
- •1Тіршілік қауіпсіздігі пәнінің мақсаты
- •1Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдай туралы
- •1.Тіршілік қауіпсіздігі пәнінің құзыреттілігі
- •1.Қауіпсіздік түсінігі, курстың негізгі міндеттері
- •4Тіршілік қауіпсіздігі пәнінің негізгі міндеті
- •1.Техногендік жағдайдағы төтенше жағдайды қалай түсінесің?
- •1.Қауіпті өндірістік және тұрмыстық факторлар
- •3.Эвакуация деген не?
- •4.Азаматтық қорғаныс жүйесінің құрылымы мен рөлі
- •5.Төтенше жағдайда халықты қорғау
- •4.Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың болу себептері
- •4.Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың түрлері
- •7.Қауіпсіздікке байланысты қандай заңнамалар пайдаланылады?
- •5.Азаматтық қорғаныс курсының мақсаттары мен міндеттері
- •4.Халықты қорғау мақсатында қандай шаралар жүргізіледі?
- •1.Облыстық эвакуациялық комиссиясының міндеттері
- •1.Антропогендік орта дегенді түсіндіріңіз?
- •3.Қауіп-қатер деген не?
- •3.Өрттің салдары және оның жою факторлары
- •5.Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі Азаматтық қорғаныстың міндеттері
- •22.Төтенше жағдайда халыққа хабарлаудың маңызы және басты тәсілі
- •4.Радиациядан қорғау шаралары
- •1.Қар көшкіні, қар басу, дауыл, су тасқыны, опырма дегенді түсіндіріңіз
- •Өте улы заттар таралатын апаттардың түрлері
- •28. Әр түрлі сипаттағы төтенше жағдайларды жіктеу
- •29. Халықты психологиялық дайындыққа әзірлеу
- •30. Қышқыл жаңбырлар
- •31. Озон қабатының бұзылуы
- •32. Қауіпті өндірістік және тұрмыстық факторлар
- •33. Азаматтық қорғаныс жүйесі қандай негізде құрылған?
- •34. Химиялық қарудың жарылыс ошағы
- •35. Иондаушы сәуле шығару
- •36. Қазіргі заманғы қырып-жою құралдарынан халық пен шаруашылық объектілерін қорғаудың негізгі принциптері
- •37. Адамдардың инфекциялық науқастығы
- •38. Көшіру шаралары
- •39. Ядролық зақымдану ошақтарындағы құтқару жұмыстары
- •40.Табиғи өрттер
- •41. Радиациялық қауіпсіздіктің негізгі принциптері
- •42. Өткір сәуле аурулары
- •43. Төтенше жағдайларды анықтаудың маңызы
- •44. Өткір сәуле ауруларының әр дәрежесі қалай өтеді
- •45. Қазақстанда қандай қалалар сейсмикалық қауіпті аймақта орналасқан?
- •46.Құтқару және шұғыл жұмыстар тізбесі
- •47. Жұмыс істеушілер мен халықтың жер сілкіністері кезіндегі тәртібі
- •48. Қорғаныс ғимараттарына адамдарды орналастыру тәртібі
- •49. Жер сілкіністерінің күшін өлшеу шкалалары
- •50. Жарылыстардың салдары және оның жою факторлары
- •51. Геологиялық қауіпті құбылыстар
- •52. Адамдардың инфекциялық науқастығы
- •55.Өрттен қорғау шаралары
- •56. Жарықты сәуле
- •57. Жер сілкіністерінің күшін өлшеу шкалалары
- •58. Өткір радиация
- •59. Халықты қорғаудың ұжымдық құралдары
- •60. Халықты қорғаудың негізгі әдістері
34. Химиялық қарудың жарылыс ошағы
Химиялық қару — дегеніміз жалпылай улау заттарын қолданатын әскери қару.Химиялық улану заттарын жеткізу үшін зымырандар, бомбалар, снарядтар және т.с.с. құралдар пайдаланады. Улану заттары адамдарды, мал-жануарларды, тірі организмдерді, өзен-көлдерді, су қоймаларын, сол ошақ төңіректерін, егіндерді, өсімдіктерді жояды, қатты зақымдайды.
