- •Рекреациялық территориялардың негізгі түрлері
- •1)Рекреациялық туризмнің негізгі түсініктері және мақсаты
- •2)Бос уақыттың негізгі функциялары: рекреациялық қажеттіліктерді қанағаттандырудың құралы ретінде рекреациялық іс-әрекеттің ерекшеліктері
- •3 Рекреация және туризмді зерттеудің "географиялық" және сала аралық сипаты
- •4)Рекреацияның мәні және негізгі формалары
- •5 Рекреациялық іс-әрекетті ұйымдастырудың түрлері
- •6)Рекреациялық іс-әрекеттің циклдары қай жақта анықталады? Әр циклды сипаттаңыз
- •7)Рекреациялық туризм - қоғамдық-географиялық ғылым ретінде
- •8)Рекреациялық туризмнің негізгі бес функцияларын атаңыз. Әр функциясын сипаттаңыз
- •9.Рекреациялық туризмнің танымдық функциясы.
- •10.Рекреациялық туризмнің әлеуметтік-мәдени функциясы.
- •11.Рекреациялық туризмнің экологиялық функциялары.
- •12.Әлем аймақтары бойынша рекреациялық миграциясы.
- •13.Рекреациялық территориялардың негізгі түрлері.
- •14.Рекреациялық туризмнің дамуының алғышарттары және факторлары.
- •15. Еңбекке жарамдылығын қалпына келтіру мотивтері.
- •16. Рекреациялық жүйе және трж туралы түсінік.
- •17. Рекреациялық географияда пайдаланылатын негізгі түсініктері: рекреациялық сала, туризм индустриясы, рекреациялық іс әрекет.
- •18. Сауықтыру-спорттық рекреация деген не? Негізгі ерекшеліктерін көрсетіңіз
- •19. Қазақстан территориясының туристік-рекреациялық аудандастырылуы және дамыту мүмкіншіліктері
- •23. Территорияны аудандастыру мен бағалау
- •25 Рекреациялық іс-әрекеттің технологиялық функциялары: қалпына келтіру және даму
- •26 Рекреациялық қажеттіліктерді әлеуметтік зерттеу
- •27 Территориалды туристік-рекреациялық іс-әрекеттің даму факторлары және жағдайы.
- •29 Әлеуметтік-экономикалық рекреациялық ресурстар және оларды қалыптастыратын факторлар
- •30 Табиғи рекреациялық ресурстар және олардың рекреациялық туризмдегі орны
- •31 Қалалардың туристік орталықтар ретіндегі дамудың функционалды жүйелері
- •32 Тмд мемлекеттерінің сауықтыру-рекреациялық туризмнің даму мүмкіндіктері (бір мемлекет мысалында)
- •33.Қазақстанның сауықтыру-рекреациялық туризмнің даму мүмкіндіктері.
- •34. Рекреациялық туризмнің жіктелуі.
- •35.Рекреациялық қажеттіліктерді дамытуға әсер ететін факторлар.
- •38.Рекреациялық туризмді дамытудың формалары және алғышарттары.
- •39.Туристік-рекреациялық ресурстарының сипаттамасы және емдік сауықтыру туризмнің географиясы.
- •40. Танымдық-рекреациялық туризмнің географиясы және туристік-рекреациялық ресурстарының сипаттамасы.
- •41 Танымдық-көңіл көтеру туризмнің дамуының алғышарттары
- •42 Табиғат бақтарындағы рекреация мәнін ашыңыз, әлемнің танымал бақтарын атаңыз
- •43 Қазіргі рекреациялық туризмнің даму тенденцияларын сипаттаңыз
- •44 Қазақстанда қазіргі рекреациялық туризмнің жай-күйі
- •45 Қазақстан Респубилкасы мысалында сауықтыру шипажай аудандарының сипаты
- •46 Қазақстан Республикасында спорт-сауықтыру туризмнің болашағы
- •47 Қазақстан Республикасының мысалында танымдық мәдени турларды ұйымдастырудың болашағы
- •50. Спорттық сауықтыру рекреациясын іске-асырудың себептерін анықтап, сипаттаңыз
- •51.Еуропаның қандай аймақтарының емдік-сауықтыру туризмнің мүмкіндіктері бар (бір мемлекет мысалында)
- •52.Американың рекреациялық туризмнің орталықтары ретіндегі қалалар
- •53.Еуропаның рекреациялық туризмнің орталықтары ретіндегі қалалар
- •54.Азияның рекреациялық туризмнің орталықтары ретіндегі қалалар
- •55.Африканың рекреациялық туризмнің орталықтары ретіндегі қалалар
- •56.Теңіздік рекреациялық аудандар және олардың рекреациядағы маңызы
- •57.Еуропада емдік-сауықтыру туризмнің дамуына мүмкіндігі бар аймақтарды сипаттаңыз
- •58.Азияда емдік-сауықтыру туризмнің дамуы
- •59.Америкада емдік-сауықтыру туризмнің дамуы
- •60.Еуропаның оңтүстігінде емдік-сауықтыру туризмді дамытудың мүмкіндіктері бар ма? Жауабыңызды дәлелдеңіз
- •61. Ақш емдік сауықтыру туризмнің ерекшеліктері неде?
