Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тіршілік сұрақтары (2).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
305.66 Кб
Скачать

50. Жарылыстардың салдары және оның жою факторлары

Жарылыстың қырып-жою факторлары мыналар: — ядролық бомбаның, жарылғыш заттардың, сүйық отынның, газдың жарылыстарынан туындайтын соққы ауа толқыны. — жарылыстардан жарықшақтардың, сынықтардың пайда болуы әрі оның үлкен аймақты қамтып, үлкен зардап әкелуі. Жарылыстардан қирау, обьектілердің жойылуы, адамдардың және жан-жануарлардың өлімі, жарақат-тануы сияқты зардаптары болады. Жарылыстың нэтиже-сінде үлкен өрттер пайда болуы мүмкін. Неғүрылым жарылыстың қуаты күшті болса, соғүрылым оның экономикаға, қоршаған ортаға, адамдарға және эколо-гияға әкелетін зияны зор болады.

51. Геологиялық қауіпті құбылыстар

Геологиялық қауіпті құбылыстар: жердің үстіңгі қабатының көшкіндері, үйінділері, белдіктері, шөгінділері – шаруашылықтың басқа салаларындағы жұмыстың бұзылуы; қаза тапқандар, жараланғандар, зақымданғандар мен басқа да зардап шеккендер саны бір адам және одан көп.

ГЕОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПТІ ҚҰБЫЛЫС –шығу тегі геологиялық құбылысқа жататын оқиға немесе геологиялық процестердің өту нәтижелері. Бұл процестер түрлі табиғи немесе геодинамикалық жайттардың немесе олардың үйлесіп келуінің әсерінен жер қыртысында  пайда болады және адамдарды, ауылшаруашылық жануарлары мен өсімдіктерді, экономикалық объектілер мен қоршаған табиғи ортаны (жер сілкінісі, жанартау атқылауы, көшкіндер, опырылу және т.б.) қиратады  немесе қиратуы мүмкін.

52. Адамдардың инфекциялық науқастығы

Жұқпалы аурулар — зардапты вирустардың, микоплазмалардың, хламидийлердің, риккетсиялардың, спирохеталардың организмге еніп, онда өсіп-өну және өмір сүру салдарынан туатын аурулар. Жұқпалы ауруларды кейде тек «инфекция» деп те атайды. Жұқпалы аурулар инфекциялық аурулар (лат. іnfectіo–жұқтыру) – 1)тірі организмдерге ауру тудырушы микроорганизмдердің (бактерияриккетсиявирус, саңырауқұлақ) енуінен пайда болатын кесел; 2) осы аурулардың белгісі мен даму барысын зерттеп, оның дәл диагнозын қойып, емдейтін клиникалық медицинаның арнайы бір саласы

53. Соққы толқын

Соққы толқын  ауаның бірден қысылысынан пайда болады. Және дыбыс жылдамдығынан жоғары жылдамдықпен тарайды. Соққы толқынның пайда болу көзі жарылыстың ортасында өте жоғары қысымның пайда болуы. Соққы толқын өзінің жойқын күшіне байланысты жолындағылардың бәрін қирата талқандап өтеді. Соққы толқынның күші эпицентрінен қашықтаған сайын бәсеңдей береді. Адамдар соққы толқыннан тек арнайы панаханаларға, шұңқырларға т.с.с. таса жерлерге жасырынып сақтанады

54.Гидрологиялық төтенше жағдайлар  Гидрологиялық қауіпті құбылыстар – қаза тапқандар саны бір адам және одан көп; жараланғандар, зақымданғандар және басқа зардап шеккендер – үш адам және одан көп: тасқын су, жаңбырлы селдер, мұз кептелісі мен сеңнің тоқтауы, жел айдаулары кезіндегі судың жоғарғы деңгейі (су басу) – елді мекендер мен шаруашылық нысандарын су басумен немесе су басу қаупімен аса қауіпті (жоғарғы) деңгейден асып түсу; судың төменгі деңгейі – ірі қалалардың, өндірістік аймақтардың су дуалдары мен жер суландыру жүйесінің жобалық белгісінен төмен, бір ай және одан көп уақыт ішінде кеме жүзетін өзендердегі навигациялық деңгейден төмен; -----  селдер – елді мекендер, шаруашылық кешендерінің нысандары болған зақымданған аймақтардағы селдердің өтуі;------ қарлы борасындар – елді мекендер, шаруашылық кешендерінің нысандары болған зақымданған аймақтардағы қар көшкіндерінің түсуі. -  Табиғи өрттер – қаза тапқандар, жараланғандар, зақымданғандар және басқа зардап шеккендер бір адам және одан көп; 50 бас және одан көп ірі қараның өлуі; 100 бас және одан көп үй құсының өлуі; 100 тонна және одан көп пішеннің өртеніп кетуі: -орман өрттері – 2 га және одан көп ауқымда; - далалық өрттер (жер оттылығы) – 50 га және одан көп ауқымда; -  дәнді және басқа дақылдардың егінді алқабының жануы – 20 га және одан көп ауқымда; - мұнай мен газды конденсаттық кен орындарында – өрттің кез–келген жағдайы; - жанғыш пайдалы қазбалардың жерасты өрттері – жерасты қазбаларындағы жанудың кез–келген жағдайы.