
- •Рекреациялық территориялардың негізгі түрлері
- •1)Рекреациялық туризмнің негізгі түсініктері және мақсаты
- •2)Бос уақыттың негізгі функциялары: рекреациялық қажеттіліктерді қанағаттандырудың құралы ретінде рекреациялық іс-әрекеттің ерекшеліктері
- •3 Рекреация және туризмді зерттеудің "географиялық" және сала аралық сипаты
- •4)Рекреацияның мәні және негізгі формалары
- •5 Рекреациялық іс-әрекетті ұйымдастырудың түрлері
- •6)Рекреациялық іс-әрекеттің циклдары қай жақта анықталады? Әр циклды сипаттаңыз
- •7)Рекреациялық туризм - қоғамдық-географиялық ғылым ретінде
- •8)Рекреациялық туризмнің негізгі бес функцияларын атаңыз. Әр функциясын сипаттаңыз
- •9.Рекреациялық туризмнің танымдық функциясы.
- •10.Рекреациялық туризмнің әлеуметтік-мәдени функциясы.
- •11.Рекреациялық туризмнің экологиялық функциялары.
- •12.Әлем аймақтары бойынша рекреациялық миграциясы.
- •13.Рекреациялық территориялардың негізгі түрлері.
- •14.Рекреациялық туризмнің дамуының алғышарттары және факторлары.
- •15. Еңбекке жарамдылығын қалпына келтіру мотивтері.
- •16. Рекреациялық жүйе және трж туралы түсінік.
- •17. Рекреациялық географияда пайдаланылатын негізгі түсініктері: рекреациялық сала, туризм индустриясы, рекреациялық іс әрекет.
- •18. Сауықтыру-спорттық рекреация деген не? Негізгі ерекшеліктерін көрсетіңіз
- •19. Қазақстан территориясының туристік-рекреациялық аудандастырылуы және дамыту мүмкіншіліктері
- •23. Территорияны аудандастыру мен бағалау
- •25 Рекреациялық іс-әрекеттің технологиялық функциялары: қалпына келтіру және даму
- •26 Рекреациялық қажеттіліктерді әлеуметтік зерттеу
- •27 Территориалды туристік-рекреациялық іс-әрекеттің даму факторлары және жағдайы.
- •29 Әлеуметтік-экономикалық рекреациялық ресурстар және оларды қалыптастыратын факторлар
- •30 Табиғи рекреациялық ресурстар және олардың рекреациялық туризмдегі орны
- •31 Қалалардың туристік орталықтар ретіндегі дамудың функционалды жүйелері
- •32 Тмд мемлекеттерінің сауықтыру-рекреациялық туризмнің даму мүмкіндіктері (бір мемлекет мысалында)
- •33.Қазақстанның сауықтыру-рекреациялық туризмнің даму мүмкіндіктері.
- •34. Рекреациялық туризмнің жіктелуі.
- •35.Рекреациялық қажеттіліктерді дамытуға әсер ететін факторлар.
- •38.Рекреациялық туризмді дамытудың формалары және алғышарттары.
- •39.Туристік-рекреациялық ресурстарының сипаттамасы және емдік сауықтыру туризмнің географиясы.
- •40. Танымдық-рекреациялық туризмнің географиясы және туристік-рекреациялық ресурстарының сипаттамасы.
- •41 Танымдық-көңіл көтеру туризмнің дамуының алғышарттары
- •42 Табиғат бақтарындағы рекреация мәнін ашыңыз, әлемнің танымал бақтарын атаңыз
- •43 Қазіргі рекреациялық туризмнің даму тенденцияларын сипаттаңыз
- •44 Қазақстанда қазіргі рекреациялық туризмнің жай-күйі
- •45 Қазақстан Респубилкасы мысалында сауықтыру шипажай аудандарының сипаты
- •46 Қазақстан Республикасында спорт-сауықтыру туризмнің болашағы
- •47 Қазақстан Республикасының мысалында танымдық мәдени турларды ұйымдастырудың болашағы
- •50. Спорттық сауықтыру рекреациясын іске-асырудың себептерін анықтап, сипаттаңыз
- •51.Еуропаның қандай аймақтарының емдік-сауықтыру туризмнің мүмкіндіктері бар (бір мемлекет мысалында)
- •52.Американың рекреациялық туризмнің орталықтары ретіндегі қалалар
- •53.Еуропаның рекреациялық туризмнің орталықтары ретіндегі қалалар
- •54.Азияның рекреациялық туризмнің орталықтары ретіндегі қалалар
- •55.Африканың рекреациялық туризмнің орталықтары ретіндегі қалалар
- •56.Теңіздік рекреациялық аудандар және олардың рекреациядағы маңызы
- •57.Еуропада емдік-сауықтыру туризмнің дамуына мүмкіндігі бар аймақтарды сипаттаңыз
- •58.Азияда емдік-сауықтыру туризмнің дамуы
- •59.Америкада емдік-сауықтыру туризмнің дамуы
- •60.Еуропаның оңтүстігінде емдік-сауықтыру туризмді дамытудың мүмкіндіктері бар ма? Жауабыңызды дәлелдеңіз
- •61. Ақш емдік сауықтыру туризмнің ерекшеліктері неде?
