- •Оқу жұмыс бағдарламасы
- •Атырау, 2013 жыл
- •1.1 Оқытушы туралы мәліметтер:
- •1.2.Пән туралы мәліметтер:
- •2. Типтік оқу бағдарламасы
- •3. Жұмыс оқу жоспары (күндізгі және сырттай оқу бөлімі)
- •5. Глоссарий glossary
- •6.1. Оқытушы туралы мәлімет: Доцент а.Капакова
- •6.2. Пән туралы мәлімет:
- •6.3. Пәнді оқыту мақсаты, міндеттері:
- •5В011900– «Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандықтары үшін
- •6.Оқу пәнінің жұмыс оқу бағдарламасы (Sillabus)
- •Пән бойынша оқу-әдістемелік материалдар
- •6.4. Курстың тақырыптық жоспары
- •7. Дәріс сабақтар тезистерi Lecture 1. Theme: Theoretical grammar. Its objects. General considerations on the Structure of English.
- •History of english grammars
- •Object of the theoretical grammar
- •Grammatical category
- •Grammatical category
- •Lecture 2. Theme: Morphology (1. Morpheme, 2. Grammar). Paradigmatic relation of grammatical units. Parts of speech
- •1. Morphology
- •2. Morpheme
- •2А. Paradigmatic relation of grammatical units
- •2B. Parts of speech
- •Grammatical description
- •1.1.0. Semantics.
- •1.2.0. Morphological Characteristics
- •1.2.1.0. Number
- •II. Pluralia Tantum
- •1.2.2. Case
- •Lecture 4. The Verb
- •1.0. Grammatical description
- •1.1.0. Semantics
- •1.2.0. Morphological Characteristics.
- •1.2.2. Aspect.
- •1.2.3. Tense.
- •1.2.4. Order
- •1.2.6.0. Mood
- •1.0. Grammatical description
- •1.1. Semantics
- •1.2.2. Voice
- •1.2.3. Aspect
- •Lecture 5. The adjective
- •1.0. Grammatical description
- •1.1. Semantics
- •1.3.0. Syntactical characteristics
- •1.3.1. Combinability
- •Lecture 6 The Pronoun
- •Lecture 7 The adverb
- •Lecture 9 the article
- •Lecture10 the preposition
- •Lecture 11 syntax
- •Lecture 12 phrase
- •Lecture 13 sentence
- •Types of simple sentences. Main parts of a sentence
- •Lecture 14 complex sentences
- •Subject clauses
- •Predicative clauses
- •Object clauses
- •Attributive clauses
- •Adverbial clauses
- •Types of adverbial clauses
- •Clauses of Place
- •Clauses of Time (Temporal Clauses)
- •Lecture 15 text
- •9. Студенттердің оқытушылармен өзара жұмыстары:
- •10.Студенттердің өз бетімен орындайтын жұмыстарының тақырыптары мен орындалуы
- •11. Студент білімін бағалаудың (аралық және қорытынды) әдістемесі
- •11.2. Курс саясаты мен процедурасы.
- •12. Курс бойынша емтихан сұрақтары
- •12.1 Курс бойынша емтихан билеттері
- •13. Сырттай оқу бөлімі студенттеріне ұсынылатын бақылау сұрақтары:
- •2.7. Курстық жумыстардың тақырыптары
- •15. Бағдарламаның оқу-әдістемелік қамтамасыз етілуі
- •16. Мазмұны:
5В011900– «Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандықтары үшін
ТЕОРИЯЛЫҚ ГРАММАТИКА
пәні бойынша
СИЛЛАБУС
Атырау, 2013 ж.
Шетел тілін оқыту әдістемесі кафедрасының мәжілісінде талқыланды.
Хаттама № ________ «______» _______________ 2013 жыл.
Шетел тілін оқыту әдістемесі
кафедрасының меңгерушісі: Абдол Э.Д
_______________________ факультетінің әдістемелік кеңесімен мақұлданды.
Хаттама № ________ «______» _______________ 2013 жыл.
“Келісемін”_______________
Әлем тілдері факультетінің деканы: Хайржанова А.Х.
