- •1Тіршілік қауіпсіздігі пәнінің мақсаты
- •1Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдай туралы
- •1.Тіршілік қауіпсіздігі пәнінің құзыреттілігі
- •1.Қауіпсіздік түсінігі, курстың негізгі міндеттері
- •4Тіршілік қауіпсіздігі пәнінің негізгі міндеті
- •1.Техногендік жағдайдағы төтенше жағдайды қалай түсінесің?
- •1.Қауіпті өндірістік және тұрмыстық факторлар
- •3.Эвакуация деген не?
- •4.Азаматтық қорғаныс жүйесінің құрылымы мен рөлі
- •5.Төтенше жағдайда халықты қорғау
- •4.Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың болу себептері
- •4.Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың түрлері
- •7.Қауіпсіздікке байланысты қандай заңнамалар пайдаланылады?
- •5.Азаматтық қорғаныс курсының мақсаттары мен міндеттері
- •4.Халықты қорғау мақсатында қандай шаралар жүргізіледі?
- •1.Облыстық эвакуациялық комиссиясының міндеттері
- •1.Антропогендік орта дегенді түсіндіріңіз?
- •3.Қауіп-қатер деген не?
- •3.Өрттің салдары және оның жою факторлары
- •5.Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі Азаматтық қорғаныстың міндеттері
- •22.Төтенше жағдайда халыққа хабарлаудың маңызы және басты тәсілі
- •4.Радиациядан қорғау шаралары
- •1.Қар көшкіні, қар басу, дауыл, су тасқыны, опырма дегенді түсіндіріңіз
- •Өте улы заттар таралатын апаттардың түрлері
- •28. Әр түрлі сипаттағы төтенше жағдайларды жіктеу
- •29. Халықты психологиялық дайындыққа әзірлеу
- •30. Қышқыл жаңбырлар
- •31. Озон қабатының бұзылуы
- •32. Қауіпті өндірістік және тұрмыстық факторлар
- •33. Азаматтық қорғаныс жүйесі қандай негізде құрылған?
- •34. Химиялық қарудың жарылыс ошағы
- •35. Иондаушы сәуле шығару
- •36. Қазіргі заманғы қырып-жою құралдарынан халық пен шаруашылық объектілерін қорғаудың негізгі принциптері
- •37. Адамдардың инфекциялық науқастығы
- •38. Көшіру шаралары
- •39. Ядролық зақымдану ошақтарындағы құтқару жұмыстары
- •40.Табиғи өрттер
- •41. Радиациялық қауіпсіздіктің негізгі принциптері
- •42. Өткір сәуле аурулары
- •43. Төтенше жағдайларды анықтаудың маңызы
- •44. Өткір сәуле ауруларының әр дәрежесі қалай өтеді
- •45. Қазақстанда қандай қалалар сейсмикалық қауіпті аймақта орналасқан?
- •46.Құтқару және шұғыл жұмыстар тізбесі
- •47. Жұмыс істеушілер мен халықтың жер сілкіністері кезіндегі тәртібі
- •48. Қорғаныс ғимараттарына адамдарды орналастыру тәртібі
- •49. Жер сілкіністерінің күшін өлшеу шкалалары
- •50. Жарылыстардың салдары және оның жою факторлары
- •51. Геологиялық қауіпті құбылыстар
- •52. Адамдардың инфекциялық науқастығы
- •55.Өрттен қорғау шаралары
- •56. Жарықты сәуле
- •57. Жер сілкіністерінің күшін өлшеу шкалалары
- •58. Өткір радиация
- •59. Халықты қорғаудың ұжымдық құралдары
- •60. Халықты қорғаудың негізгі әдістері
1.Қар көшкіні, қар басу, дауыл, су тасқыны, опырма дегенді түсіндіріңіз
Қар көшкіні - бұл қар массасының тау беткейі бойынша темен қарай жылдам лықсуы.
Қазақстанда 95 мың шаршы км тау аумағы қар көшкіні қауіпіне ұшырайды.
