
- •Оқу жұмыс бағдарламасы
- •Атырау, 2013 ж
- •1.1 Оқытушы туралы мәліметтер:
- •1.2.Пән туралы мәліметтер:
- •2. Типтік оқу бағдарламасы
- •3. Жұмыс оқу жоспары (күндізгі және сырттай оқу бөлімі)
- •Оқу тақырыптық жоспар (күндізгі)
- •5. Глоссарий glossary
- •5В011900– «Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандықтары үшін
- •Оқу пәнінің жұмыс оқу бағдарламасы (Sillabus)
- •6.1. Оқытушы туралы мәлімет: Доцент а.Капакова
- •6.2. Пән туралы мәлімет:
- •6.3. Пәнді оқыту мақсаты, міндеттері:
- •Пән бойынша оқу-әдістемелік материалдар
- •6.4. Курстың тақырыптық жоспары
- •7. Дәріссабақтар тезистерi
- •9. Студенттердің оқытушылармен өзара жұмыстары:
- •10.Студенттердің өз бетімен орындайтын жұмыстарының тақырыптары мен орындалуы
- •11. Студент білімін бағалаудың (аралық және қорытынды) әдістемесі
- •11.2. Курс саясаты мен процедурасы.
- •12. Курс бойынша емтихан сұрақтары
- •12.1 Курс бойынша емтихан билеттері
- •15. Бағдарламаның оқу-әдістемелік қамтамасыз етілуі
- •16. Мазмұны:
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті
Әлем тілдері факультеті
Шетел тілін оқыту әдістемесі кафедрасы
«Бекітемін»
Әлем тілдері факультетінің
деканы Хайржанова А.Х.
« ___» _________2013 ж.
5В011900– «Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандықтары үшін
Шетел тілін оқыту әдістерінің тарихы пәні бойынша
ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Атырау, 2013 ж.
Құрастырушы: Алтын Капакова,
шетел тілін оқыту әдістемесі
кафедрасының доценті
ОӘК аннотациясы: «Шетел тілін оқыту әдістерінің тарихы» пәні «5В011900» мамандығы студенттері үшін міндетті компоненті бойынша ІII курстарда оқытылады.
«Шетел тілін оқыту әдістерінің тарихы» курсында шетел тілін оқыту әдістерін дамытудың тарихи кезеңдері және оқыту әдістерін дамытудың қазіргі тенденциялары белгілі ретпен қарастырылады.
Бағдарлама теориялық мәселелерді практикамен тығыз байланыстыруды мақсат тұтады. Мұнда лекция сабақтарында қарастырылатын мәселелер нақты көрсетілген. Бағдарлама құрастыру кезінде оқытудың негізгі әдістерінің ерекшеліктерін тану, біілуді мақсат тұтатын прагма кәсіби тапсырмаларды лекция сабақтарында қарастыру өзектілігі ескертілген.
Бағдарлама студенттердің өзіндік жұмысын тереңдетуге арналған. Лекцияда негізгі мәселелер беріледі, бағдарлама да тізімі көрсетілген әдебиеттерді оқып үйрену, практикалық міндеттерді шешу көрсетіледі. Осының негізінде студенттер және жеке топтық жобалар жасап, ғылыми- іздену іс-әрекетін жүргізеді, белгілі әдіскерлер мен психологтардың еңбектерін талдайды.
Шетел тілін оқыту әдістерінің тарихы пәнінен әлем тілдері факультетінің студенттері үшін оқу-әдістемелік кешен /Құрастырушы – Атырау: Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің баспасы, Атырау қаласы, Студенттік даңғылы, 212.–2013 ж.
70 бет.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті
Әлем тілдері факультеті
Шетел тілін оқыту әдістемесі кафедрасы
«Бекітемін»
Әлем тілдері факультетінің
деканы Хайржанова А.Х.
« ___» _________2013 ж.
