Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тіршілік сұрақтары (2).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
305.66 Кб
Скачать

45. Қазақстанда қандай қалалар сейсмикалық қауіпті аймақта орналасқан?

Жер сілкінісінің жойқын күші оның әсерінен болатын апаттар көпшілікке мәлім. Өйткені Қазақстанның 450 мың шаршы километр аумағында жер сілкіну қаупі бар. Бұл аймақта 6 миллионнан астам халық тұрады, 27 қала, 400-ден астам елді мекендер бар. Еліміздің 40 пайызға жуық өндірістік әлеуеті осы аймақта шоғырланған.

Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау облыстары мен Алматы қаласы сейсмикалық қауіпті аймаққа орналасқан. Онда өнеркәсіптің негізгі қорының 30%-ы шоғырланып, тұрғын үй қорының 35%-на жуығы орналасқан, Республика халқының 40%-ы тұрады.

46.Құтқару және шұғыл жұмыстар тізбесі

Зардап шеккендерге берілетін көмектің негізгі мәні, оның тездігінде, тиімділігінде. Құтқару жұмыстарына :

• көмекке келген күштсрдің жүрер жолын барлау;

• жолдағы немесе апат орнындағы өрттің жайылуына жол бермеу;

• апат болған жердегі баспаналардағы адамдарға көмекке бару, оларға ауа баратын жолдар іздеу, баспананың үстін ашу;

• құлаған үйлер астындағы қалған адамдарды іздестіру, оларды шығару;

• зардап шеккендерге дәрігерлік көмек көрсету, ауруханаларға аттандыру;

• халықты химиялық және радиацияланған аудандардан, су басқан аудандардан көшіру;

• адамдарды олардың киімдерін санитарлық тазалықтан өткізу;

• территорияны, құрылыстарды, транспортты басқа техниканы химиялық улы заттардан, радиациядан тазарту.

Құтқару жұмыстарымен қатар кейінге қалдыруға болмайтын қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі.

Бұл жұмыстарға мыналар жатады:

• ластанған учаскелерге баратын жолдарды тазалау;

• аппаттың одан әрі тарауына жол бермеу;

• бұзылған газ, су құбырларын және басқа да жүйелерді уақытында жұмысқа қосу;

• қираған үйлерді қалпына келтіру немесе оларды жою жұмыстары;

• көше бойында кауіпсіз қозғалысты және құтқару жұмыстарын қамтамасыз ету;

• құтқару жұмыстары үшін тез арада байланыс жүйелерін жүргізу;

Сонымен қатар зақымданған ошақтарға барлаушы күштер жіберіледі. Олар радиациялық жағдайды, қорғану құрылыстарының жәйі, апат орнына барар жолды, зардап шеккен адамдарды, оларды құтқару шараларын анықтайды. Қираған не радиациялы орында АҚ күштері кезекпен жұмыс жүргізеді. Адамдарды құтқаруға кәсіпорындардағы біріктірілген отрядтар /командалар/ алдымен жіберіледі. Бұлардың мүмкіндігін күшейту үшін арнайы техника /бульдозерлер, автокрандар.../ бөлінеді. Бұларға көмекке өрт сөндірушілер және ластанған техниканы тазартушылар көмекке келеді.

47. Жұмыс істеушілер мен халықтың жер сілкіністері кезіндегі тәртібі

Ғимараттың тербелгенін сезген соң, шамдардың шайқалғанын, заттардың құлағанын көрген соң, үдеп келе жатқан шуды сынған шынының сыңғырын естіген соң байбалам салмаңыз (бірінші дүмпулерді сезгеннен бастап ғимарат үшін қауіпті тербелістерге дейін сізде 15-20 секунд уақытыңыз бар). Жылдам құжаттарды, ақша және қажетті заттарды алып ғимараттан шығыңыз. Үй-жайлардан шыққан кезде лифтіні пайдаланбай басқышпен түсіңіз. Көшеге шыққаннан кейін ғимараттардан алшақтау, ашық кеңістікке барыңыз. Сабырлық сақтап, өзгелерді де тыныштандыруға тырысыңыз! Егер Сіз еріксіз бөлмеде қалып қойсаңыз, қауіпсіз жерге тұрыңыз: ішкі қабырғада, бұрышта, ішкі қабырға ойығында. Мүмкіндік болса үстелдің астына тығылыңыз – ол Сізді құлаған заттар мен сынықтардан қорғайды. Терезелер мен ауыр жиһаздардан аулақтұрыңыз. Егер де Сіздермен балалар болса – оларды өзіңізбен қалқалаңыз! Тұтатқыштарды, сіріңкені, шамдарды қолданбаңыз – газ ағып кетсе өрт шығу мүмкіндігі бар. Балкондардан, карнизден, парапеттен алшақ тұрып, жұлынған сымдардан сақтаныңыз. Егер де Сіз автомобильде болсаңыз, дүмпулер тоқтағанға дейін автомобильден шықпай ашық жерде болыңыз. Басқа адамдарды құтқару кезінде көмек көрсетуге дайын болыңыз.