қатар жаңалыктар енгізеді.
Сонымен эксперименталды психологияның туындауына ассосация ілімінің өкілдерінің еңбектері себеп болды. Эксперименталды психологияның Греция өкілдері, ойшылдары: Платон, Арестотель болған.Эксперименталды психологияның міндеттері: психологиялық эксперименттің зерттеу теориялары мен құрылымын, ғылыми мәселелердің ерекшеліктерін қарастырады, шешеді.
Сондай-ақ-психологиялық эксперименттің психологиялық заңдылықтарын зерттеуші мен экспериментатордың жеке басы мен олардың эксперимент кезіндегі әрекеттері туралы, эксперименттік зерттеуді ұйымдастыру мен оларды өткізудің процедуралары туралы мәселелерді адамға зерттеу жүргізудегі этикалық талаптарды қарастырады. Эксперимент психологмясы эксперименттік эксперименттік емес жоспарды, эксперементке дейінгі және кеиінгі жоспарды коореляциалық зерттейді.
2 - апта