Оқу жұмыс бағдарламасы
Пән атауы: Шетел тілін оқыту әдістерінің тарихы
Мамандық: 5В011900
Оқу түрі: күндізгі, сырттай
Курс: III
Семестр: 6
Лекция: 15
Семинар: -
СӨБЖ: 15
СӨЖ: 15
Барлық сағат саны:45
Емтихан: Жазбаша
Атырау, 2013 ж
Жұмыс бағдарламасын Шетел тілін оқыту әдістемесі кафедрасының доценті
А.Ж. Капакова жасаған.
Жұмыс бағдарламасы «5В011900 шетел тілі:екі шет тілі мамандығы бойынша дайындалған» типтік бағдарламасы негізінде жасалды (Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті, Алматы қаласы 2007)
Шетел тілін оқыту әдістемесікафедрасының мәжілісінде талқыланды.
Хаттама № ________ «______» _______________ 2013 жыл.
Шетел тілін оқыту әдістемесі
кафедрасының
кафедрасының меңгерушісі: Нуржанова Ж.Ж.
Әлем тілдері факультетінің әдістемелік кеңесімен мақұлданды.
Хаттама № ________ «______» _______________ 2013 жыл.
“Келісемін”_______________
Әлем тілдері факультетінің деканы: Хайржанова А.Х.
1. Кіріспе
1.1 Оқытушы туралы мәліметтер:
Пән аты: Шетел тілін оқыту әдістемесінің тарихы.
Курс коды:ShOA
Пән оқытушылары: Капакова А.Ж.
Телефон
Жұмыс тел: 27-63-26
Үй тел: 87122 50 07 26
Кафедраға келу уақыты: 8.00 ден 18.00
1.2.Пән туралы мәліметтер:
Кредит саны: 1
Өткізілетін орны: Әлем тілдері факультеті, ауд. 410.
2. Типтік оқу бағдарламасы
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беру тұжырымдамасы, Қазақстан Республикасының 2005-2010 жьлға дейінгі білім беруді дамыту мемлекеттік бағдарламасы шетел тілінде білім беруді сапалы жаңартуға бағыттала отырып, осы саладағы білікті кәсіби мамандарды әлемдік стандартқа сай даярлауды негізгі міндеттер қатарына қосады. Бұдан өз кезегінде, жаңа әдістемелік бағыттар мен оқыту технологиясын бағдарлау, кең түрде қорытындылау және жинақтағыш мәліметтерге ғылыми талдау жасау мәселесін шешу туындайды.
Шетел тілін оқыту әдістемесінің кез-келген жеке дидактика сияқты, өзіндік тарихы бар, оны білу оқыту теориясы мен тәжірибесінің негізгі даму сатыларын, бүгінгі таңдағы Шетел тілін оқытудың әртүрлі әдіс-тәсілдерін түсінуді талап етеді.. Ғылымдағы тарихи принциптерге сәйкес, әр кұбылыс -табиғат және қоғам дамуының жемісі, сондықтан оны өткенді түсіндіре отырып тануга болады. Тарихи принцип тұрғысынан тілді оқыту әдістемесі әдістеменің даму тарихының кезеңдерін диахроникалық және синхроникалық ерекшеліктерін есепке ала отырып түсіндіруді қажет етеді.
Отандық және шетелдік әдістеменің жалпы теориялық негізін тарихи бейнелеу шетел тілін оқыту тәжірибесін терең түсіне отырып, студенттердің әдістеменің тарихын оқыту тсориясы ретінде ғылыми көзкарасын қалыптастыру, оның даму заңдылықтарын ашу, олардың кәсіби іс-әрекеттегі теориялық және практикалық міндеттерді шығармашылықпен шешуге көмектесуді қарастырады, сонымен қатар тіл үйренушілерде мәдениетаралық қарым-қатынас субъектісінің тұлғасын қалыптастыруға бағытталады.
Шетел тілін оқыту әдістерінің тарихы шетел тілін окытудың қазіргі әдістемесі курсынан кейін етіледі және студенттерде окыту әдістемесін даму жолына ғылыми көзқарас қалыптастыруды көздейді.
"ІІІетел тілін оқыту әдістерінің тарихы" курсының мақсаты- Шетел тілі пәнінің болашақ м.ұғалімдерінің кәсіби әдістемелік және зерттеушілік біліктілігін қалыптастыру.