35.Рекреациялық қажеттіліктерді дамытуға әсер ететін факторлар.
Рекреациялық қажеттіліктер адамның өмір сүру іс-әрекеті кезіндегі жоғалтатын физикалық және рухани күшін, денсаулығын және еңбекке жарамдылығын қалпына келтіру үшін қажет. Рекреациялық кажеттіліктер қоршаған ортаның факторларына байланысты болады. Рекреациялық кажеттіліктер – қоғамдық, топтық және жеке-дара болып бөлінеді Қоғамдық рекреациялық қажеттіліктер – қоғамның барлық мүшелерінің денсаулығын және еңбекке жарамдылығын, физикалық және рухани күшін қалпына келтіруін анықтайтын қажеттіліктер. Олар рекреациялық шаруашылықтың құрылымын, оның территориялық ұйымдастыру түрлерін анықтайды. Қоғамдық рекреациялық қажеттіліктер негізгі болып саналады. Топтық рекреациялық қажеттіліктер – белгілі бір топтың әлеуметтік- демографиялық, кәсіптік немесе белгілі бір жастағы топтың қажеттілігін, мәнін анықтайтын қажеттіліктер. Рекреациялық қызметтерді тұтынатын арнайы тобына жанұяны жатқызуға болады. Олар емдеу, сауықтыру және танымдық қызметтерді кең түрде пайдаланады. Қазіргі кезде жастар туризмі де әлеуметтік топ ретінде қарқынды дамып келе жатыр. Жеке-дара рекреациялық кажеттіліктер – жеке адамның денсаулығын қалпына келтіруге, танымдық, рухани дамуына арналған рекреациялық шараларға сұраныс туғызады. Қоғамдық, топтық және жеке-дара рекреациялық қажеттіліктер диалектикалық өзара байланыста болады. Жеке- дара рекреациялық кажеттіліктер әлеуметтік топтың рекреациялық қажеттілік құрылымына әсер етеді, олар арқылы жалпы қоғамдық қажеттіліктер іске асады.
Бүтін бір адамның қажеттілігі сияқты, рекреациялық қажеттілік – бір тарихи туынды және ол өзгеріп тұрады. Оларды қанағаттандыру – өңдіру, айырбастау және тарату жағдайына тәуелді.
Рекреациялық қажеттілік адамның өмір сүру іс-әрекеті кезіндегі жоғалтатын физикалық және рухани күшін, денсау-лығын және еңбекке жарамдылығын қалпына келтіру үшін қажет. Рекреациялық кажеттілік – қоғамдық, топтық және жеке-дара болады /1/.
Рекреациялық география облысында, көптеген зерттеу-шілердің айтуынша, территориялық іс-әрекеттің ұйымдас-тырылуын қоғамдық, топтық және жеке рекреациялық сұра-ныстарды анықтайды дейді.
Қоғамдық рекреациялық қажеттілік – қоғамның барлық мүшелерінің денсаулығын және еңбекке жарамдылығын, физикалық және рухани күшін қалпына келтіруін анықтайтын қажеттілік. Бұл бастысы және жетекшісі. Олар рекреациялық шаруашылығына, территориялық ұйымдастырудың түрлеріне әсер етеді.
Топтық рекреациялық қажеттілік – белгілі бір топтың әлеуметтік-демографиялық, кәсіптік немесе белгілі бір жастағы топтың қажеттілігін, мәнін анықтайды. Рекреация-лық қызметтердің бір тұтынушы тобы – жанұя болады. Олар ем, сауықтыру және тануды, қызмет көрсетуді кең түрде қажет етеді.