6.Оқу пәнінің жұмыс оқу бағдарламасы (Sillabus)
Ұсынылып отырған бағдарлама педагогикалық бағыттағы тілдік теориялық пәндерді тереңдете оқытуды көздейтін шетел тілдері факультеттеріне арналған. Бағдарлама шетел тілінің грамматикалық құрылысы теорияларын оқытуға интеграциялык тұрғыдан келуді ұсынады. Бұл пәннің нысанын анықтау тілді жүйелі және қызметтік тәсілдермен сипаттаудың біртұтастығы принципіне негізделген. Теориялық грамматмкада грамматикалық түрлер типологиясының және қызметтерін жіктеудің молдығы басымдыкқа ие қызметті іріктеп, тандауды қиындатады. Жеке ғылыми-теориялық көзқарастардан абстракцияланған грамматикалық түрлер кызметінің неғұрлым жалпылама типологиясы мынадай болып табылады (М.А.Шедякин): I) семантикалық-морфологиялық кызметтер (грамматикалық категориялардың мағынасы); 2) семантикалық-синтаксистік қызметтер (синтаксистік қатынастарды бейнелеу); 3) түр қуалаушылық-сиитаксистік қызметтер; 4) стилистикалық-грамматикалық қызметтер (сөйлеу узусы арқылы анықталған қызметтер); 5) мәтіндік кызметтер. Грамматикалық түрлерді жүйелі-кұрылымдық үлгілеуге олардың қызметтік және прагматикалык мүмкіндіктерін ескере отырып, түйдекгі тәсілер тұрғысынан келу міндетін шешу үшін, сондай-ақ білім беру процесіне несиелік жүйені енгізуге байланысты теориялык грамматика курсында басты назар студенттердің өздік жұмысына және оқытудың мәдениетаралык және кәсіби бағытына аударылады.
6.1. Оқытушы туралы мәлімет: Доцент а.Капакова
Байланыс түрі: 50-07-26, 8701 559 99 03
6.2. Пән туралы мәлімет:
Аты:Теориялық грамматика
Кредиттер саны – 1
Өткізетін орны:сабақ кестесіне сәйкес (410 - аудитория)
6.3. Пәнді оқыту мақсаты, міндеттері:
Ағылшын тілінің грамматикалық құрылымын зерттейтін лингвистикалық пән ретіндегі теориялық грамматика туралы ұғым. Теориялық грамматиканың ғылым ретінде даму тарихы және оның жалпы тіл теориясындағы орны: мөлшерлік грамматика, классикалық ғылыми грамматика, құрылымдық грамматика, теориялық грамматика, қызметтік грамматика және мәтін лингвистикасы. Ағылшын тілінің грпмматикалық құрылысын талдау әдістері: диструбуциялық, трансформациялық , құрамдас бөліктік және контекстік жағдайлық. Грамматиканың негізі және да улы мәселелеріне қатысты шетелдік лингвистердің: l.Bloomfield, M.Bryant, G.Gurme, Ch.Fries, O.Jespersen, j.Nesfield, C.Onions, H.Sweet және т.б. отандық грамматика зерттеушілерінің: С.Г.Ахметованың, Л.С.Бархударовтың, М.Я.Блохтың, Г.А.Вейхманның, Б.Ильиштің В.В.Бурлакованың Д.А.Штеллингтің т.б. негізгі еңбектері. Теориялық грамматиканың ғылым ретінде қазіргі жай-күйі.
Негізгі бөлім
Курстың құрылымы. Грамматиканың негізгі екі саласы: Морфология және синтаксис. Морфология мен синтаксистің байланысы. Негізгі морфологиялық және синтаксистік грамматикалық ұғымдар. Шектес пәндер және олардың теориялық грамматикамен өзара байланысы.
Морфология
Морфологияға кіріспе. Грамматикалық категория, грамматикалық мағына, грамматикалық түр және грамматикалық оппозици ұғымдары. Парадигма ұғымы.
Сөздің морфемалық құрылымы. Морфема ұғымы, ағылшын тіліндегі сөз жасам. Морфемалар кластары. Талдамалы түр жөнінде қазіргі заманғы түсінік.
