Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Symbat_rekreatsia_songy.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
191.24 Кб
Скачать

14.Рекреациялық туризмнің дамуының алғышарттары және факторлары.

Демалыс пен туризм үшін табиғи ортаның ресурстарына баға беріп, жарамдылығын анықтау – туризм географиясы-ның ең басты мақсаты. Мәдениет пен тарих объектілерінің туристік-рекреациялык ресурстардағы маңыздылығына қара-май, табиғи жағдайлардың алатын орындары да ерекше, себебі рекреация мен туризмнің дамуына негізгі алғышарттар жасайды. Сондықтан, отандық және шетелдік зертеушілер ертеден-ақ географиялық әдебиеттерде туристік-рекреа-циялық ресурстардың табиғи жағына баға берген.

Рекреациялық табиғи алғышарттары деп ең алдымен табиғи-территориялық және аквальды кешендердің әр түрлі дәрежелерін айтатын болсақ, олардың компоненттері мен жеке қасиеттерін, оның ішінде – аттрактивтік, қоюлық пен ландшафт ырғағы, кедергілерді жою мүмкіндігі, географиялық ерекшеліктерін және тағы басқаларын атап көрсетуге болады. Демалыс пен туризм үшін табиғи жағдайларға баға беру өте қиын. Емдеу ресурстарына баға беруден айырмашылығы, бұл жерде келесі факторлар арқылы айқындалады: табиғи ландшафтардың тартымдылығы, олардың күтпегенділігі, экзотикалығы, қайталанбайтындылығы.Рекреациялық саланың территориялық ұйымдастыруына елеулі әсер

ететін жағдайларды фактор деп, басқа түрлерін – шарттар деп атайды. факторларды жүйелей отырып, оларды 2 топқа бөледі.Осылай бөлуді Преображенский В.С., Азар В.И., Зорин И.В., П. Мариотатақты ғалымдар ұсынды. 1. Туризмдегі қоғамдық қажеттіліктерді туғызатын факторлар. Олардемалыстың түрлі формаларына сұраныс туғызады. Сонымен қатар,олар рекреациялық шаруашылықтың құрылымын анықтайды.2. Рекреациялық қажеттіліктерді іске асырушы факторлар. Олартуризмнің түрлі формаларымен айналасуға адамдарды тартады. Бұлфакторлар туризмнің табиғи, мәдени-тарихи ресурстарымен,халықтың әлеуметтік-экономикалық өмір жағдайымен (табысдеңгейі, бос уақыттың болуы) байланысты. Бұл екі фактор аумақ жағынан шоғырланған және шоғырлабаған болып бөлінеді. Шоғырланбаған факторлар – рекреациялық шаруашылыққа халық шаруашылық деңгейде әсер ететін, бүкіл халық шаруашылық кешенніңқоғамдық-экономикалық үрдісімен байланысатын туғызушы және іскеасырушы фактор. Туристік-рекреациялық жүйеге талдау жасағанда бұл факторларды ескереді.Шоғырланған факторлар – туризмдегі еңбектің аумақтық бөлінуін анықтайтын, рекреациялық функцияларды белгілі бір жерге бекітетін, кеңестікте нақты жіктелген туғызушы және іске асырушы фактор. Мұндай факторларға тау, орман, жылы теңіз бен өзендер, минералды сулар, мәдени ескерткіштер жатады. Себебі, олар туризм индустрия мекемелерінің орналасуын анықтайды.

15. Еңбекке жарамдылығын қалпына келтіру мотивтері.

16. Рекреациялық жүйе және трж туралы түсінік.

"Территориялық рекреациялық жүйе" – бұл әлеуметтік географиялық жүйе. ТРЖ-де белгіленген қоғамдық функциялар жиналған, оның ішінде адамның (рекреанттың) денсаулығы мен еңбек қабілеті, физикалық және психоэмоциялық күш-қуатын қалпына келтіру ең бастысы болып табылады. Құрылымы жағынан ТРЖ бір-бірімен байланысты элементтерден тұрады (шағын жүйелерден): табиғи және мәдени кешендер (ТК), техникалық құрылыс (ТҚ), қызмет көрсету (ҚК), басқару органы (БО) және демалушылар тобы (ДТ)-рекреанттар.

. "Территориялық рекреациялық жүйе" – бұл әлеуметтік географиялық

жүйе. ТРЖ-де белгіленген қоғамдық функциялар жиналған, оның ішінде адамның (рекреанттың) денсаулығы мен еңбек қабілеті, физикалық және психоэмоциялық күш-қуатын қалпына келтіру ең бастысы болып табылады. Құрылымы жағынан ТРЖ бір-бірімен байланысты элементтерден тұрады (шағын жүйелерден): табиғи және мәдени кешендер (ТК), техникалық құрылыс (ТҚ), қызмет көрсету (ҚК), басқару органы (БО) және демалушылар тобы (ДТ)-рекреанттар. Рекреациялық география тарихи, салыстырмалы, картографиялық, аналитикалық, статистикалық, математикалық моделдеу, баланс әдістерін,социологиялық зерттеулерді кең түрде қолданады.ТРЖ-ні зерттеу барысында осы әдістерді кешенді түрде пайдалану қажет,яғни басқаша айтсақ рекреациялық география жүйелі талдау әдістерін қолданады.Жүйелі зерттеулердің тарихи әдісі екі бағытта жүргізіледі:1) генетикалық талдау – ТРЖ-нің пайда болуын, оның қалыптасу мендаму кезеңдерін қарастырады;2) болжам әдісі – болашақта болатын рекреациялық қызмет көрсету мен оның территориялық ұйымдастыру түрлерін анықтайды.Картографиялық әдіс. Картада рекреациялық ресурстардың орналасуын,туристік ағымдардың қозғалуын, туристік инфрақұрылымды көрсетуге болады. Сонымен қатар картадан жаңа мәліметтер алу үшін және олардың функционалдық заңдылығын анықтау үшін қолданады. Математикалық талдау мен моделдеу әдісін жиналған мәліметтерді тез өндеу үшін пайдаланады. Социологиялық зерттеулерде негізгі қолданатын әдістер – анкеталық,интервью алу, құжаттарды оқып-зерттеу (мысалға туристік жолдамағатапсырыс журналдары, ұсыныстар кітабы). Баланс әдісі рекреациялық қажеттіліктерді, рекреациялық ресурстарды,материалдық-техникалық базаның сыйымдылығын ескеріп, ТРЖ-нің дамуын жоспарлау мен болжамдау және талдау жасау үшін қолданатын есептеу әдістерінің жинағы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]