Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тіршілік сұрақтары (2).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
305.66 Кб
Скачать

4Тіршілік қауіпсіздігі пәнінің негізгі міндеті

Қауіпсіздік сыртқы және ішкі қатерден қорғайтын тірі организмнің қажетті шарасы. Ал адам қауіпсіздігінің өз ерекшеліктері бар, адамның басқа тірі организмдерден айырмашылы-ғы, ол табиғи ортадан, өз өмір сүру ортасын жасай алады. Сондықтан болуы ықтимал қатерлер табиғи қатерлердің қатарына жатпауы да мүмкін. Адамдар өздерінің ойлы іс- әрекеттерін пайдалана отырып, өте тез арада антропогендік орта жасап үлгерді. Бұл ортаға тірі организмдер, оның ішінде адамдардың өзі де, толық бірігіп кете алатын емес.

3Қазақстан Республикасы төтенше жағдай министрі кім?

,Божко В.К.Төтеншежағдайларминистрі

Божко Владимир Карпович 1949 жылғы 16 мамырда Алматы қаласындатуған.1966 жылы В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институты тау-кен факультетінің Электрофикация және тау-кен жұмыстарын автоматтандыру мамандығына түсіп, 1971 жылы аяқтады, тау-кен инженері-электрик.

1971-1973 жылдараралығында Фрунзе қаласы Панфилов дивизиясыныңКеңесАрмиясықатарында взвод командиріжәне батарея командирілауазымындамерзімдіқызметөткерді. Әскердеқызметөткергенненкейін слесарь, инженер, бас энергетика бөлімініңағаинженері, Алматы электротехникалықзауыттаағашеберболыпжұмысістеді.

1975 жылымемлекеттікқауіпсіздікорганына қабылданды.1976 жылы Минск қаласында КСРО МК жанындағы МҚК-ныңжоғарыкурстарынбітірді. Қазақ КСР МҚК-ніңжеделөкілі, ағажеделөкілі, екіншібасқармабөлімініңбастығы, Қазақ КСР МҚК-нің Инспекция инспекторы, Қазақ КСР МҚК-ніңүшіншібасқармабөлімініңбастығыболыпжұмысістеді.

2007 жылғы 13 қарашада Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Төтеншежағдайларминистріболыптағайындалды.

1.Техногендік жағдайдағы төтенше жағдайды қалай түсінесің?

Техногенді апат дегеніміз - өндірістік процестердің күрделі бұзылуларына, жарылыстарға, өрт ошақтарының шығуына үлкен аймақтардың радиоактивті, химиялық және бактериялық заттармен залалдануына, көп адамдардың өміріне қиылуына апаратын техниканың, машиналардың механизмдердің және агрегаттардың жұмыс кезінде бірден істен шығып қалуын айтады. Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар деп адамдардың өз қолдарымен жасалып жатқан апаттар мен қирауларды айтады.

1.Қауіпті өндірістік және тұрмыстық факторлар

Экстремальдық жағдай (ситуация) дегеніміз не? Адам өміріне, денсаулығына немесе оның дүние-мүлкіне тікелей қатер тудырғанда, өзгенің көмегі болмайтын немесе көмек беру шектелген жағдайды экстремальдық деп атайды. Бұл жағдайда мынадай белгілер тән:

-кенеттен немесе ойламаған жерден пайда болуы;

-адамның зорлану, шиеленісу жағдайында болуы;

-алғашқы секунд пен минуттағы денсаулыққа залалын тигізетін қатердің мүмкіндігі;

-жедел істелетін белсенді іс-әрекеттің қажеттілігі.

Экстремальдық жағдайлар адамдардың табиғат аясында болған кезінде де (шөлде, орманда, тегісте, өзенде және т.с.с.), қала ішінде де (ауданда, ауылда), тіпті күнделікті жағдайда да пайда болуы мүмкін.

Табиғатта болған экстремальдық жағдай бірнеше жай-күймен анықталады:

1. Ниет ету. Экстремальды жағдайға, көбінесе, қауіпті жұмысты істеуге немесе демалуға ниеттенген адамдар душар болады. Дегенмен, оған дайындалуға, оны ескеруге адамның мүмкіншілігі жеткілікті. Алдына ондай мақсат қоймаған адамдар экстремальды жағдайға түсе бермейді, бірақ ондай жағдайға тап болғанда өзіне-өзі сенімділік көрсете алмайды.

2. Дайындық ережесі. Адамдардың экстремальдық жағдайға дайындық дәрежесі ылғи да сай келе бермейді, тіпті төтенше жағдаймен айналысатын адамдардың өздері кейде жол таба алмай қалады. Мұндай жағдайда «менімен ештеңе болмайды» дейтін кісінің өзі қиын кездерде мамандарға, дайындығы жоғары адамдарға жүгінуге мәжбүр болады.

3. Экстремальдықтың дәрежесі. Материалдық жарақтанғанына байланысты (арнайы киімдер, төтенше жағдайға арналған құрал-жабдықтар) және сол сияқты географиялық-климаттық шарттарының ерекшелігіне байланысты бірдей жағдайдың өзінің әр түрлі салдары болуы мүмкін. Мысалы, ұшақтың шөлге амалсыздан қонуы мен далаға (тауға) қонуы, әрине, экстремальдық жағдай, бірақ екі жағдайдың дәрежесі екі түрлі. Экстремальдықтың дәрежесі адам өмірінің сақталуына әсер етеді әрі тірі қалудың мүмкіншілігін анықтайды.

Осыдан барып, экстремальдық жағдай адамдардың мамандықтарына және олардың өмір сүру дағдысына қарай әр түрлі болады деген тұжырымға келуге болады.

Адамның жападан жалғыз экстремальдық жағдайда қалуы, ерекше талдауды қажет етеді. Амалсыз осындай жағдайға тап болған адам, алдымен қандай қиындыққа тап болғанын болмысымен түсінуі қажет, содан соң барып баспана, тамақ туралы және қайтып оралудың жолын ойластыруы керек, әрі алғашқы сасқалақтау, стрес жағдайымен күресуі қажет. Бұған адамның мінез-құлқы, жігерлігі немесе бозкүйектігі үлкен әсерін тигізеді. Дегенмен ең бастысы – адамның бұндай жағдайдағы істейтін өз іс-әрекеті. Біріншіден, адамның өзі ұшыраған жағдайын дұрыс сараптауының, сыртқы факторлардың (аптап ыстық, боран, суырған жел және т.б.) әсерін дұрыс бағалаудың, қолында бар заттарды (киімі, баспанасы, құрал-жабдықтары) дұрыс пайдаланудың және денсаулығын сақтаудың (аш, жалаңаш, ауру және т.с.с.) – бәрінің маңызы өте зор.