Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тіршілік сұрақтары (2).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
305.66 Кб
Скачать

31. Озон қабатының бұзылуы

. Озон көп мөлшерде кездесетін стратосферадағы қалыңдығы 2-3 мм болатын қабат. Осы биіктікте Күн сәулесінің әсер етуінен оттек молекуласынан (О2) озон молекулалары (О3) түзіледі. Озон қабаты биосфераның жоғарғы шекарысы болып есептелінеді. Озон қабатынан жоғары орналасқан атмосфера қабаттарында тіршілік нышаны кездеспейді. Жер бетіндегі барлық организмдердің тіршілігіне қажетті қауіпті күннің ультракүлгін сәулелерін сіңіріп отыратынына байланысты озон қабатын «қорғаныш қабаты» немесе «озон қалқасы» деп те атайды. 1980 ж. Антарктидадағы ғылыми жұмыстарға негізделген стансалар-да жүргізілген зерттеулерден атмосферадағы озон құрамының төмендегені байқалған. Осы құбылыс «озон тесігі» деген атау алған. 1987 ж. көктемде Антарктиданың үстіндегі «озон тесігі» барынша үлкейіп, оның ауданы шамамен 7 млн. км2-ді (ғарыштық түсіру бойынша) құрады. 1992 ж. Оңтүстік Америка материгі және оған жанасқан кеңістіктер үстінде озон құрамының айтарлықтай төмендеуі (50%) тіркелді. 1995 ж. көктемде Арктиканың озонды қабаты шамамен 40%-ға дейін азайған. Сонымен бірге Канаданың солтүстік аудандарында және Скандинавия түбегінің, Шотландия аралдарының, Қазақстанның, Якутияның үстінде «мини-тесіктер» қалыптасқаны тіркелген. Соңғы кездері озон қабатының бұзылуы, яғни «озон тесігінің» пайда болуы биосферада елеулі өзгерістер туғызуы мүмкін. Сондықтан бұл жағдай күрделі экологиялық мәселесінің бір бөлігі. Озон қабатында басталған бұзылу процесте-ріне себеп болып отырған шығарындыларға мұздатқыштардан бөлінетін фреондар мен ғарыштық аппараттар және ұшақтардың органикалық отынының толық жанбаған өнімдері және ядролық сынақтарда бөлінген заттар жатады. Осы заттар атмосфераның жоғары қабаттарына көтерілгенде қарқынды түрде озонды бұзатын хлор немесе басқа галогендердің атомын түзетін фотохимиялық ыдырауға ұшырайды, ал олар әрі қарай озонның оттекке айналу процесін катализдейді. Дүние жүзі бойынша шамамен 1,3 млн. тонна озон ыдыратушы заттар алынып отырған. Оның көлемінің 35 %-ын АҚШ, 40 %-ын Еуропа елдері, 10-12 %-ын Жапония, 7-10 %-ын Ресей өндіреді. Озон қабатының тозуы барлық тіршілікке қауіп тудырады. Бүкіл дүние жүзідік денсаулық сақтау ұйымының (БДҰ) мәліметтері бойынша атмосферадағы озон құрылымының 1 %-ға төмендеуі ультракүлгін сәуле мөлшерінің 2%-ға дейін өсуіне, осыған байланысты адамдардың қатерлі ісік, көз катарактысының және т.б. аурулардың көбеюіне, адамның жүйке жүйесінің әлсіреуіне, жұқпалы ауруларға қарсы екпе тиімділігінің төмендеуіне себепші болып отыр.

32. Қауіпті өндірістік және тұрмыстық факторлар

33. Азаматтық қорғаныс жүйесі қандай негізде құрылған?

Азаматтық Қорғаныс (АҚ) — мемлекеттік қорғаныс шаралары жүйесінің құрамдас бөлігі.[1] Міндеттері: жергілікті халық пен халықшаруашылығын жау шабуылынан, жаппай қыру қаруынан, табиғат апаттарынан т.б. төтенше жағдайлардан қорғау және қорғану шараларын үйрету; су тасқыны, сел, жер сілкінісі, өрт болған аймақтарда құтқару жұмыстарын жүргізу; халыққа жау шабуылының немесе табиғат апатының қаупі туралы алдын-ала хабарлау,т.б. азаматтық қорғаныс бейбіт кезеңде және соғыс уақытында мынадай шараларды жүзеге асырады: жаппай қыру қаруынан сақтану үшін арнайы қорғаныс жайлары салынып, жеке бас қорғаныс жабдықтары дайындалады, ірі қалалар тұрғындары қауіпсіз жерге көшіріліп, оларға қорғану тәсілдері үйретіледі, ықтимал қауіп туралы халыққа егжей-тегжейлі түсіндіріледі, соғыс кезінде өндіріс орындары мен мекемелерде жұмыс тоқтамау үшін әртүрлі ұйымдастыру және инженер-техникалық шаралар жүргізіледі, нақты өндіріс орындары қорғалады, математика-техника құралдар, электр энергиясын шығару көздері, газбенсумен қамтамасыз ету қорлары жасалады; қираған шаруашылықтарды қалпына келтіруге қажетті қосалқы жабдықтар жинастырылады, арнайы азаматтық қорғаныс топтары құрылады т.б.Қазақстан Республикасында азаматтық қорғаныс барлық жерде аймақтық-өндірістік принциппен ұйымдастырылған. Оны ҚазақстанРеспубликасы Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы тікелей басқарады. Комитеттің облыстық, қалалық және аудандық бөлімдері бар. Жергілікті жерлерде мекеме, ұйым, оқу орындары, өнеркәсіп басшылары және азаматтық қорғаныс шараларын өткізуге жауапты болып табылады.[2]

Азаматтық қорғаныстың мақсаттары:әр қоғамдағы ең басты және бағалысы – адам. Сондықтан барлық қорғану шараларында адамдардың кауіпсіздігін ескерту – негізгі мақсат. Адамды қорғай білу – мемлекет үшін маңызды. Сондықтан халықты қорғау адамның өмірін сақтап қалу, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету азаматтық қорғаныс жүйесінің негізгі жұмысы. --------халықтың еңбегімен жасалған барлық байлықты сақтап қалу. АҚ ережелерінде олар сенімді түрде қорғалуы қажет деп көрсетілген.