Сөз таптары. Сөз морфологияның зерттеу пәні ретінде. Сөз таптары туралы теория, оларды ажыратудың өлшемдері. Сөз таптарын топтастыра жіктеу тарихы, білімнің осы саласындағы ғылымның соңғы жетістіктері, қазіргі заманғы әр алуан көзқарастар. Валенттілік теориясы, валенттіліктің әр алуан түрлері. Міндетті және факультативтік валенттілік.
Зат есім. Зат есімнің семантикалық және морфологиялық-синтаксисті сипаттамалары. Зат есімнің кластық тармақтарын ажырату принциптері. Зат есімдердің грамматикалық қасиеттері: тек, сан, септік категориялары, олардың тарихы, проблемалары және қазіргі заманғы теориялары. Ілік септіктің мағынасы, оның жасалу тәсілдері.
Етістік. Етістіктің семантикалық және морфологиялық-синтаксистік сипаттамалары. Етістіктердің әр алуан кластық тармақтары. Сан, жақ, шақ, түр, түрлік-шақтық формалар, етіс және рай категорияларының тарихы мен проблемалары.
Етістіктің жіктелмейтін түрлері: есімше, герундий жоис инфинитив теориялары.
Модалъ етістіктері. Семантикалық мағынасы, семантикалық-морфолгиялық кластары, комбинаторикасы.
Сын есім. Сын есімнің мағынасы. Сын есімдерді топтастыра жіктеу, ол жөнінде әр алуан көзқарастар. Сын есімнің семантикалық, морфологиялық және синтаксистік сипаттамалары. Сын есім шырайларының жасалу ерекшеліктері, салыстырмалы және асырмалы шырайлардың синтаксистік және талдамалық түрлері, олардың мағыналары және қолданълу ерекшеліктері.
Есімдік. Есімдіктің семантикалық және морфологиялық-синтаксистік сипаттамалары. Есімдіктердің кластық тармақтары. Есімдіктерді топтастыруға әр алуан көзкарастар. Есімдіктер мен басқа сез таптарының арақатынасы, қазіргі заманғы түсініктемелер.
Үстеу. Устеудің семантикалық және морфологиялық-синтаксистік сипаттамалары, Үстелулердің кластық тармақтарын ажырату принциптері бұл жөнінде әр алуан түсініктемелер, оларға сын. Үстеудің шырайлары. Үстеулер мен басқа сез таптарының арақатынасы.
Сан есім. Сан есімнің семантикалық жэне морфологиялык-синтаксистік сипаттамалары, Сан есімді сәз табы ретінде ажырату жөніндегі әр алуан көзқарастар.
Артикль. Артикльді сөз табы ретінде ажырату жөніндегі әр алуан көзқарастар. Белгілі, белгісіз және нөльдік артикль туралы ұғым. Артикльдің сөйлемдегі қызметі.
Көмекші сөз таптары. Предлог көмекші сөз табы ретінде. Предлогта семантикасы және синтаксистік колданылуы. Жалғаулықтар, салаласты және сабақтастырушы жалғаулық топтары. «to» демеулік шылауы қызметі. Одағай. Модальдік сөзде р, оларды семантикалық топтастыра олардың сөилемдегі қызметі.
Синтаксис
Синтаксистің пәні және негізгі синтаксистік ұғымдар. «Синта ұғымы, синтаксистің негізгі міндеттері. «Синтаксистің» «морфологиялық айырмашылығы. Синтаксистік қатынастар. Ағылшын тілінің синтаксис зерттеудің негізгі тарихи кезеңдері. Синтаксисті зерттеудің қазіргі заманғы бағыттары.
Сөз тіркестері синтаксистің бірлігі ретінде. «Сөз тіркесі» ұғымын анықтау мәселелері. Шетелдік және отандық лингвистердің теориялары. Сөз тіркестерінің белгілері. Сөз тіркестері және сөздердің тіркестері. Синтаксистік дәнекерлердің типтері. Сөз тіркестерінің құрамдас бөліктері бойынша және құрылымы бойынша топтастыра жіктеу.
Сөйлем, оның «айтылым» ұғымынан айырмашылығы. Сөйлемнің өз белгілері. Предикаттылық сөйлемнің негізгі белгісі ретінде В.Виноградовтың «предикаттілік» туралы теориясы. Сөйлем жөніндегі осы заманғы теория.