Жеке-дара рекреациялық кажеттілік – ол әр түрлі адамдар мүддесіне арналған рекреациялық қызмет. Қоғамдық, топтық және жеке-дара рекреациялық қажеттілік диалек-тикалық өзара байланыста болады.
Рекреациялық кажеттіліктің қалыптасуына факторлар кешені әсер етеді:
1. Әлеуметтік-экономикалық факторлар: өндіріс күшінің даму деңгейі; тұтынушылық игіліктің өндіру деңгейі (оның ішінде - қызмет аткару); туризм мен демалыс сферасының даму деңгейі; халықтың нақты ақша кірісі; қызмет пен заттардың жеке бағалары (оның ішінде - рекреациялық); жол көліктері мен көлік инфрақұрылымының даму деңгейі; ұзақ мерзімді демалыс; рекреациялық аудандар мен сапар желісі туралы жарнама және мәлімет орнату; халықтың әлеуметтік және кәсіптік құрамы; мәдени өмір деңгейі; халықтың көшіп-қонуы; ұлттық дәстүр.
2. Демографиялық факторлар: қала мен ауыл халқының қатынасы (өсу дәрежесі); халықтың жыныстық құрылымы; отбасының құрамы мен мөлшері; орналасуының ерекше-ліктері.
3. Әлеуметтік-психологиялық факторлар: іскерлік және мәдени байланыстар тығыздығы, мәдени өмірдің түрі; сәннің әсері; жеке тұлғаның бағалық бағыты.
4. Медико-биологиялық факторлар: халықтың денсаулық жағдайы.
5. Табиғи факторлар: адамдар тұратын табиғи зона; тау мен теңіз жағдайына қарай географиялық ерекшелік.
Экономикалық жағынан рекреациялық қажеттілікке баға бергенде, қоғамның мүмкіншілігін, рекреациялық қажеттілікті өтеуге жіберетін қаржысын ескереді.
Рекреациялық тұтынушылық – бұл күнделікті өмірдегі қажеттіліктер. Оны қанағаттандыру керек. Сонымен қатар, олар рекреациялық тауарлар мен қызметті өндірудің қажет-тілігіне байланысты. Қажеттілік пен мүмкіндік біртұтас, өйткені ол осы елдегі немесе басқа елдердегі тұтынушылықты қалыптастырады.
Рекреациялық тұтынудың медико-биологиялық аспектісі санаторлық-курорттық емдеудің құрылымы мен көлемін анықтауды оқып-білумен қорытындыланады. Аймақтық медициналық статистиканың негізіне қарай курортологтар тұтынушылардың санаторлық-курорттық емделудегі жиынтық баланстарын жасайды және оларды қанағаттандыру мүмкіндіктерін анықтайды.
Рекреациялық тұтынушылықтың әлеуметтік және әлеуметтік-психологиялық зерттеулері әлеуметтік топтар мен жеке тұлғалардың рекреациялық тұтынуының қоршаған ортамен диалектикалық өзара байланысына бағытталған.
Рекреациялық іс-әрекеттер процесінде әлеуметтік және әр түрлі жастағы адамдар тобы арнайы талаптар қоя бастайды. Әрине, олардың барлық талаптарын ескеру мүмкін емес.
Әлеуметтік жағынан рекреациялық қажеттілікті зерттеуді кешенді түрде жүргізеді. Оларда мынадай кезеңдер болады /1/:
1. Демалыстың қазіргі заманғы тенденциясын статисти-калық деректердің негізінде зерттеу;
2. Рекреацияның мәні мен болашақ дамуы туралы алдын ала болжамдар жасау;
3. Халық арасында анкеталық жауап алуды жүргізу;
4. Рекреацияның даму болашағына ғылыми болжам жасау;
5. Репрезентативтік деректерді тексеру негізінде теория-лық бөлімін құрастыру.
Рекреациялық кажеттілікті оқып-білу территориялық рекреациялық жүйенің қалыптасып, дамуының жолындағы бірінші ғана қадам. Әлеуметтік зерттеулердің нәтижелері медицина жұмысшылары, экономист, эколог, курортолог және тағы да басқа мамандардың кепілдіктерімен толық-тырылуы керек.
36.- Рекреациялық іс-әрекет түрлері.Ерекшеліктерін көрсетіңіз.