Қазақстанда қар көшкіні қалың қар көп жауатын және қолайлы геоморфологиялық және топырақтық-ботаникалық жағдайлары бар Батыс Тянь-Шянь, Алтай, Іле Алатауы мен Жоңғар Алатауының жоталарында болып жатады. Көшкіндер құлама тау беткейінен көбінесе 20-60 градуспен, көшкін қар жаңа жауған және күн күрт жылыған кезде болады. Көшкін тауда жауын-шашынның жиі болуынан, циклондық құбылыс күшейетін наурыз-сәуір айында көбірек болады. Сирек қайталанатын көшкіннің көлемі 1 млн. текше метрге, қозғалысының ең үлкен жылдамдығы 100 метр секундке дейін жетеді. Барлық көшкіндердің 50% жуығы жазыққа дейін жетіп, халық пен шаруашылық обьектілеріне тікелей қауіп төндіреді. Көшкіннің кедергіге көрсететін қысымы 1 шаршы метр үшін бірнеше жүз тоннаға жетуі мүмкін.
Қазақстанның бүкіл таулы аудандарында қар көшкіні болып тұрады. Ол негізінен қардың түсуі мен күннің жылуына байланысты, қар көшкіні болатын ең қауіпті кезең қараша-сәуір, ал биік тауда - қазан-мамыр.
Опырмалар - ауырлық күшінің әсерімен ылғалды топырақ массасының төмен қарай сырғуы. Тау жыныстарындағы және жартастардағы жекелеген жақпарлардың немесе құрғақ, тік, еңіс беткейлердегі жақпарлардың құлауы. Опырмалар жылдың кез-келген уакытында, әдетте, тіктігі 19 градусқа жуык жарларда болады. Ipі қопарылмалардың алаңы 50-60 га дейін жетеді.
Қар басу - табиғаттың тосын күштері көріністерінің бірі. Бұрқасынмен, қарлы боранмен тығыз байланысты. Oл бірнеше сағаттан бірнеше тәулікке дейін жауған қалың қардың әсерінен пайда болып, қалыпты тіршілікті бұзады, ал кейде адамдар құрбандықтарына, малдың шетінеуіне және материалдық құндылықтарының жойылуына әкеліп соғады.
Қардың басуы, боран туралы хабар алған бойда, уақыт болса, кедергілер орнатылады. Жолдың ғимараттың шетінен желге қарсы бағытта арасы 15-20 метр қалкан, қар тоскауылы қойылады.
Дауыл - жойқын күші бар және едәуір созылатын, 30 м/с жылдамдықпен соғатын жел.
Дауылдардың пайда болуына ауа айналымының ерекше жағдайында пайда болып, атмосферадағы тепетеңдіктің өте жоғары жылдамдықпен аяқ астынан бұзылуы әсер етеді.
Дауыл үлкен бүліншілікке ұшыратып, адам құрбандықтарын алып келеді, малдар шетінен, материалдық залал келтіреді.
Су басу - өзен, көл немесе теңіз суының деңгейінің көтеріліп, жердің белгілі бір бөлігінің су астында қалуына, адам мен малдың өлім-жітіміне алып келеді.
Көптеген су басудың негізгі себептеріне нөсер жаңбыр жаууы, қардың мұздақтардың үздіксіз еруі жатады.
Өте улы заттар таралатын апаттардың түрлері
Химиялық обьектілерде болған апаттар аса қатерлі апаттардың қатарына жатады. Себебі ондай апаттар адамдарды, жан-жануарларды, өсімдік әлемін жаппай жоятын улы затар шығуымен сипатталады.
Улы заттектер (сильно действующие ядовитые вещества) жаппай қыру қаруларының біріне жатады. Бұлардың негізін химиялық қосындылар құрайды. Олар адамдарды жан-жануарларды, ауаны, жер бетін, техниканы ,суды, азық-түлікті улайды.
Жаппай қыру мақсатында қолданғанда олар тамшы, сұйық, тұман, түтін не бу күйінде болуы мүмкін.
Улы затпен зақымдаудың бірнеше ерекшеліктері бар:
- аз уақыт ішінде жаппай улауға болады,
- ауа,жер кеңістігінде үлкен аумақта улай алады,
- аэрозоль, бу түрінде қорғануы нашар үйлерге, бөлмелерге кіріп кетеді;
- әр түрлі жағдайда, әр түрлі орындарда (тұйық, желсіз жерлерде) ұзақ сақталуы мүмкін.
