
- •Оқу жұмыс бағдарламасы
- •Атырау, 2013 жыл
- •1.1 Оқытушы туралы мәліметтер:
- •1.2.Пән туралы мәліметтер:
- •2. Типтік оқу бағдарламасы
- •3. Жұмыс оқу жоспары (күндізгі және сырттай оқу бөлімі)
- •5. Глоссарий glossary
- •5В011900– «Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандықтары үшін
- •6.Оқу пәнінің жұмыс оқу бағдарламасы (Sillabus)
- •6.1. Оқытушы туралы мәлімет: Доцент а.Капакова
- •6.2. Пән туралы мәлімет:
- •6.3. Пәнді оқыту мақсаты, міндеттері:
- •Пән бойынша оқу-әдістемелік материалдар
- •6.4. Курстың тақырыптық жоспары
- •7. Дәріс сабақтар тезистерi Lecture 1. Theme: Theoretical grammar. Its objects. General considerations on the Structure of English.
- •History of english grammars
- •Object of the theoretical grammar
- •Grammatical category
- •Grammatical category
- •Lecture 2. Theme: Morphology (1. Morpheme, 2. Grammar). Paradigmatic relation of grammatical units. Parts of speech
- •1. Morphology
- •2. Morpheme
- •2А. Paradigmatic relation of grammatical units
- •2B. Parts of speech
- •Grammatical description
- •1.1.0. Semantics.
- •1.2.0. Morphological Characteristics
- •1.2.1.0. Number
- •II. Pluralia Tantum
- •1.2.2. Case
- •Lecture 4. The Verb
- •1.0. Grammatical description
- •1.1.0. Semantics
- •1.2.0. Morphological Characteristics.
- •1.2.2. Aspect.
- •1.2.3. Tense.
- •1.2.4. Order
- •1.2.6.0. Mood
- •1.0. Grammatical description
- •1.1. Semantics
- •1.2.2. Voice
- •1.2.3. Aspect
- •Lecture 5. The adjective
- •1.0. Grammatical description
- •1.1. Semantics
- •1.3.0. Syntactical characteristics
- •1.3.1. Combinability
- •Lecture 6 The Pronoun
- •Lecture 7 The adverb
- •Lecture 9 the article
- •Lecture10 the preposition
- •Lecture 11 syntax
- •Lecture 12 phrase
- •Lecture 13 sentence
- •Types of simple sentences. Main parts of a sentence
- •Lecture 14 complex sentences
- •Subject clauses
- •Predicative clauses
- •Object clauses
- •Attributive clauses
- •Adverbial clauses
- •Types of adverbial clauses
- •Clauses of Place
- •Clauses of Time (Temporal Clauses)
- •Lecture 15 text
- •9. Студенттердің оқытушылармен өзара жұмыстары:
- •10.Студенттердің өз бетімен орындайтын жұмыстарының тақырыптары мен орындалуы
- •11. Студент білімін бағалаудың (аралық және қорытынды) әдістемесі
- •11.2. Курс саясаты мен процедурасы.
- •12. Курс бойынша емтихан сұрақтары
- •12.1 Курс бойынша емтихан билеттері
- •13. Сырттай оқу бөлімі студенттеріне ұсынылатын бақылау сұрақтары:
- •2.7. Курстық жумыстардың тақырыптары
- •15. Бағдарламаның оқу-әдістемелік қамтамасыз етілуі
- •16. Мазмұны:
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті
Әлем тілдері факультеті
Шетел тілін оқыту әдістемесі кафедрасы
«Бекітемін»
Әлем тілдері факультетінің
деканы Хайржанова А.Х.
« ___» _________2013 ж.
5В011900– «Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандықтары үшін
ТЕОРИЯЛЫҚ ГРАММАТИКА
пәні бойынша
ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Атырау, 2013 ж
Құрастырушы: Алтын Капакова,
шетел тілін оқыту әдістемесі
кафедрасының доценті
Аннотация:«Теориялық грамматика» пәнін терең түсініп, жақсы игеру үшін студенттерге грамматика пәнінің оқыту мақсаттары мен міндеттері түсіндіріліп, грамматиканың негізгі екі саласы: морфология жэне синтаксис қарастырылады. Бірінші бөлімде морфология саласына, сөз таптарының мағыналық топтары, олардың лексика-грамматикалық категориялары туралы мағлұматтар беріледі.
