
Биология
1. Қабықшаның жұқарған жері A) Тесік B) Ойық C) Саңылау D) Бүртік E) Қақпа |
2. Дизентерия амебасы тудыратын ауру A) Лейшманиоз B) Лямблиоз C) Қараталақ D) Ұйқы E) Қантышқақ |
3. Жіп тәрізді көп жасушалы балдыр A) Спирогира B) Қызыл балдыр C) Ламинария D) Саргассум E) Қоңыр балдыр |
4. Қазақстандағы күрделігүлділер тұқымдасының түр саны: A) 700 B) 20000 C) 10000 D) 11000 E) 600 |
5. Қарынның ішкі кілегейлі қабығындағы ұсақ бездерден бөлінеді. A) Ішек сөлі. B) Тәбет сөлі. C) Бауыр. D) Қарын (асқазан) сөлі. E) Өт. |
6. Жасушаның бөліну аралықтары: A) Синтез алдындағы кезең B) Интерфаза C) Синтез кезеңі D) Жасуша циклі E) Синтезден кейінгі кезең |
7. Сабақтың жапырақ өсетін жуандау жері A) өсі нүктесі B) бүршік C) өркен D) буын E) өскін |
8. Тыныс алу құбылысына тән: A) Органикалық зат ыдырайды. B) Тек қана хлоропластарда жүреді. C) Оттегі бөлінеді. D) Көмірқышқыл газы сіңіріледі. E) Жарықта ғана іске асады. |
9. Балықтың ауыз айналасындағы мұртшасы A) дәм сезу мүшесі. B) сипап сезу мүшесі. C) иіс-сезу мүшесі. D) көру сезу мүшесі. E) есту мүшесі. |
10. Қалпақша асты қатпарлы қалпақты саңырауқұлақтарға жатады A) Ақ ұнтақ B) Ақ зең C) Түлкіжем D) Қаракүйе E) Пеницилл |
11. Шыршаның тіршілік ұзақтығы - A) 50 жыл. B) 100 жыл. C) 150 жыл. D) 300 жыл. E) 200 жыл. |
12. Тарақанның денесі: A) біртұтас B) біріккен баскөкірек және құрсақ C) басы жоқ, көкірек пен құрсақ D) бас, құрсақ E) бас, көкірек, құрсақ |
13. Жорѓалаушылардыњ терісі қапталады - A) Қабыршақтармен, қалқаншалармен, сауытпен. B) Түктермен. C) Плакоидты қабыршақтармен. D) Қауырсынмен. E) Хитин қабыѓымен. |
14. Ұйқы безі бөлетін гормондардың қызметі: A) Тотығу-тотықсыздану реакциясын жылдамдатады B) Барлық бездердің жұмысын реттейді C) Ағзаның өсуін реттейді D) Май алмасуды реттейді E) Көмірсу алмасуын реттейді |
15. Көлденең жолақты бұлшықет талшығы ... орналасқан. A) тамырда B) аш ішекте C) тоқ ішекте D) қуықта E) қол-аяқтарда |
16. Ағзаның иммунитет жүйесін құрайтын қан жасушасы: A) Эритроцит. B) Гемоглобин. C) Лейкоцит. D) Тромбоцит. E) Фибриноген. |
17. Жасушаның «Қуат беретін станциясы» A) Митохондриялар B) Центриоль C) Ядрошық D) Хлоропластар E) Лизосома |
18. Будандастыруда белгілердің 9:3:3:1 арақатынасы байқалады: A) Моногибридті. B) Талдаушы. C) Дигибридті. D) Моногибридті аралық тұқым қуалау. E) Моногибридті толық доминанттылықта. |
19. Неоарктикалық аймақта өседі A) Ағаштекті юкка B) Мүк C) Эвкалипт D) Лиана E) Бамбук |
20. Тамыр оймақшасы: A) сoру қызметін атқарады B) өсімдіктерге қоректік заттарды өткізеді, қамтамасыз етеді C) жасушаның суйықтығын реттейді D) жасушаның бөлінуіне қатысады E) зақымдалудан қорғайды |
21. Жұлынның жоғарғы шеті жалғасады A) Сопақша ми B) Аралық ми C) Мишық. D) Артқы ми E) Ортаңғы ми |
22. Кеуде қуысын құрсақ қуысынан бөліп тұратын күмбез тәрізді бұлшықетті перде A) көкет (диафрагма) B) өкпе C) асқазан D) ішек E) бүйрек |
23. Тері күйгенде көрсетілетін алғашқы жәрдем A) Адамды салқын жерге әкеліп, маңдайына салқын шүберек салу B) Суық сумен шайып, марганцовканың әлсіз ертіндісімен сүртеді C) Жылы затпен орап, жылытатын сусын ішкізу керек D) Таза шұберекпен жауып, үстінен бұрау жіппен қатты қысып тастау E) Басын жоғары жатқызып, жүрек тұсына салқын орамал қояды |
24. Тіршіліктің алғаш рет қарапайым эволюциялық өзгерістер байқалатын деңгейі A) Молекулалық-генетикалық B) Жасушалық C) Популяциялық-түрлік D) Мүшелік E) Ұлпалық |
25. Органикалық дүниенің нақтылы тіршілік ететін генетикалық жағынан бөлінбейтін бірлік өлшемі A) тип B) класс C) түр D) тұқымдас E) отряд
БИОЛОГИЯ ПӘНІНЕН СЫНАҚ АЯҚТАЛДЫ |