2)Бос уақыттың негізгі функциялары: рекреациялық қажеттіліктерді қанағаттандырудың құралы ретінде рекреациялық іс-әрекеттің ерекшеліктері
Бос уақыт адамның физикалық және рухани күш-қуатын қалпына келтіріп, дамытуға жұмсалады. Бос уақыт, басқаша айтқанда, белсенді әрекетке кетеді. Бос уақытты жұмыстан тыс уақытпен шатастырмау керек.
Бос уақыттың негізгі екі функциясы бар: 1) адамның күшін қалпына келтіру функциясы; 2) физикалық және рухани даму функциясы. Қалпына келтіру (психофизиологиялық) функциясына тамақтану, ұйқы, қозғалыс жатады. Даму (рухани-интеллектуалды) функциясына сауықтыру, танымдық, қатынасу жатады. Пайдалану сипатына қарай бос уақыт күнделікті, апталық және жылсайынғы болып бөлінеді. Бос уақыттың осылай бөлінуі демалыс құрылымын зерттеу кезіндегі негізі болып табылады. Сондықтан бос уақыт рекреациялық іс-әрекетті мерзімділік және территориялық белгісі бойынша қарастыруға мүмкіндік береді. Күнделікті бос уақытты пайдалану немесе күнделікті рекреация қала ішіндегі күнделікті демалыспен байланысады. Апталық рекреация қала маңындағы рекреациялық объектілердің орналасуына байланысты болады. Ал жыл сайынғы рекреация негізінен курорттық рекреациялық объектілерімен байланысады
Рекреацтялық іс әрекет- бұл адамның бос уақытында пайда болатын физикалық және психикалық күшін қалпына келтіру және өз-өзін жан- жақты дамыту мақсатында орындалатын іс-әрекет. Рекреациялық іс- әрекет адамның қолы бос уақытында өтеледі. Қолы бос уақыт 2 бөліктен тұрады: 1) бос уақыт н/се демалуға арналған уақыт және 2) бұдан гөрі күрделі жоғары дәрежелі іс – әрекеттерге арналған уақыт.
Бүгін бір адамның қажеттілігі сияқты, рекреациялық қажеттілік – бір тарихи туынды және ол өзгеріп тұрады. Оларды қанағаттандыру – өңдіру, айырбастау және тарату жағдайына тәуелді.
Рекреациялық қажеттілік адамның өмір сүру іс-әрекеті кезіндегі жоғалтатын физикалық және рухани күшін, денсау-лығын және еңбекке жарамдылығын қалпына келтіру үшін қажет. Рекреациялық кажеттілік – қоғамдық, топтық және жеке-дара болады /1/.
Рекреациялық география облысында, көптеген зерттеу-шілердің айтуынша, территориялық іс-әрекеттің ұйымдас-тырылуын қоғамдық, топтық және жеке рекреациялық сұра-ныстарды анықтайды дейді.
Қоғамдық рекреациялық қажеттілік – қоғамның барлық мүшелерінің денсаулығын және еңбекке жарамдылығын, физикалық және рухани күшін қалпына келтіруін анықтайтын қажеттілік. Бұл бастысы және жетекшісі. Олар рекреациялық шаруашылығына, территориялық ұйымдастырудың түрлеріне әсер етеді.
Топтық рекреациялық қажеттілік – белгілі бір топтың әлеуметтік-демографиялық, кәсіптік немесе белгілі бір жастағы топтың қажеттілігін, мәнін анықтайды. Рекреация-лық қызметтердің бір тұтынушы тобы – жанұя болады. Олар ем, сауықтыру және тануды, қызмет көрсетуді кең түрде қажет етеді.
Жеке-дара рекреациялық кажеттілік – ол әр түрлі адамдар мүддесіне арналған рекреациялық қызмет. Қоғамдық, топтық және жеке-дара рекреациялық қажеттілік диалек-тикалық өзара байланыста болады.