Улы заттармен зақымданудың жолдары:
уланған ауамен демалғанда
улы тамшылардың теріге не көзге тиюі;
уланған заттарды ұстағанда;
уланған азық-түлікті не суды пайдаланғанда.
Улы заттардың ішіндегі көп кездесетіні әрі қатерлісі хлор мен аммиак.
Хлор жасыл-сары түсті өткір иісі бар газ. Хлор ауадан екі есе ауыр, сондықтан хлор бұлты жер бауырлап ұшады.
Оның қайнау температурасы -34,6 С. Яғни хлор қыс кезінде де газ түрінде қала береді.5-7 атм қысымында тез қысылып, жасыл-сары түсті сұйыққа тез айналады. Суда жақсы ериді. өндірістің түрлі салаларында кеңінен қолданылады. Ауыз сулармен ағын суларды тазарту, зиянсыздандыруға қолданылады.
Адамдардың тыныс алу жолын зақымдайды және өкпені ісіндіреді. Ал мөлшері көп болғанда 5-25 минут ішінде адам өледі.
Бірінші көмек: противогаз кигізу керек, ол аймақтан адамды тез арада таза ауаға шығарып, оттегімен демалдырған жөн. Тыныс алу жолдары зақымданғанда нашатыр спиртін искеткен жөн. Көзін, мұрнын, аузын 2-пайзды соданың ерітіндісімен жуған дұрыс. Хлор ауаға тарағанын естігенде үйдің жоғарға қабатына шығып кетуге тырысу керек. Хлор тараған территориядан тез өтіп, жел соққан жаққа кетуге тырысыңыз, бірақ жүгірмеңіз. Жердің шаңын көтеруге болмайды. Хлор мен уланған адамға нашатыр спиртін искету керек. Ыстық сүт, шай беріп, жылы жеоге науқасты орналастыру керек.
Аммиак – нашатыр тәрізді иісі өткір, түссіз газ. Суда жақсы ериді. Аммиактың ауамен араласқан түрі /1:3 мөлшерде/ қопарылыс жасауға қабілетті. Адамның тыныс мүшелеріне, көзіне қатты әсер етеді. Теріні, көзді күйдіріп не үсіріп жібереді.
Аммиактың ауаға тарағаны туралы хабар болғанда өзіңіз тұратын үйіңіздің не жұмыс бөлмеңіздің есік-терезесін, саңылауларды ылғал матамен, мақтамен тығыздап жабу керек, газ, электр жүйелерін тез арада ажырату қажет.
Өндірісте арнайы противогаздарды пайдаланады, мақтадан жасалған ауыз жапқыш 100 минутқа дейін көптеген улы заттардан өміріңді сенімді сақтайды. Бірақ ол аммиактың, метилхлоридтің, венильхлоридтің улы заттарынан сақтауы екі талай. Егер болмаған жағдайда дәкені, мақтаны сулап, сол арқылы демалу керек. Киімнің түкті, мақталы жері, бөкебай, киімнің жағасы, жеңі де тыныс алу органдарын сақтайды.
Аммиактың бусмен уланған адамды ол жерден тез алып шығып, оған сірке қышқылының ерітіндісін немесе судың жылы буын иіскету керек. Зақымдалған жерді химиялық пакеттегі ерітіндімен сүртеді, немесе сабынды сумен жақсылап жуады.
Аптечканың /АИ-2/ № 2 ұясындағы таблетканы ішу керек.
Химиялық зақымданған аймақтан шыққаннан кейін толықтай не жартылай санитарлық тазалықтан өту керек.
27. Ядролық қарудың жарылыс ошағыЯдролық қару деп жарылыс кезінде ядролық реакцияның жүруінің нәтижесінде болатын ішкі ядролық қуатты пайдалануға негізделіп жасалған қаруды айтады.Ол барлық белгілі зақымдау құралының ішіндегі ең қуаттысы. Ядролық жарылысының қуаты тротилдік эквивалентпен өлшенеді.Ядролық жарылыс ауада, жер (су) беттерінде және жер (су) астарында болуы мүмкін. Оның талқандау факторына соққы толқын, жарықты сәуле бөлу, өткір радиация, төңіректі радиоактивті ластау және электрлік магниттік импульс жатады.