«Теориялық грамматика» пәнінінің екінші бөлімінде синтаксис ұғымы, сөйлем, сөйлемнің түрлері және сөз тіркесі туралы сөз етіледі. Мысалы, құрмалас сөйлем, салалас жэне сабақтас құрмалас сөйлем түрлерінін жасалу жолдары туралы толық түсінік беріледі. Студенттер курс барысында грамматика саласында көптеген жаттығу жұмыстарын жасап, алған білімін бекітеді. Курс барысында студенттер грамматикалық жаттығулар жасау барысында морфология құрамыңдағы сөз таптарының жасалу жолдарын, әр түрлі жұрнақ, жалғау арқылы колдануын үйренеді. Курс соңында студенттер бір курстық жұмыс таңдап алып, оның мазмұнын, жасалу және қолдану ерекшеліктерін өз бетімен сөйлем құрастырып, байланысу тәсілдерін ажыратып, оқытушыға реферат түрінде тапсырады.
Шетел тілін оқыту әдістерінің тарихы пәнінен әлем тілдері факультетінің студенттері үшін оқу-әдістемелік кешен /Құрастырушы – Атырау: Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің баспасы, Атырау қаласы, Студенттік даңғылы, 212.–2013 ж. 102бет
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті
Әлем тілдері факультеті
Шетел тілін оқыту әдістемесі кафедрасы
«Бекітемін»
Әлем тілдері факультетінің
деканы Хайржанова А.Х.
« ___» _________2013 ж.
Оқу жұмыс бағдарламасы
Пән атауы: Теориялық грамматика
Мамандық: 5В011900
Оқу түрі: күндізгі, сырттай
Курс: III
Семестр: 6
Лекция: 15
Семинар: -
СӨБЖ: 15
СӨЖ: 15
Барлық сағат саны:45
Емтихан: Жазбаша
Атырау, 2013 жыл
Жұмыс бағдарламасын Шетел тілін оқыту әдістемесі кафедрасының доценті А.Ж. Капакова жасаған.
Жұмыс бағдарламасы «5В011900 шетел тілі:екі шет тілі мамандығы бойынша дайындалған» типтік бағдарламасы негізінде жасалды (Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті, Алматы қаласы 2007)
Шетел тілін оқыту әдістемесікафедрасының мәжілісінде талқыланды.
Хаттама № ________ «______» _______________ 2013 жыл.
Шетел тілін оқыту әдістемесі
кафедрасының
кафедрасының меңгерушісі: Абдол Э.Д
Әлем тілдері факультетінің әдістемелік кеңесімен мақұлданды.
Хаттама № ________ «______» _______________ 2013 жыл.
“Келісемін”_______________
Әлем тілдері факультетінің деканы: Хайржанова А.Х.
1. Кіріспе
1.1 Оқытушы туралы мәліметтер:
Пән аты: Теориялық грамматика
Курс коды:TG
Пән оқытушылары: Капакова А.Ж.
Телефон
Жұмыс тел: 27-63-26
Үй тел: 87122 50 07 26
Кафедраға келу уақыты: 8.00 ден 18.00
1.2.Пән туралы мәліметтер:
Кредит саны: 1
Өткізілетін орны: Әлем тілдері факультеті, ауд. 410.
2. Типтік оқу бағдарламасы
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беру тұжырымдамасы, Қазақстан Республикасының 2005-2010 жылға дейінгі білім беруді дамыту мемлекеттік бағдарламасы шетел тілінде білім беруді сапалы жаңартуға бағыттала отырып, осы саладағы білікті кәсіби мамандарды әлемдік стандартқа сай даярлауды негізгі міндеттер қатарына қосады. Бұдан өз кезегінде, жаңа әдістемелік бағыттар мен оқыту технологиясын бағдарлау, кең түрде қорытындылау және жинақтағыш мәліметтерге ғылыми талдау жасау мәселесін шешу туындайды.
