
Қазақ әдебиеті
1. ’’Оғыз Қаған’’жырындағы Оғыздың ақылшысы кім екенін белгілеңіз. A) Қорқыт. B) Тоныкөк. C) Ұлық Түрік. D) Күлтегін. E) Білге. |
2. ...Кеудесі болып кепедей, Мұрны болды төбедей. Күрек тісі кетпендей Кеңірдегінің тесігі Жүгімен түйе өткендей... «Алпамыс батыр» жырындағы қай кейіпкердің бейнесі екенін белгілеңіз. A) Алпамыс. B) Құлтай. C) Байбөрі. D) Ұлықбек. E) Ұлтан. |
3. «Ғылым таппай мақтанба», «Интернатта оқып жүр» өлеңдерінің тақырыбын анықтаңыз. A) Достық. B) Ғылым, білім. C) Табиғат. D) Тіл, сөз өнері. E) Махаббат. |
4. Мағжан Жұмабаевтың әнімен халық арасына кең тараған өлеңін көрсетіңіз. A) “Сағындым”. B) “Гүлсімге”. C) “Сен сұлу”. D) “Жас келін”. E) “З-ға”. |
5. Жас қанжары – жүректегі жігері, Өнер, оқу – жастың қару-жарағы… деген тармақтар І.Жансүгіровтің қай шығармасынан алынғандығын анықтаңыз. A) «Оқимын». B) «Бүгінгі дала». C) «Жел». D) «Жастар». E) «Ала бие». |
6. «...Бұрын «Тарғыл өгіз сойған» деуші едік. Есімбек сол «өгіз сойғанның» ең шұрайлы жеріне қонушы еді». Үзіндінің қай шығармадан алынғандығын анықтаңыз. A) «Сексен сом». B) «Кедей теңдігі». C) «Шұғаның белгісі». D) «Майдан». E) «Айранбай». |
7. Аңызда кездесетін кейіпкерді атаңыз. A) Құртқа. B) Гүлбаршын. C) Жібек. D) Қарашаш. E) Баян. |
8. Шалкиіз жырау қай биге толғау шығарғанын анықтаңыз. A) Ысмаил. B) Мұса. C) Темір. D) Жүсіп. E) Досай. |
9. С.Торайғыровтың 1918 жылдың аяғында жазылған поэмасын табыңыз. A) «Ендігі бет алыс». B) «Адасқан өмір». C) «Қамар сұлу». D) «Кім жазықты?» E) «Тұрмыс». |
10. “Болғанда мұндай күнде заманымыз, Жай жатып сахарада қамаламыз. Болыс, би ет пен шайға мәз болуда, Қайткенде тура жолды таба аламыз?”- үзіндісі Ақан серінің қай өлеңінен алынғандығын көрсетіңіз. A) “Заман туралы” B) “Ақ көйлек” C) “Құлагер” D) “Заман адамы” E) “Жүсіп төреге” |
11. ²Ақбілек² романының (Ж.Аймауытов) кейіпкерлерін көрсетіңіз. A) Бекболат, Әжібай, Зылиқа. B) Әмірқан, Ақтамақ. C) Шолпан, Өрік, Теңге. D) Шернияз, Алтынай, Күнікей. E) Балташ, Ұрқия, Мұқаш, қара мұрт. |
12. Қ.Аманжоловтың ²Қоңыр саз домбырадан ескен баяу² деген өлең жолындағы көркемдегіш құралды белгілеңіз. A) Кейіптеу. B) Символ. C) Дамыту. D) Әсірелеу. E) Метафора. |
13. Әдебиеттегі Жамбыл Жабаев туралы айтылған пікірді белгілеңіз. A) “Қазақтың бас ақыны”. B) “ХХ ғасырдың Гомері”. C) “Қаламынан тамған бал ем болады”. D) “Атақты елдің атақты ұлы”. E) “Теңдесі жоқ талант”. |
14. «Ш.Уәлиханов» пьесасының авторын белгілеңіз. A) М.Әуезов. B) С.Мұқанов. C) С.Сейфуллин. D) Ж.Аймауытов. E) Ғ.Мұстафин. |
15. «Суреткер парызы» атты кітаптың авторын табыңыз. A) С.Сейфуллин. B) Ғ.Мүсірепов. C) Ғ.Мұстафин. D) М.Әуезов. E) С.Мұқанов. |
16. Кәрі Каспий қара көк көзін ашты, Жылы сөзбен Терекке амандасты (Абай – Лермонтов),- деген жыр жолдарында ақын қолданған құбылтудың түрін табыңыз. A) Кейіптеу. B) Әсірелеу (гипербола). C) Ауыстыру (метафора). D) Алмастыру (метонимия). E) Кішірейту (литота). |
17. «Қырағының өзі де, көзі де батыр» деген нақыл сөз иесін белгілеңіз. A) Б.Момышұлы. B) Т.Бигелдинов. C) Т.Әубәкіров. D) А.Жұмағалиев. E) М.Мәметова. |
18. Ж.Молдағалиевтің тұңғыш өлеңдер жинағын көрсетіңіз. A) «Заман тынысы». B) «Байқоңыр». C) «Қызыл галстук». D) «Жесір тағдыры». E) «Жеңіс жырлары». |
19. Б.Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» повесіндегі: «Мен үшін сенің адам болғаныңнан артық ешқандай да бақыт жоқ» деген жолдарды айтқан адамды табыңыз. A) Мұғалім. B) Әже. C) Ана. D) Жантас. E) Әубәкір. |
20. "Адам шын мейірленсе, білім-ғылымның өзі де мейірленеді, тезірек қолға түседі" деген сөз Абайдың қай қара сөзінен алынғанын анықтаңыз. A) Екінші. B) Он екінші. C) Жиырма екінші. D) Қырық екінші. E) Отыз екінші. |
21. А.Байтұрсыновтың бастырған эпостық жырын көрсетіңіз. A) «Ер Тарғын». B) «Қобыланды». C) «Ер Көкше». D) «Ер Қосай». E) «Ер Сайын». |
22. «Манас» монографиясын жазған қаламгерді белгілеңіз. A) Қ.Жұмалиев. B) Ш.Айтматов. C) Ғ.Мүсірепов. D) С.Мұқанов. E) М.Әуезов. |
23. М.Әуезовтің «Қараш-Қараш оқиғасындағы» Бақтығұлға қамқор болғансып, барымташы ұры жасайтын болыстың атын белгілеңіз. A) Сәт. B) Сәлмен. C) Қозыбақ. D) Қоқыш. E) Жарасбай. |
24. "Cалиха қыздың дауы" қай романда сипатталғанын белгілеңіз. A) "Оянған өлке". B) "Махаббат, қызық мол жылдар". C) "Қан мен тер". D) "Боран". E) "Абай жолы". |
25. Аллегорияның мағынасын көрсетіңіз. A) Астарлы меңзеу. B) Салыстыру. C) Өте кішірейтіп жеткізу. D) Мысқыл, кекету. E) Асырып айту.
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ПӘНІНЕН СЫНАҚ АЯҚТАЛДЫ |