Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тіршілік сұрақтары (2).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
305.66 Кб
Скачать

1.Облыстық эвакуациялық комиссиясының міндеттері

Бейбіт уақытта Төтенше жағдай жөніндегі басқармалармен бірлесіп, халықты орналастыру және эвокуациялау жағдайын жасайды.

Облыс әкімінің бөлімшелерімен, комитеттерімен, басқармаларымен бірлесіп, қауіпсіз аймаққа орналастыратын және эвокуацияланатын халықты орналастыруға, аудандарда әзірлеу жөніндегі шараларды жасайды және осы шаралардын жүзеге асуын (оларды бекіткеннен кейін) бақылайды.

Жеке құрамаларды құруды, оларды жабдықтауды бақылайды.

Уақытша көшіру шараларын даярлауға арналған өкімді алысымен эвокуациялық және эвакоқабылдау комиссияларының даярлыққа келтірілуін бақылайды.

Халықты орналастыру мен эвокуациялау жоспарын нақтылайды. Қарамағындағы эвокуациялық ұйымдарының жұмысын бақылайды.

Эвокуациялау жинау бекетінің жұмысын жақсартуға даярлықты ұйымдастырады.

Көлік органдарымен бірлесіп, көшірілетін және орналастырылатын халықты тасымалдайтын көліктің түрлерін, санын, дайындығын нақтылайды.

Уақытша көшірілу кезінде адамдардың демалатын, дәрігерлік көмек алатын орындарын, қажетті қорғаныс құралдарымен қамасыз етілуін, келген адамдардың орналасуын қамтамасыз етіп, қадағалайды.

Өзіне бағынышты және өзара әрекет етіуші эвакуациялық комиссиялармен бірге халықты қауіпсіз аймақта қабылдау, орналастыру және жабдықтау жоспарларын нақтылайды.

Халықты орналастыру және эвакуациялау өткізуге арналған өкімді алысымен, бағынышты эвакуциялық және көлік органдарымен тұрақты байланыста болады, халыққа хабарлау барысында және отырғызу пункттеріне көлік бөлуді бақылайды.Эвокуациялық комиссиялардың, эвакуациялық жинау пунктінің және жаяу эвакуациялау маршруттары бастықтарының орналасатын және эвокуацияланатын халықты жинау мен оларды көліктің барлық түрімен және жаяу тәсілмен қауіпсіз аймаққа жөнелту жөніндегі жұмысына басшылық жасайды.

Эвакуациялық қабылдау комиссияларына уақытына және көлік түрлерімен әкетілетін (шығарылатын) халық санын хабарлайды.

Халықты орналастыру мен эвакуациялаудың барысы туралы мәліметтерді жинайды және қорытындылайды, оларды Азаматтық қорғанысының бастығына және жоғары тұрған органдарға баяндайды.

Азаматтық қорғаныстың тиісті қызметтерімен өзара әркет етуі мақсатында орналастырылатын және эвакуацияланатын халықты жан-жақты жабдықтауды және қорғауды ұйымдастырады.

Ұйымның эвакомиссиясының міндеттері болып:

- Ұйымның азаматтық қорғанысының штабымен бірлесіп, обьектінің жұмысшылары мен қызметшілерін және олардың отбасы мүшелерін орналастыруға (жұмысшыларға, қызметшілерге, олардың мүшелеріне сұрау салмастан), олардың тізімдерін жастайды.

- Азаматтық қорғанысының бастығына эвакуациялық жинау пунктінің өкімшілік құрамы, эшолондар бастықтарын, автомобиль колонналары мен жаяу саптар бастықтарын тағайындау туралы ұсыныс әзірлейді.

1.Антропогендік орта дегенді түсіндіріңіз?

Антропогендік фактор (грек. anthropos – адам, genos – тегі, пайда болуы, лат. factor – іс-әрекет) – адамның барлық тірі организмдердің мекен ортасы ретіндегі табиғатты өзгертуіне әкеп соғатын немесе олардың тіршілігіне тікелей әсер ететін сан алуан әрекеттері. Антропогендік факторға қоршаған ортаға адамның тигізген іс-әрекетінің нәтижесінде атмосфера, өзен-көл және мұхит құрамының өзгеруі, сондай-ақ технология қалдықтар мен радиоактивтік заттардың әсерінен топырақтың ластануы, сөйтіп, жалпы экожүйенің құрамы мен құрылысының бұзылуы жатады. Қазіргі кезде адамның іс-әрекетінің кең көлемде бүкіл биосфераға ерекше әсер етуі жер шарының барлық аймақтарында айқын байқалуда. Бүкіләлемдік бақылау институтының (АҚШВашингтон қ.) мәліметтері бойынша табиғи орта жылдан-жылға нашарлап барады. Интернет жариялаған негізгі мәліметтерде жыл сайын 16,8 млн. га тропиктік ылғалды орман жойылатыны, жерді дұрыс пайдаланбау салдарынан жыл сайын 6 млн. га шөл пайда болатыны, қышқыл жаңбырдан 50 млн. га орманның зақымдалғаны, жыл сайын біздің планетамызда жыртылатын жердің 26 млрд. т құнарлы қабаты жойылатыны, өсімдіктердің 25 – 30 мың түрі жойылып кету қаупінде тұрғаны атап көрсетілген. Кейінгі кезде атмосфераға жыл сайын 400 млн. т күкірт диоксиді, азот және көміртек оксидтері, қатты бөлшектер шығарылатыны анықталды. Қазақстанда Арал өңірінің, Семей жерінің, Балқашмаңының, Каспий алқабының экол. апатты аймақтарға айналуына Антропогендік факторлар негіз болып отыр.[1]

Антропогендік орта(Антропогенная среда) — адамдар одейілеп немесе абайсызда, тікелей немесе жанама түрде өзгерткен табиғи орта.[1]