Улану заттарының жіктелуі келесі белгілермен анықталады:
---зақымданудың клиникалық зақымдау белгілері бойынша улау заттарын 6 топқа бөлуге болады: нервті-салдық әсері (зарин, зоман, V типті заттар); тері жарасы әсері (иприт, люизит), жалпы улану әсері (синильдік қышқыл, хлорциан), тұншықтыру әсері (фосген, фифосген), псикаға әсері (ВZ), тітіркендіру әсері (СS – адамсит, хлорпикрин, хлорацетофен және т.б.);
-----------улану заттарының сақталу қасиетіне байланысты, оларды 2 топқа бөледі: сақталмайтындар (синильдік қышқылы, хлорциан, фосген, дифосген), ұзақ сақталатындар (иприт, зоман, V типті заттар), бұлар ұзақ уақытқа (тіпті айлар бойы) дейін улау қасиетін жоғалтпайды;
-----------соңғы зақымдау нәтижесі бойынша: өлімге алып келеді (иприт, зоман, U типті заттар, синильдік қышқыл және басқалары) және адамдарды уақытша есінен айырады;
әсер ету уақыты бойынша: тез әсер ететіндер (удың әсері тез арада білінеді (V), жәй әсер ететіндер (әсері бірнеше сағат өткен соң біліне бастауы мүмкін), мысалы, азотты және күкіртті иприттер, фосген, дифосген;қолданылуы ықтимал заттары (V) және фосфорорганикалық заттар
35. Иондаушы сәуле шығару
Халықты қорғаудың ұжымдық құралдары – тұрғындарды апат, зілзала салдарынан, сондай-ақ қазіргі заманғы қырып-жою құралдарының зақымдағыш факторларынан қорғаудың ең негізгі тәсілдерінің бірі. Солардың бірі – адамдарды ұжымдық қорғау құралына жататын қорғаныс ғимараттарына жасыру. Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдай жүйесінде пайдаланылатын мұндай ғимараттарға панаханалар, радиациядан қорғау орындары және қарапайым жасырыну орындары жатады.
Панахана толқын соққысынан, жарық сәулесінен, өткіш радиациядан және радиоактивті зақымданудан – ядролық жарылыстың зақымдағыш факторларынан, сондай-ақ улағыш заттардан, бактериалдық құралдар мен қатты әсер ететін улы заттардан сенімді қорғауды қамтамасыз етеді.
Өндіріс күштерін қазіргі заманғы қырып-жою құралдарынан, зілзаладан, рдиациялық және химиялық қауіпті объектілердегі апаттардан қорғау – маңызды мемлекеттік міндеттердің бірі.
Қорғаныс ғимараттары адамдар жасырынуға тиіс жерлерге мүмкіндігінше жақын орналасуға тиіс.
Қорғаныс ғимараттары салыну мерзімі бойынша бейбіт уақытта болсын, қауіп төнген кезде болсын жылдам тұрғызылуы керек.
Мақсаты бойынша халықты жасыру немесе басқару және байланыс тораптарын орналастыруға ыңғайлы болуы қажет.
36. Қазіргі заманғы қырып-жою құралдарынан халық пен шаруашылық объектілерін қорғаудың негізгі принциптері
1. Қорғаныс шараларын өз уақытында жоспарлау және өткізу. Ол мыналарды қамтиды:
- бейбіт және соғыс жағдайындағы АҚ жоспарларын әзірлеу;
- халықты ТЖ мен қазіргі заманғы қырып-жою құралдарынан қорғау әдістеріне даярлау;
- ұжымдық және жеке қорғаныс құралдарын жинау және оларды пайдалануға әзірлікте ұстау;
- көшіру шараларын даярлау;
- бейбіт және соғыс уақытындағы жағдайда шаруашылық салалары мен объектілері жұмысының сенімділігін және тұрақтылығын көтеру жөніндегі шараларды жүргізу.
Жаппай қырып-жою құралдары әсерінің сипаты, мүмкіндіктері мен салдары өткен соғыстағы қарудың түрлерімен салыстырғанда өздерінің жойқын күштерімен ерекшеленеді.
Осы ерекшеліктерінің бірі – қаруды жеткізудің жаңа құралдарының пайда болуының арқасында жер шарының кез келген нүктесіндегі нысананы жоюға болатындығында. Сондықтан да, тыл мен соғыс туралы ұғым енді салыстырмалы сипатқа ие болып тұр. Соғыс жағдайында қазіргі заманғы қырып-жою құралдары ықпал аймағына кез келген елді мекен тап болуы әбден мүмкін.
Осыған байланысты халық пен шаруашылық объектілерін қорғау жөніндегі шаралардың әрбір ауданда, қалада, объектілерде, бүкіл республика аумағында міндетті түрде жүргізілуі қажет.