Қоғамдық іс-әрекет, топтық және жеке рекреациялық сұранымдары, адамның қажеттілігі объективті өмір жағдайынын тарихи жағымен айқындалады. Қажеттілікті қанағаттандыру, түгелдеу өнеркәсіпке, айырбасқа байланысты.
Рекреациялық қажеттіліктер адам қажеттілігі ретінде табылады. Оның уақытша таралу динамикасы мекеменің рекреациялық әрекетімен айқындалады.
Рекреациялық қажеттіліктер 2 деңгейде бөлінеді: қоғам, топ.
Қоғамдық рекреация — қажеттілігі ең басты орында. Оны физикалық және психикалық қажеттілік деп анықтауға болады.
Топтық рекреация - қажеттілік әлеуметтік және жасқа байланысты болып бөлінеді. Арнайы рекреация - сұраным көптеген рекреациялық сабақтар, сонымен қатар ден-саулықты жақсарту, айналаны танып білу, қиындықтарды жеңе білу, рухани байлықты қамтиды. Арнайы рекреация сұранымдары өзінің қалыптасуында әлеуметтік топтық рекреация сұранымына және құрылымына әсер етеді.
Рекреациялық қажеттілік рекреациялық іс-әрекеттің белгілі бір түрлерінде ғана іске асады, ондай әрекеттер тек бос уақытта ғана ұйымдастырылып, адамның физикалық, психологиялық және рухани күшін қалпына келтіруге және дамытуға бағытталады. Рекреациялық іс-әрекет белгілі бір тәсілдер арқылы жүзеге асады. Бұндай тәсілдерді "рекреациялық шаралар" деп атайды. Сонымен, "рекреациялық шаралар" – бұл рекреациялық іс-әрекет түрлерін іске асырудағы тәсілдер /1/. Шаралар жинағының ішінен мынадай рекреациялық шараларды бөліп қарауға болады: суға шомылу, жаяу қыдыру, саңырау-құлақ пен жеміс-жидек жинау, ескерткіштер мен мұражайларды аралап көру және т.с.с. Рекреациялық шараларды екі топқа бөлуге болады, олар негізгі төрт шараның басын қосады (1-кесте). 1-кесте
Рекреациялық шаралардың типологиясы
Қалпына келтіру тобы Даму тобы Рекреациялық емдеу шаралары Рекреациялық сауықтыру шаралары Рекреациялық спорт шаралары Рекреациялық танымдық шаралар
Қатаң түрде анықтау әдісі бойынша санаторлық- курорттық емдеу шарасы: бальнеология- лық емдеу (ми- нералды сумен), батпақпен емдеу
Таза ауада жүру және мөлшерлі физикалық салмақпен қыдыру, суға жүзу, түрлі ойындар, саңырау-құлақ және бүлдірген теру, күн мен ауа ваннасы, пассивті тынығу және т. б.
Адамның күш- қуатын өсіру шарасы (спорттық ойындар, моторлы су спорты, шаңғы спорты, ұзақ уақытқа сапарға шығу, тау шыңдарына шығу және т. б.)
Адамды рухани дамыту шарасы (мәдени және табиғи ескерт- кіштерді көру, мұражайларға бару, табиғи және қоғамдық құбылыстармен танысу және т. б.)
