Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Symbat_rekreatsia_songy.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
191.24 Кб
Скачать

6)Рекреациялық іс-әрекеттің циклдары қай жақта анықталады? Әр циклды сипаттаңыз

Рекреациялық іс-әрекеттің түрлері: суға түсу, су аттракционы, су процедуралары, кун ванналары, альпинизм, жартасқа шығу, спелотуризм, серуендеу, белсенді ойындар, шоппинг, батпақпен емделу, мұражайларға бару,балық аулау, дайвинг, аң аулау, театр, спорттық жарысқа бару, жергілікті мейрамдарға қатысу және т.б. Барлық рекреациялық іс-әрекет түрлері рекреациялық іс-әрекет циклімен бірігіп, соның құрамына енеді. Белгілі уақыт ішінде қайталанып тұратын рекреациялық шаралардың комбинациясын "рекреациялық іс-әрекеттің циклі" (РӘЦ) деп атайды.Мысалға, тәулік циклдерді, демалыс кезіндегі циклдерді, өмірлік циклдерді айырады. Тәулік циклі белгілі бір уақыт ішінде бірнеше рет қайталанып тұрады. Мынадай циклдер болуы мүмкін: ұзақ демалыс, өмір циклі, белгілі жастар циклі (балалық шақ, жастық шақ, есейген шақ) және т.б. Ұзақ демалыс циклі тәулік циклдерінен құрылады. Бірақ бұл кезде бірдей тәулік циклдері қайталанбайды. Мысалға, санаторлы-курорттық емдеу үш кезеңдерден тұрады: адаптациялық, емделу, экскурсиялық. Әр кезеңнің өзінің тұрақты тәулік циклдері қалыптасады. Рекреациялық іс-әрекеттің өмір циклдері рекреация түрлерінің, география аудандарының ауысып тұруынан көрінеді. РЭЦ-ді рекреациялық іс-әрекеттің қоғамдық функциясы бойынша жіктейді. Осыған байланысты емдеу, сауықтыру,спорттық және танымдық рекреациялық іс-әрекет циклдерін айырады.

7)Рекреациялық туризм - қоғамдық-географиялық ғылым ретінде

Қазіргі шақта рекреациялық іс-әрекет әлеуметтік-экономикалық факторлардың маңызды біреуіне айналып отыр. Рекреациялық іс-әрекетті ұйымдастыру кешенді түрде жүргізілуі қажет, өйткені рекреациялық жүйе қандай түрде болмасын, өзара әсерде болады: демалушылар тобы, табиғи кешендер, техникалық инфрақұрылым, қызмет көрсету сферасы, өндіріс сферасы, еңбек ресурстары, орналастыру жүйелері және басқалары. Жердің географиялық ортасының сипаттарына байланысты ғылыми зерттеулерді дамыту кезінде, рекреацияның мәселелері және оның «географиялығы» пайда болады. Рекреациялық мәселелерді қазіргі өмір талабында зерттеу, ғылыми жетістіктердің сөз жүзінен іске асырылуы – міне, осылардың барлығының жинағы қоғамдық географияның жаңа саласы болатын рекреациялық географияны туғызды. Бұрынғы КСРО-да география саласында рекреациялық мәселелерін зерттеу жұмыстарымен География Институті айналысатын. Бұндай жұмыстармен негізінен В.С. Преображенский басқарған физикалық географияның бөлімі және А.А. Минц басқарған экономикалық географияның бөлімі айналысқан.

Рекреациялық жүйені объективті және әлеуметтік құрылым ретінде тұңғыш рет ұсынған В.С.Преображенский болды. В.С. Преображенскийдің ұсынысы кеңестік рекреациялық географияның аяғына тұру жолында ең алғашқы ірі қадам болып саналады. Рекреациялық қызметтерді өндіруге және халықтың рекреациялық қажеттіліктерін қанағаттандыруға мамандандырылған аумақтық-шаруашылық құрылымның географиялығы пайда болды. Зерттеу практикасында жиналған мәліметтер геожүйенің ерекше концепциясын – территориялық рекреациялық жүйесін (ТРЖ) жасады, ол рекреациялық географияның жаңа оқу пәні болмақ. "Территориялық рекреациялық жүйе" – бұл әлеуметтік географиялық жүйе. ТРЖ-де белгіленген қоғамдық функциялар жиналған, оның ішінде адамның (рекреанттың) денсаулығы мен еңбек қабілеті, физикалық және психоэмоциялық күш-қуатын қалпына келтіру ең бастысы болып табылады. Құрылымы жағынан ТРЖ бір-бірімен байланысты элементтерден тұрады (шағын жүйелерден): табиғи және мәдени кешендер (ТК), техникалық құрылыс (ТҚ), қызмет көрсету (ҚК), басқару органы (БО) және демалушылар тобы (ДТ)-рекреанттар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]