Жай сөйлем. Сөйлемнің құрылымдық типтері. Жалаң және жайылма сөйлем. Бір құрамды сөйлем теориясы. Сөйлемнің қарым-қатынас типтері. Лепті және бұйрықты сөйлем теориялары. Сөйлемнің лингвистикалық талдау тәсілдері. Сөйлем үлгілері, сөйлемнің тұрлакулы, тұрлаусыз мүшелері. Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері туралы теория.
Құрмалас сөйлем поли-предикатті құрылым ретінде. M.Bryant, Ch. Fries, т.б. теориялары. Салалас құрмалас сөйлемдердің құрылымдық ерекшеліктері. Көп түйінді құрмалас сөйлемдер. Құрмалас сөйлемнің құрылымдық элементтері. Сабақтас құрмалас сөйлем туралы ұғым. Басыңқы және бағыныңқы сөйлемнің анықтамасы. Сабақтас құрмалас сөйлемнің өзіндік белгілері. Сабақтас құрмалас сөйлемді топтастыра жіктеу. Жай сөйлем мен құрмалас сөйлемнің белгілерін бірге қамтитын жартылай құрмалас сөйлемдер. Олардың ерекше айырықша белгілері және оларды топтастыра жіктеу.
Жай және құрмалас сөйлемдердің белсенді түрде мүшеленуі. «Тема», «рема» ұғымдары (Дж.Матезиус бойынша). Құрмалас сөйлемнің теоремалық мүшеленуі. Тема мен реманы білдірудің пішіндік құралдары. Темаремалық түйіндердің ерекшеліктері. Сөздердің кері тәртібі.
Мәтін. «Мәтін» және «дискурс» ұғымдары. М.А.К.Halliday-дің, Z.Harris-тің теориялары және қазіргі мәтін теориясы. Мәтіннің өзіндік белгілері мен негізгі категориялары. Мәтін құру проблемалары. Монолог пен диалог. Мәтін байланыстылығының лексика-грамматикалық және синтаксистік тәсілдері. Мәтін және қызметтік стильдер.
Курстың мақсаты - шетел тілінің грамматикалық кұрылысының аса маңызды заңдылықтарын көрсету, студенттерді грамматикалық құбылыстардын негізгі аспектілерімен, атап айтқанда, грамматиканың негізгі екі саласы- морфология мен синтаксиспен таныстыру. Курстың басты такырыптары мен тараулары теориялық мәселелерді жүйелі түрде баяндаудан олардың тілің өз қызметін аткарудағы прагматикалық кұндылығымен таныстыруға қарай бірізділікпен корсетіледі.
Курстың міндеттері мынадай:
- студенттердің тілдің түрлік-мағыналық кұрылымы және грамматикалық бірліктердің сөйлеуде кьзмет атқаруы туралы түсінігін қалыптастыру:
- тіл жүйесінің казіргі кездегі даму үрдістері туралы ағымдық ғылыми ақпаратты өз бетімен өндей білу жөніндегі іскерлігін дамыту;
- студенттердің теориялық жинақтаулар мен өз бетімен қорытындылар жасау қабілетін дамыту;
- теориялық материалды берудің педагогикалық дағдыларын дамыту.
- Теориялық грамматиканың мамандарды даярлаудағы ролі мен маңызы мынада: бұл пәнді оку нәтижесінде алған білімдері, іскерліктері мен дағдылары шетел тілі мұғаліміне грамматикалық; құбылыстарды терең түсінуге және осы құбылыстарды өз окушыларына жоғары кәсіби деңгейде түсіндіруге мүмкіндік береді.
Пәнді оқытудың нәтижесінде студенттер:
теориялық грамматиканың даму кезеңдері және қазіргі заманғы жайы;
теориялық грамматиканың зандары мен зандылықтары, оның ұғымдық аппараты жэне негізгі грамматикалық категориялар;
қазіргі заманғы ғылыми-теориялық көзкарастар;
Қазақстан ғалымдарының теориялық грамматиканың дамуына қосқан үлесі;
грамматикалық талдау мен баяндаудың негізгі әдістері, грамматикалық құбылыстарды баяндауда функционалдық тәсілді қолдану принциптері;
оқытылатын тілдің грамматикалық нормасын білуі қажет.