Рекреациялық-емдеу шаралары – бұл арнайы шаралар жүйесі, санаторлық-курорттық емдеу әдістерімен қатаң анықталады: климатпен емдеу, бальнеологиялық емдеу, батпақпен емдеу және т. б. Рекреациялық- сауықтыру шараларының түрі әр алуан болып келеді. Бұған кіретіндер: қыдыру, суға шомылу, күн және ауа ванналарын алу, ойындар, жай демалыс, саңырау-құлақтарды жинау және т. б. Рекреациялық-спорт шаралары, негізінен, адамның күш-қуатын дамытуға бағытталған. Бұған кіретіндер: спорттық ойындар, желкенді және моторлы су спорты, шаңғы спорты, ұзақ жаяу асулардан өту, тау шыңдарына көтерілу және т. б. Рекреациялық-танымдық шаралар адамды рухани дамытуға арналған. Бұған жататындар: мәдени ескерткіштерді көру, табиғаттың құбылыстарымен танысу және т. б. Жоғарыда айтылған рекреациялық шараларды жай рекреациялық шаралар дейді. Жай рекреациялық шара – бұл ішкі бүтіндей біркелкі технологиялық компоненттерге бөлінбейтін рекреациялық қызметтің элементтері. Жай рекреациялық шара (ЖРШ) – демалыс бағдарламасын құрастыру негізі. Социологтар 100 мың шақты ЖРШ есебін шығарып отыр, оның саны әрбір 10 жылда екі есе өседі. Сондықтан ЖРШ-ды ірі топтарға (рекреациялық іс-әрекеттің түрлеріне) жинастыруды қажет. Рекреациялық іс-әрекеттің түрі (РЭТ) – жай рекреациялық шараларды біртекті топтау, олардың әрқайсысы өзара алмаса алады. Басқаша айтсақ, рекреациялық іс-әрекеттің бір түріне өзара алмасатын жай рекреациялық шаралар жата береді. Туроперейтингтің тәжірибесінде бұндай жағдайлардың маңызы зор, өйткені қандай болмасын жай рекреациялық шараны өткізуге мүмкіндік болмай қалғанда, оның орнын толтыру үшін туриске жай рекреациялық шараның басқасын ұсынады. Мысалы, саңырау-құлақ болмай қалғанда, туристерге жеміс-жидек жинауды ұсынады. Рекреациялық іс-әрекеттің түрлері 2-кестеде көрсетілген /2/. Күнделікті өмірде рекреациялық шаралар алмасып тұрады. Шаралар неғұрлым аралас болса, рекреациялық іс-әрекет соғұрлым әсерлі болып, рекреациялық қажеттілік қанағаттанарлықтай бола түседі. Барлық рекреациялық іс-әрекет түрлері рекреациялық іс-әрекет циклімен бірігіп, соның құрамына енеді. Белгілі уақыт ішінде қайталанып тұратын
рекреациялық шаралардың комбинациясын "рекреациялық іс-әрекеттің циклі" (РӘЦ) деп атайды /1/. Мысалға, тәулік циклдерді, демалыс кезіндегі циклдерді, өмірлік циклдерді айырады. Тәулік циклі белгілі бір уақыт ішінде бірнеше рет қайталанып тұрады. Мынадай циклдер болуы мүмкін: ұзақ демалыс, өмір циклі, белгілі жастар циклі (балалық шақ, жастық шақ, есейген шақ) және т.б. Ұзақ демалыс циклі тәулік циклдерінен құрылады. Бірақ бұл кезде бірдей тәулік циклдері қайталанбайды. Мысалға, санаторлы-курорттық емдеу үш кезеңдерден тұрады: адаптациялық, емделу, экскурсиялық. Әр кезеңнің өзінің тұрақты тәулік циклдері қалыптасады. Рекреациялық іс- әрекеттің өмір циклдері рекреация түрлерінің, география аудандарының ауысып тұруынан көрінеді. РЭЦ-ді рекреациялық іс-әрекеттің қоғамдық функциясы бойынша жіктейді. Осыған байланысты емдеу, сауықтыру, спорттық және танымдық рекреациялық іс-әрекет циклдерін айырады. Соңғы уақытта көбінесе рекреациялық іс-әрекеттің негізгі үш түрі туралы айтылады. Оларға емдеу, спорттық-сауықтыру және танымдық жатады. Рекреациялық-сауықтыру және рекреациялық-спорт шаралары түрлі рекреациялық шаралар тобына кіргенімен де, өзінің функциялық бағытымен бір-біріне өте жақын. Өйткені екеуі де негізінен адамның күш-қуатын сауықтырып дамуына әсерін тигізеді. Рекреациялық шаралардың әралуандылығы, араластығы және ауысып тұруы рекреациялық аумақтардың қасиеттерімен тығыз байланысады. Шаралардың әралуандылығы рекреациялық ресурстардың (табиғи және әлеуметтік-экономикалық) әралуандылығына сәйкес келуі керек. Рекреациялық ресурстардың әралуандылығы шаралардың араласып және ауысып тұруына