
География
1. Грек тілінен аударғанда «география» сөзінің мағынасы: A) жерді сипаттап жазу B) жерді зерттеу C) жерді оқу D) жерді сызу E) жерді өлшеу |
2. Атмосфераның негізін құрайтын зат A) су B) ауа C) тірі ағзалар D) тау жыныстары E) көмірқышқыл газы |
3. Қазақстанның жер көлемі: A) 2070,4 мың км2 B) 1600,2 мың км2 C) 1563,1 мың км2 D) 1450,3 мың км2 E) 2724,9 мың км2 |
4. Қазақстанның ежелгі қалалары. A) Түркістан, Тараз. B) Теміртау, Рудный. C) Шымкент, Астана. D) Екібастұз, Балқаш. E) Павлодар, Өскемен. |
5. Дүние жүзі бойынша көлдегі кеме қатынасының басты ауданы A) Ресейдің солтүстік-батысы. B) Скандинавия көлдері. C) Англия. D) Каспий көлі. E) Ұлы көлдер. |
6. Көлдің атымен аталатын ел A) Камерун B) Тунис C) Чад D) Того E) Мали |
7. Өзен аңғарындағы өзен суының үнемі ағатын бөлігі A) Арна. B) Канал. C) Арық. D) Жыра. E) Жайылма. |
8. Қалыптасқан орнына байланысты жердегі ауа массасының түрлері A) 2 B) 6 C) 5 D) 3 E) 4 |
9. Адам әрекеті нәтижесінде күшті өзгеріске ұшыраған табиғат кешендері ... деп аталады: A) ғаламдық B) мұхиттық C) антропогендік D) материктік E) географиялық |
10. Еуразиядағы ең ұзын өзен жүйесін көрсетіңіз. A) Іле. B) Хуанхэ. C) Янцзы. D) Еділ. E) Ганг. |
11. Тарбағатайдың абсолют биіктігі A) 1855 м. B) 8848 м. C) 2992 м. D) 7439 м. E) 5538 м. |
12. Қазақстандағы асбест өндірілетін жер. A) Текелі, Жетібай. B) Доссор, Ақсай. C) Ақсай, Кемпірсай. D) Майқайың, Хантау. E) Хантау, Жетіқара. |
13. Қазақстанның оңтүстік шөлдерінде улы өрмекші тәріздестер кездеседі A) Өрмекші B) Жібек құрты C) Құмырсқа D) Көбелек E) Қарақұрт |
14. Сарыарқа мен Мұғалжар аралығында орналасқан: A) Жалпы Сырт B) Мойынқұм C) Үстірт D) Торғай үстірті E) Бетпақдала |
15. “Рахманов бұлағы” қорықшасы орналасқан жер. A) Шығыс Қазақстан. B) Оңтүстік Қазақстан. C) Орталық Қазақстан. D) Батыс Қазақстан. E) Солтүстік Қазақстан. |
16. Мұнай машиналарын жасайтын зауыт орналасқан қала A) Қарағанды B) Қызылорда C) Шымкент D) Павлодар E) Атырау |
17. Түбекте орналасқан елдер. A) Үндістан, Ұлыбритания. B) Корея, Вьетнам. C) Таиланд, Куба. D) Жапония, Вест-Үндістан. E) Катар, Мальта. |
18. Курск, Балаков, Ленинград – Ресейдің ... . A) газ өндіретін басты орталықтары B) ең ірі АЭС- тері C) қара металлургия орталықтары D) мұнай- химия орталықтары E) ең қуатты СЭС- тері |
19. Оңтүстік-Шығыс Азияда өсірілетін негізгі дақыл A) күріш B) жүгері C) картоп D) маниок E) лавр |
20. Жер бетіндегі нүктенің теңіз немесе мұхит деңгейінен тіктеуіш бойынша алған биіктігі: A) салыстырмалы биіктік B) биіктік белдеу C) еңдік зоналық D) абсолют биіктік E) биіктік белгісі |
21. Солтүстік Американың палеозойлық аласа тауы A) Памир B) Кордильер C) Анд D) Аппалач E) Гималай |
22. Республиканың оңтүстігінде 400 т мақта шикізаты өндіріледі, жергілікті жерде өңделетін мақтаның 7%-ының массасын есептеңіз. A) 20 т B) 21 т C) 28 т D) 60 т E) 40 т |
23. Атырау–Астрахань темір жол торабы байланыстыратын аудандар: A) Оңтүстік пен Батыс Қазақстан. B) Солтүстік пен Оңтүстік Қазақстан. C) Ресей мен Солтүстік Қазақстан. D) Солтүстік Кавказ елдері мен Батыс Қазақстан. E) Оңтүстік пен Oрта Азия. |
24. Семей қаласындағы Ертіс өзеніне көпір салуға қаражат бөлген ел. A) Италия B) АҚШ C) Канада D) Жапония E) Үндістан |
25. Испания, Франциямен шектесетін микро мемлекет: A) Андорра. B) Сан-Марино. C) Лихтенштейн. D) Люксембург. E) Монако.
ГЕОГРАФИЯ ПӘНІНЕН СЫНАҚ АЯҚТАЛДЫ |