3 Рекреация және туризмді зерттеудің "географиялық" және сала аралық сипаты
Рекреациялық география өзге де ғылымдарымен кең түрде байланыста болады, әсіресе географиямен, оның ішінде экономикалық және әлеуметтік географиямен, халық географиясымен, физикалық және медицина география- сымен /1/. Экономикалық және әлеуметтік география рекреациялық қызмет көрсетуді территориялық әлеуметтік-экономикалық кешендердің элементі тұрғысынан қарастырып, ел шаруашылығының салалық және аумақтық құрылымына туризмнің тигізетін әсерін біліп-түсінуге қатысады. Экономикалық және әлеуметтік географияның әдістері рекреациялық аудандардың сыйымдылығын анықтау үшін, рекреациялық қажеттіліктер мен ресурстардың балансын құрастыру үшін қолданылады. Халық географиясы рекреациялық қызмет көрсетудің орналастыру жүйесіне тигізетін әсеріне талдау жасап, курортты қалалар мен ірі курорттық агломерацияның қалыптасып, дамуын қарастырады. Халық географияның әдістерін рекреациялық қажеттіліктер мен туристік ағымдардың географиясына болжам жасау үшін және рекреациялық жүйелерді жұмысшылармен қамтамасыз ету үшін қолданады. Физикалық география табиғи кешендердің құрылымы, тұрақтылығы және өзгеріп тұру туралы ақпарат береді. Сонымен қатар ландшафтарды технологиялық, физиологиялық және эстетикалық жағынан бағалап, табиғи кешендердің рекреациялық салмаққа тұрақтылығы мен сыйымдылығын анықтап тұрады. Физикалық географияның әдістерін ландшафттарға тиетін рекреациялық салмақтың нормаларын анықтау үшін, табиғатты қорғау шараларын ұйымдастыру үшін және ландшафттарды рекреациялық құлдыраудан сақтау үшін қолданады. Медициналық география адам организміне табиғи жағдайдың тигізетін әсерін, жаңадан игерілген рекреациялық аудандарда организмің бейімделуін оқып түсіндіреді. Сонымен қатар медициналық география санаторлы- курорттық ем алуға адамдардың қажеттілігін, рекреациялық ортаның психофизиологиялық комфорттылығын анықтайды. Медициналық географияның әдістерін рекреациялық қызмет көрсетудің әсерлігін анықтау үшін және әр түрлі аурулардан сақтау үшін (профилактикалық шаралады ұйымдастыру) қолданады. Жоғарыда айтылған пәндер рекреациялық аудандарды аумақтық бірлік, яғни объекті ретінде қарастырмайды. Сондықтан жалпы рекреациялық географиямен қатар аймақтық рекреациялық географияны дамыту қажет. Аймақтық рекреациялық география рекреациялық географияның бір бөлігі болып, бір жағынан оның теориясы мен әдістеріне сүйенеді, ал екінші жағынан рекреациялық аудандардың қалыптасуының заңдылығын анықтау үшін салалық географиялық ғылымдардың ақпараттарын пайдаланады. Аймақтық рекреациялық география әрбір рекреациялық аудандардың заңдылығын және табиғат пен экономика жағдайына сәйкес олардың қалыптасуын анықтайды. Аймақтық рекреациялық географияның негізгі міндеті – аудандарға бөлу, аумақтың рекреациялық мақсатын анықтау, халық шаруашылық саласының дамуын келістіру, қоршаған ортаны қорғау және рекреациялық ресурстарды тиімді пайдалану. Рекреациялық география бірнеше маңызды мәселелерді шешуге бағытталған. Ең алдымен рекреациялық қажеттіліктерді терең зерттеу, ТРЖ- нің әсерлігін көтеру. Рекреациялық географияның әдістерін жетілдіру мен теорияны одан әрі дамыту жүйелі түрде қолға алынбаса практикалық мәселелерде дұрыс шешім қабылдау мүмкін болмайды. Теориялық міндеттерді дамыту екі бағытта іске асырылуда. Біріншісі, халық шаруашылығының арнайы саласы ретінде рекреациялық қызмет көрсетуді аумақтық ұйымдастыруының заңдылығын анықтау. Екінші бағыт – рекреациялық аудандастыруды терең зерттеу, әсіресе аудан қалыптасуының жағдайы мен факторларын анықтау, рекреациялық аудандар сипаттамасының бағдарламасын жасау, олардың ұқсастығын белгілеу. Рекреациялық географияның әдістерін жетілдіру мақсатында статистикалық талдауды, математикалық және картографиялық моделдеуді одан әрі кеңейте отырып, географиялық және басқа да ғылымдардың әдістеріне сүйеніп, рекреациялық заңдылықтарды белгіленген нормаға, стандартқа келтіру үшін арнайы әдістерді табу қажет. Сонымен қатар рекреациялық географияның маңызды міндеттерінің бірі – халыққа рекреациялық іс-әрекеттің түрлері туралы толық ақпарат беріп тұру.