Курстың міндеті:
Студенттерге шетел тілін оқытудың қазіргі әдістері жайында түсінік беру және де оның дамуына ғылыми көзқарасын қалыптастыру;
Студенттерде ІІІетел тілін оқыту әдістерін сыни және шығармашылық тұрғыдан ұғына білу, талдай және қорытындылай алу, әлді және әлсіз жақтарын анықтай алу, ұксастықтар мен ерекшеліктерді шетел тілін окытудың әр түрлі бағыттарын окыту мақсаты мен шарттарына қарай ажырата білу дағдыларын қалыптастыру;
студенттерде ғылыми-іздену жұмыстарын жүргізе білу дағдыларынқалыптастыру;
студенттерде казіргі кезеңдегі шетел тілін оқытуда алатын білімдерін шығармашылықпен пайдалана білу дағдыларын қалыптастыру;
-өздігінен әдістемелік білім алу және кәсіби қызығушылығын тудыру.
В5011900 - Шетел тілі: екі шетел тілі бакалавриат мамандығы бойынша "Шетел тіліл оқыту әдістерінің тарихы" пәнін оқу нәтижесінде студент:
шетел тілін оқыту әдістерінің тарихи дамуының негізгі кезеңдерін;
оқыту әдістерінің лингвистикалық, психологиялық жәнепедагогикалық негіздерін;
шетел тілін оқытудың түрлі әдістері мен амалдарының тарихи контекске карай сипаттамасын, әртүрлі әдістер мен амалдардың өкілдерілн және олардың еңбектері мен оқулықтарын білуі қажет.
оқыту әдістерінің дамуының маңызды кезеңдерін қазіргі шетел тілінде білім беру талаптарына сай сыни және шығармашылықпен ұғына білуді;
әдістерді олардың негізгі сипаттамасына сай талдауды және салғастыра білуді;
алған білімді кәсіби және зерттеу жұмыстарында пайдалана білуді игеруі қажет. "Шетел тілін оқыту әдістерінің тарихы"' курсында шетел тілін оқыту әдістерін дамытудың тарихи кезеңдері және оқыту әдістерін дамытудың казіргі тенденциялары белгілі ретпен қарастырылады.
Бағдарлама теориялық мәселелерді практикамен тығыз байланыстыруды мақсат тұтады. Мұнда лекция мен семинар сабақтарында қарастырылатын мәселелер нақты көрсетілген. Бағдарлама құрастыру кезінде оқытудың негізгі әдістерінің ерекшеліктерін тану, білуді мақсат тұтатын прагма кәсіби тапсырмаларды лекция мен семинар сабақтарында қарастыру өзектілігі ескертілген.
Бағдарлама студенттердің өзіндік жұмысын тереңдетуге арналған. Лекцияда негізгі мәселелер беріледі, бағдарлама да тізімі көрсетілген әдебиеттерді оқып үйрену, практикалық міндеттерді шешу көрсетіледі. Осының негізінде студенттер және жеке топьық жоьалар жасап, ғылыми-іздену іс- әрекетін жүргізеді, белгілі әдіскерлер мен психологтардың еңбектерін талдайды.
Оқу курсының пререквизиті, кореквизиті және постреквизиті.
"Шетел тілін оқыту әдістерінің тарихы" курсы оқьтудың алдыңғы сатыларында өтілген төмендегідей пәндермен мазмұндық тұрғыдан байланысты: «Шетел тілін оқытудың қазіргі әдістемесі», «Жалпы педагогика», «Жалпы психология», «Тіл біліміне кіріспе». Аталған пәндер оқу курсының пререквизиттері болып табылады.
"Шетел тілін оқыту психологиясы", "Екінші шетел тілін оқыту әдістемесі" пәндері оқу курсыныңкоревизиті болып табылады. .
"Шетел тілін оқыту оқыту әдістерінің» оқу курсының постреквизиті "Шетел тілін оқытудың арнайы бағытталған әдістемесі" болып табылады.