Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Symbat_rekreatsia_songy.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
191.24 Кб
Скачать

50. Спорттық сауықтыру рекреациясын іске-асырудың себептерін анықтап, сипаттаңыз

Спорттық-сауықтыру рекреациясы алуан түрлі. Әлем бойынша өте кең тарағаны – суға түсіп, жағажайда демалу. Суда немесе су жағасында демалу әр түрлі рекреациялық шараларды қамтиды: суға түсу, күн ваннасы, жағалау бойымен серуендеу, жағалауда доп ойнау, су шаңғысы және т.б.

Спорттық-сауықтыру туризмі - дара және әлеуметтік бағыты бар сала, қоғамның белгілі бір бөлігінің өмір салты; тұлғаның рухани және физикалық дамуындағы, табиғатқа деген нәзік сезіміндегі, халықтар мен ұлттар арасындағы өзара түсіністік пен сыйластықтың тиімді құралы; халықтардың мәдениетімен, өмірімен, таррихымен, салттарымен танысуға негізделген «халықтық демократияның» формасы; әр ұлтқа тән халық шығармашылығын, барлық әлеуметтік демографиялық топтардың, мектепке дейінгі жастағы балалардан бастап зейнеткерлерге дейін жеке белсенділік формасының еркіндігін сипаттайтын көрнекті демалыс түрі.[

Спорттық туризмнің негізгі түрлері деп келесі дәстүрлі түрлерін атаймыз: жаяу, таулы, шаңғы, су, велосипед, авто-мототуризм.

51.Еуропаның қандай аймақтарының емдік-сауықтыру туризмнің мүмкіндіктері бар (бір мемлекет мысалында)

Ескі дүние, яғни Еуропадағы емдік-сауықтыру туризмінің негізгі аудандары Орталық және Шығыс Еуропада, сонымен қатар Батыс Еуропада орналасқан. Еуропа курорттық істің бай дәстүріне ие, мұнда емдік климаттық ресурстардың кең спектрі жайғасқан, науқастарға профилактикалық, емдеу және реабилитацияның заманға сай әдістерін пайдаланады. Санаторлы-курорттық іс арқасында туристердің ең көп санына ие еуропалық елдерді басып озушы ел – Чехия. Елдегі орасан зор және атақты курорттық аудан – Карловы Вары. Чехияның ұлттық туристік әкімшілігінің статистикасы бойынша мұнда 70 елден 50000 жуық турист және 2 млн экскурсант келеді. Аңыз бойынша, бұл аймақтағы алғашқы емдік су көзін ашқан Карл ІV болыпты. Қазіргі таңда минералды су көздерінің жалпы саны – 12. Ең күштісі – «Вржидлод» - минутына 2000 литр ыстық су атқылайтын гейзер. Карловарлық минералды сулар химиялық құрамы бойынша бикарбонат-күкіртті-хлориднатрийлі болып саналады. Курорттағы емдік сулардың кешенді ғылыми анализін дәрігер Д.Бехер жүргізген. Бұл курортта атақты Петр І, Карл Маркс, Бетховен, Гончаров, Зигмунд Фрейд емделген.

Карловы Варымен қатар, Чехиядағы ежелгі курорттық аудан Теплице - әлемдегі ең алғашқы ашылған радонды санаторлы курорт. Яхимов, Марианске-Лазне, Франтишкови-Лазне, Лугачовице, Янске-Лазне курорттары да елдің туризм нарығында үлкен орын алып отырған курорттар.

Батыс Еуропадағы әлемдік маңызы бар атақты курорттар – Германияда- Баден-Баден, Висбаден, Баденвейлер, Вильдбад, Байерсбронн, Ахен; Францияда – Виши, Ницца, Биарицце; Ұлыбританияда – Бат; Бельгияда – Спа, т.б.

Оңстүстік Еуропада емдік туризм нарығында жарқын көрінетін ел – Италия. Елдің солтүстік-шығысында, әсіресе Эмилья-Романья аймағында және Искья аралында бальнеолгиялық курорттар орын тепкен. Онда минералды термальды сулармен қатар, емдік балшықтар да бар.

Чехияның танымал курорттары(емдік көрсеткіштері)

Бехине – тірек – қимыл аппараты аурулары;

Блудов – балалар мен жасөспірімдердің метаболизмінің нашарлауы, тыныс жолдары аурулары, тірек-қимыл аппараты аурулары;

Дарков – Карвина – тірек-қимыл аппараты аурулары, жүйке жүйесі аурулары, тері аурулары;

Франтишковы Лазне – қанайналым жүйесі аурулары, тірек-қимыл аппараты аурулары, асқорыту жүйесі аурулары, тері аурулары, гинекологиялық аурулар;

Яхимов(kарта) – тірек-қимыл, периферийлі жүйке жүйесі, зат алмасу процесі, тері, орталық жүйке жүйесі, остеопороз аурулары;

Янске Лазне – онкологиялық аурулар;

Есеник – релаксационды-қалпуна келтіретін және сауықтыру бағдарламары бойынша жұмыс жасайды.

Карловы Вары – қанайналым жүйесі аурулары, асқорыту жүйесі аурулары, зат алмасу процесінің бұзылуы, ішкі секрецияның темір алмасуының бұзылуы, тыныс алу жолдары аурулары, тірек-қимыл жүйесі аурулары.

Подебрады – қанайналым жүйесі аурулары, тірек-қимыл жүйесі аурулары;

Теплице-над-Бечвоу – қанайналым жүйесі аурулары, зат алмасу професінінң бұзылуына байланысты туындайтын аурулар; Велиховки жүйке жүйесі аурулары, тірек-қимыл аппараты аурулары.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]