мүмкіндік береді. Саяхат мақсаты, оның ұйымдастыру сипаты, құқық статусы, саяхаттың ұзақтығы, рекреанттың қозғалу түрі, оның жасы, шаралар жиілігі және тағы басқалары – бұлардың барлығы рекреациялық іс-әрекеттің құрылымы деп аталынады (3-кесте) /1/. Емдеу рекреациясы негізгі емдік табиғи факторларына қарай бөлінеді: климат, минералды су көздері, емдік батпақтар және тағы басқалар. Осындай ресурстарға байланысты ол үш негізгі топқа бөлінеді: климатпен емдеу, бальнеологиялық емдеу және батпақпен емдеу. Олардың үйлесіп келуіне қарай бальнео-батпақпен емдеу, бальнео-климатпен емдеу, климат-бальнео- батпақпен емдеу топтары болып та бөліне алады. Спорттық-сауықтыру рекреациясы да алуан түрлі. Әлем бойынша кең тараған түрлеріне суға түсіп, жағажайда демалу жатады. Суда немесе су жағасында демалу түрлі рекреациялық шараларды қамтиды: суға түсу, күн ваннасы, жағалау бойымен серуендеу, жағалауда доп ойнау, су шаңғысы және т. б. Серуендеу және кәсіби-серуен демалысына мынадай шаралар кіреді: ашық-таза ауада демалу, көрікті - көз тартатын жерлерді көру, саңырау-құлақ пен жидек, теңіз моллюскаларын және басқа да табиғат сыйлықтарын теру. Танымдық рекреациясы. Танымдық аспектісі рекреациялық шаралардың едәуір бөлігіне тән. Бірақ тереңірек тануды қажет ететін рекреациялық
шаралар да болады, яғни мәдени-тарихи ескерткіштерді, сәулетті ансамбльдерді көру, сонымен қатар жаңа аудандармен, елдермен, этнографиямен, фольклормен, табиғи құбылыстарымен және шаруашылық объектілерімен танысу..
37-28 .Рекреациялық территориялардың негізгі түрлерін көрсетіңіз.
Рекреациялық саланың территориялық ұйымдастыруына елеулі әсер
ететін жағдайларды фактор деп, басқа түрлерін – шарттар деп атайды. факторларды жүйелей отырып, оларды 2 топқа бөледі.
Осылай бөлуді Преображенский В.С., Азар В.И., Зорин И.В., П. Мариот
атақты ғалымдар ұсынды. 1. Туризмдегі қоғамдық қажеттіліктерді туғызатын факторлар. Олар демалыстың түрлі формаларына сұраныс туғызады. Сонымен қатар,олар рекреациялық шаруашылықтың құрылымын анықтайды.2. Рекреациялық қажеттіліктерді іске асырушы факторлар. Олар туризмнің түрлі формаларымен айналасуға адамдарды тартады. Бұл факторлар туризмнің табиғи, мәдени-тарихи ресурстарымен, халықтың әлеуметтік-экономикалық өмір жағдайымен (табыс деңгейі, бос уақыттың болуы) байланысты. Бұл екі фактор аумақ жағынан шоғырланған және шоғырлабаған болып бөлінеді. Шоғырланбаған факторлар – рекреациялық шаруашылыққа халық шаруашылық деңгейде әсер ететін, бүкіл халық шаруашылық кешеннің
қоғамдық-экономикалық үрдісімен байланысатын туғызушы және іске
асырушы фактор. Туристік-рекреациялық жүйеге талдау жасағанда бұл факторларды ескереді.Шоғырланған факторлар – туризмдегі еңбектің аумақтық бөлінуін анықтайтын, рекреациялық функцияларды белгілі бір жерге бекітетін, кеңестікте нақты жіктелген туғызушы және іске асырушы фактор. Мұндай факторларға тау, орман, жылы теңіз бен өзендер, минералды сулар, мәдени ескерткіштер жатады. Себебі, олар туризм индустрия мекемелерінің орналасуын анықтайды.
Рекреациялық іс әрекеттің территориялық ұйымдастырылуының шоғырланған және шоғырланбаған факторлары:
Шоғырланбаған факторлар – рекреациялық шаруашылыққа халық шаруашылық деңгейде әсер ететін, бүкіл халық шаруашылық кешеннің қоғамдық-экономикалық үрдісімен байланысатын туғызушы және іске асырушы фактор. Туристік-рекреациялық жүйеге талдау жасағанда бұл факторларды ескереді.Шоғырланған факторлар – туризмдегі еңбектің аумақтық бөлінуін анықтайтын, рекреациялық функцияларды белгілі бір жерге бекітетін, кеңестікте нақты жіктелген туғызушы және іске асырушы фактор. Мұндай факторларға тау, орман, жылы теңіз бен өзендер, минералды сулар, мәдени ескерткіштер жатады. Себебі, олар туризм индустрия мекемелерінің орналасуын анықтайды.