Ұсынылып отырған бағдарлама педагогикалық бағыттағы тілдік теориялық пәндерді тереңдете оқытуды көздейтін шетел тілдері факультеттеріне арналған. Бағдарлама шетел тілінің грамматикалық құрылысы теорияларын оқытуға интеграциялык тұрғыдан келуді ұсынады. Бұл пәннің нысанын анықтау тілді жүйелі және қызметтік тәсілдермен сипаттаудың біртұтастығы принципіне негізделген. Теориялық грамматмкада грамматикалық түрлер типологиясының және қызметтерін жіктеудің молдығы басымдыкқа ие қызметті іріктеп, тандауды қиындатады. Жеке ғылыми-теориялық көзқарастардан абстракцияланған грамматикалық түрлер кызметінің неғұрлым жалпылама типологиясы мынадай болып табылады (М.А.Шедякин): I) семантикалық-морфологиялық кызметтер (грамматикалық категориялардың мағынасы); 2) семантикалық-синтаксистік қызметтер (синтаксистік қатынастарды бейнелеу); 3) түр қуалаушылық-сиитаксистік қызметтер; 4) стилистикалық-грамматикалық қызметтер (сөйлеу узусы арқылы анықталған қызметтер); 5) мәтіндік кызметтер. Грамматикалық түрлерді жүйелі-кұрылымдық үлгілеуге олардың қызметтік және прагматикалык мүмкіндіктерін ескере отырып, түйдекгі тәсілер тұрғысынан келу міндетін шешу үшін, сондай-ақ білім беру процесіне несиелік жүйені енгізуге байланысты теориялык грамматика курсында басты назар студенттердің өздік жұмысына және оқытудың мәдениетаралык және кәсіби бағытына аударылады.
Курстың мақсаты - шетел тілінің грамматикалық кұрылысының аса маңызды заңдылықтарын көрсету, студенттерді грамматикалық құбылыстардын негізгі аспектілерімен, атап айтқанда, грамматиканың негізгі екі саласы- морфология мен синтаксиспен таныстыру. Курстың басты такырыптары мен тараулары теориялық мәселелерді жүйелі түрде баяндаудан олардың тілің өз қызметін аткарудағы прагматикалық кұндылығымен таныстыруға қарай бірізділікпен корсетіледі.
Курстың міндеттері мынадай:
студенттердің тілдің түрлік-мағыналық кұрылымы және грамматикалық бірліктердің сөйлеуде кьзмет атқаруы туралы түсінігін қалыптастыру:
тіл жүйесінің казіргі кездегі даму үрдістері туралы ағымдық ғылыми ақпаратты өз бетімен өндей білу жөніндегі іскерлігін дамыту;
студенттердің теориялық жинақтаулар мен өз бетімен қорытындылар жасау қабілетін дамыту;
теориялық материалды берудін педагогикалық дағдыларын дамыту.
Теориялық грамматиканың мамандарды даярлаудағы ролі мен маңызы
мынада: бұл пәнді оку нәтижесінде алған білімдері, іскерліктері мен
дағдылары шетел тілі мұғаліміне грамматикалық; құбылыстарды терең
түсінуге және осы құбылыстарды өз окушыларына жоғары кәсіби деңгейде түсіндіруге мүмкіндік береді.
Студенттің түсінігі болуға тиіс:
шетел тілінің жүйесі мен оның кызметтері туралы;
теориялық грамматиканың қазіргі заманғы даму үрдістері туралы;;
теориялық грамматиканың басқа лингвистикалық пәндермен
байланысы туралы.
білуге тиіс:
- теориялық грамматнканың тарихи даму кезеңдері және казіргі
заманғы жай-күйі;
- теориялық грамматиканың заңдары мен заңдылықтары. Оның
- ұғымдық аппараты және негізгі грамматикалық категориялары;
- казіргі заманғы гылыми-теорлялык козқарастар;
- Қазақстан ғалымдарының теориялық грамматиканың дамуына косқан үлесі;
- грамматикалық талдау мел сипаттаудың негізгі әдістері
- грамматикалық құбылыстарды сипаттауда кызметтік тәсілдін қолданылатынын;
- оқытылатын тілдің грамматикалық мөлшерін.
қабілеті болуға тиіс:
- ғылыми және аныктамалық әдебиетті пайдалана білуге;
- әр алуан теорияларды қорыта және сын көзімен түсіне білуге:
- сөздерді өз бетімен морфологияльіқ тұрғыдан талдай білуге;
- фразаларды мағыналық-құрылымдық тұрғыдан талдай білуге;
- сөйлемдерді оларды мушелеудің негізгі төрт үлгісі негізінде талдай
білуге, мәтінге грамматикалық талдау жасай білуге;
- ғыльми терминологияны іскерлікпен пайдалана білуге;
- әр алуан козқарастарының қисындылығын немесе қисынсыздығын
дәйекті түрде дәлелдей білуге;
- окыту барысында шетел тілі кұбылыстарын игерудің киындығын анықтау үшін оларды ана тілінің фактілерімен салыстыра білуге;
- тілдің грамматикалық құбылыстарын өз бетімен зерттей, түсіндіре
білуге, өз көзкарасын дәйектер арқылы дәлелдей білуге.
Шетел тілінің теориялық грамматикасын оқудың алдында өтетін пәндер тізімі:
- Тіл біліміне кіріспе;
- Шетел тілін оқытудыд қазіргі кездегі әдістемесі;
- Негізгі базалық шетел тілі;
- Арнайы мақсаттарға қажетті шетел тілі,
- Шектес пәндер тізімі және олардың теориялық грамматикамен өзара байланысы:
- оқытылатын тілдің теориялық фонетикасы;
- оқытылатын тілдің лексикологиясы;
- стилистика;
- окытылатын тілдің тарихы;
- тілі оқытылатын елдің әдебиеті;
- академиялық қажетті арналған шетел тілі.
Аталған барлық шектес пәндер теориялық грамматикамен өзара байланысты және оларды оку шетел тілі мұғалімін даярлауға көмектеседі, Аудиториялық сабақтар мен мұғалімнің басқаруымен өтетін студенттердің өздік жұмысы (МБСӨЖ) мен студенттердің өздік жұмысының (СӨЖ) арақатынасын Қазақстан Республикасының мемлекеттік білім стандарты және жоғары оқу орнының оку жоспары анықтайды. Теориялық пәнді окуда негізгі назар студенттердің сабақтарға дайындалуының төмендегідей түрлеріне бөлінеді:
Лекцияларға дайындалу; -Лекцияларды конспектілеу; Семинарларға дайындық:
- Ғылымда бір жақты шешімін таппаған даулы мәселені анықтау;
- Даулы мәселе жөніндегі ғылыми әдебиетті іздесітру;
- Оқылып жатқан мәселелер жөніндегі әдебиеттермен танысу;
- Қолда бар әдебитетке талдау жасау;
- Оқылатын материалды схемалар, таблицалар, графиктер түрінде таныстыру;
- Мысалдар келтіре отырып өз бетінше қорытындылар мен негіздемелер жасау;
Терминологиялық глоссарий кұрастыру.
Кәсіби дайындық:
- Өз бетінше мини-лекция жазу;
- Семинарлық сабақтардьң жоспарларын өз бетінше кұрастыру;
- Логикалық және қолданбалы есептерді құрастыру;
- материалды беру мен бекітуді ойындық түрлерін дайындау және жасау;
- Курстастардың білімінің бағалаудың өлшемдерін белгілеу. Ғылыми дайындық:
- Курстық және дипломдық жұмыстар жазу;
- Курстастардың жұмыстарын рецензиялау;
- Студенттердің ғылыми конфернециясына арнап жұмыстар жазу.